Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс тақырыбы № 4: Менің жақын шеңберім. Теңестіру және рефлексия өзін-өзі тану механизмдері ретінде





 

1. Теңестіру (лат.) — психологияда көп мәнде қарастырылады (теңдестіру, маңызы бiрдейлiк, ұқсату, біркелкілік, ұқсастық):

- өзін басқа адамммен, басқа адамдармен олармен эмоциональдық байланыс орнату негізінде теңдестіру;

-өзімен немесе «меннің» әртүрлі аспектілерімен өзін-өзі теңестіру .Мысалы, атымен жынысымен, ролімен, өзінің кейбір қасиеттерімен;

-бір заттарды (біреуді) тану, бұл мғынада стимулды тану, қылмыскерлерді теңестіру,адамды кәсібімен және басқалармен теңестіру.

Өзін-өзі тану мәселелері позициясынан алдыңғы екі аспект маңызды болып табылады. Ерте балалық шақтан бастап адам өзін және арнайы бір рольмен теңестіре бастайдй: алғашқыда— ұл бала не қыз бала ролімен, кейін — ата-ана, әже немесе ата; әлеуметтік рольде — оқушы, оқытушы, жұмысшы, қызметкер, ғалым және т.б.Бір ролді ұзақ орындау, адамның өзін сол рольмен теңдестіруіне әкеледі. Әлеуметтік рольдерді алмастыруды кейбір адамдар қиындықпен өтеді.

Индивидтілік индивидуалдылықта болады. Индивидуалдылық – бұл өздігінен дамитын және өздігінен реттелетін автономдық ерекше және қайталанбайтын биоәлеуметтік жүйе.

Бұл жеке адамның болмысының өзіндік бүтіндігін сақтау шеңберінде үздіксіз сыртқы және ішкі өзгерістерін өз - өзіне ұқсастыру формасы.

2. Рефлексия. Рефлексия (латын сөзі. ) - (өзінің ішкі қалпы жайлы ойлау, өзін-өзі талдау) – өткенге мән беру, адамның бірнеше рет өз әрекеттерінің, ойларының басына қайта қайту қабілеті, сырттан бақылаушы позициясында тұру ептілігі, өзінің істеген істерін қайта ойлау, өзін-өзі тануды қоса алғанда. Әдетте психологияда рефлексияның келесі түрлерін келтіреді::

· қарым-қатынастық — оның обьектісі басқа адам және оның қаракеттерiнiң себептерi мен ішкі әлемін түсіну болып табылады. Бұл жерде рефлесия басқа адамды тану механизмі болады;

· тұлғалық — таным обьектісі, сол танымды іске асрушы тұлғаның өзі, оның қасиеттері мен сапалары, мінез-құлықтық мінездемесі, басқалармен қатынас жүйесі болады;

· интеллектуалдық —, әртүрлі тапсырмаларды шешу барысында, шешімдердің әртүрліі амалдарын талдау, тиімділерін табу, бірнеше рет тапсырманың шартына қайту қабілетіндекөрініс береді.

Егер рефлексиялық механизмдердің бірізділігін қарастыратын болсақ (А. А. Тюков бойынша) онда олар алты кезеңнен тұрады.

Рефлексиялық шығу - басқа адамды және өзiн-өзi басқа құралдар және әдiстермен тануға мүмкiн емес жағдайда iске асады

Бағытталғандық (интенция - бағытталғандық) - рефлексия объектісіне бағытталғандық, оны басқа объекттердiң арасында ерекшелеу.

Алғашқы категориялау - рефлексия iске асыратын алғашқы құралдарды таңда.

Рефлексиялық құралдар жүйесiн құрастыру- таңдалған алғашқы құралдардың, рефлексиялық талдауды мақсатты және дәлелдi тексеруге мүмкiндiк беретiн кейбiр жүйеге бiрiгуi.

Рефлексиялық мазмұнның схематизациясы - әртүрлi таңбалы құралдар қолдану есебiнен жүргiзiледi: түр, нышандар, схемалар, тiл конструкциялары (мысалы, үш даналар туралы есеп шығару, мүмкiн олардың суретiн салып немесе схемалы бейнелеу-бұл рефлексиялық таныстыруды ұйымдастырады).

Рефлексиялық сипаттаманы объектілеу - алған нәтиженi бағалау және талқылау; нәтижесi қанағаттанарлықсыз жағдайда, рефлексия процессi қайта iске қосылады.

Сонымен, теңестiру танушыға басқаларға және өзін ұқсастырылуға болатын болып мүмкiншiлiк бередi рефлексия - сияқты қорғанып қалып талдасын себептi-тергеулi байланыстардың анықтауымен әртүрлi позициялармен тануға болатын

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6, 7, 8-16.

Қосымша әдебиеттер: 20,32,33,37,41,43.







Date: 2015-09-18; view: 1458; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию