Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Мінез және темперамент. Олардың бір-бірімен ұқсастығы және айырмашылығы
Қиыншылықтарға ұшырап, оларды қалайда жеңіп шығудың тәсілдерін іздестіреді. Бұл жайттар адам мінезіндегі ұнамды қасиеттерді дамытып, тұрақтандырады. Мінездің ұнамды қасиеттері автоматталған әрекет-дағдыға айналады. Дағдылар әрқилы істерге жаттығу, төселу нәтижесінде қалыптасады. Мұндай дағдылар адам мінезіндегі саналы Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынас жасауының нәтижесі болып табылады. Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды. Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен, біреудің қатал, не тымыр болуының негізінде адамды менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераментінің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал. Мінез — адамның негізгі өмірлік беталысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол — көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның қасиеттері болып табылғанмен, мұның кез келгені мінездің бітістері болып саналмайды. И.П. Павлов адамның мінез бітістерін жоғары жүйке қызметінің тума типтері мен өмір сүру барысында қалыптасатын уақытша жүйке байланыстарының өзіндік «құйындысы» деп түсіндірді. Бұл жөнінде ол былай деп жазды: «... адамның мінез-құлқының бейнесі жүйке жүйесінің туа біткен қасиеттеріне ғана байланысты болып қоймайды, сонымен бірге организмнің жеке өмір сүру барысында болатын ықпалдарға да байланысты, демек кең мағынасында айтқанда, үнемі тәрбиелеу немесе үйрету жұмыстарына да байланысты болады». Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен (мектеп, балалалар мекемелері, оқу, өндіріс ұжымы, қоғамдық ұйымдар, т.б.) тығыз байланысты. Осы айтылғандар мінездің дамуы үшін шешуші рөл атқарады. Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мәселен, ешбір бала туысынан еңбексүйгіш не жалқау, тәртіпті, не ұстамсыз болып тумайды. Оның мінезі ұзақ жылғы өмір сүру барысында өмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып отырады. Адамның сыртқы ортамен жасайтын қарым-қатынасы белсенді қарым-қатынас. «... Сөз жүзінде емес, мінез-құлықты іс жүзінде жүзеге асыруға болады» (әл-Фараби). Сондықтан да оны қоршаған ортасына ғана төселмей, өзі де шама-шарқынша сол ортасына тиісті өзгерістер енгізеді. Адамның нақтылы іс-әрекеті де мінез бітістерінің қалыптасуында шешуші рөл атқарып отырады.
Date: 2015-09-24; view: 1084; Нарушение авторских прав |