Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






РІПТЕСТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС





 

Ұйым – белгілі бір ниеттер мен мақсаттарды орындау үшін кұрылған және ережелердің ресми құрылымымен, биліктік қатынастармен, еңбек бөлінісімен, шектеулі қабылдаумен сипатталатын ұжым түрі. Термин қазіргі қоғамның әлеуметтік өмірінің барлық аспектілеріне енетін ірі көлемді немесе «күрделі» ұйымдарға қатысты қолданылады, өзара байланысты ерекше мақсаттарға жетуге және жоғары формалданған құрылымдардың қалыптастырылуына бағытталған әлеуметтік топ. Бұл – іскерлік кәсіпорындар, мектептер, ауруханалар, шіркеулер, түрмелер, армия, саяси партиялар, кәсіподактар, т.б.

Ресми емес ұйым – белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған, ресми, институциаланған құрылымдардан тыс кездейсоқ қалыптасқан адамдар тобы.

Қандай ұйым, кәсіпорын болмасын «өмір сүріп», өзінің мақсатына жету үшін менеджер ең бірінші ішкі ортаның элементтері мен сыртқы ортаның әрекеттеріне көңіл аударуы тиіс.

Ұйымның өзі адамдар құрған жүйе болғандықтан, оның ішкі ортасының элементтері қабылданған басқару шешімінің нәтижесі болып табылады, олардың негізгі түрлері мыналар: мақсаты, құрылымы, міндеттері, технология, адамдар.

Ұйымның ішкі ортасының өзгеріп отыратын элементтерін талдай отырып, олар бір-бірімен тығыз байланыста екенін, ажырамас бірлікте ғана әрекет ету арқылы көздеген мақсатқа жетуге болатынын байқадық, оны схема түрінде былайша көрсетуге болады:



Ұйымдардың сыртқы әріптестік ортамен қарым қатынасы.Әрбір ұйымның басшысы ішкі ортаның элементтерін реттеп, негізгі мақсатқа бағыттап отыруға міндетті екеніне сөз жоқ, бірақ ұйымның табысы сыртқы ортаның өзгерістеріне де тәуелді, себебі ұйым сыртқы ортамен үнемі байланыста болатын ашық жүйе ретінде дамиды.

Менеджер сыртқы ортаның ұйымға қалай әсер ететінін қадағалап, әртүрлі өзгерістерге бейімделіп отыруы тиіс.Сыртқы орта ұйымға тікелей және жанама әсер етеді.

Мақсаты – бұл ұйымның жұмысының соңғы нақты нәтижесі. Ұйым өзінің жұмыс жоспарын дайындау алдында негізгі мақсатын анықтап, оны ұйымның мүшелеріне таныстырады, ұйым мүшелері өз жұмысының нәтижесі не екенін, қандай болатынын білу арқылы соған жетуге талпынып, еңбектенеді. Әртүрлі ұйымның мақсаттары, әрине, өзінің таңдап алған бағытына байланысты әртүрлі болады (түрлі өнімдер өндіру, қызмет көрсету, білім беру т.с.с.). Сонымен бірге ұйымның бөлімдерінің де өз алдына түрлі мақсаттары болады және олар ұйымның негізгі мақсатына жетуге бағытталады. Негізгі мақсатқа жету жолындағы кіші мақсаттарға нарық үлесін, өнімнің жаңа түрін өндіру, өнімнің, қызметтің бұрынғыдан да жоғары сапасын т.б. жатқызуға болады.

Әрбір ұйымның мақсатының орындалу дәрежесі сол ұйымның экономикалық тиімділігін – рентабельділігін көрсетеді. Ұйымның құрылымы көздеген мақсатқа жету жолына орай алдын-ала зерттеу, ойластыру арқылы құрылады.

Адамдардың ұйымдағы іс әрекеті үш түрлі көріністе анықталады: адамның жеке басының ерекшелігі, адамдармен қарым-қатынаста топ арасында өзін көрсетуі, сонымен бірге менеджердің жетекші, лидер ретінде өзін көрсетуі жеке адамға және адамдар тобына ықпалы.






Date: 2015-10-18; view: 1298; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2019 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию