Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып. Кәсіби сала қызметінде қолданылатын құрал-жабдықтар. Грамматика





 

Кәсіп – кәсіптік оқу және тәжірибе жинақтау нәтижесінде игерілетін, белгілі бір білім мен машықтарды талап ететін еңбек қызметінің түрі. Қолданылатын еңбек құралдарына қарай (машинист, автоматшы), еңбек заттарына қарай (машина жасаушы, кенші), еңбек затына әсер ету тәсіліне қарай (бұрғылаушы, қалыптаушы) немесе өндіріс процесінде орындалатын жұмыстың мазмұны мен сипатына, атқарылатын міндетіне қарай бөлінеді. Көптеген кәсіптер мамандықтарға ажыратылады: аспапшы-слесарь, инженер-механик, тағы басқа. Кәсіби сала құрал-жабдықсыз болмайтындығы анық, сондықтан мысал ретінде құрылыс машиналары кәсібіндегі жабдықтықтардың сипаттамасы мен қолданылу аясын зерделейік.

Құрылыс машиналары – әртүрлі құрылыс жұмыстарына арналған машиналар мен механикаландырылған құрал-жабдықтар. Бұлар құрылыс жұмыстарын кешенді түрде механикаландырып, индустриялы әдістерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Өндіріс тарихындағы құрал-жабдықтардың дамуы – адамның еңбегінен бастау алады. XIX-XX ғасырларда индустриялық төңкеріс қарсаңында адам еңбегі техникамен алмастырылған шақта құрылыс машиналарының құрылыс жұмыстарындағы еңбегі әлемдегі индустрияның тез дамуы мен көптеген мемлекеттердің экономикалық дамуына үлкен ықпалын тигізді.

Құрылыс машиналары қатарына мұнаралы, өздігінен жүретін шынжыр табанды не доңғалақты крандар, бір шөмішті экскаваторлар мен көп шөмішті роторлы экскаватор, бульдозерлер, скреперлер, т.б. жатады. Атқаратын жұмыс түріне қарай құрылыс машиналары қазғыш, топырақ таптауыш, бұрғылау, қада қағу, тиеу-түсіру әрі тасымалдау, ұсақтау-сорттау, араластырғыш, бетон төсегіш, өңдеуіш, жол құрылыс машиналары, т.б. механикаландырылған құралдарға топталады. Жер қазғыш машиналар топырақ қазу, карьерлерден құрылыс материалдарын алу жұмыстарына арналған. Бұларға экскаваторлар, топырақ қазып тасығыш, гидромеханикалық машиналар жатады. Таптауыш машиналар топырақ, т.б. жер қыртыстарын нығыздау жұмыстарын атқарады. Салмағы 100 тонналық қарапайым таптауыш машина қалыңдығы 40 — 50 см, ал салмағы 12 т дірілдемелі таптауыш машина қалыңдығы 80 — 120 см жер қыртысын нығыздай алады. Тастақ қабаттарды бұзу және құрылыстық тастар алу, қопарылыс жұмыстарындағы ұңғыма бұрғылау үшін бұрғылау машиналары пайдаланылады. Қада қағу жұмыстарында арнайы жабдықтар қолданылады. Құрылыстардағы монтаждау, көтеру-тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстары көтергіш кран, шығыр, домкрат, т.б. қондырғылар арқылы іске асырылады. Асфальт, бетон төсемді жолдар салу үшін асфальт не бетон төсегіш шынжыр табанды машиналар қолданылады. Темір жол салу және жөндеу жұмыстарында балластер, жол төсегіш, т.б. машиналар пайдаланылады. Өңдеуіш машиналар сылақ және сырлау, бояу жұмыстарына арналған машиналарға ажыратылады.

 

Date: 2015-10-18; view: 3056; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию