Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Естің түрлері
Есті материалды есте қалдыру, есте сақтау және қайта жаңғырту қызметін атқаратын психофизиологиялық үрдіс ретінде анықтауға болады. Мысалы, кейбір адамдар өте қиын есте қалдырады, бірақ оның орнына қайта жақсы жаңғыртады және есінде қалған материалды есінде ұзақ сақтайды. Бұл адамдарды ұзақ мерзімді есі жақсы дамыған. Кейбір адамдар бар, керісінше тез есте қалдырады, бірақ оның орнына есте қалдырғанын тез ұмытады. Оларда қысқа мерзімді және жедел ес күшті дамыға болады. Ес формалары мен түрлерін жіктеу үшін бірнеше негіздемелер баршылық. Бұл жағдайда естің жекелеген түрлері үш негіз өлшемдерге сәйкес жіктеледі: 1) іс-әрекетте үстемдік ететін психикалық белсенділіктің сипаты бойынша есті қозғалыс, эмоциялық, бейнелік және сөздік-логикалық ес деп бөледі 2) іс - әрекет мақсаттарының сипаты бойынша ырықсыз және ырықты ес деп бөледі 3) материалды есте қалдыру және есте сақтау ұзақтығы бойынша қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және жедел ес деп бөледі. Қозғалыс ес - бұл әртүрлі қозғалыстар мен олардың жүйелерін есте қалдыру, есте сақтау және қайта жаңғырту. Естің басқа түрлеріне қарағанда естің осы түрі адамда анық кездеседі. Кейбір адамдар өзінде қозғалыс есінің барлығын байқамайды. Естің бұл түрінің ерекше мәні зор, қозғалыс есі әртүрлі тәжірибелік және енбек дағдыларын қалыптастыру үшін негіз болып табылады. Жақсы қозғалыс есінің белгілеріне адамның дене жағынан шыныққандығы, еңбекке шеберлігі, «алтын қолдары» жатады. Эмоциялық ес - бұл бастан кешкен сезімдер есі. Жағымды немесе жағымсыз сезімдер ізсіз жойылып кетпейді, ол белгілі жағдайда есте қалады және қайта жаңғыртылады. Бейнелі ес - бұл дүниедегі заттар мен құбылыстардың бұрын қабылданылған бейнелерін есте сақтау және қайта жаңғырту. Бейнелік ес көру, есту, сипау сезу, иіс, дәм сезу болып бөлінеді. Көру және есту естері дұрыс дамыған адамдардың бәрінде анық аңғарылады, ал сипай сезу, иіс және дәм естері кәсіби қызметтің әр алуан түрлерімен байланысты (мәселен, тамақ өнеркәсібінің дегустаторларында немесе көру, есту мүшелерінен айырылған адамдарда байқалады.) Кейбір адамдар өте анық байқалатын бейнелік есті меңгереді. Мұңдай есті эйдетикалық ес (эйдос-грек сөзі, қазақшалағанда бейне деген мағынаны білдіреді) деп атайды. Сөздік-логикалық ес - ойлауды есте қалдыруда және қайта жаңғыртуда аңғарылатын ес. Сөздік-логикалық естің мазмұны біздің ойымыз болып табылады. Ойлау тілсіз өмір сүрмейді, сондықтан да ес тек қана логикалық делінбей, сөздік логикалық деп аталады. Іс-әрекеттің мақсатына қарай есті ырықсыз және ырықты деп бөледі. Ырықсыз ес дегеніміз автоматты түрде адам тарапынан ешқандай күш салмай, алдына арнайы мнемикалық міндет қоймай материалды есте қалдыру мен қайта жаңғыртуды айтады. Материалды есте қалдыру және есте сақтау ұзақтығы бойынша қысқа мерзімді, үзақ мерзімді және жедел ес деп бөлінеді. Қыска мерзімді ес - материалды белгілі аз кезеңге есте сақтайтын шектеулі ес. Қысқа мерзімді естің ұзақтығы үлкен емес (бірнеше секунд немесе минут), бірақ қазір ғана қабылданған заттар мен қүбылыстарды дәл қайта жаңғырту үшін жеткілікті үрдіс. Ұзақ мерзімді ес - салыстырмалы түрде қабылданған материалды есте сақтаудың ұзақтығымен және беріктігімен сипатталады.Ұзақ мерзімді ес ақпаратты есте сақтаудың ұзақ мерзіміне қарай есептеледі. Жедел ес деп қысқа мерзімді ес пен ұзақ мерзімді естін, аралығындағы (аралық жағдайда) есті айтамыз. Ол алдын ала анықталмаған мерзім бойы материалды есте сақтауға есептелген. Date: 2015-09-24; view: 4696; Нарушение авторских прав |