Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып. Жеке тҰлҒа психологиясы





 

1. Тұлға (индивид, даралық)туралы түсінік

2.Жеке адам құрылымының негізгі компоненттері

3.Жеке адамның дамуына әсер ететін факторлар

Жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ер жету үшін бала оңы мен солын, яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибесі, білім мен дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғам мұраты, бағыт-бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бар сыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс-әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман-жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын адамды да кісі, не тұлға дейміз. Тұлғаның түрлері сан-алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топ жарған түрлерімен қатар, жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай және, т.б. толып жатқан өкілдері болады

Жеке адам, тұлға қоғамнан (отбасы, ұжым, т.б.) тыс өмір сүре алмайды. Өйткені, оның жан дүниесі тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау үстінде, тәлім-тәрбие, оқу, іздену, іске талаптану арқылы әркез белгілі мазмұнға ие болып отырады.

Әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам - жеке адам болып сипатталады. «Жеке адам» түсінігімен қатар біздің қолдануымызда «Адам», «дара адам (индивид)», «даралық (индивидуальность)» терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен ажыратылады, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігімін - «адам» түсінігі қамтиды.

Адам - өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік-тектік мәнге ие болғанымен, ол жалпы табиғат туындысы ретінде - дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесінен бөлектенбейді. Дара адам - адамдық даму нышандарының иесі - нақты адам. Даралық - нақты адамның табиғи және әлеуметтік қабылдаған қайталанбас ерекшеліктері мен қасиеттері. «Жеке адам» түсінігіне байланысты ең алдымен адамның қоғамдық мәнді сапалары еленеді. Адамның әлеуметтік мәні оның қоғаммен байланыстарында қалыптасады да көрініс береді. Жеке адам көп сатылы құрылымға ие. Адам өмірге дейін қабілет, мінез және қызығуларымен келмейді, бұлардың бәрі белгілі табиғи негізде адамның өмір барысында қалыптасады. Адам тәннің негізі, яғни генотипі оның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, жүйке жүйесінің қозғалысын (динамика) белгілейді. Биологиялық құрылым иесі - адам өткен әулеттердің білім, салт, заттай және рухани мәдениеті күйінде топталған өмір тәжірибесін игерумен ғана жеке адам дәрежесіне көтеріледі. Жеке адамның дамуы, яғни оның әлеуметтік ұнамды қасиеттерінің қалыптасуы белгілі қоғамдық қолдау мен әлеуметтік қажетсінуді керек етеді.

 

Date: 2015-09-24; view: 1152; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию