Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
С) Обыр 3 page
A) менингоэнцефалит B) кене энцефалиті C) нейроревматизм D) паркинсонизм синдромы E) ұмытшақтық склерозы {Дұрыс жауабы}= В $$$0074 52 жастағы әйел адам, миастениямен азап шегеді, аяқ-қолдары бұлшық еттерінің әлсіреуінің үдеуіне байланысты, дәрігердің кеңесінсіз калимин мөлшерін тәулігіне 3 таблеткадан 6-8 таблеткаға дейін көбейткен. Осның салдарынан ішінде ауырсынулар және күшті сілекейдің бөлінуі пайда болған, аяқ-қолдарындағы әлсіздік үдеген. Тексеріп қарау кезінде: тері жабындылары бозғылт, артериалды қысым – 80/40 мм сын. бағ., тамыр соғысы – минутына 42, тыныс алуы минутына 25-ке дейін жиілеген, қарашықтары қысаң, симметриялы, аяқ-қолдарының күші 4 баллға дейін төмендеген, сіңір рефлекстері төмен. A) миастениялық криз B) тимома C) холинэргиялық криз D) ишемиялық инсульт E) субарахноидалды қан құйылу {Дұрыс жауап}= A
ИНФЕКЦИОННЫЕ БОЛЕЗНИ $$$001 22 жастағы әйел, емхана дәрігеріне ауыруының 3 ші күні ауызының құрғауына, заттардың екі еселеніп көрінуіне, көру қабілетінің нашарлауына, жутынудың қиындауына, қақалуына, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. 3 күн бұрын қонақта салат, кәуап, үйде жасалған консервіленген шұжық жеген. Келесі күні әлсіздік, ауызының құрғауы, эпигастрии аймағында ауырсыну, 2 рет құсу болған. Көз алдында “тор”, заттардың екі еселеніп көрінуі, жұтынудың қиындауы, даусының қарлығуы пайда болғанын байқаған. Қарап тексергенде: есі анық, екі қабақта птоз, мидриаз. Сұйық тағамды жұтуы қиындаған, тамағында жайсыздық сезінеді. Ең ықтимал диагноз? А) Ботулизм B) Мидың ісігі C) Гипертониялық криз D) Тағамдық токсикоинфекция E) Ми қан айналымының жедел бұзылысы {Дұрыс жауап}=А $$$002 28 жастағы ер адам, ауруының 2-ші күні терапевт дәрігеріне қаралған. Шағымдары: іштің толғақ тәрізді ауруы, жүрек айну, бастың ауруы, тәулігіне 10 рет сүйық нәжіс болуына, тенезмдер, жалған шақырулар. Қарап тексергенде: дене қызуы - 38,0°С, АҚҚ 90/60 мм с.бағ, пульс -110 рет/мин. Іштің пальпациясы кезінде: іштің сол жақ мықын бөлігінде ауырсыну, сигма тәрізді ішектің спазмы байқалады. Үлкен дәреті шырышпен қан аралас, нәжізсіз. ЖҚА: эр.-4,0х1012 /л, НЬ -145 г/л, лейк.-11,4x109/л, э – 1%, п– 6%, с – 75%, л – 18%, м - 5. ЭТЖ – 17мм/с. Қай диагноз ең ықтимал болады? A) Тырысқақ B) Салмонеллез C) Жедел дизентерия D) Тағамдық токсикоинфекция E) Жедел гастроэнтероколит {Дұрыс жауап}= C $$$003 Жасөспірім 17 жаста учаскелік терапевтке ауыруының 5-ші күні мынандай шағымдармен келген: тамақтың ауруына, жұтыну кезінде күшейуіне, бас ауру, жүрек айну, айқын әлсіздік, буындардағы ауыру сезіміне, зәрінің қоңыр түсті болып өзгеруіне. Қарап тексергенде: дене қызуы 38,5° С. Тері жабындылары, склерасы сарғыштанған, мойын˗жақ астық лимфа түйіндері пальпацияланады, аңқасы – қызарып, бадамша бездері ұлғайған, лакуналары іріңді жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астының ауру сезімі, бауыр қабырға доғасынан 2,0-2,5см шыққан, консистенциясы тығыз. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал болады? A) Листериоз B) Иерсиниоз C) Лептоспироз D) Вирусный гепатит E) Жұқпалы мононуклеоз {Дұрыс жауап}=Е $$$004 17 жастағы жасөспірім емханадағы дәрігер-инфекционистке қаралды. Әлсіздікке, дене температурасының жоғарлауына, тәбеттің төмендеуіне, құсуға шағымданады. Бүгін, ауыруының 8 күнінде терісіндегі және склерасындағы сарғаюды байқаған, жалпы жағдайы жақсарып, тәбеті ашылған. Жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындылары және көзге көрінетін шырышты қабаттары аздап сарғайған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты ауру сезімді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анықталады. Зәр түсі қоңыр, нәжісі түссізденген. Қанның биохимиялық анализі: АЛТ - 460 ммоль/л, АСТ - 254 ммоль/л, жалпы билирубин - 65.0 ммоль/л, тікелей - 52 ммоль/л. ИФА: a-HAVIgМ оң. Амбулаторлық ем тағайындалған. Қандай ем шарасы базистік терапия құрамына кіреді? A) Серотерапия B) Антибиотикотерапия C) Вирусқа қарсы терапия D) Оральді дезинтоксикация E) Өт айдайтын препараттарды қабылдау {Дұрыс жауап}=D $$$005 Ер адам бірнеше жылдан бері емханада «Созылмалы вирусты гепатит С» диагнозымен есепте тұрады. Қандай синдром созылмалы HСV-инфекциясының бауырдан тыс көріністеріне жатады? A) Калькулезді холецистит B) Криглер-Найяр синдромы C) Аутоиммунды тиреоидит D) Өкпе туберкулезі E) Өт шығу жолдары дискинезиясы {Дұрыс жауап}=С $$$006 35 жастағы ер адам, бастың қатты ауыруына, дене қызуының жоғарылауына, ұйқының бұзылуына, тәбеттің жоғалуына шағымданып учәсткелік дәрігерді үйіне шақыртты. Анамнезде: ауру бір апта бұрын әлсіздік, субфебрильді қызба, бас ауруының біртіндеп өршуінен басталған. Кеше дене қызуы 39,0-40,0ºС-қа дейін жоғарылап, 3 рет іші өткен. Қарап тексергенде: әлсіз, тежелген. Тері жабындылары бозғылт, іш аймағында – бірең-сараң қызғылт түсті бөртпе элементтері көрінеді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі – 78 рет/мин. ҚҚ 110/70 мм с.б. Тілі құрғақ, сұр-қоңыр жабындымен жабылған. Іші кепкен. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады? A) Ку-қызбасы B) Іш сүзегі D) Кенелік бөртпе сүзегі E) Эпидемиялық бөртпе сүзегі D) Солтүстік Азияның кенелік сүзегі {Дұрыс жауап}= B $$$007 32 жастағы ер адам Ақбұлақ ауылындағы амбулатория дәрігеріне қаралған. Шағымдары: дене қызуының 39ºС-қа жоғарылауы, ірі буындарының ауыру сезімі, тершеңдік. Анамнезде: Бір ай бойы ауырады – кейде ыстық сезінген (температурасын өлшемеген), айқын тершеңдік мазалаған. Сүт фермасында жүргізуші болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: тері жабындылары ылғалды, қолтық асты, шап лимфа түйіндері үлкейген. Бауырының төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Буындары өзгермеген. Гиперемия мен жергілікті ыстық жоқ. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады? A) Безгек B) Бруцеллез C) Иерсиниоз D) Іш сүзегі E) Ку-қызбасы {Дұрыс жауабы}= B $$$008 20 жастағы ер адам, 25-ші маусымда емханаға айқын қалтыраудан басталатын және тершеңдікпен аяқталатын, дене қызуының ұстама тәрізді 39-40ºС-қа дейін жоғарылауына шағымданып келген. Дәрігерге келген күні науқастың дене қызуы – 36,9ºС. Тері жабындылары бозғылт, маса шағуының іздері көрінеді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Анамнезінде: қазіргі кезде жұмыс істемейді. Бір ай бұрын Ауғанстанда ұлтаралық парызын орындағын әскери бөлімінен оралған. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады? A) Грипп B) Безгек C) Лептоспироз D) Ку-қызбасы E) Кенелік бөртпе сүзегі {Дұрыс жауабы}= B $$$009 23 жастағы ер адам емханаға әлсіздікке, дене салмағының төмендеуіне, 20 күн бойы дене қызуының 37,3°С-қа дейін жоғарылауына шағымданып келді. Қарап тексергенде: ауыз қуысында кандидоз, полилимфаденопатия. Анамнезінен: соңғы жылдары пневмониямен, белдемелі герпеспен ауырған. Бір жыл бұрын жыныстық жолдасын өгерткен, пассивті гомосексуалист. Дәрігер науқаста АИВ-инфекциясы бар екеніне күдіктенді. Науқаста аурудың қандай клиникалық сатын болжамдайсын (ДДҰ жіктелуі бойынша): A) I (бірінші) B) II (екінші) C) III (үшінші) D) IV (төртінші) E) Терминальді {Дұрыс жауабы}= С $$$010 42 жастағы ер адам, Маңғыстау облысының тұрғыны. Дәрігерді үйіне мынандай шағымдармен шақыртты. Дене қызуының 39°-40°С-қа жоғарылауы, қалтырау, бүкіл денесінің қақсап ауруы, қатты бастың ауруы, оң жақ кеудесінің ауруына, құрғақ жөтел мазалайтындығын айтты. Ауру жедел, кеше кешкісін басталған. 3-күн бұрын түйе союға қатысып, қолын жарақаттап алған. Қарап тексергенде: науқастың жағдайы ауыр. Тыныс алу жиілігі минутына – 30 рет. Пульсі – 140 рет/мин., АҚҚ-90/60 мм с.б. Өкпесінің оң жағында жайылған құрғақ сырылдар. Гемограммада: лейкоциттер –32 х109/л, т/я нейтроф.-14%, с/т нейтроф – 82%, лимф. – 2%, мон. -2%. Күні бойы кіші дәретке бармаған. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады? A) Оба B) Грипп C) Бруцеллез D) Пастереллез E) Ку-қызбасы {Дұрыс жауап}= А $$$011 Суретте көрсетілген біріншілік терілік аффект қай жұқпалы ауруға тән?
A) Оба B) Листериоз C) Туляремия D) Пастереллез E) Сібір жарасы {Дұрыс жауап}= Е $$$012 36 жастағы ер адам тоқтаусыз құсу, іштің өтуі, шөлдеу шағымдарымен үйіне емханадан дәрігер шақырған. Қарап тексергенде: дене қызуы – 36,0°С, әлсіз. АҚҚ – 80/60 мм с.б. тамыр соғысы минутына – 105 рет. Даусы қарлыққан. Тері тургоры төмендеген. Іші кіріңкі, ауырмайды. Үлкен дәреті сұйық, күріш қайнатпасы тәрізді, иіссіз. Науқаста қандай асқыну дамуы ықтимал? A) Гиповолемиялық шок B) Ішек өтімсіздігі C) Инфекциялық-токсикалық шок D) Бүйректің жедел жетіспеушілігі E) Мезентериальді тамырлардың тромбозы {Дұрыс жауап}= A $$$013 44 жастағы әйел ауруының 4-ші күні терапевтке келесі шағымдармен келді: ауызының құрғауына, көру қабілетінің нашарлауына, тыныс алудың қиындауына. 4 күн бұрын қонақта бұқтырылған саңырауқұлақ жеген. Қарап тексергенде: есі анық, екі жақты птоз, мидриаз, страбизм. Дауысы қарлыққан. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульс -118 рет/мин, ҚҚ- 90/60мм с.б. Өкпеде - төменгі бөлігінде тыныс әлсіреген, бірең-сараң майда көпіршікті сырылдар естіледі. Іші аздап желденген, ішек перистальтикасы әлсіреген. Қандай ем ең әсерлі болып табылады? A) Пробиотиктер B) Серотерапия C) Симптоматикалық терапия D) Антибактериальді терапия E) Дезинтоксикациалық терапия {Дұрыс жауап}= B $$$014 25 жастағы ер адам емханаға дәрігер қаралуына келді. Ауырғанына 5 күн болған, дене қызуы 39о C˗ға дейін көтеріліп, бастың маңдай аймағының, параорбитальді аймақта, тамағының ауру сезімі, мұрынның бітелуі, буындары мен бұлшықеттері сырқырауы мазалаған. Қарап тексергенде: беті ісініп, қызарған, склераның қан тамырлары инъекцияланған, құрғақ жөтел, ентігу, тахикардия байқалады. Өкпенің төменгі бөлігінде тынысы әлсіреген, құрғақ сырылдар естіледі. Жүректің соғу жиілігі минутына -92 рет, тыныс алу жиілігі-24 рет, АҚҚ-100/60 мм с.б. Гемограммада: лейкоциттер- 13,5х 109 /л, Hb -120 г/л, эритр.-3,38х 1012/л, тром.-225х109/л, т/я-6%, с/я-76%, мон.-8%, лимф-10%, ЭТЖ-15 мм/с. Науқаста қандай асқыну дамыған болуы мүмкін? А) Өкпенің ісінуі B) Пневмония C) Жедел бронхит D) Жүрек жеткіліксіздігі E) Тыныс алу жеткіліксіздігі {Дұрыс жауап}=В $$$015 50 - жастағы ер адам емханаға дәрігер қаралуына келді. 3 күн аралығында қалтырау, бастың ауруы, сол жақ балтыр мен табанның ісінуі, қызару және ауру сезімі анықталды. 40 жасында бет тілмесімен ауырған. Қарап тексергенде: дене қызуы 39,6°С-қа жоғарлаған, пульсі 130 рет/мин., АҚҚ 110/70 мм с.б. Сол жақ балтыр мен табан аймағында шекарасы айқын, тері жабындысы қызарған, сыртқы және артқы бөлігінде бірнеше бір-бірімен қосылған ішінде сарғыш және қоңыр түсті сұйықтығы бар көпіршіктер айқындалады. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал болуы мүмкін? A) Біріншілік тілме, эритематозды-буллезды түрі B) Қайталамалы тілме, эритематозды-буллезды түрі C) Біріншілік тілме, буллезды-геморрагиялық түрі D) Қайталамалы тілме, буллезды-геморрагиялық түрі E) Рецидивтелген тілме, эритематозды-буллезді түрі {Дұрыс жауап}= D $$$016 26 жастағы әйел емханаға дәрігерге қаралуға келді. Жүктілігі 20-21 апта, акушерлік анамнезі күрделі (2-рет жүктілігі өздігінен үзілген). Кольпит, сукөптілік анықталуда. ЖҚА – нормоцитоз. Қынаптан алынған жағындыда – лейкоциттер саны 15-16 к\а. ИФА - листериозді а\г IgG оң. ТГАР – листериозға қарсы антиденелер титрі 1:100. Қынаптан алынған шырышты бактериологиялық тәсілмен зерттегенде – L.monocytogenes бөлінген. Дәрігер листериоз деген диагнозды қойған. Диагноз қоюға ықпал еткен ең негізгі мәліметтер қандай? A) Акушерлік анамнез мәліметтері B) ИФА листериозді а\г IgG оң болуы C) L.monocytogenes қынап шырышынан анықтау D) Қынап жағындысында қабынуға тән өзгерістердін болуы E) ТГАР листериозға қарсы антиденелер титрінің 1:100 болуы {Дұрыс жауап}= C $$$017 32 жастағы әйел, ауырғанына 8 күн болғанда емханадағы дәрігерге келіп қаралды. Ең бірінші күнінен бастап әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, дене қызуының 38-38,5°С-қа дейін көтерілуі мазалаған, тамағы ауырып, іші өткен. Келесі күні склерасы сарғайып, зәрі қоюланған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,5°С. Барлық топтағы лимфа түйіндері бүршақ тәрізді болып қолға білінеді. Ауызжұтқыншақта – жұтқыншақтың артқы қабырғасы қызарған, бадамша бездері ұлғаймаған, жабындылары жоқ. Денесінің терісінде дақты-папулезді бөртпе анықталады. Бауыры қабырға доғасынан 1,5-2 см, төмен пальпацияланады, пальпациялағанда аздап ауырсыну сезімі анықталады. Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады: A) Иерсиниоз B) Лептоспироз C) Жедел вирусты гепатит D) Инфекциялық мононуклеоз E) Созылмалы вирусты гепатит {Дұрыс жауап}= А $$$018 15 жастағы мектеп оқушысы, ауырғанына 5 күн болғанда емханаға келді. Дене қызуының 38.80С дейін көтерілуіне, тамағының аздап ауруына шағымданады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, склерасы субиктериялық, мойынарты лимфа түйіндері пальпация кезінде ауыру сезімі байқалады. Науқаста гепатоспленомегалия, ангина анықталады. ЖҚА аздаған лейкоцитоз, нейтропения, моноцитоз, лимфоцитоз, атипті мононуклеарлар, СОЭ 10 мм/сағ. Қандай зерттеу әдісі осы ауруда ең тиімді? A) ИФА B) Бюрне сынамасы C) Райт реакциясы D) Видаль реакциясы E) Провачек риккетсияларымен КБР {Дұрыс жауап}= А $$$019 Жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне 32 жасар ер адам келді: жалпы әлсіздікке, жүрек айнуына, құсуға, тәбетінің нашарлауына, зәр түсінің қоңырлануына шағымданып түсті. 2 аптадан бері ауырады, 2 ай бұрын асқазан жарасының қан кетуіне байланысты операция жасалынып, қан құйылған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары және көрінетін шырышты қабаттары аздап сарғайған. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң қабырға асты сезімтал. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анықталады, консистенциясы тығыз. Қандай ем патогенетикалық мақсатпен тағайындалады? A) Регидратациялық терапия B) Дегидратациялық терапия C) Дезинтоксикацилық терапия D) Қабынуға қарсы терапия E) Иммунитет күшйтуші терапия {Дұрыс жауап}=С $$$020 32 жастағы ер адам учәскелік дәрігерге дене қызуының 38,7ºС-қа дейін жоғарылауына, ірі буындарының ауыру сезіміне, тершеңдікке шағымданып келген. Анамнезде: 2 ай бойы ауырады – кешкі уақытта ыстық сезінген (температурасын өлшемеген), айқын тершеңдік мазалайды, жүдеген. Сүт фермасында жүргізуші болып жұмыс істейді. Ақбұлақ ауылының тұрғыны. Қарап тексергенде: тері жабындылары ылғалды, қолтық асты, шап лимфа түйіндерй үлкейген. Бауырының төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анықталады. Буындар өзгермеген. Гиперемия мен жергілікті ыстық жоқ. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады? A) Жедел бруцеллез B) Жеделдеу бруцеллез C) Біріншілік-латентты бруцеллез D) Біріншілік-созылмалы бруцеллез E) Екіншілік-созылмалы бруцеллез {Дұрыс жауап}= A $$$021 Ер адам 20 жаста, аурудың 5-ші күні емхана дәрігеріне мынандай шағымдармен келді: дөрекі жөтел, жарықтан қорқу, әлсіздік, денесінде бөртпелердің пайда болуына, жоғары қызбаға. Денесіндегі бөртпелер аурудың 4ші күнінде бетінде пайда болған, содан кейін мойынға, бүкіл денесіне жайылған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, температура 390С, склерит, коньюктивит, ауыз-жұтқыншақ шырышты қабатында - “ұнтақ жармасы ” тәрізді энантема; бетінде, денесінде жайылған, кейбір жерлерде бір-бірімен қосылған дақты-папуллезді бөртпелер анықталды. Ең ықтимал диагноз: А) Жәншау B) Қызамық C) Қызылша D) Иерсиниоз E) Желшешек {Дурыс жауап} =C $$$022 Менингококты инфекцияның қай түріне жедел бүйрек үсті жетіспеушілігінің (Уотерхаузен -Фридериксен синдромының) дамуы мүмкін? А) Менингитке В) Менингококкемияда С) Менингоэнцефалитте Д) Жедел назофарингитте Е) Менингококктасымалдушылық {Дұрыс жауап}=В $$$023 Жұқпалы аурудың ықтимал жағдайын анықтау үшін, негізгі мәліметті топты көрсетіңіз: A) Эпизоотологиялық мәлімет B) Эпидемиологиялық мәлімет C) Клинико-лабораторлық тест D) Аурудың клиникалық көрінісі E) Лабораторлы-этиологиялық тексеру {Дұрыс жауап}= B $$$024 36 жастағы ер адам қайталамалы құсу, іштің өтуі шағымдармен ауыл ауруханасына жеткізілді. Қарап тексергенде: дене қызуы – 36,0°С, әлсіз, шөлдеу мазалайды. АҚҚ – 80/60 мм с.б. Пульс минутына 105 рет. Даусы қарлыққан. Тері тургоры төмендеген. Пальпация кезінде іші аурмайды. Үлкен дәреті сұйық, күріш қайнатпасы тәрізді, иіссіз. Ауруханаға дейінгі кезеңде бірінші кезекте қандай ем қолданылуы тиіс? A) Гормонотерапия B) Десенсибилизация C) Антибиотиктер қабылдау D) Т/і тұзды ерітінділер құю E) Осмотикалық диуретиктер салу {Дұрыс жауап}= D $$$0025 Бруцеллездің инфекциялық белсенділігін сипаттайтын белгі: А) Бастың ауруы, ұйқысыздық, бастың айналуы. В) Әлсіздік, жайсыздық, тез шаршағыштық С) Тәбетінің төмендеуі, жүректің айнуы, D) Қызба, бауырдың ұлғаюы, микрополиаденит, Е) Буындарда және бұлшық етте ауырсыну. {Дұрыс жауабы}=D $$$0026 Науқаста төмендегі белгілердің қайсы байқалғанда ВИЧ инфекциясына зерттеу жүргізіледі? А) Екі апта бойы субфебрилитет және шап лимфаденит В) Микрополиаденит, субфебрилитет, бір ай көлемінде диарея, ддене салмағының төмендеуі. С) Микрополиаденит, субфебрилитет, орхоэпидимит D) Микрополиаденит, субфебрилитет, бір апта көлемінде полиартрит Е) Микрополиаденит, субфебрилитет, бауырдың, көкбауырдың ұлғаюы, полиартралгия {Дұрыс жауабы}=В $$$0027 Қыз бала 2 жаста, салмағы 12 кг, денетемпературасы 37,50С. Жалпы қауіп белгілері жоқ. Жөтел 3 күн бойы мазалайды. ТАЖ 48 рет минутына. Кеуде клеткасының ішке кірігуі, стридор, астмоидты тыныс жоқ.БЖАИЖ бағдарламасы бойынша «жөтел» мәселесін жіктеңіз. А) Ауыр пневмония және өте ауыр ауру В) Пневмония С) Пневмония жоқ, жөтел не суық тию D) Пневмония жоқ, астмоидты тыныс Е) Мүмкін бактериальды инфекция {Дұрыс жауабы}=В $$$0028 Емханаға 25 жастағы әйел адам дене температурасының 37,8 көтерілуіне, тәбетінің төмендеуіне, тамағының ауырсынуына шағымданып келді. Эпид. анамнез: жұқпалы аурулармен қатынаста болмаған.Объективті: терісі таза, бозғылт. Аранда – тілшеде, таңдай доғасында қызыл шеңбермен қоршалған везикулезді элементтер. Жақ асты, алдыңғы және артқы мойын лимфа түйіндері үлкейген. Ағзалар бойынша патология жоқ. Дұрыс диагноз қойыңыз, А) Лакунарлық баспа В) ЖРВИ, жедел бронхит С) Фолекулярлы баспа D) энтеровируст ы инфекция, герпангина E) аран дифтериясы { Дұрыс жауабы }=D $$$0029 Науқас Н 26жаста, аңшы, сырқатының 17-ші күні учаскелік дәрігерге келесі шағымдармен келді: басының шамалы ауырсынуы, дене қызуының 38,5°C жоғарлауы, тәбетінің төмендеуі, кешкі уақытта қалтырау, тершеңдік, миалгиялар, қолы мен аяқтарының ірі буындарының ұшпалы ауырсынуы. Ауылдық мекенде тұрады., малярия мен бруцеллезге эндемиялық болып табылады. Жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы 37,7°C. Тері жамбындысы жоғары ылғалдылықта, микрополиаденит. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйық, пульс 112 рет минутына..АҚҚ 110/70 мм с.б. Тілі жабынмен жабылған. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланады. Бұл науқаста қандай терапия негізгі болып табылады және неліктен? А) Дезинтоксикациялық, өйткені патогенезінде интоксикация негізгі болып табылады. В) Антибактериальды (этиотропты), себебі патогенезінде бактеремия. С) Қабынуға қарсы, себебі патогенезінде серозды қабыну D) Иммуннореттеушіокорригирующая, себебі патогенезінде екіншілік имммунодефицит Е) Антигистаминді, себебі патогенезінде жедел типтегі жоғары сезімталдық. {Дұрыс жауабы}=В $$$0030 Науқаста келесі клиникалық көріністер: 10күн ішінде тұрақты түрде қызба, айқын бас ауруы, ұйқының бұзылуы, қозғыштық, сөзшеңдік, сырқатының екінші аптасында тежелген. Кеуде қуысының бүиір беткейінде көбірек оргналасқан көп мөлшерде розеолезді петехияльды бөртпе. Киари-Авцын, Говоров-Годелье симптомдары оң. Бауыры мен көкбауырының ұлғаюы. Диагнозды нақтылайтын арнайы оң нәтиже қайсы? А) Қанды бактериологиялық стерильділікке тексеру. В) Қанды қараңғы көру алаңында тексеру. С) Үлкен тамшы түрінде қанды зерттеу D) Серологиялық реакциялар (РПГА,РСК). Date: 2015-10-21; view: 556; Нарушение авторских прав |