Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Осы жағдайда қандай маммандықтың кеңесң ең тиімді? 9 page
БАБЖ-ға байланысты дәрігердің тактикасын атаңыз? A) антибиотиктің бірінші дозасын беру, учаскелік дәрігердің баұылауында қалдыру B) антибиотиктің бірінші дозасын беру, ауруханаға жіберу C) антибиотиктің бірінші дозасын беру, екі күннен кейін қайта қарау D) антибиотиктің бірінші дозасын беру, зертеуге жіберу E) антибиотик қажет емес, үйде қарау {Дұрыс жауабы} = В $$$028 5 айлық бала. Шағымдары: жағдайының кенеттен нашарлауына, жөтел мен ентікпе. Анамнезінен: ауруы жедел дене температурасының 38°С жоғарлауынан басталады. Жанұялық анамнез: анасында – тағамдық және дәрілік аллергия, әкесінде айтарлықтай ауру жоқ. Объективті: жағдайы ауыр. Қосымша бұлшықеттердің тыныс алуға қатысуы, мұрын қанаттарының кернелуі, периоралды цианоз. Тыныс алу жиілігі минутына 60 рет. Перкуторлы: өкпе үстінде өкпелік дыбыс қораптық реңмен. Аускультативті: дем алғанда және дем шығарардың басында көптеген ұсақ көпіршікті және крепитацияланатын сырылдар. Кеуде клеткасының рентгенографиясы: өкпе тінінің мөлдірлігі күшейген, әсіресе периферияда, көкеттің төмен тұруы. Аталған жағдайда төменде көрсетілген дәрілік препараттардың қайсысын тағайындаған жөн? A) Кандит 10 мг/кг/тәу B) Цефалоспорин 100 мг/кг/ тәу C) Преднизолон 2 мг/кг/ тәу D) Метатрексат 5 мг/кг/ тәу E) Адреналин 0,1 мг/кг/ тәу {Дұрыс жауабы} = С $$$0029 БЖАЫЖ кестесіне сәйкес 2 айдан 12 айға дейінгі балаларда тыныстың жиіленуі саналады: А) Минутына 30 рет және одан көп В) Минутына 35 рет және одан көп С) Минутына 40 рет және одан көп D) Минутына 45 рет және одан көп Е) Минутына 50 рет және одан көп {Дұрыс жауабы}=Е $$$0030 12 айлық бала. Қарағанда тыныс алу жиілігі минутына 53 рет, кеуде клеткасының ішке тартылуы бар. БЖАЫЖ кестесіне сәйкес жіктеңіз А) Пневмония жоқ В) Пневмония жоқ. Жөтел немесе тұмау С) Пневмония жоқ. Астмоидты тыныс D) Пневмония. Астмоидты тыныс Е) Ауыр пневмония {Дұрыс жауабы}=Е $$$0031 Бала 1 жаста. Салмағы 10 кг. Қарағанда алақаны шамалы боз. ЖҚТ - Нв 100 г/л, Л - 4,6х109/л, ЭТЖ -5 мм/сағ. БЖАЫЖ бойынша сіздің әрекетіңіз В) Темір фумараты 100 мг- 1,25 мл С) Темір фумараты 100мг-1,75 мл D) Темір фумараты 100 мг- 2,0 мл Е) Темір фумараты 100 мг- 2,25 мл {Дұрыс жауабы}=А $$$0032 2 жастағы бала жиі түнгі уақытта аналь аймағында қышу сезіміне шағымданады. Бала тітіркенгіш, мазасыз, тәбеті төмендеген. Диагноз қою үшін қандай зертханалық әдіс ақпаратты болып табылады? А) Жалпы қан талдауы В) Жалпы зәр талдауы С) Құрт жұмыртқаларына нәжісті тексеру D) Перианалды қатпардан жағынды алу Е) Дуоденалды зондтау {Дұрыс жауабы}=D $$$0033 12 жастағы бала. Емдәм сақтамауына байланысты ішектегі шұрылдауға, іштегі құйылу сезіміне, іш кебуге, газ шығудың күшеюіне, нәжістің жиіленуіне шағымданады. АІЖ созылмалы ауруларымен «Д» есепте тұрады. Сіз қандай аурудың өршуі мүмкін деп ойлайсыз// А) Созылмалы энтероколит В) Созылмалы панкреатит С) Созылмалы холецистохолангит D) Созылмалы гастродуоденит Е) Созылмалы гастрит {Дұрыс жауабы}= А $$$0034 1,5 айлық бала. Клиникада мына диагнозбен қаралды: кеш миокардит, тауыр дәрежелі. Баланың жағдайының нашарлауы үдей түскен, ТАЖ минутына 65 ретке дейін жоғарылаған, цианоз, тынысы шулы, жөтел көпіршікті қақырықпен, жүрек тондары тұйық, өкпесінде ұсақ көпіршікті сырылдардың көп мөлшері естіледі. Рентгенограммада венозды іркілу анықталады. Бұл симптоматика мен рентгенологиялық көрініс неге негізделген: А) Бронхиолиттің дамуымен В) Пневмонияның дамуымен С) Өкпе існуінің дамуымен D) Кардиосклероздың дамуымен Е) Пневмосклероз дамуымен {Дұрыс жауабы}= С $$$0035 Жедел ревматикалық емес миокардитпен ауыратын 3 жастағы баланың бірден жағдайы нашарлаған: бірден мазасыздық, акроцианоз, перефериялық ісіктер, ентігу пайда болған. Өкпе аускультациясы кезінде әсіресе өкпенің төменгі бөлімінде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар екі жағынан да естіледі. АҚҚ-65/40 мм сын. бағ., ЖСЖ минутына 150 соққы, жүрек тондары тұйықталған, аритмиялы (экстрасистолия). Бауыры +4см. Олигурия. Жедел жүрек жетіспеушілігі анықталды. Бала жағдайын динамикада және ем әсерін бағалау үшін қандай зерттеу әдісі ақпаратты болып табылады// В) ЭКГ С) Диурезді бақылау D) Қан талдауына К+; Nа+ бақылау Е) Жүрек ырғағын тәуліктік монитерлеу {Дұрыс жауабы}= Е $$$0036 8 айлық бала. Салмағы 9 кг. Діріл синдромына байланысты келіп, қаралды. Қарау кезінде: дене қызуы 36,7 С, тері жабындылары боз, тісі жоқ. Басы «төртбұрышты» пішінді, шүйде аймағында шаштың қырқылуы, қабырға щеткалары айқын байқалады. Асықты жіліктің шыбығының басын балғамен ұрған кезде табанның еріксіз бүгілуі мен аяғының сыртқа ротациясы байқалады, осы кезде балғамен уруға жауап ретінде бет жүйкесінің өтетін жерінде бұлшықеттің жиырылуы байқалады. Шұғыл шаралар: А) 10% -к 1,8 мл кальций глюконатының ерітіндісі к/і В) 10% -к 2,5 мл кальций глюконатының ерітіндісі к/і С) 10% -к 3,2 мл кальций глюконатының ерітіндісі к/і D) 10% -к 3,8 мл кальций глюконатының ерітіндісі к/і Е) 10% -к 0,5 мл кальций глюконатының ерітіндісі peros {Дұрыс жауабы}=А $$$0037 13 жастағы ұл бала. Қыжылдауға, қышқыл тағам қалдықтарымен кекіруге, ашқарында тамақ ішкеннен 1 сағт өткеннен соң эпигастрий аймағында ауырсынуға шағымданады. Эпигастрий аймағын пальпациялау кезінде ауырсыну байқалады. Эндоскопия қорытындысында: дөңгелек немесе сопақ, асқазанның шырышты қабатының терең ақауы ақ фибринді жабындымен жабылған, қабыну сақинасымен қоршалған. Бұл ауруға сай диагнозды көрсетіңіз: А) Асқазанның ойық жара ауруы, өршу кезеңі, I балғын жара, перевисцерит В) Асқазанның ойық жара ауруы, өршу кезеңі, эпителизация бастауы, стеноз С) Асқазанның ойық жара ауруы, өршу кезеңі, I балғын жара, асқынусыз D) Асқазанның ойық жара ауруы, өршудің басылу сатысы, жараның жазылуы, асқынусыз Е) Асқазанның ойық жара ауруы, ремиссия кезеңі, асқынусыз. {Дұрыс жауабы}=С $$$038 Бала 2 жаста, салмағы 12 кг. Пирантелдің тәуліктік мөлшерін есептіңіз: А) 80 мг В) 100 мг С) 120 мг D) 140 мг Е) 160 мг {Дұрыс жауабы}=С $$$039 Қабылдауда 10 жастағы бала. Ревматизмге байланысты «Д» есепте тұрады. Қарау кезінде физикалық жүктеме кезінде ТАЖ минутына 32 рет және ЖЖЖ минутына 110 рет байқалмайды, алайда аспаптық зерттеуде науқаста сол жақ қарыншаның фракция лақтырысы 50% аз. Жүрек жетіспеушілігінің дәрежесін анықтаңыз// А) Жүрек жетіспеушілігі IА В) Жүрек жетіспеушілігі IБ С) Жүрек жетіспеушілігі IIА D) Жүрек жетіспеушілігі IIБ Е) Жүрек жетіспеушілігі III {Дұрыс жауабы}=А $$$040 5 жастағы бала, салмағы 20 кг. Эпилептикалық ұстама кезінде 0,5% седуксен енгізу керек. Енгізу көлемін анықтаңыз: А) 0,5 мл к/і В) 1,0 мл к/і С) 1,5 мл к/і D) 2,0 мл к/і Е) 2,5 мл к/і {Дұрыс жауабы}=В $$$041 БЖАЫЖ кестесіне сай пневмонияны антибактериалды емдеудің екінші курсында таңдау препаратын таңдаңыз? A) Ампициллин B) Макропен C) Сумамед D) Цеклор E) Зитрокс {Дұрыс жауабы}=D $$$042 2,5 айлық баламен анасы ЖТД дәрігерге екпе алу үшін келді. Анамнезінен: перзентханада BCG (туберкулезге қарсы екпе) анасының екпеден бас тартуына байланысты алынған жоқ. Бүгін анасы екпе алуға дайын. BCG егу үшін ЖТД әрекеті: A) Қабылдау күні, Манту сынамасынсыз B) 3 айында, Манту сынамасынсыз C) Теріс Манту сынамасынан соң D) Көмескі Манту сынамасынан соң E) Оң Манту сынамасынан соң {Дұрыс жауабы}=C $$$043 ЖТД қабылдауында 10 жастағы бала аяқтарында ұсақ нүктелі бөртпеге шағымданады, бөртпелер бүкіл денеге тез жайылған. Дене қызуы 37,6ºС. Анамнезінде тағамдық сенсибилизация, ЖРВИ-мен жылына 2-3 рет ауырады. Жағдайы орташа ауырлықта. Балтыр, жамбас, білек, буын аймағы, құлақ қалқаны терісінде көлемді экссудативті-геморрагиялық бөртпелер байқалады, бөртпелер симметриялы, кейбір бөртпелер бір-бірімен қосылған. Таңдайдың шырышты қабатында бірең-сараң петехиялар байқалады. Жүрек тондары аздап тұйықталған. АҚҚ 100/60 мм сын. бағ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Нәжісі мен зәрі патологиясыз. Сіздің болжам диагнозыңыз: A) Жедел лейкоз B) Скарлатина C) Гемофилия D) Геморрагиялық васкулит E) Тромбоцитопениялық пурпура {Дұрыс жауабы}=D $$$044 8 жастағы ұл бала. Ұсақ нүктелі бөртпеге шағымданады. Дене қызуы субфебрилді. Анамнезінде тағамдық аллергия, ЖРВИ-мен жылына 3-4 рет ауырады. Жағдайы орташа ауырлықта. Балтыр, жамбас, білек, буын аймағы, құлақ қалқаны терісінде көлемді экссудативті-геморрагиялық бөртпелер байқалады, бөртпелер симметриялы, кейбір бөртпелер бір-бірімен қосылған. Таңдайдың шырышты қабатында бірең-сараң петехиялар байқалады. Жүрек тондары аздап тұйықталған. АҚҚ 100/60 мм сын. бағ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Нәжісі мен зәрі патологиясыз. Балада геморрагиялық васкулит: A) Буындық түрі, жедел ағымы B) Терілік түрі, жедел ағымы C) Аралас түрі, жедел ағымы D) Терілік түрі, жеделдеу ағымы E) Аралас түрі, жеделдеу ағымы {Дұрыс жауабы}=B $$$045 ЖТД қабылдауында 2 ай 12 күндік бала. Бала жедел вирусты инфекцияны (ЖРВИ) басынан өткізді. Қарау кезінде жағдайы динамикеада жақсарған, ЖРВИ симптомдары жоғалған. Физикалық және жүйке-психикалық дамуында жастық көрсеткіштерден қалыс қалу байқалмайды. Хирургта кіндік жарығына байланысты, неврологта энцефалопатия диагнозына байланысты «Д» есепте: 2 айында алуына тиісті екпені әлі алған жоқ. Балада денсаулық тобы мен ЖРВИ-мен ауырғаннан соң екпе салу уақытын анықтаңыз: A) I денсаулық тобы, ЖРВИ-мен қабылдауда болғаннан соң сол күні егу B) IIa денсаулық тобы, ЖРВИ ауырғаннан соң 1 аптадан соң егу C) IIб денсаулық тобы, ЖРВИ ауырғаннан соң 2-3 аптадан соң егу D) III денсаулық тобы, ЖРВИ ауырғаннан соң 4-6 аптадан соң егу E) IV денсаулық тобы, ЖРВИ ауырғаннан соң 4-6 аптадан соң егу {Дұрыс жауабы}=C $$$046 ЖТД қабылдауында анасымен ЖРВИ басынан өткерген 3 айлық бала. Анамнезінде: бала қайталамалы жүктіліктен, жүктіліктің екінші жартысы гестозбен өткен, бірінші босанудан, салмағы 3200 гр. Апгар шкаласы бойынша бағалау 8-9 балл. Бала омырау емеді. Салмағы 5400 гр., бойы - 61 см. Жүйке-психикалық дамуы жасына сай. Екі рет ЖРВИ ауырған. Гемоглобин 120 г/л. Қарау кезінде ЖРВИ көріністері жоқ. Бұл баланың ауруға резистенттілігін анықтаңыз: A) Жоғары B) Орташа C) Қалыпты D) Төмен E) Өте төмен {Дұрыс жауабы}=B $$$047 Балада эпидемиялық паротитті анықтау кезінде қандай медициналық құжатты толтыру қажет? A) Ф.030/у, 058/у, 060/у B) Ф. 058/у, 060/у, 064/у C) Ф. 058/у, 060/у, 112/у D) Ф. 058/у, 060/у, 113/у E) Ф. 058/у, 064/у, 112/у {Дұрыс жауабы}=C $$$048 ЖТД қабылдауында анасы 7 жастағы баласымен келді. 1-ші сыныпта балада 2 ТБ Манту сынамасынан соң гиперемия мен пістек орны 0-1 мм. Анасы баласының қолын сулап алғанын айтты. Манту сынамасының нәтижесін бағалаңыз: A) Реакция оң, гиперемия сулау нәтижесі болуы мүмкін B) Реакция теріс, гиперемия сулау нәтижесі болуы мүмкін емес C) Реакция теріс, гиперемия сулау нәтижесі болуы мүмкін D) Реакция көмескі, гиперемия сулау нәтижесі болуы мүмкін E) Реакция көмескі, гиперемия сулау нәтижесі болуы мүмкін емес {Дұрыс жауабы}=B $$$049 Балада бірінші АКДС-екпесіне бірінші екі тәулікте аллергиялық бөртпе, дене қызуы 38°С жоғарылаған, «милық айғай» пайда болған. Иммунизацияны жалғастыру бойынша сіздің әрекетіңіз: A) АДС-М анатоксинімен, дайындықпен B) АДС анатоксинімен, дайындықпен C) АКДС-екпесімен, дайындықпен D) АбКДС-екпесімен, дайындықсыз E) АбКДС-екпесімен, кеш, дайындықсыз {Дұрыс жауабы}=D $$$050 1 жастағы балаға ЖТД шақыру жасады. Жедел ауырған. Бала мазасыз, ұстағанда ыстық, дене қызуы 37,9ºС. Аранында энантема, денесінде ұсақ нүктелі бөртпелер, қызғылт реңді. Бір апта бұрын ККП екпесін алған. Сіздің диагнозыңыз және гипертермия түрі: A) Қызылша, типтік түрі. «Қызыл» гипертермия B) Қызылша, типтік түрі. «Ақ» гипертермия C) Қызылша, атипті түрі. «Қызыл» гипертермия D) Екпеден кейінгі реакция. «Қызыл» Гипертермия E) Екпеден кейінгі асқыну. «Қызыл» Гипертермия {Дұрыс жауабы}=D $$$051 ЖТД қабылдауында 1,6 айлық бала. Жиі суық тиіп ауырады. Қарағанда жағдайы жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Бала селқос, тәбеті төмендеген, дәм сезуі бұрмаланған. Тері жабындылары боз, құрғақ, шашы құрғақ, жылтырамайды. Жалпы бұлшықет гипотониясы. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Бауыры қабырға доғасынан 2,5 см шығыңқы. Қан талдауында: Нв 62 г/л., эр. 2,3х 1012/л, ТК-0,75, рет. 4%, сарысулық Ғе - 9 ммоль/л, ОЖСС - 108 мкмоль/л, плазманың трансфферинмен қанығу коэффиценті 12%. Анемия диагнозын жіктеңііз. A) Темір тапшылық анемия, I-II дәрежелі, гипохромды, гиперегенераторлы, аралас этиологиялы B) Темір тапшылық анемия, II дәрежелі, гипохромды, гиперегенераторлы, аралас этиологиялы C) Ақуыз тапшылық анемия, II-III дәрежелі, нормохромды, аралас этиологиялы D) Темір тапшылық анемия, III дәрежелі, гипохромды, гипорегенераторлы, аралас этиологиялы E) Ақуыз тапшылық анемия, III дәрежелі, нормохромды, гиперегенераторлы, вирусты этиологиялы. {Дұрыс жауабы}=D $$$052 ЖТД қабылдауында 11 ай 18 күндік баласымен анасы келді. 3 күн бойы жөтелуіне шағымданады, бұны суық тиюмен байланыстырады. Тыныс алу жиілігі (ТАЖ) минутына 50 рет. Тыныс алу жиілігін санын бағалаңыз. БЖАЫЖ сәйкес жіктемені таңдаңыз: A) Пневмония. ТАЖ – қалыпты B) Пневмония жоқ. Жөтел немесе тұмау. ТАЖ – қалыпты C) Пневмония жоқ. Астмоидты тыныс. ТАЖ – жиілеген D) Ауыр пневмония немесе өте ауыр ауру. ТАЖ – жиілеген E) Өте ауыр фебрилді ауру. ТАЖ –жиілеген {Дұрыс жауабы}=B $$$053 8 апталық балада жөтел, кеуде клеткасының ішке тартылуы байқалады. БЖАЫЖ сәйкес ампициллин мөлшері: A) Сироп 250 - 2,5*күніне 2 рет B) Сироп 250 - 2,5* күніне 3 рет C) Сироп 250 – 2,5* күніне 4 рет D) Сироп 250 - 5,0* күніне 3 рет E) Сироп 250 - 5,0* күніне 4 рет {Дұрыс жауабы}=C $$$054 ЖТД қабылдауында 6-айлық бала қабылдауға келді, салмағы 8кг. Қойылған диагноз: ЖРВИ, фебрильді тырысулар. Шұғыл көмек ретінде тырысуды басу үшін балаға міндетті түрде 0,5% седуксен ерітіндісін енгізу керек: А) 0,1мл В) 0,5 мл С) 0,8мл D) 0,9 мл Е) 1мл {Дұрыс жауабы}=С $$$0055 Ингаляциялық стероидтардың жиі жағымсыз әсерін көрсетіңіз: A) Ауыз қуысының кандидозы B) Бүйрек үсті безі қыртысының жетіспеушілігі C) Остеопороз D) Гипергликемия E) Иценко- Кушинга синдромы {Дұрыс жауабы}=A $$$0056 Ревматикалық қызбаның негізгі диагностикалық критерилері болып табылады: A) Ошақтық инфекция B) Кардит C) Жалпы әлсіздік D) Артралгия E) Қызба {Дұрыс жауабы}=B $$$0057 10 жастағы бала демалудың қиындығының кезеңді ұстамаларына шағымданады. Анамнезінен: Қиын тыныс алу ұстамалары соңғы 1,5 жыл ішінде 3-4 рет мазалаған, өздігінен басылады, түңгі ұстамалар жоқ. Анамнезінде атопиялық дерматит кеудені обьективті қарағанда және рентгенологиялық тексергенде патологиялар анықталған жоқ, Спирография анықтамалары бойынша ПСВ-85%. Диагноз қойыңыз: A) Интермиттирлеуші бронх демікпесі, жеңіл дәрежелі ауырлықта B) Интерметирлеуші бронх демікпесі, орташа дәрежелі ауырлықта C) Персистирлеуші бронх демікпесі, жеңіл дәрежелі ауырлықта D) Персистирлеуші бронх демікпесі, орташа дәрежелі E) Персистирлеуші бронх демікпесі, ауыр дәрежелі ауырлықта {Дұрыс жауабы}=A $$$0058 Қыз бала, 4 айлық. Шығымы: ылғалды қақырықты жөтел, мұрнынан су ағу. 3 күн бойы ауырады. Бүгін жағдай кенеттен нашарлаған. Температурасы 39ºС, анасын ембейді,дистанционды сырылдар. Объективті:терісі бозғылт, ылғалды, периоральды цианоз, тынысы беткей, ентігу аралас типті, ТЖ 60 рет/мин, бұғана үсті ойығы және қабырға аралықтары көтеріліп тұр, PS 160 рет/мин, аускультативті – өкпенің барлық алаңында әлсіреген тыныс есебінен көптеген құрғақ және ылғалды әр-түрлі калибрлі сырылдар естіледі. Диагноз қойыңыз: A) Жедел жай бронхит, ТЖ I дәрежесі B) Жедел обструктивті бронхит, ТЖ II дәрежесі C) Бронхиолит, ТЖ II дәредесі D) Ауруханадан тыс пневмония, ТЖ II дәрежесі E) Бронх демікпесі, status asthmaticus {Дұрыс жауабы}=D $$$0059 Туа біткен жүрек ақауымен 10 жасар бала жанұялық дәрігердің диспансерлік бақылауында тұрады. Шағымдары жоқ. Физикалық дамуы жасына сәйкес. Баланы қарағанда: жүрек ұшы соғуы және жүрек шекаралары өзгермеген. Аускультация кезінде IV-V қабырға аралығы бойында, төстің сол жағы қатты-дөрекі тембрдағы систолалық шу естіледі. Клиникалық диагнозды атаңыз: A) Жүрекше аралық перденің ақауы B) Қарынша аралық перденің ақауы C) Фалло тетрадасы D) Ашық аортальді өзек E) Аорта сағасының стенозы {Дұрыс жауабы}=B $$$0060 Балаға 11 ай, жасына сай өсіп, дамыған. ЖРВИ-дан кейін 6-шы күні баланың жағдайы нашарлады, балада ентігу, әлсіздік және бозару байқалды. Қараған кезде: пульсі әлсіз, тахикардия. Жүрек шекаралары: оң жақ – оң жақ парастернальды сызық бойынша, сол жақ – ортаңғы бұғана сызығынан 3 см солға. Тондары тұйықталған. Өкпесінде көптеген мөлшерде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығыңқы. Диагноз қойыңыз: A) Туа пайда болған жүрек ақауы B) Ерте туа пайда болған кардит C) Жүре пайда болған кардит D) Пневмония E) Бронхит {Дұрыс жауабы}=C $$$0061 Он жастағы баланың анамнезі бойынша ауырғанына екі жыл болған. Ауруханаға келген кездегі шағымы: тамақ ішкеннен кейін, тұзды, ащы тамақ жегенде пайда болатын эпигастри аймағындағы тұйық, сыздаған ауырсыну болады. Кейде жүрегі айнып, құсады да. Құсығы қорытылмаған тамақпен және жеңілдік әкеледі. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Қыз бала арық. Ішін,эпигастрии аймағын сипағанда ауырсыну сезімі бар. Асқазан сөлін фракциялап тексергенде ашқарынға тұз қышқылының мөлшері 50 мг, 30 минут аралығындағы секрецияның базальді фазасында-37 мг, бір сағаттық күштемеде секреция 109 мг, ашқарындағы асқазан сөлінің мөлшері 32мл, базальді секреция-39мл, бір сағаттық күштемеде секреция-72мл. Асқазан рентгеноскопиясы: өңеш және кардии өтімділігі жақсы, асқазан тонусы төмен, ашқарынға біраз сөл жиналған, сөл тексеру барысында көбейе түсуде, перистальтикасы нашар, шырышты қабатының қыртысы иірілімді. Қарын пішіні тегіс. Пиязшық пен он екі елі ішектің ілмегі дұрыс формалы, жиырылуы жақсы. Дуодено-еюнальді өту жері қалыпты. Сіздің диагнозыңыз: A) Асқазан жарасы ауруы B) Дуодено-гастральді рефлюкс C) Асқазанның функциональдық бұзылысы D) Созылмалы гастродуоденит E) Жіті гастрит {Дұрыс жауабы}=D $$$0062 15 жастағы қыз бала, жүрегінің қағуына, жүрегінің айнуына, құсуға, оң жақ қабырға астында толғақ тәрізді ауырсыну. Рентгенологиялық өт қабының босауының жылдамдауы. Диагноз қойыңыз: A) Өтшығару жолдарының дискинезиясы, гиперкинетикалық түрі B) Өтшығару жолдарының дискинезиясы, гипотониялық түрі C) Өтшығару жолдарының дискинезиясы, гипертониялық түрі D) Холецистохолангит E) Холангит {Дұрыс жауабы}=A $$$0063 Ұл бала 11 жаста. Дамуы жасына сәйкес. Қызылша, жел шешек, қызылша қызамығымен ауырған. Жиі суық тиіп ауырады. Тұмаумен ауырғаннан кейін кездейсоқтан дене қызуы 400С көтерілген дене температурасы 400С көтерілді. Бала ісініп, ішінде ауырсыну пайда болды. Тексеріп қарағанда жағдайы ауыр, ауырлық жағдайы ісіну және зәрлік синдромға байланысты. БҚА: гипоальбуминемия, гиперазотемия, гиперлипидемия, гиперхолестеринемия. Зәр анализінде гиперпротеинурия, транзиторная микрогематурия, шамалы цилиндрурия. Диагноз қойыңыз: A) Жедел цистит B) Жедел пиелонефрит C) Жедел гломерулонефрит D) Созылмалы пиелонефрит E) Созылмалы гломерулонефрит {Дұрыс жауабы}=C $$$064 Алты жасар қыз бала үнемі болатын оң жақ ішінің тұйық, ауырсынуына шағымданады. Екі жыл бойы балада пиурия байқалды. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Физикалық тексеруде патология жоқ. Зәр анализінде ақуыз, лейкоциттер анықталды. Цистоскопия жасағанда оң бүйрек қуысы мен ұршығы айтарлықтай ұлғайған, бүйрек қуысы-несеп жолы сегменті тарылған, несеп шығар жолының тік, тар, қалыпты екені көрінді. Диагнозды атаңыз: A) Бүйрек ісігі B) Гидронефроз C) Гидрокаликоз D) Пионефроз E) Уретерогидронефроз {Дұрыс жауабы}=B $$$065 Үш аптаға созылған лихорадкалы қалтырауға шағымданып 10 жасар ер бала отбасылық дәрігерге келді. Полиартрит және бетінде, денесіндегі дақты-папулезды бөртпелер фебрильді кезеңдерді дамыта түседі. Объективті: минутына 110 соққылы тахикардия, жүрек тондары қалыпты. Бауыр және көк бауыр аздап үлкейген. ЖҚА: гемогл. - 94г/л, лейкоц. – 14,0х109/л, нейтрофилез, ЭТЖ – 58 мм/сағ. Қанға себу сынамасы – таза. Екі апта аралығына тағайындалған антибиотикті ем нәтижесіз. Диагнозды атаңыз: A) Ювенильді ревматоидты артрит B) Жіті ревматикалы лихорадка C) Түйінді периартериит D) Жүйелі қызыл жегі E) Жүйелі склеродермия Date: 2015-10-21; view: 727; Нарушение авторских прав |