Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жүйелі қабыну жауапта пайда болатын қабыну медиаторлары





Қан суйығында, цитокиндерден басқа байланысқан төрт жүйелер бар, олар да қабыну медиаторларын бөледі: оларға кининдік, сұйықтырғыш және фибринолитикалық жүйелер жатады. Бұл жүйелердің активтенуінде пайда болған қабыну медиаторлары жүйелік қабыну серпілістерге қатысады.

Кининдік жүйе тіндердің бұзылуы барысында белсенеді.Ол ферментті каскад құрады және қан тамырлардың эндотелийі бұзылу арқылы сұйықтық факторы әсерінен (XII фактор, немесе Хагеман факторы) белсенген брадикинин пайда болады, ол калликреиннің аралық өнімі болып табылады.

Брадикинин қан тамырлардың өткізгіштігін күрделі түрінде жоғарлатады, кеңеюін шақырады, ауыру және тегіс бұлшық етінің құрысуын (спазм) шақырады.

Калликреин С5-тің С5а-ға және С5в-ға бөлу арқылы комплемент жүйесіне тікелей әсер етеді. С5а мес жасушалар мен базофилдер дегрануляциясы арқылықан тамырлардың өткізгіштігін жоғарылатады және туа біткен иммунды жүйенің фагоциттеріне хемоаттрактант болып табылады (төменде). Сонымен, кининдік жүйе жүйелі қабыну серпілістер дамуында және жергілікті қабыну үрдістердің күшеюінде маңызды рөл атқарады.

Ұйытқыш жүйе фибриннен түзілетін қабыну медиаторларының бөлінуін күшейтеді. Ол қан тамырлар қабырғасының бұзылуымен шақырылатын және фибриннің көбеюіне келтіретін ферментативті каскад болып табылады. Қабыну үрдісінің өзі ерімейтін фибрин және еритін фибринопептидтер түзілуіне келтіреді, өйткені қабыну кезінде сұйықтық жүйесінің Р-селектин мен муцин араласуы арқылы белсенеді. Ол кезде белсенген макрофагтардың тіндік фактор бөлуімен барлық жүйенің белсенуімен өтеді. Ол кездепайда болған фибрин қан ағуының алдын алады және қанмен бірге патогендердің жайылуын шектейді. Фибринопептидтер қан тамырлар өткізіштігін және нейтрофилдер хемотаксисін қоздыратын, басқаша, қабыну медиаторлар болып табылады.

Фибринолизистік жүйе қан сұйылғанда пайда болатын ұйытқылардыбұзады. Фибринолиздік жүйенің ең соңғы кезеңдерінде пайда болатын және фибринді гидролиздейтін негізгі ферментке плазмин жатады.

Плазмин өзі қабыну дамуына ықпал жасайды, өйткені ол клмплемент жүйесін белсендіреді. Фибриннің гидролизі арқылы пайда болатын фибринопептидтер, жоғарыда айтылғандай, нейтрофилдердің хемотаксисін шақырады және қан тамырлар өткізгіштігін жоғарылатады.

Қабыну жауабы дамуында комплемент жүйесінің өнімдері де қатысады, ең біріншіден С3а пен С5а, және С5в67. С3а мен С5а-тің мес жасушалар мен базофилдер қабырғасының рецепторларына жабысуы, қабыну медиаторларына жататын қан тамырларының өткізгіштігін жоғарылататын вазоактивті аминдер (гистамин, серотонин, брадикинин) бөлінуі арқылы дегрануляциясын шақырады. С3а, С5а және С5в67 моноцит/макрофагтармен нейтрофилдерге әсер ету арқылы олардың қан тамырлар эндотелийіның жасушаларының адгезиясын және комплемент белсенуі өтетін тіндер аймағына эндотелиалды қабық арқылы экстравазациясын шақырады.

Сөйтіп, комплемент белсенуі арқылы қабыну ошағына басқа қабыну медиаторлары (мысалы, СРБ, МЖЛ, т.б.) және антиденелері бар сұйықтық жиналуы күшейеді.

Комплемент белсенуі қабыну ошағына жауабында маңызды рөл атқаратын фагоцитоздаушы жасушалардың жылжуына ықпал етеді.

Комплемент жүйесінің белсенуі туа біткен иммунды жауап (альтернативті және лектинді белсену жолдары), үрдісінде және адаптивті гуморалды жауаптың эффекторлы кезеіңінде (классикалық жолы) жүреді. Комплемент жүйесінің құрылысы, оның белсену механизмдері және негізгі қызметтері төменде қарастырылған.

Date: 2015-09-05; view: 921; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.011 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию