Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Аралық аттестацияны және модуль бойынша бақылауды өткізуге арналған сұрақтардың тізімі





1 модуль бойынша бақылау өткізуге арналған сұрақтар:

1. Металдар қандай топтарға бөлінеді?

2. «Металлургия» сөзі нені білдіреді?

3. Кен және кен орыны деген не? Кендердің қандай түрлерін білесіздер?

4. Минералдардың түрлері және олардың құрамы? Концентрат және қалдықтар деген не?

5. Кенді қалай, қайда және немен байытуға дайындайды, оның мақсаты? Кесектеу тәсілдерінің ерекшеліктері және кемшіліктері?

6. Қандай негізгі сатылардан технологиялық схема түзеледі?

7. Металлургиялық процестер қандай негізгі топтарға бөлінеді? Осы процестердің қолданылуы, мақсаттары және міндеттері?

8. Күйдірудің түрлері және қолданылуы? Күйдіру кезінде қандай негізгі реакциялар жүреді?

9. Балқытудың түрлері, олардың мақсаттары және негізгі реакциялары? Олар бір-бірінен қалай ерекшеленеді?

10. Отқа төзімді материалдардың түрлері, олардың құрамы және қасиеттері? Жылу өткізгіштік деген не?

11. Жылу алудың негізгі көздері, отын түрлері және олардың құрамдары?

12. Пирометаллургиялық пештер қалай кластарға топтастырылады? Күйдіруден және балқытудан алынатын өнімдер, олардың қасиеттері?

13. Гидрометаллургияның негізгі процестері, олардың мақсаттары және қолданылуы? Шаймалау түрлері?

14. Еріткіштердің түрлері? Еріткіш түрін және концентрациясын қалай дұрыс таңдау керек?

15. Ион алмастырушы процестердің және экстракцияның мақсаты? Реэкстракция деген не?

2 модуль бойынша бақылау өткізуге арналған сұрақтар:

1. Қара металдардың кендік базасы? Темір кендері қандай топтарға бөлінеді?

2. Темірлі шикізаттарды өңдеудің технологиясы? Домналық пештің шихтасы қандай компоненттерден тұрады?

3. Болатты қалыптандыру, опыру және қышқылсыздандыру деген не? Болат алудың қандай тәсілдерін білесіздер?

4. Ферроқорытпалардың құрамы және қасиеттері? Таза және аса таза темір алу тәсілдері? Крицалық әдістің маңызы?

5. Алюминийдің кендік базасы, кендерді байыту тәсілдері? Кремнийлі модульді қалай анықтайды? Байер және пісіру әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктері?

6. Металдық және таза алюминий алудың технологиясы?

7. Мыс алудың технологиясы: кендік база, кендерді байыту және штейн, қара және таза мыс алу тәсілдері?

8. Қорғасын және мырыш алудың технологиясы: кендерді дайындау? Фьюмингование процесінің маңызы?

9. Қара және таза қорғасын мен мырыш алудың тәсілдері?

10. Сульфидті кендер мен концентраттарды өңдеудің автогендік әдістерінің түрлері, техника және технологиясы? Олардың артықшылықтары және кемшіліктері?

11. Алтын және сирек металдардың шикізаттық базасы? Цианирлеу, амальгамация процестерінің мақсаттары және міндеттері?

12. Таза және химиялық қосылыс түрінде алтынды бөліп алу тәсілдері?

13. Уран және металдық уран алу технологиясы?

14. Металлургиялық өндірісті ұйымдастыру кезінде қандай принциптерге сүйену керек? Кәсіпорын түрлері және қосалқы қызметтер?

15. Металлургияны болашақта қандай даму алғышарттары күтеді?

Аралық аттестацияға дайындауға арналған сұрақтар:

1. Сирек металдардың негізгі топтары? Неге сирек металдар деп атайды?

2. Қазақстандағы қара металдар өндіретін ірі кәсіпорындарды атаңыздар?

3. Болат, мыс және алтын өндірістері бойынша бірінші бестікте қандай елдер бар?

4. Түсті металдарды қандай түрде тұтынады?

5. Қазақстанда ауыр түсті металдарды өндіретін ірі кәсіпорындарды атаңыздар?

6. Өңделетін кендерге қандай талаптар қойылады? Олар өндірістің қандай көрсеткіштеріне әсер етеді?

7. Кендерді байытудың негізгі тәсілдері, олардың мақсаттар және міндеттері?

8. Кендер мен концентраттардан метал алудың технологиялық схемаларындағы негізгі сатылардың міндеттері және мақсаттары?

9. Металлургиялық процестің жылулық және материалдық балансында қандай көрсеткіштер алынады?

10. Крицалық процестен қандай өнім алынады?

11. Шлактың тұтқырлығы және тығыздығы деген не?

12. Электрлік пештердің қандай түрлерін білесіздер? Олардың артықшылығы және кемшіліктері?

13. Гидрометаллургияда қолданылатын негізгі жабдықтар және олардың көрсеткіштері?

14. Ғарыштық металлургияның, биометаллургия мен металдарды және қорытпаларды алудың басқа жаңа тәсілдерінің мән, олардың негізгі артықшылықтар және қолдануы?

15. Екінші ретті қосымша шикізатты өңдеу, олардың мақсаттар және міндеттері? Артықшылықтары және кемшіліктері?

 

1.9 Курстың саясаты және процедурасы оқытушының студенттерге сабаққа міндетті қатысуына, уақытында бақылаудың барлық түрлеріне байланысты есептерді тапсыруына, бос жіберілген сабақтарды өтеу ретін көрсетуіне байланысты қоятын талаптарынан тұрады. Бақылау түрлерін тапсыру кезінде оқытылатын пәндердің қисынды жүйелілігін сақтау қажет.

 

Date: 2015-10-22; view: 725; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию