Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Түйсіктер (сезіну) анықтамасы, оның қалыптасу механизмдері және түйсіктің түрлері
Бізді қоршаған және әсер ететін заттар мен құбылыстар әртүрлі қасиеттерге ие болады. Бұл қасиеттер сезім мүшелері - көру, есту, дәм және т.б арқылы біздің санамызда бейнеленеді. Түйсіктер дегеніміз дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге әсер ету арқылы пайда болып, сол заттар мен құбылыстардың жекелеген қасиеттерінің миымызда бейнеленуі. Біз қызыл, көк, тәтті, ащы, ауыр, жеңіл, жылы, салқын және т.б түйсінеміз. Мысалы: бір шоқ гүлді түйсінетін болсақ, оның түсі (қызыл, сары), хош иісі, дәмі, көлемі және т.б жекелеген қасиеттерін түйсінеміз. Түйсіктер - бұл алғашкы психикалық таным үрдісінің бірі, олар көп жағдайда затты қабылдаудың құрамына кіреді. Түйсіктердің пайда болуы үшін төмендегі жағдайлар қажет: Қандай да болсын сезім оргаңдарына әсер ететін зат немесе құбылыс қажет. Демек, заттың немесе құбылыстың сезім органдарына әсері негізінен сезімдік жүйкенін аяқталған тармақтарының тітіркендіргіштерінде анғарылады, осы зат, құбылыс тітіркендіргіш деп аталады. Түйсінуші құрал қажет. Бұл құрал 3 бөліктен тұрады: а. Сезім мүшелерінен (рецептордан), оңда сезгіштік жүйкенің соған сәйкес перифериялық тармақтары орналасқан. Сезім мүшелері дегенді басқаша түйсік мүшелері деп атаған дүрыс болар еді.Сезім оргаңдары деп ауызекі сөйлеу тілінде айтылғанымен, түйсік мүшелері деп айтқан дүрыс болады. Сезім – бұл өз аддына дербес психикалық үрдіс. б. Өткізгіш жолдан, демек сезгіштік жүйкенің сол бөліктерінің, ол арқылы қозу перифериялық аяқталған жүйкеден ми орталығына жеткізу. в. Бас ми қыртысындағы сәйкесті ортадан (жасушылар жүйесі), онда жүйкелік қозу психикалық құбылысқа - түйсінуге өтеді. Жоғарыда көрсетілген үш бөлік қабылдау аппаратын құрайдыды, оны И.П.Павлов анализатор деп атады. Егер де анализатордың көрсетілген бөліктерінің қандай да болмасын бірі бұзылса, түйсіктер жұмыс істемейді. Түйсіктер - бұл бізді қоршаған дүниені танудың алғашқы түрі. Ол заттар мен құбылыстардың қасиеттерін бейнелейді. Субъективтік идеализм теориясы сыртқы дүниені объективтік бейнелеудің мүмкіншіліктері туралы материалистік түсініктерге толықтай қарама-қарсы болып табылады. Адам өзін қоршаған ортаны танып біледі. Сезім мүшелері адамға қоршаған жағдайларды бағдарлауға мүмкіндік береді, өзінің әрекетін соған бейімдейді. Егер адам барлық сезім мүшелерінен айырылған жағдайда, ол өзінің айналасында не болып жатқандығы туралы ешқандай да мәліметтер ала алмас еді. Көру, есту, иіс, дәм сезу сезімдерінің бағынатын зандарын білу әртүрлі мамандық иелеріне қажет. Көру қабылдауын алғашқы зерттеушілердің бірі Италияның ұлы суретшісі Леонардо да Винчидің болуы кездейсоқ емес. Сонымен қатар орыстың ұлы ғалымы, әрі ақын, суретші М.ВЛомоносов түстерді көру заңдылығын зерттегенің білеміз. Сезім мүшелері жұмысының бағынатын заңдылықтарын білу дәрігерге қажет, сезім мүшелерінің бұзылуы неде екенің анықтайды және оның бірқалыпты қызметін қалпына келтіреді, соқырлар үшін оқу машинасын және саңыраулар үшін жасанды қүлақ жасайтын инженерлерге қажет.
Date: 2015-09-24; view: 1657; Нарушение авторских прав |