Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жеке тұлғаның сезімдері
Қоғамның нақты талабына сәйкес адам мінез-құлқынан жиі көрінетін сезімдердің бірі – адамгершілік сезімдері.. Жоғары деңгейдегі сезімдердің ақыл-ой (интеллектік), эстетикалық және моральдық-адамгершілік дейтін түрлері бар. Адамгершілік - моральдық сезімдер. Қоғамның қойған талабына адамның өз мінезінің лайық не лайық еместігін сезінген көңіл-күйін білдіреді. Адамгершілік сезімі моральдық сезім деп те айтылады. «Мораль» - «морале» деген француз сөзі. Мағынасы - адамгершілік. Адамгершілік сезім қоғамның тарихи дамуына байланысты. Қоғамның экономикалық жағдайы, саяси-идеялық бағдары, ондағы таптар мен топтардың әлеуметтік жағдайы - мұның бәрі адамгершілік сезім көрінісінен байқалып тұрады. Аталмыш сезімнің таптық сипаты да болады. Адамгершілік сезімнің принципі мен жалпы негізгі - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формацияларда қалыптасып отыратын мінез-құлық нормалары. Гуманистік және демократия үстемдік ететін қоғамдағы адамгершілік сезімдер - борыш сезімі, әркімнің өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерін құрмет тұтуы, әрбір адамның даралық-жекелік қасиеттерін сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық, отбасындағы өзара сыйластық және әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың, этностардың өкілдеріне деген жалпы гуманистік қарым-қатынас. Адамгершілік сезім адамның өткен өміріндегі елестеріне, мақсат-міндеттерін жүзеге асыруы мен идеяларына және дүниетанымдық көзқарасы мен қоғамдық іс-әрекет түрлеріне байланысты болып келеді. Адамның жоғары деңгейдегі сезімдерінің қалыптасып, дамып отыруы ең алдымен өзінің жеке басына деген жауапкершілікті сезінуінде жатыр. Екіншіден, ол отбасындағы тағылым-тәрбиеге, мектеп пен қоғамдық ұйымдардың қамқорлығына орай өрістейді. Ақыл-ой (интеллектік) сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Сезімнің бұл түрі - балалардың оқып білім алуға, ересектердің өз қызметіне, шығармашылық пен өнерге деген көңіл-күй қатынасы. Адамның шындықты тануға деген ақыл-ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады. Таңдану кісіні әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән-жайын жан-жақты танып, оларды тереңірек түсінуге жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін тудырады. Іздену барысында адам түрлі жорамалдардан бастап, теориялық тұжырымдар жасайды. Күмәнді жайттарды тәжірибе жетістіктерімен салыстыра отырып тексереді. Ақиқаттығы анықталған ойды қорытып, теориялық пайымдаулар туғызады. Болжамдарды анықтау барысында адамда ақиқатқа қалайда қол жететіндігіне деген сенім сезімі пайда болады. Сенім оған күш-қуат беріп, көңілін көтереді. Ақыл-ой сезімі - адамның кез-келген іс-әрекетіндегі рухтандырушылық маңызы зор көңіл-күй. Эстетикалық сезім – обьективтік шындықты бейнелеп, оның әсемдігі мен сұлулығын, жарасымдылығы мен сенімділігін қабылдап, оған әсерленудегі көңіл-күй. Әсемдікті қабылдап, оған сүйсіну, ләззаттанып, рухани күшін арттыру сезімі адамның өмір тіршілігінде біртіндеп қалыптасатын жағдай. Әсемдікті қабылдау туа пайда болмайды. Әсемдік әлемі адамға өзінің сұлулығымен, табиғи жарасымдылығымен және шынайы көркемділігімен әсер етіп, адамның мақсат-мүддесіне, рухани қажеттілігіне лайықты түрде дамиды. Эстетикалық сезім-мазмұны мен мән-мағынасы және түр-сипаты тұрғысынан ауқымы кең ұғым. Психология эстетикалық сезімді табиғат пен адам қоғамындағы әсемдіктің адамның жан дүниесінде бейнеленіп, оның мінез-құлқына, дүниетанымына ықпал етіп отыратын жағымды құбылыс, сонымен қатар көңіл-күйін шалқытып, іс-әрекеттерін өрістенуші фактор ретінде қарастырылады. Өнер мен музыка, ән-күй мен көркем шығарма адамның жан дүниесін тебірентіп, өмірдің неғұрлым мазмұнды болуына әсер етеді, оны шабыттандыра түседі. Мектеп пен оқу орындары түлектерін әсемдікті қабылдап, оған әсерленуге, дүниенің сұлулығынан ләззаттанып, өз дүниетанымын дамытып отыруға тәрбиелеу эстетика пәні арқылы жүзеге асады. Практикалық немесе практикалық сезім, адамның іс-әрекетімен, өзгерісімен, жетістіктерімен, іске асуындағы қиыншылықтарымен, оның аяқталуымен байланысты. Date: 2015-09-24; view: 1016; Нарушение авторских прав |