Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Хемокиндер





Хемокиндер (хемотаксистік цитокиндер) – ол қабыну цитокиндердің, хемоаттрактанттар қасиеті бар, негізгі тобы. Хемоаттрактанттарға жасушалардың концентрациясы өсуі бойынша олардың жылжуын шақыратын заттарды айтады. Бірақ хемоаттрактантардың бәрі хемокиндерге жатпайды. Хемоаттрактанттардың маңызды тобына комплемент активтенуінің аралық факторлары – С3а мен С5а фрагменттері жатады. Жұқпалар ошағына лейкоциттерді жинайтын хемоаттрактанттарға, мысалы, жұқпа кезінде бактериалды нәруыздар бұзылғандағы әртүрлі N-формил-пептидтер жатады. Бірақ, хемоаттрактанттар көп түрлі болса да, хемокиндер иммунды жауаптың қалыптасуына және реттелуіне маңызды болады яғниолар кеңфункционалды негізгі кіші ерітінді нәруыздар топшасын (40 –қа жақын) құрады, олар селективті түрінде әр түрлі лейкоциттердің жылжуын, адгезиясын және активтенуін реттейді.

Хемокиндерге рецепторлар барлық лейкоциттерде болады. Сонымен бірге, лейкоциттер түріне өзіне сай, ерекше рецепторлары тобы болады.

Хемокин рецептормен байланысқанда жасушада бірқатар өзгерістер пайда болады: хемотаксистан басқа (хемокин концентрациясы градиенті бойынша жасушалардың жылжуы), оның көлемі өзгеруі мүмкін, осы жасушалардың интегриндерінің (адгезиялаушы нәруыздар) экспрессиялануы белсенеді. Хемокиндер фагоциттерде оттегінің белсенді формаларының шығуын стимулдайды және олардың дегрануляциясын –нейтрофилдер мен МФ-дан протеазалар шығуын, базофилдерден гистаминнің, брадикининнің және серотониннің, эозинофилдерден бірнеше топ медиаторлардың, оның ішінде цитотоксикалық нәруыздар шығуын тудырады.

Көпшілікті хемокиндер мен олардың рецепторларының синтезі индуцибельді болып келеді, олардың бөлінуін сәйкесті рецепторлар арқылы патогендер де, әр түрлі қабыну цитокиндер де стимулдайды.

Хемокиндер екі негізгі топтарға: қабыну хемокиндер және гомеостаздық хемокиндерге бөлінеді.

Қабыну хемокиндер жұқпаларға және тіндер бұзылуына қарсы өндіріледі және оларда туа біткен иммунитет жасушаларының хемотаксисін шақырады. Түрлі хемокиндер қабыну ошағына әр түрлі лейкоциттердің (нейтрофилдер, базофилдер, NK-жасушалар, т.б.) хемотаксисін шақырады. Түрлі хемокиндер қабыну ошағына әр түрлі лейкоциттердің жылжуын шақырып, қабыну түрін қалыптастырады.

Қабыну цитокиндердің өндірушілеріне фагоцитоздаушы жасушалар (моноцит/макрофагтар, нейтрофилдер) және қан тамырлар эндотелийінің жасушалары, тері мен шырыш эпителийі және Толл-тәрізді рецепторлар арқылы патогендермен белсендірілген басқа да кейбір жасушалар жатады. Хемотаксистік белсендлігінен басқа, хемокиндер қабыну цитокиндерімен бірге (ИЛ-1, ИЛ-6, TNF-α, т.б.) қан тамырларының өткізгіштігін жоғарылатады, қан тамырлар эндотелийінің адгезивті қасиеттерін өзгертеді және қаннан жеткен нейтрофилдер, моноциттер, лимфоциттер, т.б. жасушалар белсенуін шақырады. Осындай қабыну цитокиндер мен хемокиндердің бірге әсерлеуі қорғаныс қабыну жауабы дамуының негізіне жатады.

Қабыну хемокиндер мысалына ИЛ-8, ИЛ-16, ИЛ-31, RANTES-нәруызы, т.б. жатады.

RANTES нәруызының синтезі фагоцитоздаушы, эпителиалды және тағы басқа жұқтырылған тіндік жасушаларда жасушаішкілі TLR3, TLR7, TLR8 және TLR9 Толл-тәрізді рецепторлар арқылы шақырылады. Бұл хемокин қабыну ошағына NK-жасушаларды, жетілмеген ДЖ және эффекторлы Т-лимфоциттерді жинайды.

ИЛ-8 – хемотаксистік қабыну цитокині, сонымен қатар нейтрофилдердің белсендірушісі болып табылады. Ол моноцит/ макрофагтармен, гранулоциттермен, кейбір Т-лимфоциттермен, фибробласттармен және эндотелий жасушаларымен өндіріледі. ИЛ-8 нейтрофилдердің, базофилдердің және кейбір Т-лимфоциттер субпопуляцияларының қабыну ошағына хемотаксисін шақырады.

ИЛ-16 – хемотаксистік қабыну цитокині, басқаша оны лимфоцитарлы хемотаксистік фактор деп атайды. Оны өндірушілерге Т-лимфоциттер жатады. ИЛ-16 қабыну ошағына CD4+Т-лимфоциттердің, моноциттердің және эозинофилдердің миграциясын белсендіреді.

ИЛ-31 – Тх2 мен белсендірілген моноциттер өндіретін кең спектрлі, соның ішінде хемокин белсенділігі бар, цитокин. Ол нейтрофилдердің, моноциттер мен Т-лимфоциттердің терілік қабыну ошағына хемотаксисін шақырады.

Гомеостаздық хемокиндер, немесе лимфоидтық хемокиндер – ол табиғаты бойынша строма жасушалары мен және шеткері лимфоидтік ағзалардың және тіндердің қан тамырларының эндотелийінде экспрессияланады және олар осы ағзаларда ДЖ мен лимфоциттердің әр түрлі субпопуляцияларның миграциясы мен тұрақтануын қалыптастыратын нәруыздарға жатады.

Гомеостаздық лимфокиндер мысалдарына BCA-1, MDC, TARC (қазіргі кезде 10 адамның гомеостаздық хемокиндері белгілі) және басқа нәруыздары жатады.

Барлық шеткері лимфоидты органдар мен тіндерде әр түрлі арнайылығы бар аймақтары болады, олар Т- және В-лимфоциттердің байланысуы мен белсенуін және олардың АТЖ-мен, ең біріншіден, антигенді жұтудан кейінгі шеткері лимфоидты органдарға жылжитын дендритті жасушалардың, байланысуын шақырады.

Ең көрнекті мысалға Т- және В-тәуелді аймақтар болуы, біріншілік және екіншілік лимфоидты фолликулдар мен лимфа түйіндеріндегі ұрықтық орталықтар болуы жатады. Лимфоидті тіннің осындай мамандандырылған құрылысы осы аймақтарда өзгеше экспрессияланған лимфоидты хемокиндермен көрінеді.

Хоуминг молекулаларының хемокиндерімен бірге хемокиндер аңқау Т- және В-лимфоциттердің лимфа түйіндерінің сәйкесті аймақтарына миграциясын шақырады және қанда рециркуляциялы эффекторлы Т-лимфоциттердің субпопуляцияларының миграциясын бақылайды және олардың лимфоидты тіндерден шығуын реттейді, солай үздіксіз рециркуляцияны сақтап, осы жасушаларды өлімнен сақтайды.

Сонымен, лимфоидтық хемокиндер шеткері лимфоидты мүшелер мен тіндерде миграциялаушы және резиденттік жасушалардың қалыпты популяциялық құрамын сақтауға бағытталған өнімдерге жатады.

Date: 2015-09-05; view: 1585; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию