Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






С) Обыр 6 page





А) 2HRZS

В) 2HRZS 3S

С) 2HRZE

D) 3HRZS 2S

Е) 3HRZE

{Дұрыс жауабы}=D

$$$0026

Науқас, 37 жаста. Кеш түскен кезде пайда болатын ауырсыну сезіміне шағымданады. Өкпенің жиынтық зерттеуі барысында өкпенің жоғары бөлігінде диаметрі 5-10 мм болатын шеттері айқын емес, симметриялы орналасқан көптеген көлеңкелер анықталды. Манту реакциясы 2 ТБ- 12мм. Қақырықта ТБ анықталмайды. Диагноз қойыңыз.

А) Инфильтративті туберкулез

В) Диссиминирленген туберкулез

С) Кавернозды туберкулез

D) Ошақты туберкулез

Е) Фиброзды-кавернозды туберкулез

{Дұрыс жауабы}=B

$$$027

Науқас 33 жаста. Екі ай көлемінде пайда болған әлсіздікке, қақырығы аз жөтелге, жүдеуге шағымданады. Астеникалық тип, тері жабындылары бозғылт, кеуде қуысының екі бөлігі де тыныс алу актінінен қалып отыр, жауырынаралық аймақта бірен-саран ылғалды сырылдар естіледі. Рентгенологиялық: күшейген өкпе суреті фонында өкпенің жоғарғы бөлігінде әртүрлі көлемдегі және тығыздықтағы, кейбір жерлерде бірігетін ошақтар анықталды. ЖҚА-да: лейкоцит- 12,6х109\л, СОЭ-29мм\сағ. Диагноз қойыңыз.

А) Фиброзды-кавернозды туберкулез

В) Инфильтративті туберкулез

С) Цирротикалық туберкулез

D) Диссеминирленген туберкулез

Е) Кавернозды туберкулез

{Дұрыс жауабы}=D

$$$028

Науқас 33 жаста. Жанұялық аурухаға кеуде клеткасының ауырсынуына, құрғақ жөтелге, дене қызуының 37,50С жоғарылауына байланысты келді. Бұрын туберкулезбен ауырмаған. Рентгенологиялық зерттеуде оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде гомогенді емес қараю, төменгі бөліктерінде интенсивтілігі жоғары ошақ анықталды. Диагноз қойыңыз:

А) Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі ыдырау фазасы, жаңа жағдай, І категория, І А диспансерлік бақылау тобы

В) Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі тығыздалу фазасы, басқа жағдайлар, І категория, І Б диспансерлік бақылау тобы

С) Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі ыдырау фазасы, жаңа жағдай, І категория, І А диспансерлік бақылау тобы

D) Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі себілу фазасы, жаңа жағдай, І категория, І А диспансерлік бақылау тобы

Е) Оң жақ өкпенің туберкулемасы ыдарау фазасы, рецидив, ІІ категория, І А диспансерлік бақылау тобы

{Дұрыс жауабы}=D

$$$029

Науқас 37 жаста. Қақырықты жөтелге, ауыр жұмыс істегенде тез шаршағыштыққа, кешкі тершендікке шағымданады. 1 жыл бұрын туберкулез анықталған, емнің интенсивті фазасын қабылдап, кейін жұмыспен басқа қалаға кеткен. Бойы 173. Дене салмағы 53. Т 38,90С. Өкпенің жоғарғы бөліктерінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, тынысы бронхиальды, жөтелгеннен кейін ылғалды сырылдар естіледі. Рентгенологиялық: өкпенің жоғарғы бөлігінде домалақтанған қуыстар, төменгі бөліктерінде – әр түрлі ошақтар, қабырғааралықтары қысқарған, диафрагма куполы көтеріңкі екендігі байқалады. Қақырықта микроскопиялық ТМБ-сы табылған. Диагноз қойыңыз:

А) Фиброзды-кавернозды өкпе туберкулезі инфильтрация фазасы, рецидив, 2 категория, 1Б диспансерлік бақылау тобы

В) Созылмалы диссеминирленген өкпе туберкулезі ыдырау фазасы, рецидив, 4 категория, 1В диспансерлік бақылау тобы

С) Кавернозды өкпе туберкулезі инфильтрация фазасы, үзілістен кейін ем, 2 категория, 1В диспансерлік бақылау тобы


D) Фиброзды-кавернозды өкпе туберкулезі себілу сатысында, үзілістен кейін ем, 2 категория, 1Б диспансерлік бақылау тобы

Е) Созылмалы диссеминирленген өкпе туберкулезі инфильтрация сатысында, үзілістен кейін ем, 4 категория, 1Б диспансерлік бақылау тобы

{Дұрыс жауабы}=D

$$$030

Туберкулеманың морфологиялық құрылымы?

А) экссудативті-пневмониялы фокус

В) фиброзды алаң

С) қалталанған казеозды фокус

D) өкпе ішілік қуыс

Е) ісікті түйін

{Правильный ответ}= C

$$$0031

Манту сынамасын қолданудағы туберкулин дозасы?

А) 1 мл – 2 ТБ

В) 0,1 мл –1 ТБ

С) 0,15 мл – 2 ТБ

D) 0,1 мл – 2 ТБ

Е) 0,2 мл – 2 ТБ

{Правильный ответ}= D

$$$0032

Терiс анергия бұл…

А) туберкулез өршiген ауруларда реакцияның болмауы

В) инфекцияланбаған сау балаларда реакцияның болмауы

С) сау балалардағы күдiктi реакция

D) дұрыс жүргiзiлмеген сынама кезiндегi реакция

Е) гиперергиялық реакция

{Правильный ответ}= A

$$$0033

Біріншілікті туберкулез жинағы бұл…

А) туберкулезбен кеуде iшi лимфатүйiндерiнiң зақымдануы

В) туберкулезбен кеуде iшi лимфатүйiндер, өкпе тканi және оларды жалғастыратын лимфа тамырларының зақымдануы

С) туберкулезбен кеуде iшi лимфатүйiндерi әрi өкпенiң зақымдануы

D) туберкулезбен өкпенiң зақымдануы

Е) алғашқы инфекцияланудан кейiнгi пайда болған өкпе тканiнiң зақымдануы

{Правильный ответ}= B

$$$0034

Өкпенiң фиброзды-ошақты туберкулезiн емдеу әдiсi?

А) туберкулезге қарсы химиотерапия

В) коллапсотерапия

С) хирургиялық

D) патогенетикалы

Е) ем қажет емес

{Правильный ответ}= E

$$$0035

Қандай бактериоскопиялы әдiспен ошақты туберкулезде жиi ТМБ-сын табуға болады?

А) жағындының тура бактериоскопиясы

В) флотация әдiсi

С) себу әдiсi

D) люминесценттi микроскопия

Е) «Bactec»

{Правильный ответ}= D

$$$0036

Қан түкіру себебі?

А) өкпе инфаркті

В) өкпе тамырлары бүтіндігінің зақымдалуы

С) аорта аневризмасының өкпеге жарылуы

D) өкпе тамырлары өткізгіштігінің жоғарылауы

Е) бронх тамырлары аневризмасының жарылуы

{Правильный ответ}= D

$$$0037

Туберкулин сезімталдығының «Виражы» деген не?

А) 2 ТБ ППД-Л Манту реакциясының оң болуы

В) бұрын оң болған сынаманың гиперергияға айналуы

С) бұрын оң реакцияның өршуі

D) жыл сайынғы теріс мәнді сынаманың оңға айналуы

Е) жыл сайынғы теріс мәнді реакцияның күдікті болуы

{Правильный ответ}= D

$$$0038

Өкпенің циррозды туберкулезі пайда болуына әсер ететін факторлар?

А) жайылған казеозды некроз

В) кеш табу

С) ем принципінің бұзылуы

D) бронх өткізгіштігінің бұзылуы

Е) организм реактивтілігінің төмендеуі


{Правильный ответ}= D

$$$0039

Манту сынамасы мен БЦЖ ревакцинациясының интервалы?

А) 2 аптадан ерте емес және 3 аптадан артық емес

В) 3 күннен ерте емес және 1 аптадан артық емес

С) 2 күннен ерте емес және 1 айдан артық емес

D) 3 күннен ерте емес және 2 аптадан артық емес

Е) маңызы жоқ

{Правильный ответ}= D

$$$0040

Халық арасында тыныс алу органдары туберкулезін ерте табу әдістері?

А) флюорография, ТМБ-на қақырықты бактериологиялық тексеру

В) флюорография, туберкулиндиагностика, қақырықты БК-ға тексеру

С) ТМБ-на қақырықты бактериологиялық тексеру, туберкулиндиагностика

D) рентгенотомография, иммуноферментті анализ

Е) профилактикалық клиникалық тексерулер

{Правильный ответ}= B

$$$0041

Милиарлы туберкулез емінде қолданбайды...

А) патогенетикалық ем

В) иммуностимуляциялық терапия

С) хирургиялық ем

D) туберкулезге қарсы препараттар

Е) глюкокортикостероидтар

{Правильный ответ}= C

$$$0042

Жұмысқа орналасу кезінде және жыл сайын міндетті түрде туберкулезді табу үшін флюрографиялық зерттеуден (тегін) өтетін адамдардың тізімі:

А) Тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтандыру қызметкерлері;

Б) Тағам өнімдері саудасы кәсіпорындарының қызметкерлері;

В) Дәріхана қызметкерлері;

Г) Науқастарды емдеумен, оларға қызмет көрсетумен және тамақтандырумен байланысты емдеу-профилактикалық мекемелерінің қызметкерлері;

Д) Жоғары және орта арнайы оқу орындарының қызметкерлері.

(дұрыс жауап) = Г

$$$0043

Туберкулез микобактериясын табудың кең тараған әдісі

А) Циля–Нильсен

Б) люминесцентті

В) флотация

Г) бактериологиялық

Д) биологиялық

(дұрыс жауап) = А

$$$0044

Фиброзды-каверналы туберкулезде жиі естіледі

А) қатаң тыныс

Б) әлсіз тыныс

В) везикулярлы тыныс

Г) бронхты тыныс

Д) амфоралы тыныс

(Дұрыс жауап) = Д

$$$0045

Перифериялық лимфа бездерінің клиникалық түрі

А) жедел

Б) ннфильтратты

В) перифокальды

Г) туморозды

Д) созылмалы

(Дұрыс жауап) = Б

$$$0046

Алғашқы ошақтар жиі орналасады

А) 1 сегментте

Б) 2 сегментте

В) 3 сегментте

Г) 4 сегментте

Д) 5 сегментте

(Дұрыс жауап) = Б

$$$0047

Біріншілік туберкулез пневмониялық кезеңінің рентгенологиялық бейнесі

А) түбірмен байланысқан көлемді инфильтрат

Б) өкпе түбіріне жол


В) бронхопульмональды лимфа бездердің ұлғаюы

Г) дөңгелекті көлеңке

Д) сақиналы көлеңке

(Дұрыс жауап) = А

$$$0048

Туберкулинді сынамада гиперергия кезіндегі химиопрофилактика курсының ұзақтығы:

A) Изониазид (Н) 3 ай бойы бір реттік және А және В тобындағы поливитаминдермен бірге

B) Изониазид (Н) + этамбутол (Е) 2 ай бойы бір реттік А және В тобындағы поливитаминдермен бірге

C) Изониазид (Н) 6 ай бойы және А, В тобындағы поливитаминдермен бірге

D) Изониазид (Н) + рифампицин (R) 3 ай бойы

E) Изониазид (Н) 2 ай бойы

{Дұрыс жауабы}= B

$$$0049

Алғашқы анықталған ТМБ+ туберкулезді науқастың интенсивті фазасы химиотерапиясында препараттар қосылысының ең биімді схемасы (категория I):

A) S + H (4 ай)

B) H + E (5 ай)

C) H + R (4-7 ай)

D) H + R + E (8 ай)

E) H + R + Z (12 ай)

{Дұрыс жауабы}= C

$$$0050

Егер қақырықта ТМБ болмаса, онда инфильтративті туберкулезді және бейарнамалы пневмонияны ажырату анықтамада аурудың этиологиясын анықтауға неғұрлым көп мүмкіндік беретін келесі:

A) Бактерия бөлушімен анамнезінде қатынас

B) Объективті мәліметтер

C) Зақымдалудың орналасуы

D) Жалпы қан анализі

E) Қабыну өзгерістерінің сіңу жылдамдығы

{Дұрыс жауабы}= E

$$$0051

34 жастағы науқас Т., жедел ауырған: кенеттен температурасы 38,5°С дейін көтеріліп, қалтырап, қатты терлеп, кеуде клеткасының сол жағы ауырып, демалғанда ентігіп, сырқаттанған. 4 ай бойы әлсіздіктің өршуі, дене салмағының 12 кг дейін төмендеп кетуі байқалады. 3 жыл бұрын бас бостандығынан айырылып, сол жерде туберкулез науқастарымен контакта болған. Артқы оң жақ жауырын үштігі ортасында және алдында ІІІ қабырғаға дейін перкуторлы қысқару дыбысы естіледі. Аускультативті көптеген ылғалды сырылдар. Гемограммада: Нв-102 г/л, Эр.-4,1×1012 г/л; Цв.п.-0,75; L-11,8×109 г/л, э-8, п/я-52, с/я-21, л-8, м-12, СОЭ-54 мм/сағ. ТМБ микроскопия әдісімен (3+) табылған. Манту 2 ТБ сынамасы–теріс. Жалпы шолу рентгенограммасында гомогенді емес орташа және жоғары қаттылықтағы оң жақ өкпенің тұтас инфильтрациясы, оның ішінде толып жатқан ұсақ және орташа ыдырау қуыстары көрінеді. Алынған мәліметтердің негізінде қандай диагноз қоюға болады?

A) Бронхоэктаз ауруы

B) Обырдың (рак) өкпе қуысты формасы

C) Абсцесті (іріңдік) пневмония

D) Казеозды пневмония

E) Силикоз

{Дұрыс жауабы}= D

$$$0052

11 жасар Г. ТҚД стационарына әлсіздік, тез шаршау, жүдеу, субфебрилді температура шағымдарымен түскен. Анамнезі: туберкулезбен ауыратын туысқанымен контактта болу себебімен тексерілген. Манту 2 ТБ сынамасы – 15 мм. Асқазан шаймасынан ТМБ табылмаған. Кеуде клеткасы жалпы шолу рентгенограммасында: сол жақ өкпесінің түбір дағы кеңейген, деформацияланған, сыртқы контуры тегіс емес жайылма, жоғарғы бөлігінде диаметрі 1,5×2,5 см, орташа интенсивті, бір текті контуры жайылған, фокусты дақ көрінеді. Осы мәліметтер бойынша қандай диагноз қоюға болады?

A) Кеудеішілік лимфа түйіндері туберкулезі

B) Алғашқы туберкулез комплексі

C) Түйінді өкпе туберкулезі

D) Өкпе туберкулемасы

E) Фиброзды-кавернозды өкпе туберкулезі

{Дұрыс жауабы}= B

$$$0053

Клиникалық симптомокомплексі неге неғұрлым сәйкес: кенеттен кеуде шаншуы, үдемелі ентігу, көгеру, өкпеде қорапты перкуторлық дыбыс, өте әлсіз тыныс?

A) Пневмония

B) Плеврит

C) Спонтанды пневмоторакс

D) Миокардтың инфаркті

E) Қабырға аралық невралгия

{Дұрыс жауабы}= C

$$$0054

Деструктивті туберкулезді абсцестен ажырату анықтау кезінде ем жүргізу тиімді:

A) Саңырауқұлақтарға қарсы препараттармен

B) Кең спектрлі әсерімен антибиотиктермен

C) Туберкулезге қарсы препараттармен

D) Жүрек гликозидтерімен

E) Ұлануға қарсы дәрілермен

{Дұрыс жауабы}= B

$$$0055

19 жастағы науқас Ж. Дене ыстығы 38°С дейін көтеріліп жедел сырқаттанған. Шағымы – кілегейлі іріңді сипаттағы қақырықты жөтел, терең дем алғанда кеуде клеткасының оң жағындағы ауырсыну, әлсіздік, тершеңдік. Стационар жағдайында тексерген кезде тері жамылғысы әдеттегі ылғалды және түсі өзгермеген. Аускультативті: везикулярлы тыныс, оң жақ өкпенің төменгі бөлімінде ылғалды сырыл естіледі. Перкуторлы: өкпе дыбысы тұйықталған зақым жерінде. СОЭ – 18 мм/сағ. Манту 2 ТБ сынамасы – 9 мм. Микроскопияда ТМБ табылмаған. Рентген орташа интенсивтілікті, гомогенді емес, контуры айқындалмаған диаметрі 4 см оң өкпенің төменгі бөлігіндегі қараю анықталады оның ішінде жарықтану көрінеді. Науқаста диагностикалық фибробронхоскопия жасалынған: сол жақ бронх қалыпты жағдайда, оң жағы – төменгі бөлікті бронхта кілегейлі-іріңді сипаттағы бөлінулер байқалады. Кілегейлі қабығы қызарған. Қолқаның жаймасуында ТМБ табылған. Клинико-рентгенологиялық бейнелеу негізінде болжам диагноз қойыңыз:

A) Абсцесті (іріңдік) пневмония

B) Бронхоэктаз ауруы

C) Инфильтративті өкпе туберкулезі

D) Обырдың (рак) қуысты формасы

E) Солитарлы киста

{Дұрыс жауабы}= C

$$$0056

Шашыранды өкпе туберкулезі ыдырау фазасы БК+, науқасқа I категория бойынша ем жүргізілді. Изониазид тамырына 6% ертінді түрінде енгізілді. 3 есе аса препараттың дозасы қате жіберілгеніне байланысты, науқаста жеке бұлшық тобында сіреспе, сана сезімін қысқа мерзімге жоғалту пайда болды. Бірінші ретте жедел дәрігерлік көмек беруге сіздің нұсқауларыңыз:

A) Пирацетам тағайындау

B) Кардиостимуляторлар тағайындау

C) Реанимациялық бөлімшеге науқасты аудару

D) 2,5 г дозада В6 витаминді тамырға жіберу

E) Миорелаксанттар жіберу және басқарулы тыныс алуға көшу

{Дұрыс жауабы}= D

$$$0057

Өкпенің милиарлы туберкулезі алғашқы анықталған науқасына DOTS I категориясымен ем басталды, бірақ 2 аптадан кейін токсикалық гепатиттің белгілері пайда болды. Науқасты әрі қарай емдеуінің тиімді нұсқасын алыңыз:

A) Уақытша препараттарды тоқтату, гепатопротекторлар тағайындау

B) Этамбутолды қабылдауын тоқтату

C) Резервті препараттармен емдеуді бастау

D) DOTS II категориясына қайта тіркеу

E) Емді жалғастыру

{Дұрыс жауабы}= A

$$$0058

Емханада профилактикалық тексеруде кезінде лауазымды контингент жұмысшысы (босандыру бөлімінің медицина бикесі) флюорографиямен тексерілген, өкпеде өзгерістер жоқ деп қортынды берілді. 8 айдан кейін біртіндеп жағдайы нашарлау кезінде (интоксикациялық және кеуделік синдромдар белгісі білінді), сол емхананың дәрігеріне барды және флюорографиялық қайта тексеру кезінде: өкпеде сол жағында жоғарғы артқы сегментінде айқын емес ошақты-фиброзды өзгерістер, жанында сақина тәрізді тұйық 3 см дейін қараю байқалды, туберкулезге күдіктенді. Науқастың диагнозын дәлелдеуге фтизиатр-дәрігердің ең тиімді іс-әрекетін көрсетіңіз:

A) науқастың бұрынғы флюорограммасын қайта оқу

B) өкпе томографиялық зерттеуі

C) тыныс алу мүшелерін рентгеноскопиялық зерттеу жүргізу

D) өкпе ангиографиясын тағайындау

E) өкпені компьютер томографиялық зерттеу жүргізу

{Дұрыс жауабы}= B

$$$0059

Бала 3 жаста туберкулезге қауіп тобынан. Туберкулезбен ауыратын атасымен қысқа уақыттық контактіде болған. Жұғылықты анықтау мақсатында 2 ТБ Манту сынамасы жүргізілген. Папула - 10 мм. БЦЖ тыртығы 5 мм. Алдыңғы 2 ТБ Манту сынама нәтижесі: 1 жаста - 6 мм, 2 жаста - 4 мм. Аймақтық жалпы дәрігердің жүргізу керек тактикасы?

A) Өкпе R-графиясы, ЖКА, ЖЗА, фтизиатр кеңесі, химиопрофилактика

B) 3 реттік қақырық микроскопиясы, ЖҚА, ЖЗА, фтизиатр кеңесі

C) Өкпе рентгенографиясы, фтизиатр кеңесі, химиопрофилактика

D) Қайталама Манту сынамасы, өкпе рентгенографиясы, фтизиатр кеңесі

E) ЖҚА, ЖЗА, өкпе рентгенографиясы, фтизиатр кеңесі, окулист

{Дұрыс жауабы}= A

$$$060

Міндетті контингенттерге жататын адамдарды флюорографиядан уақытында өткізуді кім қадағалайды?

A) туберкулезге қарсы диспансері

B) рентгенологиялық қызметі

C) сол жердегі қызметкердің мекеме бастығы

D) участкілік терапевттер

E) санитарлы-эпидемиологиялық қызметі

{Дұрыс жауап} = D

$$$0061

ДДСҰ ұсынысына сәйкес әр турлі жағдайларға байланысты «нәтижесіз емдеу» дегеніміз не?

1 – екі ай емнен кейін ТМБ+

2 – бес ай емнен кейін ТМБ+

3 – ем басында ТМБ- болып, екі ай емнен кейін ТМБ+

4 – ТМБ төзімділігі дамығанда

5 – туберкулездің асқынулар дамуында

Дұрыс жауапты таңдаңыз:

A) 2 және 3 үйлесушілігі

B) 1 және 3 үйлесушілігі

C) 3 және 4 үйлесушілігі

D) 2 және 5 үйлесушілігі

E) 3 және 5 үйлесушілігі

{Дұрыс жауап} = A

$$$0062

5 жасар балада профилактикалық тексеруде 2 ТБ Манту сынағына оң мәнді реакция, 8 мм папула байқалды. Диагноз – Туберкулин сынамасының «виражы» (біріншілік туберкулез инфекциясының ерте кезеңі) деп төмендегіге байланысты қойылды:

A) папуланың көлемі

B) туберкулезбен ауыратын туысымен қатынаста болуы туралы мәлімет

C) туберкулиннің жіберілген дозасы

D) бұрынғы жылы Манту сынамасына теріс реакция болуы

E) баланың жасына

{Дұрыс жауап} = D

$$$0063

Жүкті әйелде (30 апта) кеудедегі ауырсынуға, 37,5°С дейін қызуы көтерілуге, шаршағандыққа шағымдар пайда болды. Өкпенің рентгенографиялық зерттеуде оң жақтың S1-S2 ошақты өзгерістер табылды. Қақырықта микобактериялар анықталды. 2 ТБ Манту сынамасына реакция – 10 мм. Алдынғы рентгенолоиялық тексеру кезінде бір жыл бұрын патологиялық өзгерістер табылмаған. Дәрігерлік әрекетті анықтаңыз:

A) жүктілікті үзу

B) тубдиспансерге жатқызу

C) екі АБП амбулаторлы химиопрофилактика

D) Кох сынамасын жүргізу

E) БЦЖ егу

{Дұрыс жауап} = B

$$$0064

Шашыранды өкпе туберкулезі ыдырау фазасы ТМБ+, науқасқа I категория бойынша ем жүргізілді. Изониазид тамырына 6% ертінді түрінде енгізілді. 3 есе аса препараттың дозасы қате жіберілгеніне байланысты, науқаста жеке бұлшық тобында сіреспе, сана сезімін қысқа мерзімге жоғалту пайда болды. Бірінші ретте жедел дәрігерлік көмек беруге сіздің нұсқауларыңыз:

A) пирацетам тағайындау

B) кардиостимуляторлар тағайындау

C) 2,5 г дозада В6 витаминді тамырға жіберу

D) реанимациялық бөлімшеге науқасты аудару

E) миорелаксанттар жіберу және басқарулы тыныс алуға көшу

{Дұрыс жауап} = C

$$$0065

39 жастағы, науқас Н., оң өкпе жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезімен 6 ай бойы стационарлық емдеуде жатыр. Ем нәтижесіз, сәулелік зеттеу әдістерімен S2 дөңгелек пішімді диаметрі 4 см қуыс, тегіс шетімен, түбірде кальцинаттар. Қақырықта ТМБ анықталмаған. Қанның клиникалық анализі қалыпты. Диагнозды табыңыз:

A) инфильтративті туберкулез

B) кавернозды туберкулез

C) цирротикалық туберкулез

D) туберкулема

E) фиброзды-кавернозды туберкулез

{Дұрыс жауап} = B

$$$0066

Ересектерде туберкулез диагнозын қойған кезде ең маңызды болып табылады: A) қақырықтың туберкулез микобактерияларына тексерісі

B) көкірек қуысын рентгенологиялық тексеру

C) Манту сынамасы

D) жалпы қан және несеп талдауы

E) көкірек қуысының перкуссиясы және аускультациясы

(Дұрыс жауап) =A

$$$0067

Аталған аурулардың қайсысы ересектердегі ателектаздың жиі себебі болып табылады:

A) Көкірек ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі

B) Өкпенің орталық обыры

C) Бронхоэктаздық ауру

D) Обструктивті бронхит

E) Жедел пневмония

(Дұрыс жауап)= B

$$$0068

Бронхтың ісікпен обструкциясының ең ерте симптомы:

A)бөлік ателектазы (сегменттің)

B)гиповентиляция
C)эмфизема
D) бейспецификалық қабыну

E) обструктивті бронхит

(Дұрыс жауап)= C

$$$0069

Туберкулездік этиологиялы экссудативті плеврит үшін ең тән рентгенологиялық белгі:

A) плевра қуысында сұйықтық пен ауаның болуы

B) плевра қуысында сұйықтықтың және өкпенің жоғарғы бөліктерінде жұмсақ ошақтардың болуы

C) плевра қуысында сұйықтықтың көлденең деңгейі

D) өкпе түбірінің бір немесе екі жақты ұлғаюы

E) зақымдану жағынан диафрагманың жоғары тұруы

(Дұрыс жауап)= B

$$$0070

Бронхоскопия осы мақсатпен жасалады:

A) туберкулез микобактерияларын табу үшін

B) бронх тармақтарының жағдайын анықтау үшін

C) лимфа түйіндер зақымдалуны бағалау үшін

D) диагностикалық мақсатпен

E) емдік мақсатпен

(Дұрыс жауап)= B

$$$071

Өкпе туберкулезімен науқаста қандай сипатты қақырық жиі болады?

A) мол, «ауыз толтыра»

B) мол, шырышты-іріңді, үш қабатты

C) мардымсыз, жабысқақ, тот басқан тәрізді

D) мол, іріңді, сасық

E) шамалы мөлшерде, шырышты-іріңді, кейде қан араласқан

(Дұрыс жауап)= E

 

 

ОНКОЛОГИЯ

$$$001

Қатерлі ісікпен ауыратындардың диспансерлік бақылау үлгісі:
A) Үлгі № 90-е
B) Үлгі № 25-е
C) Үлгі № 30-е
D) Үлгі № 27-1е
E) Үлгі № 27-2е

{Дұрыс жауабы} = C

$$$002

Қатерлі ісігі кеш анықталған науқастарға, №27-2е үлгісі ісіктің кандай даму сатысында толтытырылады:

A) II-а даму сатысы

B) II-б даму сатысы

C) III-a даму сатысы

D) III-6 даму сатысы

E) IV- даму сатысы, III-б сыртқа орналасқан даму сатысы

{Дұрыс жауабы} = Е







Date: 2015-10-21; view: 541; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.086 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию