Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ерік ұгымы мен ерік үрдістерінің қызметтері, ерік күші





 

Адамға еріксіз және ерікті белсенділік тән. Еріксіз белсенділік адамға алдын-ала ешқандай максатсыз пайда болады, ол белгілі бір сыртқы себептердің негізінде қалыптасады. Еріксіз белсенділік саналы әрекетсіз іске асады. Ерікті белсенділік біздің қажетіміз бойынша, алдын-ала қойылған мақсат негізінде пайда болады. Ол негізінен саналы әрекет болып табылады.

Ерік - бұл алға қойған мақсатты орындау жолында кездесетін қиыншылдықтар мен кедергілерді жеңуге бағытталған адамның саналы психологиялық іс-әрекеті. Адам алдына әртүрлі мақсат қояды. Сол мақсатты орындау жолында ерік-қайраты мен күш-жігерін жұмсайды. Кей жағдайда мақсатты орындау ешқандай қиындықты, күш жұмсауды қажет етпейді. Ерікті үрдістер әр уақытта еріксіз белсенділіктің негізіне байланысты іске асады.

Мақсатқа жету қиындықтар мен кедергілерді жеңумен байланысты. Бұл қиындықтар мен кедергілер екі түрлі болады: сыртқы және ішкі.

Сыртқы қиындықтар мен кедергілерге адам санасынан тыс объективтік қиындықтар мен кедергілер, сыртқы қолайсыздықтар, басқа адамдардың қарсы тұруы жатады.

Ішкі қиындықтар мен кедергілерге адамның өзіне байланысты қажет нәрсені істеуге адамның қарсы тұруы, қарама-қарсы талпынулардың болуы, адамның енжарлығы, жағымсыз көңіл-күй, ойламай әрекет ету әдеті, жалқаулық, қорқыныш сезімі және т.б. жатады.

Ерік ойлаумен тығыз байланысты, себебі ол мақсатты, саналы іс-әрекетпен байланысты. Адам алдына мақсат қойғанда, сол мақсатқа жетудің жолын қарастырады, кедергілерді жеңудің жолдары мен тәсілдерін ойластырады, ол ойлау іс-әрекетін іске асырады.

Жоғары адамгершілік сезімдерге отансүйгіштік, жауға жеккөрушілікпен қарау, борыш сезімі, ар-ождан сезімі жатады. Мысалы, Александр Матросовтың, Нұркен Әбдіровтың, Талғат Бигелдиновтің, Боран Нысанбаевтың, Қайырғали Смағұловтың, Мәншүк Маметованың, Әлия Молдағұлованың және басқалардың ¥лы Отан соғысындағы тамаша ерлік істері кейінгі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Сондықтан да адамдар ерік арқылы өз сезімдерін басқару мен бақылауды іске асырады. Адамның барлық іс-әрекетінде ерік аңгарылады. Адамның әрекеті әртүрлі талпыныстармен анықталады. Талпыныстар адамда өзінің өмір сүруін қамтамасыз етуде және сұраныстарын қанағаттандыруда, оның өмір сүру үрдісінде пайда болады. Адамда әртүрлі әрекетке итермелейтін көптеген талпыныстарда оның белсенділігі қаланған, белгілі бір жағдайда өмірлік міндеттер сипатына ие болатын психологиялық тұрғыдан ұмтылу, қажет ету түрінде іске асады. Адам мақсатты түрде оны шешуге ұмтылады. Қажет ету ұмтылу, талпынудың әртүрлі турі, демек түрткілерді әрекеттерінің, іс-әрекеттің қылығы мен түрі сипатына ие болатын жеке түлғаның барлық талпыну күштерінің жиынтығы түрткіле саласы немесе жеке тұлғаның бағыттылығы деп аталатын адамның психикалық өмірінің ерекше мәнді саласы ұйымдасады Адамда ұйымдасқан іс-әрекетке талпынулар өзінің мәні мен психологиялық табиғаты бойынша әртүрлі сипатқа ие болады Адамның түрткілер саласында оның әртурлі іс-әрекеттерінің негізі қаланған - ерікті және еріксіз, саналы және санасыз.

Түрткілер саласы адамның талпынуларының өзекті және мүмкіншілігі бар саласы ретінде ерекше құрылымы болады. Түрткілер саласы адамның ерікті іс-әрекетіне тікелей қатысы бар; себебі түрткілер саласында адамды ерікті іс-эрекеттерді орындауға бағыттап отыратын және ерікті іс-эрекетті іске асырудың сипатын, психологиялық шарттарын анықтайтын талпыну күштерінің негіздері жатыр.

Турткі - французша мотив, қазақша себеп, қозғаймын деген мағынаны білдіреді. Адамды түрлі іс-әрекетке итермелейтін себеп.

Ерікті іс-әрекет психологиялық тұрғыдан мәнді ерекшеліктерімен сипатталады. Ерікті іс-әрекеттің негізгі қасиеттерінің бірі тұтас алғанда немесе жекеленген ерікті түрде іс-әрекетті іске асырудың еркіндігін түсіну - «былай істеуіме болады немесе басқаша істей аламын». Шындығында, адамның барлық әрекеті объективтік тұрғыдан белгілі себептерге байланысты. Адамның белгілі бір әрекетті неге орындағанын дәл айта аламыз. Адамның еріктік іс-әрекеті толықтай белгілі бір себептерге байланысты (детерминизм) қағидасы.

 







Date: 2015-09-24; view: 2630; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию