Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Осы жағдайда қандай маммандықтың кеңесң ең тиімді? 14 page
А) простагландиндармен гемостаз В) эстрогенмен гормональдік гемостаз. С) гестаген препараттарымен гемостаз D) жатыр кілегей қабатының фракциондық қыруы Е) андрогендармен гормональдік гемостаз. { Дұрыс жауап } = D $$$071 23 жастағы біріншілік бедеулігі бар әйелге гистеросальпингография жасалды. Снимокта: жатыр қуысы Т-тәрізді пішінді, жатыр түтіктері қысқарған, ригидті, ампулярлық бөліктерінде булавовидтік кеңейюлерімен, контрасттық заттың құрсақ қуысына шығуы анықталмайды. Осы өзгерістер қандай ауруларға тән? А) хламидиялық инфекция себебінен созылмалы сальпингоофорит В) аденомиоз және жатырдың түтіктерінің эндометриозы С) жыныс мүшелерінің туберкулезы D) жедел сальпингоофорит Е) жатыр түтіктерінің айналасындағы жабысқақ процесс { Дұрыс жауап } = C $$$072 22 жастағы әйелде зерттеу жасағанда цервикальдік өзектен иісі қолайсыз шырышты-іріңді бөліністер, жатыр мойнының сыртқы ернеуінің айналасында эрозиялық бет анықталды. Микроскопиялық зерттеу жасағанда «кілттік» жасушалар анықталған. Қандай патология туралы ойлауға болады? А) вагинит; В) жатыр мойнының эрозиясы; С) вагиноз; D) цервицит; Е) эндоцервицит; Дұрыс жауап }= С $$073 25 жастағы ауру әйел оң жақ үлкен жыныс ернінің ауырсынуына, әсіресе жүрген кезде, дене қызуының 390С дейін көтерілуіне шағымданады. Объективті: оң жақтағы үлкен жыныс ерні ісінген, пальпация жасағанда ауырсынады, жұмсарған жері байқалады, гиперемиясы бар. Диагноз? А) бартолин безінің кистасы; В) бартолинит; С) бартолин безінің абсцессы; D) вульвовагинит; Е) бартолин безінің кистасының іріңдеуі; Дұрыс жауап }= С $$$074 Климактериялық қан кету негізі байланысты: А) психикалық бұзылыспен B) аналық бездің гипофункциясымен C) гипоталамустың инволюциялық қалыптасуымен D) гипофиздің гипофункциясымен E) эндометрийдің қанайналымының бұзылысымен { Дұрыс жауап } = C $$$075 Пациентка 42 жастағы пациентка миокардтың инфарктысымен аурған, контрацепцияның қандай әдісін қолдануға болады: А) КОК В) КИК С) Тазапрогестин таблеткары, инъекциялар D) КОК және ЖІС Е) КИК және презерватив { Дұрыс жауап }=С $$$076 29 жастағы ауру әйелде диагностикалық жатыр кілегеі қабатын қырғаннан кейін гистологиялық нәтижесі: эндометрийдің атипиялық гиперплазиясы. Қандай тактика: А) Гормонотерапия В) Қосалқыларымен бірге жатырдың қынап үстілік ампутациясы С) Қосалқыларымен бірге жатырдың экстирпациясы D) Саулету ем Е) Химиотерапия { Дұрыс жауап }=А $$$077 УДЗ бойынша қынаптың орта қабаты көрінеді: А) эхокөрінісі төмен болып В) эхокөрінісі анықталмайды С) эхогендік жолақ болып D) эхокөрінісі ақшыл сызық болып { Дұрыс жауап }= С $$$078 24 жастағы алғашқы жүкті болушыда медициналық аборт кезінде жатырдың перфорациясы болды. Не істеу қажет? A) Жатыр қуысының тазалауын жалғастыру. B) лапаротомия, перфорациялық тесікті тігу. C) Жатыр қуысының қыруын жалғастырып әйелдің жағдайын бақылау D) жатыр қуысының қыруын тоқтатып утеротониктерді тағайындау. E) лапаротомия – жатырдың қынап үстілік ампутациясы. { Дұрыс жауап } =B $$$079 Әйелдер консультацияға бірінші рет жүкті болушы әйел дәрігерге қаралуға келді, жүктілік мерзімі 35-36 апта. Ұрықтың қимылының белсенділігінің төмендеуіне шағымданады. Ұрықтың жүрек соғуы тұйықтау, ырғақты, 136 рет/мин. Бұл жағдайда қандай зерттеу әдісі тиімді? A) «ана- плацента – ұрық» жүйесінің қан тамырларының доплерометриясы В)КТГ – ұрықтың биофизикалық профилі С) ұрықтың қимылының жиілігін зерттеу D)УДЗ Е) ұрықтың ЭКГ -сы {Дұрыс жауап}= В $$$080 26 жастағы жүкті әйел жүктілік патология бөліміне басының ауруына, құлағының шулауына шағымданып түсті. Жүктілік мерзімі 32 апта. Объективті айқын жайылған денесінің ісінуі анықталады, АҚ 170/115 мм.с.б. Зәр анализінде белок 3, 8 г/л. Сіздің тактикаңыз? А) Құрусыға қарсы терапияны бастау, әйелдің жағдайы қалыптасқаннан кейін босандыру В) Құрусыға қарсы терапияны бастау және босандыруға дайындықты бастау С) Реанимация бөліміне аударып магнезиальдік терапияны бастау, көрсеткіштер болса гипотензивтік препараттарды тағайындау Д) Ұрықтың респираторлық бұзылыс синдромының алдын алуын жасағаннан кейін жедел кесар тілігі операция жасау Е) Реанимация бөлімінде 48 жағдайын қалыптастырып РБС алдын алуын жасап босандыру {Дұрыс жауап}= Е $$$081 Диффузды және орта ауырлық дәрежелі түйінді токсикалық зобы бар жүкті әйелдерді жүргізгенде дәрігердің мүмкіндік тактикасы: A) 1 триместрдің соңында хирургиялық ем B) гормональдік емдеуді жүргізу үшін госпитализация C) жүктіліктің асқынуларында госпитализация D) жүктілікті үзу E) жүктіліктің 2 триместрдің соңында хирургиялық ем { Дұрыс жауап }= C $$$082 Жатырының тыртығы бар жүкті әйелде жатыр жыртылу қауіпінің клиникалық симптомы: A) жыныс жолдарынан қанды бөліністердің пайда болуы B) жатыр піші ні құм салат тәрізді C) толғақ қызметінің дискоординациясы D) жатыр тыртығы бойы ауырсыну E) сыртқы жыныс мүшелердің ісінуі { Дұрыс жауап } =D $$$0083 Босанудың белсенді кезеңінде жатыр мойнының ашылу прогрессі төмен деп саналады: A) 2,5 см/с B) 2 см/с C) 1см/с D) 0,5 см/с E) 0,3 см/с {Дұрыс жауап} = C $$$0084 Босанудың екінші кезеңінде әйел қай қалыппен босанғанда көп қан жоғалтуы мүмкін: A) бүйірімен B) тізелеп C) вертикальді D) арқасымен аяқтарын тірегенде E) тізелеп-шынтақпен тұрѓанда {Дұрыс жауап} = C $$$0085 Жүктілік кезінде ұрық жағдайын бақылау үшін, қандай зерттеу ең тиімді болып саналады: A) Салмақ қосуы B) Жатыр түбінің тұру биіктігін өлшеу C) Ұрықтың жүрек қағысының жиілігін тыңдау D) Жүктіліктің 16 аптасына дейін УДЗ зерттеу E) Артериальді қан қысымын зерттеу {Дұрыс жауап} = B $$$0086 Әйелде, жүктілігінің 37 аптасында анықталды: АҚ 140/90 мм сын.б., жалпы зәр сарабында – нәруыз 0,35 г/тәу. Ең мүмкін диагноз қайсысы: A) Преэклампсияның жеңіл дәрежесі B) Преэклампсияның орташа дәрежесі C) Преэклампсияның ауыр дәрежесі D) Эклампсия E) Жүктілікпен шақырылған гипертензия {Дұрыс жауап} = A $$$0087 Қабылдау бөліміне әйел, жүктілігінің 36-37 аптасында, 2 апта бойына аяқ-қолдарының сусіңділенуіне шағымданып түсті. Жалпы зәр сарабында нәруыз анықталмады, АҚ – 120/80 мм сын.б. Ең ықтимал диагноз қайсысы: A) Жүктіліктіњ 36-37 аптасы. Преэклампсияның жеңіл дәрежесі B) Жүктіліктіњ 36-37 аптасы. Жүктілікпен шақырылған сусіңділену C) Жүктіліктің 36-37 аптасы. Преэклампсияның ауыр дғрежесі D) Жүктіліктің 36-37 аптасы. Эклампсия E) Жүктіліктің 36-37 аптасы. Жүктілікпен шақырылған гипертензия {Дұрыс жауап} = B $$$0088 Климактерлік қан кетуде емдік-диагностикалық операцияның қайсысы ең мақсатты болып табылады: A) гистероскопия B) лапароскопия C) жатыр қуысын диагностикалық қырнау D) қосалқыларымен бірге тотальді гистероэктомия E) сальпингоовариоэктомия {Дұрыс жауап} = C $$$0089 16 жасар қыз, дәрігер акушер-гинекологқа етекірінің болмауына шағымданып келді. Тексеруден өткеннен кейін диагноз қойылды: жалған аменорея. Жалған аменорея немен байланысты болуы мүмкін: B) Жатыр денесінің аплазиясымен C) Гонада дисгенезиясымен D) Гипотериозбен E) Тестикулярлы феминизация синдромымен {Дұрыс жауап} = A $$$0090 Плацентаның төмен орналасуына күдік туғанда, әйелдер кеңесі дәрігерінің жүргізуге құқы жоқ: A) Анамнез жинауға B) Сыртқы акушерлік зерттеуге C) Қынаптық тексеруге D) Ультрадыбыстық зерттеуге E) Жатыр мойнын айнамен қарауға {Дұрыс жауап} = C $$$0091 Сыртқа қан жоғалтудың гемодинамикалық бұзылыстармен сәйкес келмеуі сипатты: A) Плацентаның толық төмен орналасуымен B) Плацентаның толық емес төмен орналасуымен C) Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сыдырылуымен D) Жатыр жыртылуымен E) Жатыр мойнының жыртылуымен {Дұрыс жауап} = C $$$092 Жыныстық жетілу кезінде қыздардың организмінде келесі негізгі өзгерістердің бірі жүреді: A) гипофиздің гонадотропты функциясының тежелуі B) аналық бездердің гормональді функциясының белсенуі C) ФСГ бөліну ырғағы анықталмайды D) ЛГ экскрециясының ретті «шыңы» анықталады E) қалқанша безінің гормональді функциясының белсенуі {Дұрыс жауап} = B $$$093 Науқасты тексеру кезінде анықталды: қынаптық бөлінділердің рН ортасы 4,5-тен жоғары, қынап шырышының гиперемиясы, амин тесті оң, микроскопиялық зерттеу кезінде "кілтті жасушалар" анықталды. Ең ықтимал диагноз: A) Спецификалық емес вагинит B) Кандидозды вагинит C) Бактериальді вагиноз D) Трихомонадты кольпит E) Қынапта бөгде денемен шақырылған вагинит {Дұрыс жауап} = C $$$094 Науқаста, жүктілікті үзу мақсатында жасалған қылмыстық араласудан 11 күннен кейін мынадай симптомкомплекс дамиды: ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуы, әлсіздік, дене қызуының 390С дейін көтерілуі, ентігу, жыныс жолдарынан қанды бөліністер, олигурия, жөтел. Аталған клиникалық бейнелердің сәйкес келу мүмкіндігі жоғары болып тұр: A) Асқынбаған инфицирленген абортқа B) Асқынған инфицирленген абортқа C) Сепсиске D) Септикалық шокқа E) Перитонитке {Дұрыс жауап} = B $$$095 20 жастағы босанатын әйел, босанудың ІІІ кезеңі. 30-40 секунд бойына кіндіктен бақылап тарту кезінде (плацентаның бөліну белгілері жоқ) плацента төмен түспейді. Әрі қарай босанудың ІІІ кезеңін қалай жүргізген мақсатты деп саналады: A) окситоцинді қайтадан енгізу B) 20 минут бойына бала жолдасының бөліну белгілерін күту C) жатырдың келесі жақсы жиырылуын күтіп, кіндіктен бақылап тартуды қайтадан жалғастыру D) күштірек күшпен кіндіктен бақылап тартуды қайтадан жалғастыру E) метилэргометринді тамыр ішіне енгізу {Дұрыс жауап} = C $$$0096 Қынап арқылы зерттеуде: жатыр мойны тегіс, толық ашылған, қағанағы жоқ, ұрық басымен келуі, кіші жамбасқа тіреліп тұр. Пальпациялағанда мұрны, аузы және иегі анықталады, сегізкөзге қараған. Бет сызығы сол қиғаш өлшемде. Босану ісігі иекте орналасқан. Орналасудың қандай түрі? А. шүйдемен; В. бетпен; С. маңдаймен; D. алдыңғы баспен. Е. бөксемен {Дұрыс жауабы}= D $$$0097 Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын ажырауындағы қан кетудің ерекшелігі: A. Әрдайым сыртқы B. Тыныш күйде, жиі түнде C. Әрдайым ауырсынусыз D. Жиі ішкі, сыртқы-ішкі E. Көп, сыртқы {Дұрыс жауабы}= D $$$0098 Кесар тілігі операциясынан кейінгі 5 тәулік. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38°С, пульсі 100 рет минутына. Іші керілген. Іштің төменгі аймағындағы ауырсыну. УДЗ-да іште сұйықтық, жатырдағы тігіс аймағында «қуыс» белгілері анықталады. Сіздің диагнозыңыз? A. Эндометрит B. Параметрит C. Перитонит D. Метрит E. Жатырға қосымша тігіс салу {Дұрыс жауабы}=С $$$0099 38 жастағы науқас 12 күннен бері жыныс жолдарынан қан кетуіне байланысты гинекологқа келді. Тексеру кезінде жатыр мойнының патологиясы анықталған жоқ. Жатырдың көлемі мен консистенциясы қалыпты, қосалқылар аймағы ерекшеліксіз. Болжам диагноз: A. Жатыр миомасы B. Жатырдан дисфункциональды қан кету C. Кілегей асты туылатын түйін D. Өзіндік түсік E. Аденомиоз {Дұрыс жауабы}=В $$$00100 Науқас К.15жаста, 1 жыл бойы іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданады. Соңғы айларда сыртқы жыныс мүшелерінің керіп ауыру сезімі мазалайды. Соматикалық сау. Етеккірі жоқ. Обьективті: жағдайы қанағаттанарлық. Екіншілік жыныс белгілері жеткілікті дамыған. Пальпация жасағанда қасаға үстінен дөңгелек құрылым анықталады, жоғарғы шекарасы қасағадан екі көлденең саусаққа жоғары. Сыртқы жыныс жолдарын қарағанда көгілдір түсті томпаюлар көрінеді. ректальды тексерілді: кіші жамбас қуысында дөңгелек құрылым анықталды, жаңа туылған баланың басының өлшемімен, консистенциясы тығыз эластикалық, тексергенде ауырсынады. Науқаста қандай аменорея байқалады? А. физиологиялық В. шынайы біріншілік С. шынайы екіншілік D. жалған біріншілік Е. жалған екіншілік {Дұрыс жауабы}=D $$$00101 27 жастағы науқас әйелдер консультациясына біріншілік бедеулікке шағымданып келді. Айнамен қарағанда: жатыр мойнында көкшіл түсті көздер анықталды, 3-4 дана көлемі 2-3 см. УДЗ-да:оң аналық бездің кистасы анықталды, көлемі 4-5 см, біртекті емес. Түзілістің перифериясында аналық без тінінің өзгермегені анықталды. Сіздің болжам диагнозыңыз: А. Эндометриоз. Сары денешіктің кистасы B. Аналық бездің поликистозы, Жатыр мойнының эндометриозы C.Сыртқы генитальды эндометриоз, оң аналық безінің эндометриозды кистасы D. Оң аналық безінің фолликулярлы кистасы E. Жатыр мойнының рак алды ауруы, аналық безінің серозды кистасы {Дұрыс жауабы}=C $$$00102 Түтіктік жүктіліктің үзілуіне байланысты операция жасау кезінде аналық безде түзіліс анықталды 4-5 см, бір камералы, сырты тегіс, сары түсті. Сіздің диагнозыңыз және тактикаңыз: А. Түтіктік жүктілік, хорионэпителиома. Қосалқыларымен бірге гистероэктомияға көрсеткіш B. Түтіктік жүктілік, жай серозды кистома. Зақымдалған жағына аднексэктомия жасау. C. Түтіктік жүктілік, сары денешік кистасы. Кистаны алуға көрсеткіш жоқ. D. Түтіктік жүктілік, сары денешік кистасы. Тубэктомияға және цистэктомияға көрсеткіш. E. Түтіктік жүктілік, аналық без кистасы. Аднексэктомия және үлкен шарбымай резекциясына көрсеткіш. {Дұрыс жауабы}=C $$$00103 Науқас 31 жаста, ауырсынуға, 9 күнге дейін келетін етеккірге шағымданады. Циклдың 10 күні келіп қаралды. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза. Бөлінділер қоңыр түсті, аз. PV: жатыр көлемі қалыптыдан жоғары. Қозғалысы шектелген, жатыр қосалқылары анықталмайды,күмбездер бос, терең. Етеккір алдында қайта қарағанда: жатыр 7-8 апталық жүктілікке сай. Сіздің диагнозыңыз? А. жатырдас тыс жүктілік. В. жатыр миомасы. С. аденомиоз. D. эндометрит. Е. жатырлық жүктілік {Дұрыс жауабы}=C $$$00104 Жүкті әйел 36 жаста, іштің төменгі бөлігіндегі керіп тұрған тәрізді ауру сезіміне, аздаған қанды бөліндіге шағымданып келіп түсті. Объективті жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары мен көзге көрінетін шырышты қабаты әдеттегі түстес. АҚҚ 90/50 мм с.б.б. Пульсі 100 рет минутына. Аяқтарында ісінулер бар, зәріндегі белок деңгейі - 1,5 г/л; жатыры жүктіліктің 35-36 аптасына сәйкес ұлғайған, қатайған, нәрестенің ұсақ бөліктері пальпацияланбайды. Диагноз қойыңыз: А. Жүктіліктің 35-36 аптасы. Преэклампсия жеңіл дәрежесі. В. Жүктіліктің 35-36 аптасы. Плацентаның жатуы. С. Жүктіліктің 35-36 аптасы. Преэклампсия орташа дәрежесі. D. Жүктіліктің 35-36 аптасы. Көпсулық. Нәрестенің антенаталдық өлімі.. Е. Жүктіліктің 35-36 аптасы. Преэклампсия ауыр дәрежесі. {Дұрыс жауабы}=C $$$0105 Босанушы 24жаста патологиясы палатасына 38 апталық жүктілікпен түсті. Дене салмағы-70кг, бойы - 160 см. Іш айналымы 110 см,жатыр түбінің биіктігі-45см. Жатыр қалыпты тонуста, 3 ірі бөлімдер анықталды, көбісі кішкентай бөлімдер. Сіздің диагнозыңыз? А. Жүктілік 38 апта.Ірі көлемді ұрық В. Жүктілік 38 апта. Көп сулы. С. Жүктілік 38 апта.семіздік. D. Жүктілік 38 апта.көп ұрықты. Е. Жүктілік 38 апта.Жатыр миомасы {Дұрыс жауабы}=D $$$0106 Жедел жәрдем машинасымен жүкті әйел келді.Әйелдер кеңес орталғында болмаған,бас ауруына,көрудің нашарлауына,құсуға шағымданады. АҚҚ- 180/120 мм.с.б.Төменгі бөлімдерде айқын ісік.Тексеру барысында ұстамалар болды.Сіздің диагноз? А. ауыр дәрежелі нефропатия В. преэклампсия С. эклампсия D. гипертониялық ауру Е. эпилепсия {Дұрыс жауабы}=C $$$0107 Науқас К.15жаста, 1 жыл бойы іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданады. Соңғы айларда сыртқы жыныс мүшелерінің керіп ауыру сезімі мазалайды. Соматикалық сау. Етеккірі жоқ. Обьективті: жағдайы қанағаттанарлық. Екіншілік жыныс белгілері жеткілікті дамыған. Пальпация жасағанда қасаға үстінен дөңгелек құрылым анықталады, жоғарғы шекарасы қасағадан екі көлденең саусаққа жоғары. Сыртқы жыныс жолдарын қарағанда көгілдір түсті томпаюлар көрінеді. Ректальды тексерілді: кіші жамбас қуысында дөңгелек құрылым анықталды, жаңа туылған баланың басының өлшеміндей, консистенциясы тығыз эластикалық, тексергенде ауру сезімінсіз. Дұрыс диагноз таңдаңыз? А. аналық без ісігі В. жатыр миомасы С. қыздық перденің атрезиясы D. хорионкарцинома Е. жатыр саркомасы {Дұрыс жауабы}=C $$$00108 22 жасар К.Гинекология бөліміне етеккірдің 2,5айға кідірунен кейін қан кетумен тусті.Қынаптық тексеруде: жатыр мойны қысқарған,мойын өзегі 2 саусақ өткізеді.Жатыр жүктіліктің 6-7 аптасына үлкейген,жұмсақ.Қосалқы бөліктер анықталмайды диагноз қойыңыз: А. Жүктілік 8-9 апта.Жартылай түсік. В. Жүктілік 6-7 апта.Басталған түсік. С. Жүктілік 6-7 апта.Түсік қаупі. D. Жүктілік 8-9 апта.Толық түсік. Е. Жүктілік 6-7 апта.Жартылай түсік. {Дұрыс жауабы}=A $$$00109 Жүкті әйел, жүктілік мерзімінің 30 аптасында жыныс жолдарынан қанды бөліністерге шағымданып келді. Анамнезінен: жүктілігі – 4, алда бірінші босануы түр, жыныс жолдарынан қанды бөліністер осыған дейін де жүктіліктің 21 және 27 апталарында болған. Ең ықтимал диагноз қайсысы? А. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бүрын ажырауы B. Плацентаның төмен орналасуы C. Жатыр жыртылуы D. Аралықтың жыртылуы E.Сыртқы жыныс мүшелерінің варикозды кеңеюі {Дұрыс жауабы}=B $$$00110 Жүкті әйел 28 жаста әйелдер кеңесінде «Д» есепте тұрады. Анамнезінен: созылмалы пиелонефрит ремиссия сатысында, асқынусыз 2 рет жедел босану. Осы жүктілігі үшінші, 34-35 аптада преэклампсияның жеңіл дәрежесімен асқынды. Осы жүктілігі қандай қауіп қатер тобына жатады: А. төмен В. орташа С. жоғары D. жеңіл Е. ауыр {Дұрыс жауабы}=B $$$00111 Науқас К.15жаста, 1 жыл бойы іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданады. Соңғы айларда сыртқы жыныс мүшелерінің керіп ауыру сезімі мазалайды. Соматикалық сау. Етеккірі жоқ. Обьективті: жағдайы қанағаттанарлық. Екіншілік жыныс белгілері жеткілікті дамыған. Пальпация жасағанда қасаға үстінен дөңгелек құрылым анықталады, жоғарғы шекарасы қасағадан екі көлденең саусаққа жоғары. Сыртқы жыныс жолдарын қарағанда көгілдір түсті томпаюлар көрінеді. ректальды тексерілді: кіші жамбас қуысында дөңгелек құрылым анықталды, жаңа туылған баланың басының өлшемімен, консистенциясы тығыз эластикалық, тексергенде ауру сезімді. Дұрыс ем тағайындаңыз? А. оперативті ем- аналық без ісігін алып тастау В. консервативті ем С. оперативті ем- жатырдың қосалқыларымен бірге қынап үстілік ампутациясы D. қыздық пердені крест тәрізді жару Е. лапаротомия, іш пердені ашқан сәтте оперативті ем көлемін анықтау {Дұрыс жауабы}=D $$$00112 Қайта босанушы,жүктілік мерзімі 32апта,патология бөліміне түсті,ұрықтың көлденең орналасуы,іштің төмен тартып ауырсынуына шағымданады.Ұрық соғысы анық,ырғақты,жүрек соғысы 140рет/мин.Қынаптық тексеру:жатыр мойны аз ғана қысқарған,цервикальды өзек саусақ ұшын ғана өткізетін,келуі бөлімі анықталмайды.Акушерлік тактика: А. кесар тілігі В. сыртқы ұрық айналымы С. жүктілікті сақтап қалуға арналған шаралар D. ұрықты сыртқы-ішкі айналым арқылы және экстракция арқылы босандыру Е. амниотомия {Дұрыс жауабы}=B $$$00113 Әйелдер кеңесіне алғашқы рет аяғы ауыр әйел ішіндегі нәрестесінің әлсіз қозғалысына шағымданып келді. Жүктілік уақыты — 35-36 апта, жатыр түбі кіндік пен семсер тәрізді өсіндінің арасында,ұрықтың жүрек соғуы тынық, ритмді, аяқтарында ісік, қосқан салмақы - 10 кг.Қандай зерттеу әдісі ең қолайлы? А. гормональды зерттеу әдісі (эстриолды анықтау); В. функциональды пробалармен қосарланған кардиотахография; С. сыртқы акушерлік зерттеу әдісі; D. УДЗ; Е. КТГ. {Дұрыс жауабы}=C $$$00114 23 жасар бірінші босанушы босану үйіне үйінде ұстаған эклампсия ұстамасынан соң келіп түсті. Жүктілік — 37-38 апта,жағдайы ауыр, АҚҚ - 150/100 мм рт. ст., пульс - 98 рет/мин. Аяғында айқын ісік, санасы тежелген. Жүктіге көмек көрсету түрін таңдаңыз: А. қолданылатын ем нәтижесінде жүктілікті сақтау В. Тез арада кесарева тілігіне алу С. 2-3 күн бойы қосарланған интенсивті терапия алу D. интенсивті терапия фонында жедел кесар тілігі операциясын жасау Е. босануды қоздыру және акушерлік қысқыштарды қолдану {Дұрыс жауабы}=E Date: 2015-10-21; view: 954; Нарушение авторских прав |