Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жас шамасына Қарай дамуды кезеҢдерге бӨлу





 

1.Жастың жалпы сипаттамасы.

2. Жас шамасына қарай даму кезеңдері ауысуының негізгі механизмдері Жасына, немесе жас шамасына қарай даму барысы деген не? Бұл сұраққа жауап адамның психикалық даму табиғатын түсінудегі жалпы қарым-қатынасқа байланысты болады. Айтылып жүрген көзқарастардың біреуі даму сатыларының өзгермейтіндігін, абсолютті болатындығын дәлелдеугс келіп саяды. Жас жөніндегі мұндай ұғым психикалық дамуды табиғи биологиялық процесс деп түсінумен байланысты. Қарама-қарсы көзқарас - жас даму білім мен дағдылардың жай жинақталуы ретінде ғана қарастырылады.

Кеңес психологиясы жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп Я.П. Блонский мен Л.С. Выготский тұжырымдаған қағидаларды әрі қарай дамытады. Тарихи даму процесінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады және бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің өзгерісіне әсер етпей қоймайды.

Әрбір жастағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымдық жиынтығын құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л.С. Выготский жас шағы дамудың белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызы дамудың жалпы циклінде алатын орнымен және дамудың жалпы заңдарының одан әр кез өзіндік көрініс табуымен анықталады. Бір жас сатысы-нан екіншісіне өтуде бұрыиғы кезецдерде болмаган жада құры-лымдар пайда болады жоис даму барысыныд өзі қайта құры-лып, өзгеріп отырады.

Жас ерекшеліктері көптеген жагдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұл — әрі балалар өмірінің осы кезеңінде қойылатыи талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына тән ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының (мысалы, сәбилік шақтағы белгілі морфологиялық қүрылымдардың жетілуі, жеткіншек шақтағы организм өзгерістерінің ерекшелігі т.б.) ерекшелітері де енеді.

Жас шағы ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы жағдайлар балаға тікелей әсер етпейді. Ортаның қайсыбір элементтерінің қандай да бірі бұрын дамыған қандай да бір психологиялық қасиеттер арқылы өтетініне байланысты әр балаға обьективті түрліше әсер етеді. Осы сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы жастың өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды да, ал олардың арасындағы қарым-қатынас өзгеріс келесі жас кезеңдеріне көшудің қажеттілігі мен ерекшеліктеріне сабақтас келеді.

Сонымен, жас шағы балаға оның дамуының сол кезеңде қойылатын талаптар мен тіршілік жағдайларының ерекшеліктерімен, оның айналасындағылармсн қарым-қатынас ерскшеліктерімен, баланың жеке басының психологиялық құрылымы дамуының деңгейімен, білім мен ойлауының даму дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады.

2. Жас шамасына қарай даму кезеңдері ауысуының негізгі механизмдері. Жас кезеңін айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдерінің, тәсілдердің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланысты анықтайды. Д. Б. Элъкониннің көрсеткеніндей, даму процесінің осы екі түрліше жақтарының арасындағы өзгеріс келесі жас кезеңдеріне өтудің өте маңызды ішкі негізін («қозғаушы күшін») құрайды. Мысалы, баланың ерте сәбилік шағындағы сыртқы болмыспен байланысы оның үлкендерге қарым-қатынасы арқылы дәнекерленеді. Нақ осындай қарым-қатынастар жүйесі негізінде бала белгілі бір дағдыларды игереді, онда қарапайым дәрежедегі ұғымдар қалыптасады, үлкендермен қарым-қатынас жасау тәсілдері байиды, тілі жетіледі т.с.с. Осының бәрі баланың дербес іс-әрекеттер жасау мүмкіндігінің кеңеюіне, демек, айналасындағылармен қарым-қатынас жасау тәсілдерінің өзгеруіне негіз болады. Ал соңғысы өз кезегінде психикалық дамудың онан арғы барысының жағдайларын өзгертеді (мысалы, бала енді болмысты өзінің тікелей іс-әрекеті арқылы да танитын болады).


Баланың бұрынғы даму жетістіктері мен тіршілік жағдайларын өзгерту жиынтығы оның айналасындағылармен өзара қарым-қатынасының мазмұны мен тәсілдерін, үлкендердің оған деген қарым-қатынас формаларын өзгертуге әкеп соқтыратын осыған ұқсас жағдай (мүлдем басқа дәрежеде болғанымен) жеткіншектік шақта пайда болады. Дамудың дағдарыс кезеңдері деп аталатын кезеңдер тәрбие жұмысында өзгерген қарым-қатынастар ескерілмей, қалыптасқан және айналасындағылармен өзара қарым-қатынас жасаудың алдыңғы кезеңіне тән тәсілдер мен осы кезең барысында дами бастаған балалар мүмкіндіктері арасындағы үйлесімділік бұзылған жағдайда пайда болады.

Баланы айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдері және оның кез келген психикалық іс-әрекетінің дәрежесі арасындағы қарым-қатынас екі жақтан дамиды (Демек, бүлінуі де мүмкін). Мәселен, баланың іс-әрекет мүмкіндіктерін кеңейту, оның қажеттіліктерін өзгерту, оның айналасындағыларға деген бүкіл қарым-қатынас жүйесінің өзгеруіне алып келеді. Ал қарым-қатынастың жаңа жүйесінің өзі баланың іс-әрекетінің әрі қарай дамуының негізі болады.

Бір жағынан, баланың өмірге деген қарым-қатынасының даму дәрежесі және соның негізінде жасалынған мотивтер, екінші жағынан, іс-әрекет мазмұны мен тәсілдері арасындағы белгілі бір сәтсіздік бастапқы оқыту жағдайларында байқалып отырды. Балалар мектепке көп жағдайда дамыған (қарапайым түрде болса да) танымдық мотивтермен, оқуға деген шын ықыласпен келетін болды. Мектепте қолданылып жүрген оқытудың негізгі мазмұны мен тәсілдері балалардың танымдық бағытына жауап бере алмады. Оқыту бала үшіп дәлелденбеген жәнс іштей ой елегінен өткізбеген, ойлау әрекетін тым аз талап ететін орасан көп таза техникалық жаттығуларды қамтыды. Бұл баланың сол уақытта қалыптасқан мотивтік қарым-қатынастары мен мүмкіндіктеріне сай келмеді. Осының нәтижесінде танымдық іс-әрекетке, көп жағдайда оқу әрекетіне де қызығу төмендеп, кейде тіпті өшіп те қалатын.


Баланың өмір сүру жағдайларының тәрбиелеу мен оқыту формаларының өзгеруі жас шамасына карай даму кезеңдерінің ауысуын анықтайтын маңызды фактор болып табылады.

Балабақшадағы оқыту сабақтары, мектепке даярлау жұмысы мектепке дейінгі жас шақтарының шекарасы мен мазмұнын айтарлықтай өзгертті. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер тәжірибе меп неғұрлым жетілдірілгсн бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері оқу процесін белгілі бір түрде ұйымдастырып, оқыту мазмұны мен әдістерін қайта құрған жағдайда бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктері елеулі өзгеріске түсетінін көрсетіп отыр. Атап айтқанда, олардың ойлау әрекетінің алғашқы теориялық формалары дамып, оқу іс-әрекетінің неғұрлым жоғары дәрежесіне қол жетеді. Сондықтан соңғы кезде педагогикалық жәнс жас ерекшелігі психологиясында педагогикалық критсрийлерге негізделген кезеңдергс бөлу жиірек қолданылады. Мектепке дейінгі шақтың ерте сәбилік, сәбилік, естиярлық және ересектік жас кезеңдері (кейде бұл кезеңдерді ерте сәбилік шақ, - балдырғандық және мектепке дейінгі шақ деп атайды) бала-бақшадағы топтарга сәпкес (үш жасқа дейін — ерте сәбилік шақ тобы; кішкентайлар тобы — балалар өмірінің төртінші жылы: естиярлар тобы — бесінші жыл; ересектер — алтыншы жыл және даярлық тобы — жетінші жыл) бөлінеді. Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі кезеңдеріне және олармен байланысты оқушылардың даму ерекшеліктеріне сай мектептік шақ үш кезеңге бөлінеді: төменгі сынып оқушылары (1-ден 3—4 класқа дейін), ортаңғы сынып оқушылары 4—5-тен 7—8-сыныпқа дейін), жоғары сынып оқушылары (8-ден 10-сыныпқа дейін).

Жалпы жас сипаттамасының орташаланып алынғанын есте ұстаған дұрыс. Педагогикалық жұмыста балалардың жас ерекшеліктерімен қоса, бір жас тобындагы балалардың өзінде елеулі айырмашылығы болатын олардың дара ерекшеліктерін де ескеріп отыру қажет.

 

 







Date: 2015-09-24; view: 1297; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию