Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Суды пайдалану тҮрлері жӘне су кӨздерініҢ сипаттамасы





Халықты сумен қамтамасыздандыру – ағзаның физиологиялық қызметтерінің қалыпты өтуі және тіршілігінің жағымды жағдайларын қамтамасыз ету үшін қажетті компонент.

Жердің беткі қабаты және жер асты су көздерінің түрлері бар:

1. Тұщы сулардың жер беткі көздері:

- Өзендер, көлдер;

- көлтоғандар, тоғандар, арналар;

- атмосфералық жауын-шашындар, мұздақтар, қар т.б.

2. Жер асты сулары:

- грунт сулары;

- пластаралық қысымсыз және қысымды (артезиандық) сулар.

Халықты шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатымен жер беткі су қоймаларын пайдалану қалалардың және қала тұрғындары санының өсуімен байланысты туындап отыр, себебі суды пайдалаудың өсуімен байланысты оларды жер асты су көздері суымен қамтамасыз ету қиындауда.

Жер бетіндегі сулар аз минералдығымен, қалқымалы заттардың көп болуымен, органикалық және микробтық ластармен жоғары деңгейде ластануымен сипатталады. Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдық суларды ағызу, су қоймаларын демалыс аймағы ретінде пайдалану нәтижесінде олардың антропогендік ластану қарқындылығы өсе түсуде. Барлық ашық су қоймалары елді мекендердің аумағынан түсуші атмосфералық жауын-шашын және еріген қар суларымен қатты ластанады, әсіресе тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдық суларды ағызу орындары.

Жер беткі су қоймаларындағы судың органолептикалық қасиеттері және химиялық құрамы бірқатар жағдайларға байланысты болады. Судың жоғары түстілігі өзеннің батпақты жерлерден ағуында байқалады. Егер өзеннің арнасы сазды топырақтардан құралған болса судың лайлығы тұрақты болады. Ашық су қоймаларындағы су сапасының жағымсыз өзгеруінің табиғи факторы болып судың «гүлденуі» саналады, әсіресе жылы және ыстық климатта. Судың «гүлдену» кезеңінде суды пайдалану жағдайы нашарланады, су құбырының тазалау қондырғыларында оны тазалауы қиындайды. Сондай-ақ, көк-жасыл балдырлардың жаппай өсуінде суда уытты органикалық заттар жиналады, жаман йіс пен дәм пайда болады, су түсі өзгеріп, ауыз су қажетіне жарамсыз келеді. Әр түрлі ластардың үздіксіз түсуіне қарамастан, ашық су қоймаларының көпшілігінде судың сапасының прогрессивті ластануы байқалмайды. Оның себебі – су қоймасының өзіндік тазалануына келтіретін, көптеген физикалық-химиялық және биологиялық процесстер. Ол ең бірінші кезекте ластардың су қоймасы суымен сұйытылу және қалқымалы заттардың түбіне шөгу нәтижесінде жүреді. Суға түскен органикалық заттар су қоймасындағы микроорганизмдер тіршілігінің арқасында минералданады. Органикалық заттардың биохимиялық тотығуы суда еріген оттегінің қатысуымен жүреді, оның қоры атмосфера ауасынан суға диффузиялану арқасында толықтырылып тұрады. Ластанған судың өзіндік тазалануы оның органолептикалық қасиеттерінің жақсаруына және патогенді микроорганизмдерден тазалануына ықпал етеді. Өзіндік тазалану жылдамдығы судың ластану дәрежесіне, жыл мезгіліне және басқа жағдайларға байланысты. Шамалы ластануында су негізінен 3-4 тәулік ішінде өзіндік тазаланады.

Жер асты сулары. Шаруашылық-ауыз суқажетіне жарамды тұщы жер асты сулары негізінен 300-500м тереңдікте жатады. Грунт сулары астыңғы жағынан су өткізбейтін қабаттан құралған, ал үсті су өткізбейтін қабатпен қорғалмаған. Оларға жоғары қабат сулары және грунт сулары жатады (1 сурет).

 

Date: 2015-09-24; view: 4769; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию