Мақсаты: «Тамақтану» түсінігінің маңызын ашу.Бала денсаулығын нығайтудағы дәрумендердің рөлін көрсету.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Жылулық шеңбер
Дөңгелене тұрып,бір-біріне күліп қарап, денсаулық тілеп,өздеріне таныс ырғақты гимнастика мен бірнеше тыныс алу жаттығуларын жасайды
Балалар шаттық шеңберін жасайды.
Ұйымдастыру-
ізденушілік
Өткен сабақта қай аялдамаға саяхат жасағандарын сұрап,тазалық ережелерін естеріне түсіріп,сабақты бекіту.
Жаңа сабақпен таныстыру «Тамақтану» аялдамасы.Балалар негізгі ережелерді естеріне түсіреді:
Тісті таңертең және кешке тазалау.
Тамақтанғаннан кейін ауызды шаю.
Адам ағзасы белгілі бір уақытта ас қабылдап үйренгендіктен,күнсайын сол уақытта асқазанымызда ас қорытатын арнайы сөл бөлініп шығады.Бұл сөл асқазан сөлі деп аталады,сондықтан сол сөлдің жоғалып кетпеуі үшін күнделікті белгілі бір уақытта дұрыс және жүйелі тамақтану қажет.Денсаулығың мықты болсын десең,тамақтану тәртібін сақта.
Тамақ алдында міндетті түрде өзіңе және басқаларға тәбет тіле.Бұл сөздерді де ғажайып сөздер дейміз,өйткені осы сөздер арқылы бір-бірімізге денсаулық тілейміз.
Ең қажетті тағамды адам тәбетпен жейді.Тәбетпен ішілген ас адам денсаулығы үшін пайдалы.Адамдар бір-біріне жақсы тәбет тілеген кезде,адамның ішетін тағамы оның денсаулығына пайдасын тигізіп,жақсы сіңеді.
Адам тәбетіне әсер ететін:
Уақытында ішкен ас
Дәмді тағам
әдемі жасалған дастархан
өз көңіл күйің.
Әр елдің өзіндік тамақтану мәдениеті болады.Мысалы,жапондықтарда балалар ылғи тамақтану алдында «Итадакимасу» сөзін айтады екен.Бұл сөз «Мен,сіздің мен үшін дайындаған асыңыздың бәрін тауысып жеймін» деген мағынаны білдіреді.Балалардың бұл сөзі өздеріне ас дайындаған үлкендер еңбегіне көрсеткен ықыласы екенін және олардың тағам ішіндегі пияз,сәбіздерді алып тастамай ішетінін,сүт тағамдарын міндетті түрде ішіп және алдарына қойылған асты қалдырмай тауысатынын айтып әңгіме жүргізу.
Үлкендер еңбегін бағала және асты қалдырма.
Жануарлардан алынған тағамдарда-негізінен белоктар,ал өсімдіктерден жасалған тағамдарда дәрумендер көп болатынын айтып түсіндіру.
Дидактикалық ойын: «Не қайда өседі?»
Жеміс-жидектер мен көкөністерді топқа бөледі.
Егер адам бір-ақ түрлі тағаммен ғана тамақтанса,әлсіз және жиі ауырғыш болады.Ал дені сау болып өсетін балалар,қажетті,әр түрлі және толық құрамды тағамдармен қоректенсе,баланың жас ағзасы өзіне осындай тағамдар арқылы күш-қуат алады.Тағамдардың құрамында әр түрлі пайдалы заттар,әсіресе дәрумендер болуы қажет.Дәруменсіз адам денсаулығы жақсармайды.
Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше көп жеу керек,өйткені олар дәрумендер мен пайдалы заттарға толы. Олардың құрамындағы дәрумендер бойдың өсуіне,ағзаның дамуына әсер атаді,көздің көруін жақсартады.Дәрумендер тек өсімдіктерден алынған тағамдардың құрамында ғана емес,сонымен бірге жануарлардан алынған тағамдарда да болады.Сүт тағамдарында,еттерлің құрамында мол болатын кездесетін кальций мен фосфор адам ағзасының негізі болады.
өткен сабақты естеріне түсіріп әңгімелейді.
Жаңа сабақпен танысады.
Қай уақытта тамақ ішетіндерін айтады.
Асқазан сөлі жайында мұқият тыңдайды.
Тамақтану тәртібі жайында әңгімелеседі.
Тамақ ішердің алдында қандай сөздер айтылатынын айтады.
Балалар жапон балаларының қалай ас ішетіні жайлы әңгімені мұқият тыңдайды.
Балалар әліппе дәптердегі суреттер
бойынша жұмыс жасайды.Балалар жұмыс барысында суреттердегі тағам түріне қарай отырып,тағамдардың өсімдіктерден мен жануарлардан алынатындығын,әр тағам өзінше құндылығымен,әсіресе белок пен дәрумендер арқылы ерекшеленетінін түсінеді.
Әліппе дәптермен жұмыс:
Жарнама ойыны: «Менің сүйікті шырыным»
Рефлексивті-
түзетушілік
Қорытынды:
Сенің дене мүшелерің,бұлшық еттерің мен сүйектерің тағамдардың бөліктерінен тұрады.
Тағам әр түрлі болу керек және оны күнде бір уақытта қабылдау қажет
Тамақтанар алдында қолыңды жу.
Тамақтанып болғаннан кейін алғысыңды айтып білдір.
Жас балғын жемістер мен жидектердің жоқ кезінде дәрумен таблеткаларын(поливитамин) іш бірақ,өз мөлшеріңде қабылда.
Балалар сұрақтарға жауап беріп,сабаққа қорытынды жасайды.
Бір-біріне күлімсіреп қарап,
Жақсылық,денсаулық тілейді.
Күтілетін нәтиже:
Білу:
Игеру:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімдері: Валеология
Тақырыбы: Ұйқы –жаның нәрі.
Мақсаты: Ұйқының адам денсаулығы үшін маңызы туралы ұғымдар беру.Ұйқыны күн ережесінің құрамды бір бөлігі деген түсінік қалыптастыру.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Жылулық шеңбер
Балалар шаттық шеңберін жасайды.
Ұйымдастыру-
ізденушілік
Балалар «Валеология» аялдамасына жасаған саяхаттарында танысқан ержелерді қайталайды.
Деніміз сау және күшті болып өсу үшін күн ережесін есімізде ұстау керек.
Тамақтану тәртібін сақтап-асты арнайы бөлінген уақытында ішіп, дәрумендері мол жемістер мен жидектерді көбірек пайдалан.
Денім сау болсын десең-спортпен шұғылдан.
Келесі аялдаманы табу ұсынылады.
Мен жақсы тынықтым!
Сергекпін және күштімін!
Көңіл-күйім көтеріңкі!
Өзімді-өзім өте жақсы сезінемін!
Қимылды ойын: «Күн мен түн»
«Күн» белгісін бергенде балалар күледі,жүгіреді,секіреді т.б.Ал, «Түн» белгісін бергенде қозғалыстарын тиып,бәрі ұйықтайды.
Жұмбақ:
Дүниеде не тәтті
Түсті –сен ұйықтап жатқанда кәдімгі оқиға сияқты көресің.Шын мәнінде мұндай оқиға өмірде болмайды.Кейде түс қызықты,ал кейде тіпті қорқынышты болуы мүмкін.Түстен қорқуға болмайды.Ол сен оянғанда аяқталады.
Кез келген адам үшін ұйқы-өмірлік қажеттілік.Әр адамның түс көруде өзіндік қажеттілігі болады.Жаңа туған нәрестелер тәулігіне 22 сағатқа дейін ұйықтайды,ал ересек адамдар орта мөлшермен 8 сағатын ұйқымен өткізеді екен.Ересек адамдар балаларға қарағанда едәуір аз ұйықтайды.Сен әлі өсіп есейесің,ал ұйқы-өсудің ең тиімді уақыты.
Ұйқы алдында жеке тазалық ережелерін сақтау:жуыну,тісін тазалау,сонымен қатар ойыншықтары мен кітапшаларын жинау керектігі айтылып,әңгіме жүргізіледі.
Күні бойы шаршаған адам денесі үшін ұйқы қолайлы жағдай туғызады.Оның ағзасы демалады.Түнде адам қозғалыста болады,яғни басын бұрады және қол-аяқтарын қозғалтады.Тіпті адам ұйықтап жатқан жағдайдың өзінде денесі қозғалмауы мүмкін емес,сенің жататын төсек орның аса жұмсақ тақатты да болмауы керек.Қатты төсек бұлшық ет пен сүйегіңе батады,сондықтан сенің бұлшық аттарің демалмайды,ал сүйектерің өспей қалады.
Күні бойы сен секіресің, жүгіресің, ойнайсың, сөйлесесің,күлесің,осыдан сенің ағзаң шаршайды.Ал ұйықтағанда сенің денең демалады,жаңа күш жинайды.
Адам бойын ұйқысыздық билесе,ол алаңғасар,ұмытшақ келеді,көңіл-күйі нашарлап,басы ауырып,жұмысқа зауқы болмай,есте сақтау қабілеті төмендейді.Осындай кезде егер өз уақытынан көп ұйықтасаң,сен күні бойы көңілсіз,босаң күйде жүресің.Егер адам жақсы ұйықтаса,ұйқыдан тұрғанда көзі күлімдеп,көңіл-күйі жоғарылап, өзін-өзі сергек сезінеді.
өткен сабақты естеріне түсіріп әңгімелейді.
Жеке тазалық гигиенесын сақтап,қолды сабындап жуып, күніне екі рет тіс тазалау.
Балалар бір-бірінен амандық-саулық сұрайды,кім қалай ұйықтады?
қандай түс көрді?
Көңіл-күйлерін сұрайды.
Әуен ырғағымен қимылмен келтіреді.
Балалар ойынды өте қызықты ойнайды.
-(ұйқы)
Балалар ұйқы жайлы өз білгендерін айтады.
Түс туралы әңгімелейді
Ұйқыға жатар алдында жуынып,
ойыншықтарын жинау керектігін айтады.
Ұйқы туралы балалар мұқият отырып тыңдайды.
Әліппе дәптермен жұмыс:
Дидактикалық ойын
«Ұйқы перизаты»
Рефлексивті-
түзетушілік
Қорыту:
Ұйқы-адам өмірінде аса қажетті нәрсе,ұйқысыз өмір сүру мүмкін емес.Сенің көңіл-күйің мен денсаулығың-сенің қалай ұйықтағаныңа байланысты болады.
Балалар сұрақтарға жауап беріп,сабаққа қорытынды жасайды.
.
Күтілетін нәтиже:
Білу:
Игеру:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімдері: Валеология
Тақырыбы: Дене тәрбиесі
Мақсаты: Балаларды дене тәрбиесінің маңызымен таныстыру.Дене тәрбиесі және емдік дене шынықтырудың пайдасын түсіндіру.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Жылулық шеңбер
Балалар сендермен кездескеніме қуаныштымын.Оң қолын жайып,жүрегінен қуаныш алып балаларға сыйлау.Осы қимылды-сол қолымен,соңынан екі қолмен бірге жасайды.
Қимылдарды балалар бірге жасап,орталарын қуанышқа,жақсылыққа толтырады.
Ұйымдастыру-
ізденушілік
Денсаулық дегеннің не екенін балалардың естеріне түсіріп ертеңгілік жаттығу,тамақтану, ұйқы жайында айта келіп,дене тәрбиесінің бала денсаулығына тигізер пайдасы туралы әңгімелесу.
Дене тәрбиесі сабағы негізінен қозғалыс үстінде өтеді.Қозғалыс-түрлі аурулардан сақтандырып,оларды емдеу үщін тиімді құрал болып табылады.Дене тәрбиесі тек емдеп қана қоймай,сонымен бірге біздің бұлшық еттерімізді жаттықтырып,дамытып,нығайтады.Сүйектерімізбен дене бітімімізді қалыптастырады.Бұл сабақтар жағымды көңіл күй туғызып,бірге әрекет жасау іскерлігін қалыптастырады.Баланың байқағыштық,дәлдік,еркін,бірбеткейлік қасиеттерінің дамуына көмектеседі. Дене тәрбиесіне емдік дене шынықтыру мен дене шынықтыру сабақтары жатады.
Емдік дене шынықтыру сабағы-белгілі бір аурулардың алдын алу мақсатында,ал дене шынықтыру сабағы негізінен мектептерде жүргізіледі.Оның құрамына жаттығулар,жалпы дамытушы және негізгі қозғалыстар жатады.Дене шынықтыру сабағында балалар жаттығулар жасап үйреніп,спорт әлеміне алғашқы қадам жасайды.Дене шынықтыру сабағының пайдасы көп:негізгі қозғалыстарын орындау көңіл-күйіңді жақсы қалыпқа келеді,денең жаттығады,алдындағы сабақтардан шаршағандарың кетеді.Балаларға дене шынықтыру қимылдарын жасау ұсынылады(«Қырықаяқ» ойынының қимылдары).Жеңіл әуен ырғағымен балалар бірінің артына бірі тұрып,сап түзейді.Саптың алдында қырықаяқтың басы болып-педагог,соңында құйрығы ретінде-бала тұрады,ал қалған балалар аяқтары болады.Балалар иректеліп бүкіл залды бойлап бірде аяқтарының ұшымен көтеріліп,бірде өкшелерімен қозғалып,бірде секіріп бірде орындық үстімен,бірде тегіс еденмен жүреді.Қырықаяқтың тату-тәтті аяқтарыны көп екен,егер олар өзара шатысып қалған жағдайда күлмей,керісінше көмектесу керек.«Басқаға көмектессең,өзіңе де көмектеседі» деген нақыл сөздің мағынасын түсіндіру. «Бәріміз-біріміз үшін,біріміз-бәріміз үшін» ұранын еске түсіру.Жалпы дамытушы жаттығулар біздің бұлшық еттерімізге бірітіндеп,бірқалыпты күш түсіріп,ішкі мүшелеріміздің жұмысын арттырып,ағзамыздың ауруларға қарсылық көрсетуін жоғарылатып,есімізді және еркімізді дамытады.Балалар өздеріне ұсынылған «Жасыл достар» (қол бұлшық еттері,аяқ,денеге арналған) жаттығулар жиынтығын орындайды.Олар бірінші сазды әуен ырғағымен бірітіндеп басқа бейнелер жасайды.
№1 жаттығу. «Мықты тамырлар» Балалар жағалай малдас құрып отырып, «аласа ағаш» бейнесін келтіреді, «аласа ағаш» жел соққан кезде оңды-солды қозғалады.Ағаш жерденөзінің тамырын жұлып әкететіндей қатты қозғалады,бірақ тамырының мықтылығынан жұлынбай қалады.
№2 жаттығу. «Күшті дің» Балалар оңға,солға,алға,шалқасынан,ауысу арқылы қимылдар жасайды.
№3 жаттығу. «Созылмалы тамырлар». Балалар аяқтарын бірге қойып,қолдары бүйірлерінде,оңға және солға секіреді.
Жүру,өрмелеу,лақтыру,және негізгі қозғалыс түрлерінің маңызын айту.Дене шынықтыру сабағы осы қозғалыс түрлерінің техникасын дұрыс меңгеруге көмектеседі.Қозғалыс түрлерін дұрыс меңгеру-бала өмірінің қауіпсіздігін сақтауға жәрдемдеседі,барлық буындар менбұлшық еттерді жаттықтырады,қозғалыс үйлестігін,шыдамдылықты,шапшаңдықтышамалаудыдамытады.Қозғалыс ойындары балалардың өзара қарым-қатынас жасауларына ықпалын тигізеді.Балалар өздеріне таныс қимыл-қозғалыс ойындарын естеріне түсіреді
Өткен сабақты естеріне түсіреді.
Жаңа сабақпен танысады.
Балалар сабақты мұқият отырып тыңдайды.
Жеңіл әуен ырғағымен балалар бірінің артынан бірі тұрып,сап түзейді.
Балалар «қырықаяқ» ойынының қимылдарын жасайды
«Бәріміз-біріміз үшін,біріміз-бәріміз үшін»ұранын естеріне түсіреді.
Балалар жаттығуларды орындайды.
Қимыл-қозғалыс ойындарын ойнайды.
Рефлексивті-
түзетушілік
Қорытындылау:
Дене шынықтыру сабағы бала денсаулығының негізі болып табылады.Ол-баланың жұмыс жасау қабілеті мен жағымды көңіл күйіне қолайлы жағдай туғызады.
Балалар сұрақтарға жауап беріп,сабаққа қорытынды жасайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу:
Игеру:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімдері: Валеология
Тақырыбы: Менің отбасым,менің үйім және ондағы менің орным.
Мақсаты: «Отбасы» туралы түсінік беру.
Баланың үйдегі орны жайлы түсініктерін қалыптастыру: баланың үлкенді сыйлау,кішіге қамқор болу,жауапкершілік сезімдерін дамыту.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Жылулық шеңбер
Балалар бір-бірімен амандасады,көргендеріне қуанышты екендерін білдіреді.
Балалар бір-бірімен өткен сабақтардағы қызықты сәттерін естеріне түсіреді.
Балалар бір-бірімен амандасады.
Ұйымдастыру-
ізденушілік
Балалармен «Отбасы» төңірегінде әңгіме жүргізіледі. Әркім өз отбасылары жөнінде әңгімелейді.Ең жақын адамдар-әке,ана,аға,әпке,ата-әже болып табылады. Кішкентайларға үлкендердің көмегі және сүйіспеншілігі қажет.Ал ата-аналар,әсіресе ата-әжелер өздеріне көп көңіл аударғанды жақсы көреді.Олар-әке-шешелеріңнің ата-анасы.Үлкен кісілер демалыс пен тыныштықты жақсы көреді. Ата-әжелеріңді күту керек: Олар жылы сөзден қуат алады. Ата-анаңды сыйла,оларды күт,ренжітпе,қайда болсаң да,ең алдымен олардың жанынан табылуға асық. Әр адамның өз отбасы, өз үйі болады.Үй кірпіштен немесе ағаштан салынуы мүмкін.Алдында әсем бау-бақшалары да болады.Кей адамдар көп қабатты үйлерде тұрады.Онда әр отбасының өз пәтерлері бар.Пәтерде бір немесе бірнеше бөлмелер және ас бөлмесі болады.Өз пәтеріңе қарашы.Ол қандай? Таза,жайлы ма? Бөлмелеріңнің таза,жайлы болуы кімге байланысты? Үйді жинастыруда үлкендерге көмектесесіңдер ме? Сен қандай көмек көрсетесің?
Адам денсаулығының отбасындағы сыластықта үйіңнің тазалығы мен жайлылығына байланыстыболып қана қоймай,сонымен қатар үйдегі,қоршаған ортадағы экологиялық жағдайға да байланысты екенін түсіндіру.Үйдің жанында отырғызылған ағаштар,гүлдер ауадағы оттегін көбейтіп,адамның көңіл-күйін көтереді. Аула-бұл сенің үйіңнің жалғасы.Оның тазалығын сақтау керек.
Есіңде сақта:Үйіңнің жанындағы ағаштар мен гүлдерді суғар. Ауланың тазалығын сақтауда үлкендерге көмектес,сыпыр,су шаш.
Үйде әр баланың өз бөлмесі, өзінің бұрышы болуы керек.Бала өз бөлмесін жинастыруға жауапты екенін сезініп, ойыншықтарын,кітаптарын,төсегін жинай білуі қажет.Әр зат өз орнында тұрғаны жөн.
Д/ойын: «Әр заттың өз орны бар».
Ойыншық-баланың үлкен досы.Олар таза,бүтін және өзінің арнайы орнында тұруы тиіс. Өзің әдемі және ұқыпты болып көрінуің керек.Сенің шашың күтімді қажет етеді.Шаштың досы-тарақ,ол әрқашанда таза болсын. Бөгде тарақпен таранба. Сенің аяқ киімдерің де тазалық пен ұқыптылықты жақсы көреді: оны жу,кептір,аяқ киім майымен майла. Бөгде аяқ киімді киме. Балалар Дәрігер Салауаттың суретін көреді. Дәрігер Салауат дені сау, әдемі,мықты болып өсті, өйткені ол күн ережесін және жеке басының тазалығын сақтады.Ол балалық шағында өзінің бөлмесін таза және ұқыпты ұстады,үйін күтуде ол өзінің ата-аналарына көмектесті. Егер сендер Дәрігер Салауат сияқты өскілерің келсе,мына ержелерді орындаңдар: Әке-шешеңді,ата-әжеңді сыйла,оларды күт,ренжітпе. Ауланың және үйдің тазалығын сақтауда үлкендерге көмектес. Өз бөлмеңнің тазалығын сақта.Лас,ұқыпсыздық адамның денсаулығына кері әсер ететінін есіңде сақта. Әркімнің өзінің жеке заттары және ойыншықтары өз орнында болуы керек. Бөгде тарақпен таранба. Бөгде аяқ киімді киме.
Әркім өз отбасылары жөнінде әңгімлейді.
Балалар өз үйлері жайында айтады.
-аналарына үй жинауға көмектесетіндерін айтады.
Өз үйлерінің ауласы, өсіп тұрған гүлдері жайлы әңгімелейді.
Балалар өз бөлмелері жайында айтады.Өз бөлмелерін қалай жинастыратындарын әңгімелейді.
Балалар ойынды ойнайды.
Балалар Дәрігер Салауаттың суретін көреді.
Балалар Дәрігер Салауаттың ережелерін орындайтындарын айтады.
Рефлексивті-
түзетушілік
Қорытындылау:
-Жеке бастың тазалығын сақтау,тазалық пен ұқыптылық сенің денің сау және бақытты болып өсуіңе көмектеседі. Жақсы үй адамның өз-өзіне деген сенімділігіне және бақытты блуына көмектеседі.
Балалар сұрақтарға жауап беріп,сабаққа қорытынды жасайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу: Өз отбасы және ондағы орны жайында.
Игеру:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
мектепалды даярлық тобы
Күні:
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімдері: Валеология
Тақырыбы: Мен-үйдемін. Қауіпсіздік мектебі.
Мақсаты: Балаларға үйдегі қауіпсіздік ережелері жөнінде түсінік беру.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Балалар «Валеология» елінің картасын қарап,ұзақ жол жүргендерін көреді.
Өткен сабақтағы ережелерді естеріне түсіреді.
Балалар бүгінгі сабағымызды ары қарай жалғастыру үшін денсаулық жайлы басты ережені есімізге түсірейік.
Күлкі деген бір керемет,
Бәрімізге өте керек.
Жақсылық пен қуаныштың,
Белгісі болып есептеледі.
Балалар шаттық шеңберін жасайды.
Балалар дөңгелене тұрып,бір-біріне жақсы тілек,лебіздерін білдіреді.
Ұйымдастыру-
ізденушілік
Балалар келесі аялдама- «Қауіпсіздік мектебі».
«Қауіпсіздік мектебінде» оқитын бала Салауат туралы қысқаша әңгімелеу.Ол үйде және көшеде жалғыз қалған кезінде өзіңді қалай ұстау керектігі жөніндеүйретеді.
Бала Салауат өмірінің бір күні.
Таңартең анасы дәріханаға жиналып жатып оған: «Сен үйде өзің жалғыз қала тұр, есікті ешкімге ашпа, далаға шықпа» деп тапсырады.Кішкентай Салауат төсек орнын жинап, шай ішкісі келеді.Ол ас бөлмесіне барып, газ плитаға келіп, оны жағуға тырысты.Осы кезеңде бала Салауат «Қауіпсіздік мектебінің» ережелерін есіне түсіреді:
Қолыңа сіріңке алма,өрт шығуы мүмкін.
Газдан абай бол! Ол тез тұтанып жарылады.
Бала Салауат сіріңкені жәй орнына қойып,шәйдің орнына сүт ішеді.
Осы кезде біреу келіп қоңырау соғады,бала Салауат есікті ашуға жүгіріп бара жатып, есіне анасының айтқан сөздерін түсіреді де, ақырын өз бөлмесіне кетеді.
Үйде жалғыз қалғанда ешкімге есік ашпа.
Кішкентай Салауат анасы келгенде қуантпақ оймен, өзінің жейдесін үтіктемекші болып, үтікті тоқа қосты. Ал «Қауіпсіздік мектебінің» ережесі қалай еді?
Электр құралдарын тоққа қосуға болмайды.
Кішкентай Салауат үтікті ажыратып тастады.
Анасы үйіне келген кезде қуанышпен қарсы алған кішкентай Салауат үйіне бөтен, бейтаныс адамның келгенін, бірақ өзінің есік ашпағанын айтады.Анасы ұлын мадақтап, «Жарайсың» дейді.
Әліппе дәптері:
Бала Салауат туралы әңгіменің мазмұны мен суреттері бойынша балалар үйде өздерін қалай ұстау керектігі жөніндегі ережелерді жаттайды, басқа да ережелер құрады.
Жинақы бөлме мен ретсіз бөлмені салыстырады.
«Қауіпсіздік мектебі» аялдамасымен танысады.
Бала Салауат туралы әңгімені мұқият тыңдайды.
Балалар ережелермен танысады.
-электр құралдарын тоққа қосуға болмайды.
Балалар әліппе дәптермен жұмыс жасайды, ережелерді жаттайды.
Рефлексивті-
түзетушілік
Қорытынды:
Егер сен үйде жалғыз болған жағдайда, таныс адам келсе де, үлкендер келгенше есік ашпа.
Бейтаныс адамды үйге шақырма.
Балалар сұрақтарға жауап беріп,сабаққа қорытынды жасайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу:
Игеру:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
мектепалды даярлық тобы
Күні:
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімдері: Валеология
Тақырыбы: Мен –көшедемін
Мақсаты: Жолда жүру ережелері туралы мағлұматтар беру.
Балаларға жолда жүрудің тәртіп ережелерін қалыптастыру.
Алған білімдерін іс жүзінде қолдануға қызығушылығын тудыру.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Балаларды шеңберге жинап, «Валеология» картасына қарап, аялдама атын хабарлай отырып, жұмбақ жасыру.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба. (бағдаршам)
Балалар қай аялдамаға келгендерін көреді.
Жұмбақтың шешуін табады
-бағдаршам.
Ұйымдастыру-
ізденушілік
Қалада қозғалыстар көп болса да, бір-біріне кедергі келтірмейтінін айту.Бұл-көлік жүргізушілеріне және жаяу адамға да арналған қатаң ереженің сақталуынан екендігін түсіндіру.Көшенің екінші бетіне өтудің өзіне бағдаршамның: жасыл, сары, қызыл үш көзі көмектеседі. Егер бағдаршам өшіп қалған жағдайда тәртіпті реттеуші жүргізеді.Реттеушінің қолында таяқшасы болады.Көше және жол заңы деп, «Жолда жүру ережесін» айтады.Ол-жаяу адамның қалай болса солай жүргенін кешірмейді, бірақ бұл заң өте қайырымды: ол- адамдарды қауіпсіздіктан сақтайды.
Ойын: «Бағдаршам»
Жүргізуші жасыл түсті көрсеткенде-балалар жүреді, сарыны көрсеткенде-алақандарын соғады, қызыл түсте тыныштық сақтайды.
Жол белгілері туралы түсінік беру. Балаларға алдын ала дайындалған дөңгелек шеңбер, үшбұрыш және басқа да әр түрлі кейіпте берілген белгілерді көрсете отырып, олардың жол бойларында, көшелерде, ілініп тұратынын айтады.Бұлар –жол белгілері.Бұл белгілер арнайы жарқырап тұрады, белгілердің тиімділігі –жол бойының нағыз хабарландырушысы екендігенде. Жол белгілері бірнеше топқа бөлінеді:
Ескерту белгілері. Үшбұрышты қызыл бояуменен көмкерілген бұл белгілер жол бойында жағдайсыз, яғни қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.
Тыйым салу белгілері. Олар дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол-қозғалыс атаулының бәріне тиым салады.
Көрсеткіш белгілері дөңгелек шеңбермен беріліп, көк бояумен көмкерілген. Бұл белгілер көліктің жүретін бағытын көрсетіп, жаяу адамдардың жүруіне болады дегенді білдіреді.
Әліппе дәптермен жұмыс.
Есіңде сақта.
Көшеден өткенде арнайы жерден, жасыл жанғанда ғана өт немесе реттеушінің белгісін күт.
Жол қиылысында аса абай бол.
Көшеден тек жаяулар өтпелері бойынша өт.
Көшелер мен жолдарда шанамен сырғанап ойнама.
Бағдаршам жайлы әңгімелесу.
Балалар ережелермен танысады.
«Бағдаршам» ойынын ойнайды
Балалар бірнеше жол белгілерімен танысды.
Балалар әліппе дәптермен жұмыс жасайды, ережелерді жаттайды.
Рефлексивті-
түзетушілік
Қорытынды:
Бағдаршамды қарауды ұмытпа.
Жолдан өтер кезде-алдымен сол жағыңа, содан кейін оң жағыңа қарап, арнайы жаяу жүру жолымен өт.Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлеспе және ілесіп кетпе.
Балалар сұрақтарға жауап беріп,сабаққа қорытынды жасайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу:
Игеру:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
мектепалды даярлық тобы
Күні:
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімдері: Валеология
Тақырыбы: Күлкі-көңіл ажары.
Мақсаты: Адамның денсаулығын сақтап, нығайтудағы көңіл-күйдің тигізетін әсері жайлы білімдерін қалыптастыру.
Әдемі тіс-күлкі ажары екендігі жөнінже түсінік беру.
Балаларды үнемі ақжарқын, көңілді, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Балалар шеңберге тұрып, өткен сабақтан қандай сәттердің естерінде қалғаны жайлы әңгіме жүргізіледі.
Ұйымдастыру-
ізденушілік
Жана сабақ «Күлкі» аялдамасына саяхат жасайтындарын хабарлау.
Ақ тісті жарқыратып күлуді үйренейік
Жағымсыз әдеттерден жиренейік.
Ешкімнен, ешнәрседен қорықпай,
Мейіріммен әрқашан күлейік.
Отбасы мен қаламызды сүйеміз,
Үлкендердің сөзін ойға түйеміз
Денсаулықты әрқашан да сақтаймыз,
Шынығамыз,жаттығамыз, терлейміз.
Балалар тісті күту ережелерін естеріне түсіреді.
-Біз бүгінгі сабақта күлкінің көмегімен өз көңіл-күйімізді көтеруге,көп дос тауып, өмірде көп жетістіктерге жетуге болатынын үйренеміз.
Дәрігер Салауаттан келген ашық хаттағы ертегіні оқу.
«Ертеде бір қалашықта Күлкі мен Ашу өмір сүріпті.Күлкі өте ақкөңіл,сүйкімді,қайырымды болыпты.Барлық адамдар оны өз үйінде көргендеріне қуанады екен. Оны бәрі қонаққа шақырып, достасуға тырысады.Күлкі қай жерде болса,сол жерде күн нұрын шашып,құстар ән салып,төңіректің бәрі көріктенеді екен.
Ал ашу болса-қабағы қатулы, ешнәрсеге көңілі толмайды.Ол болған жерде бәрі жоғалып кетеді екен.Ешкім көңіл көтеріп күлмейтін болыпты».
Балалар Күлкі мен Ашуды қимылмен (мимикамен) көрсетейікші?
Адам күлген кезде көңіл-күйің ұзақ уақыт көтеріңкі болады.
Дидактикалық ойын:
«Екі мемлекет» «Актерлар» «Кімнің күлкісі ақжарқын?»
Педагогикалық сыр сандықтан қарап ойнайды.
Дәрігер Салауаттың тапсырмасы:
«Күлкі» жаттығуы.
Балалар айнаға қарап әдемі, мейірімді күлкіні бейнелейді.(1минут)Бұл жаттығуды күніне бірнеше рет орындау қажет.
Күлкі қоршаған ортадағы адамдарға әсерін тигізеді.
«Көріністі ойнау» жаттығуы.
-Сендер аналарыңмен бірге үйдесіңдер.Аналарың бүгін көңілсіз және әбден шаршаған кейіпте.
Балалармен бірге көріністі талдап,мынадай қорытынды жасайды:
Біз анамыздың көңілін көтеру үшін-алдымен күліп,оны құшақтап және оның да күлгенін сұрауымыз керек.
-Сендердің күлкілерің әсірісе ата мен әжелерің үшін қажет, сондықтан көбінесе солармен қарым-қатынас жасау керектігін естен шығармаңдар.
Әліппе дәптермен жұмыс.
Сурет мазмұнына қарай баланың бет-әлпетінің суретін салу.
Күлкі-бұл өз көңіл-күйіңе,жақын адамдарың мен достарыңның жүрегіне жол табатын қасиетті кілт.
Бағдаршам жайлы әңгімелесу.
Өлең жолын барлығы бірге қайталап айтады.
Балалар ережелерді естеріне түсіреді.
Ертегіні мұқият отырып тыңдайды.
Балалар қимылмен көрсетеді.
Д/ойынды ойнайды.
Дәрігер Салауаттың тапсырмаларын орындайды.
Көріністі ойнап көрсетеді.
Балалар әліппе дәптермен жұмыс жасайды.
Үлгіге қарап сутер салады.
Рефлексивті-
түзетушілік
Қорытынды:
Үйде,мектепте,көшедеата-анаңа,мұғаліміңе,достарыңа жиі күлімдеп,мейірімді қарым-қатынаста бол.
Сәлемдескенде, күлімде.
Есіңде болсын:
Біз күлкі арқылы өз денсаулығымыз бен бізді қоршаған ортаны сақтай аламыз.
Балалар сұрақтарға жауап беріп,сабаққа қорытынды жасайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу:
Игеру:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
мектепалды даярлық тобы
Күні:
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімдері: Валеология
Тақырыбы: Табиғат-тіршілік нәрі.
Мақсаты: Балалардың табиғат жайлы білімдерін бекіту.
Адам, өсімдік, жануарлар өмірі, табиғат сыйы туралы мәлімет беру.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Таңғы жиын.
Балалар шеңбер құрып отырады.Шеңбердің ортасында қағаз гүл жатады.Гүлдің жапырағында «Валеология» елінің картасы бойынша аялдамалардың аттары жазылған.
Балалар шеңбер құрып отырады.
Ұйымдастыру-
ізденушілік
«Денсаулық лотосы» ойыны барысында балалар «Тазалық», «Тамақтану», «Күн тәртібі» және т.с.с.аялдамаларында қызықты және пайдалы көптеген нәрселерді білгендерін айтып,қалай ауырмай өмір сүруге болатынын үйренеді.
Адам өмірі және оның денсаулығы көңіл-күйі-өмірдегі белгілі бір тәртіпті сақтауына,яғни
Эскулаптың қызы Гигия үйреткендей,өмір заңдылықтарын сүре білу.
Балалармен табиғат және оның адамның денсаулығына қалай әсер ететіні жөнінде әңгімелесу.
Табиғат-адамдарды қоршаған әлем. Бұл-аспан,ай,жұлдыздар,өзен-көлдер,теңіздер,ағаштар,шөптер,жануарлар әлемі.Жел,жауын-шашын, боран, су тасқыны,қар еруі-бұның бәрі табиғаттың құбылыстары.Таулар, тастар,ағаштар,шөптер-табиғаттың денелері.
Табиғат-айналамыздағы қоршаған бүкіл әлем, ал адамдар-өмірдегі ең керемет жаратылыс.
Терезенің үстіңгі желдеткіштерін ашып,балалардың таза ауаны терең жұтуларын сұрау.Табиғат адамдарға ғажайып сыйлықтар сыйлады,оның бірі-таза ауа.Таза ауа біздің ағзаларымызға әсерін тигізеді.Біз оттегімен дем алып,көмірқышқыл газын сыртқа шығарамыз.
Ағаштар-ауаны көмірқышқыл газдардан тазартып,оны оттегіне айналдыру қызметінің қайнар көзі.Бұль да адам денсаулығына жағымды әсер етеді.
Күн-табиғаттың келесі сыйы.Халық даналығында: Күн қай жерге аз түссе,сол жерде адамдар жиі ауырады.Күн шуағы көптеген аурулардың алдын алады.
Балалар терезеге келіп,қолдарын күнге созып, өздеріне жылу мен денсаулық беруін сұрайды.
Өмір шырыны –су.
Адамның ағзасының жартысынан көбі судан құралады.Адам сусыз біраз уақыт қана өмір сүруі мүмкін.Су біздің ішкі ағзаларымызды тазартады.Өсімдік те,жануарлар да
сусыз өмір сүре алмайды.
Балалар таза,салқын суды ішеді.Қолдарын суға салып,беттерін сулы қолдарымен сүртеді.
Әліппе дәптермен жұмыс.
Дәрігер Салауат кеңес береді:
Суды жиі пайдалану мүмкіндігін жіберіп алмаңдар.
Жуыныңдар, үстеріңе су құйыңдар,шомылыңдар.Бұл денсаулықтарыңа пайдалы.
Сөзжұмбақты шешу.
Балаларға глобусты көрсету.
Жер шары-жаратылыстың бір бөлігі.Жер шары әлемі баә және әртүрлі.Міне,Қазақстан Республикасы.Ол глобуста көп орын алып жатыр.Бұл-өте биік таулар,шөл-далалар,өзендер,үлкен қалалар және кіші ауылдар.Бұның бәрі-біздің Отанымыз.Біздің Отанымызжер шарының бір бөлігі.
Балалар,сендер –Қазақстан Республикасының кішкентай азаматтарысыңдар.Сендер ата-аналарыңды және қоршаған табиғатты жақсы көріп,қорғап,туған жеріңді,Отаныңды мақтан тұтуларың керек.
Гүлдің жапырағындағы сұрақтарға жауап береді.
Балалармен табиғат жайлы әңгімелесу
Балалар терезенің жанына келіп таза ауа жұтады.
Балалар дәптермен жұмыс жасайды.
Балалар глобусты көреді.
Қазақстан Республикасы жайында әңгімелеседі.
Глобустан тамашалайды.
Рефлексивті-
түзетушілік
Қорытынды:
Адам-табиғаттың бір бөлігі.
Табиғат-тіршілік нәрі.Кім денсаулығым мықты болсын десе,табиғатты сүйе біліп,табиғатқа,өз-өзіне және жақын адамдарына қамқорлық жасауы керек.
Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру керек.
Күн,ауа және су.Бұлар-табиғаттың сыйы,яғни адамның тіршілігіне қажет,сондықтан оларға қамқорлықпен қараған жөн.
Балалар сұрақтарға жауап беріп,сабаққа қорытынды жасайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу:
Игеру:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
мектепалды даярлық тобы
Күні:
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімдері: Валеология
Тақырыбы: Күн және ауа.
Мақсаты: Жер бетіндегі тіршілік атаулының негізгі қайнар көзі-күн жайлы түсінік беру.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Балалармен терезенің жанына барып,ашық тұрған желдеткішке қарап,терең тыныс алып,дем шығарады.
Табиғат тіршілік қайнар көзі.Тыныс алу жаттығулары денсаулыққа пайдалы.
Балалар күнге қарай қолдарын созып төмендегі сөздерді айтады:
Құдіретті күн,мен сені жақсы көремін,Құдіретті күн,мен сенен өтінемін.Құдіретті күн,маған тыныштық пен қайрймдылық бере гөр,Құдіретті күн,маған денсаулық пен жылулық сыйла.
Балалар терең тыныс алып,дем шығарады.
Күнге қарай қолдарын созып,барлығы қосылып айтады.
Ұйымдастыру-
ізденушілік
Жұмбақ жасыру:
Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан. (Күн)
Күннің жарығы көрінетін және көрінбейтін шуақтардан тұрады.Көрінбейтін шуағына ультра күлгін шуағы жатады.Міне,солардың әсерінен біздің терімізде адам ағзасы үшін маңызды «Д» дәрумені бар.Ал осы дәруменнің жетіспеунінен балаларда мешел ауруы пайда болады.Яғни күн шуағы осындай аурулардың алдын алады.Өйткені күннің жарығы ауруларды қоздыратын көптеген микроағзаларды өлтіреді.Күн шуағы тек теріні ғана нығайтып қоймай-тыныс алу және нерв жүйесінің жұмыстарын,қанның құрамын жақсартады,суық тию ауруларына қарсы тұруына септігін тигізеді.
Балалардың күн астында ұзақ жүрсе,терілері күйетінін,бас киімсіз болса,күн өтіп әлсіздік пайда болатынын,жүрегі айнып,басы айналатынын түсіндіріп өту.
Бала Салауаттың қауіпсіздік мектебінен алған ақыл-кеңесін балаларға айтып беру.
Күнге ұзақ күюге болмайды.Күйік алуың мүмкін.
Күншуағына ұзақ қыздырынба,күн екпіні өтіп кетеді.
Күннің астында бас киімсіз ұзақ жүрме.
Күн-табиғи дәрі.Ал әрбір дәрі қатаң өлшемді талап етеді.Сондықтан күн ваннасын мына ережеге сүйеніп қабылдау қажет:
Күн ваннасын судың жағасында ертеңгілікте күніне бір сағат қана қабылдаған дұрыс.
Релаксацияға арналған жаттығулар.
Балалар өздерін құмның үстінде күн шуағына қыздырынып жатқандай сезінеді.Педагог балаларды парақ қағазбан желпіп өтеді,ал балалар оны жылы желдің лебізі еркелеткендей елестетеді.
-Балалар сендер жел туралы не білесіңдер?
Қозғалыстағы ауаны-желді,балалардың өздері-ақ қолдарымен бетін желпу арқылы жасай алатынын айту.Ауаны көзбен көріп,қолмен ұстауға оның түсі,дәмі,иісі болмайтынын түсіндіру,
Тәжірибе:Әр балаға бір-бір шар беріледі.Олар оны үрлеп,суға салып және ақырындап ауасын шығарады.
Адамдар оттегімен дем алып,көмірқышқыл газын шығарады.Сондықтан бөлменің ауасын жиі тазартып отыру керек. Оттегіге бай,таза ауа балаларды аурудан сақтайды,ал көмірқышқыл газы адам ағзасына зиян келтіреді.Өсімдіктер ауаның табиғи тазартқыштары.Сондықтан демалыс,сауықтыру үйлерін негізінен ағаштар көп өсетін ормандарда салатыны,ал бөлмелерге осы қызметті атқаратын өздерінің достары-бөлме гүлдерін қояды.
Дәрігер Салауаттың кеңесі:
Таза ауа-табиғат байлығы,оны қорғауың керек.Гүлдер мен ағаштарды көп отырғызыңдар.
Жұмбақтың жауабын айтады.
-күн.
Күн туралы әңгімелеседі.
Бала Салауаттың қауіпсіздік мектебінен алынған ақыл-кеңестерді тыңдайды.
Балалар кілемшенің үстіне денелерін босаңсытып,қолдарын төмен созып,көздерін жұмып жатады.Балалар өз-өздерін жақсы сезініп,көтеріңкі көңіл-күйге енді.
-жел туралы балалардың жауаптары айтылады.
Балалар тәжірибе жасайды.
Дәрігер Салауаттың кеңесін тыңдайды.
Рефлексивті-
түзетушілік
Қорытынды:
Күн және ауа-табиғат сыйы.Оларсыз адам баласы тіршілік етуі мүмкін емес.Өсімдіктерді күтіп бапта.Олар ауаны тазартады.
Балалар сұрақтарға жауап беріп,сабаққа қорытынды жасайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу:
Игеру:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
мектепалды даярлық тобы
Күні:
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімдері: Валеология
Тақырыбы: Судың тазасы-дерттің қазасы.
Мақсаты: Балаларға судың денсаулыққа пайдасы туралы түсінік беру. Оны пайдаланудың ережелерін түсіндіру.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Балалар «Валеология» елінің картасын қарап «Су» аялдамасына келіп, күн, ауа жайлы жаңа не нәрсе біліп, үйренгендерін айтады.Өткен сабақтағы ақыл-кеңестерін естеріне түсіреді.
Балалар картаға қарап қай аялдамаға келгендерін біледі.
Ұйымдастыру-
ізденушілік
Педагог балаларға,Табиғат-Ана патшалығына баруды ұсынады,
Жұмбақ жасырады.
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бірақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасаң-қорын тек,
Барша тіршілік қурайды. (Су)
Тәжірибе:
1. Судың қасиеті:
а) түссіз–бояғыш қосу керек---түс пайда болады.
б) дәмсіз,иіссіз—дәмін келтіруші қоспалар қосу керек--- дәм пайда болады.
в) тұрақты пішіні жоқ--- мұздату--- заттың бір пішінге келуі.
Сөздік қимыл ойын: «Теңіз толқиды»
Балалар ойын сөзін айтып,толқынның қимылын көрсетеді.
Педагог балаларға глобусты көрсетіп, оның планатамыздың кішкентай үлгісі екенін айту.Балаларға осы глобусты қарап, қандай түстің көп екенін сұрау.Көгілдір түспен не белгіленген? Су қайда болады?
Жер бетінде шынында да су көп, бірақ теңіздер мен мұхиттардың суы тұзды, ішуге болмайды.
Тәжірибе:
Іші суға толған екі стақан дайындап,біреуінде-тұзды су, екіншісінде-тұзсыз су.Балаларға осы сулардың дәмін татқызып көрсетіп,тұзды су ішуге жарамсыз деген қорытынды жасайды.
Көлдердің, өзендерде, арықтарда, тұзсыз су ағады, онымен бау-бақша суаруға бірақ,ішуге болмайды.Неліктен?
Біздің планетамызда су көп, бірақ тек таза, тазарған,тұзсыз суды ішуге болады.
«Қауіпсіздік мектебінің» ақыл-кеңесі:
1.Өзендерден, жылғалардан ағып жатқан суды ішуге болмайды,оларда қауіпті ауру тудыратын микробтар болады.
2. Суды үнемдеп таза сақтау керек.Оны ластауға болмайды.Таза ауасыз, сусыз адамдар өмір сүре алмайды.
Релаксация:
Балалар өздерін толқында шайқалып тұрған жапырақ секілді сезінеді.
Балалар күн ережесі сәттерінің суреттерін қарап,судың жеке бастың тазалығын сақтаудағы маңызын айтады: жуыну,шынығу, т.с.с.
Сусыз ас әзірленбейді.Көкөністер мен жемістерді жемес бұрын,жақсылап жуу керек,ал ол үшін міндетті түрде су қажет.
Судың пайдасымен қатар,егер «Қауіпсіздік мектебінің» ережелерін дұрыс орындамаса,адам денсаулығына қатерлі.(Әліппе дәптердегі суретттерді қарастыр)
Балалар суға түскенде қатерден сақ болу керек,сондықтан жүзіп үйрену қажет.
«Қауіпсіздік мектебінің» ақыл-кеңестері:
Суға арнайы түсуге арналған жерлерде және үлкендердің бақылауымен ғана түсуге болады.
Қысқы суықта су қатып,мұзға айналады,бірақ ол адамның салмағын көтере алмай,жарылып кетуі мүмкін.
Өзендерде,көлдерде конькимен және шаңғымен сырғанауға болмайды.Ол үшін мұз айдындары және төбешіктер бар.
Дидактикалық ойын:
«Қажетті сөздерді ойла»
Балалар сәйкес келетін сөздермен су,өзен,теңіздерді суреттейді.
Жұмбақтың жауабын айтады.
-су.
Балалар тәжірибе жасап көреді.
«Теңіз толқиды» ойынын ойнайды.
Балалар глобусты көреді.
-көгілдір түсі көп.
-сулар белгіленген
Балалар тәжірибе жасайды,суды ішіп көреді.
«Қауіпсіздік мектебінің» ақыл-кеңестерін тыңдайды.
Балалар аяқ-қолдарын босаңсытып, көздерін жұмып,шалқасынан жатады.
Балалар әліппе дәптердегі суреттерді көреді.
Балалар ақыл-кеңестерді тыңдайды.
Дид/лық ойынды ойнайды.
Рефлексивті-
түзетушілік
Қорытынды:
Таза су-тіршілік атаулы өмірінің нәрі,табиғи құнды байлық. Суды ретсіз ысырап жасауға болмайды,үнемдеу қажет, себебі суды тазалау өте қиынға түседі әрі қымбат.
Балалар сұрақтарға жауап беріп,сабаққа қорытынды жасайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу:
Игеру:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
мектепалды даярлық тобы
Күні:
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімдері: Валеология
Тақырыбы: Күн, ауа және су-біздің жақсы достарымыз.
Мақсаты: Денені шынықтырудың әртүрлі жолдарымен таныстыру және оның адам денсаулығына тигізер әсері жөнінде мағлұмат беру.
Балалар бүгін «Шынығу» аялдамасына өздеріңнің ең жақын достарың, күн, ауа, судың адам денсаулығына, денешынықтыруға тигізетін пайдасы жайлы әңгімелейміз.
Дидактикалық ойын «Егер де... не болар еді?»
-Ешқашан ауырмай,күшті,дені сау болып өсу үшін не істеу керек?
Дәрігер Салауаттың ең қарапайым кеңесі:1-кеңес:-Жалаңаяқ ұзақ жүру керек, ең болмаса үйде.Бұлай жүру әсіресе тегіс емес жермен: тастардың үстімен, ыстық құмда,жерде,қардың үстінде жүргенде жалпақ табандылықтың алдын алып, табандағы нүктелерге арналған массаж болып табылады.
Жер-жалаң аяғыңнан өтіп,бw
mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.064 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию