Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Абылдаудың негізгі қасиеттері
Қабылдаудың заттық тектілігі. Қабылдаудың бұл қасиеті оның объектив болмыстық көрінісімен түсіндіріледі, яғни сыртқы дүниеден алынатын ақпарат көзі осы объектив дүниенің өзінде болуы. Заттай қабылдау адамның тума қасиеті емес, ол өмір бойы қалыптасып, іс-әрекеттің барша саласында бағыттау-реттеу қызметін атқарады. Қоршаған дүниені заттай тану сол затпен жанасу барысындағы қозғалыс процестерінің негізінде орнығады (И. М. Сеченов). Қозғалыс болмаған жерде біздің қабылдауымыз заттық қасиетінен айрылып, сыртқы ортамен байланысқа келе алмаған болар еді. Қабылдаудың заттық негізді болуы әрекет-қылықты реттеуде үлкен маңызға ие. Әдетте, біз нақты нысанды басқалардан түрі мен сипатына қарай бөлмейміз, біз үшін бұл жағдайда ең қажеттісі оның тұрмыстық қажеттілікке жарайтын негізгі қасиеттері. Мысалы, пышақ кесуге жараса – пышақ, болмаса әншейін металл. Қабылдаудағы басты міндет осы қасиеттерді тану. Қабылдаудың тұтастығы. Түйсік, жоғарыда айтқанымыздай, заттардың жеке қасиеттерінен ақпарат жинауға қажет, ал қабылдау да сол заттардың қарапайым бөлшектері жөніндегі біліктерді біріктіру арқылы тұтастай бейне жаратамыз. Түйсік құрайтын бөліктер өзара өте тығыз әрі күшті байланысқан, мұны біз сезім мүшелерімізге кейбір заттардың бір қасиеті немесе бөлігі ғана әсер етуден-ақ біздің санамызда сол заттың күрделі бейнесі туындайды (мақпал, мәрмәр тас). Мұндай танымның негізінде біздің бұрынғы тәжірибемізде көру мен сипай сезу арасындағы шартты рефлексті қалыптасқан байланыстар жатыр. Тұтастық – қабылдаудың құрылымды болуымен байланысты. Қабылдау көп жағдайда біздің мезеттік түйсінулерімізге тура келе бермейді әрі сол түйсіктердің қарапайым косындысынан жасалмайды. Адам, әдетте, нақты түйсінуден дербестеніп, дерексізденген қорытынды құрылымды қабылдайды, ал бұл қорытындыға келу біршама уақыт өтуін талап кылады. Егер сіз қандай да бір әуенді тыңдай қалсаңыз, алғашқы естіген нотаңыз келесі нота берілгенше құлағыңыздан кетпей қояды. Әдетте, тыңдаушы үшін ән-күй бірінен соң бірі келетін ноталарымен емес, біртұтас әуенімен мәнді. Қабылдаудың тұтастығы мен құрылымдығы бейнеленуші қоршаған дүние нысандарының шындыққа сай өзіндік ерекшеліктерінен туындайды. Қабылдау тұрақтылығы (константтығы). Қабылдау тұрақтылығы деп өзгерген жағдайларға қарамастан заттың кейбір қасиеттерінің бір текті сақталуын айтамыз. Өзгерістер орынын толықтыру қабілетіне ие қабылдаушы талдағыштардан құрылатын тұрақтылыққа орай біз қоршаған дүние заттарын бір- қалыпты күйінде танып, білеміз. Көбіне заттардың түрі, көлемі мен формасы мызғымас қалпында бейнеленеді. Қабылдаудын мағыналылығы. Қабылданған нысан тұтас, оның мәні сөзбен беріледі, мазмұны тұжырымдалады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрі – тану. Тану жалпылап тану немесе талғаусыз тану және даралап тану болып бөлінеді. Жалпылап тануда нәрселердің жай-жапсары терең біліне бермейді, ал даралап тануда заттар мен құбылыстарды айыру анық әрі толық түрде өтеді. Апперцепция. Қабылдау процесі тек тітіркенуден ғана пайда болмай, субъектінің өзіне де байланысты көрініс береді. Қабылдайтын көз, құлақ емес, әрекетшең адам, сондықтан қабылданған бейне мазмұны қабылдаушы тұлға ерекшеліктерімен де сипатталады. Қабылдау нәтижесінің жеке адам психикалық өміріне, оның тұлғалық ерекшеліктеріне тәуелділігі апперцепция деп аталады. Қабылдау барысында адамның өткен өмір тәжірибесі үлкен рөл ойнайды. Сондықтан да бір заттың өзін әрқилы адамдар (біліміне, тәжірибесіне, тәрбиеленген ортасына, жасына, ұлтына, қызметтік дәрежесіне, т. т. орай) әр түрлі қабылдайды. Қабылдау мазмұны адамның алдына қойған мақсат- мүддесіне де орайлас келеді. Ниет, көңіл шарпуларының ықпалымен қабылдау мазмұны уақытша өзгеріске де түсуі мүмкін. Мұндай уақытша апперцепция адамның әр түрлі алдануы – иллюзия салдарынан жаңсақ пікірлер туғызатын жағдайларда болады. Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған, теріс, бұрмаланған бейнелер туындайды. Мұндайдағы қабылдау галлюцинация деп аталады.
ЕС
Ес – дегеніміз адам тәжірибесін есте тұту, сақтау және қайта жаңғырту жолымен бейнелендіру. Демек, біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет-қылығымыз санамызда біршама уақыт (ұзақ, қысқа) сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім. Осыдан, өткен тәжірибемізден қалған іздерді жадымызда қалдырып, сақтап, кейін бұрын білгендерімізді жойып алмастан, оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп аталады. Сонымен ес - бір-бірімен ұштасқан дара бөлектерден құралған күрделі психикалық процесс. Ес адамға өте қажет жан құбылысы. Оның арқасында субъект жеке басының өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратады. Ес жас ұлғайған сайын өзгереді және оны жаттықтырып отыру керек. Мнемотехника – бір нәрсені ұмытып қалмас үшін жадында сақтау үшін қолданылатын әдістердің жиынтығы. Амнезия – еске сақтаудың солғындауы, ұмытшақ бола бастау. Естің физиологиялық негіздері ми үлкен жарты шарлары қыртысының күрделі әрекетімен байланысты. И. П. Павлов өз қызметшілерімен бірге естің мидың рефлекстік қызметінің нәтижесі екенін тәжірибе жүзінде көрсетіп берді. “... Уақытша нервтік байланыс, – деп жазды И. П. Павлов, – жануарлар дүниесі мен біздің өзіміздегі өте универсалды физиологиялық құбылыс. Сонымен бірге ол психикалық та, мейлі ол түрлі әрекеттердің, әсерлердің немесе әріптердің байланысынан тұратын құрылым болсын, психологиялық сөз және ойлар тізбегі ассоциация деп айтатындары. Естің негізінде ассоциациялар немесе байланыстар жатады. Физиологиялық жағынан алғанда ассоциация уақытша нервтік байланыс болып саналады. Ассоциациялар қарапайым және күрделі болып екіге бөлінеді. (Қараңыз. Әдебиет. Жалпы психология. Аудар. Қ. Жарықбаев. А. Мектеп. 1980 ж. 204-206).
Date: 2015-09-24; view: 1054; Нарушение авторских прав |