Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Отыз Алтыншы Сөз





Пайғамбарымыз салалаһу ғалайһи уəселəмнің [32] хадис шарифінде [33] айтыпты: «Мəн лə хаяһүн уə лə иманун лəһу» [34] деп, яғни кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ, деген. Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: «Ұят кімде болса, иман сонда» деген. Енді бұл сөзден білінді, ұят, өзі иманның бір мүшесі екен. Олай болғанда, білмек керек, ұят өзі қандай нəрсе? Бір ұят бар — надандықтың ұяты: Жас бала сөз айтудан ұялған секілді, жақсы адамның алдында жазықсыз-ақ əншейін барып жолығысудан ұялған секілді. Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болса да, надандықтан бойын керістендіріп, ешілмегендік қылып, ұялмас нəрседен ұялған ұялу — ақымақтық, жамандық.

Шын ұят сондай нəрсе: шариғатқа теріс я ақылға теріс, я абиұрлы бойға теріс бір іс себепті болады. Мұндай ұят екі түрлі болады. Біреуі — ондай қылық өзіңнен шықпай-ақ, бір бөтен адамнан шыққанын көргенде, сен ұялып кетесің. Мұның себебі, сол ұят істі қылған адамды есіркегендіктен болады. «Япырмай, мына байғұсқа не болды, енді мұның өзі не болады дегендей, бір нəрсе іштен рақым секілді болып келіп, өзіңді қысып, қызартып кетеді.

Біреуі сондай ұят, шариғатқа теріс, я ақылга, я абиұрлы бойға теріс, я адамшылыққа кесел қылық, қатеден, яки нəпсіге еріп ғапылдықтан өз бойыңнан шықкандығынан болады. Мұндай ұят қылық қылгандығыңды бөтен
кісі білмесе де, өз ақылың өз нысабың өзіңді сөккен соң, іштен ұят келіп, өзіне жаза тарттырады. Кірерге жер таба алмай, кісі бетіне қарай алмай, бір түрлі қысымға түсесің. Мұндай ұяты күшті адамдар ұйқыдан, тамақтан қалатұғыны да бар, хатта өзін-өзі өлтіретұғын кісілер де болады. Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп қылған қысымның аты. Ол уақытта тілге сөз де түспейді, көңілге ой да түспейді.
Көзіңнің жасын, мұрныңның суын сүртіп алуға да қолың тимейді, бір ит боласың. Көзің кісі бетіне қарамақ түгіл, еш нəрсені көрмейді. Мұндай қылыққа жетіп ұялған адамға өкпесі бар кісі кешпесе, яки оның үстіне тағы аямай өртендіріп сөз айтқан кісінің өзінің де адамшылығы жоқ, десе болар.

Осы күнде менің көрген кісілерім ұялмақ түгіл, қызармайды да. «Ол істен мен ұятты болдым дедім ғой, енді нең бар?»— дейді. Я болмаса, «жə, жə, оған мен-ақ ұятты болайын, сен өзің де сүйтпеп пе едің»— дейді. Немесе «пəленше де, түгенше де тірі жүр ғой, пəлен қылған, түген қылған, менікі оның қасында несі сөз, пəлендей, түгендей мəнісі бар емес пе еді?»— деп, ұялтамын десең, жап-жай отырып дауын сабап отырады. Осыны ұялған кісі дейміз бе, ұялмаған кісі дейміз бе? Ұялған десек, хадис анау, жақсылардан қалған сөз анау. Осындай адамның иманы бар дейміз бе, жок дейміз бе?!

Отыз Жетінші Сөз
1. Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.
2. Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өні қашады.
3. Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады, өшкені де болады.
4. Кісіге біліміне қарай болыстық қыл: татымсызға қылған болыстық адамды бұзады.

5. Əкесінің баласы — адамның дұспаны.
Адамның баласы — баурың.
6. Ер артық сұраса да азға разы болады.
Ез аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас.
7. Өзің үшін еңбек қылсаң өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың;
адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың.
8. Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, Пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол — көп, ендеше, көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, женге сал.
9. Адам баласын замана өстіреді, кімде-кім жаман болса, замандасының бəрі виноват.
10. Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.
11. Дүниеде жалғыз қалган адам — адамның өлгені. Қапашылықтың бəрі соның басында. Дүниеде бар жаман да көпте, бірақ қызық та, ермек те көпте.
Бастапқыға кім шыдайды? Соңғыға кім азбайды?
12. Жамандықты кім көрмейді. Үмітін үзбек — қайратсыздық. Дүниеде еш нəрседе баян жоқ екені рас, жамандық та кайдан баяндап қалады дейсің! Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді!
13. Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза, қуаты артында болғаны. Егер де аузынан қара қан ағызса, домбыт мақтаншақ я қорқақ.
14. Қуанбақтық пен бақ — мастықтың үлкені, мыңнан бір кісі-ақ к…н ашпайтұғын, ақылы бойында қалады.
15. Егер ісім өнсін десең, ретін тап.
16. Биік маңсап — биік жартас.
Ерінбей еңбектеп жылан да шығады.
Екпіндеп ұшып қыран да шығады.
Жікшіл ел жетпей мақтайды,
Желөкпелер шын деп ойлайды.
17. Дүние — үлкен көл,
Заман — соққан жел,
Алдыңғы толқын — ағалар,
Артқы толқың — інілер,
Кезекпенен өлінер,
Баяғыдай көрінер.
18. Бақпен аскан патшадан,
Мимен аскан қара артық;
Сақалын сатқан кəріден
Еңбегін сатқан бала артық.
19. Тоқ тіленші — адам сайтаны,
Харакетсіз сопы — монтаны.
20. Жаман дос — көлеңке,
Басыңды күн шалса,
Қашып құтыла алмайсың;
Басыңды бұлт шалса,
Іздеп таба алмайсын.
21. Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас.
Қайғысыздан сақ бол,
Қайғылыға жақ бол.
22. Қайратсыз ашу — тұл,
Тұрлаусыз гашық — тұл,
Шəкіртсіз ғалым — тұл.
23. Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң
— өзің ғана тілейсің.

Отыз Тоғызыншы Сөз
Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалыгы төмен болған, бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ендігі жұрт ата-бабаларымыздың мінді ісін бір-бірлеп тастап келеміз, əлгі екі мінезін біржола жоғалтып алдық. Осы күнгілер өзге мінезге осы өрмелеп ілгері бара жатқанына қарай, сол аталарымыздың екі ғана тəуір мінезін жоғалтпай тұрсақ, біз де ел қатарына кірер едік, мінез жоқ болған соң, əлгі үйренген өнеріміздің бəрі де адамшылыққа ұқсамайды, сайтандыққа тартып барады. Жұрттықтан кетіп бара жатқанымыздың бір үлкен себебі сол көрінеді.

 

Ол екі мінезі қайсы десең, əуелі — ол замаңда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Көші-қонды болса, дау-жанжалды болса, билік соларда болады екен. Өзге қара жұрт жақсы-жаман өздерінің шаруасымен жүре береді екен. Ол ел басы, топ басылары қалай қылса, қалай бітірсе, халықта оны сынамақ, бірден-бірге жүгірмек болмайды екен. «Қой асығын қолыңа ал, қолайыңа жақса, сақа қой», «Бас-басыңа би болсаң, манар тауға сыймассың, басалқаңыз бар болса, жанған отқа күймессің» деп, мал айтып тілеу қылып, екі тізгін, бір шылбырды бердік саған, берген соң, қайтып бұзылмақ түгіл, жетпегеніңді жетілтемін деп, жамандығын жасырып, жақсылығын асырамын деп тырысады екен. Оны зор тұтып, əулие тұтып, онан соң жаксылары да көп азбайды екен. Бəрі өз бауры, бəрі оз малы болған соң, шыныменен жетесінде жоқ болмаса, солардың қамын жемей қайтеді?

Екіншісі — намысқор келеді екен. Ат аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға, өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салысады екен. «Өзіне ар тұтқан жаттан зар тұтады» деп, «Аз араздықты қуған көп пайдасын кетірер» деп, «Ағайынның азары болса да, безері болмайды» деп, «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» десіп, «Жол қуған казынаға жолығар, дау қуған бəлеге жолығар» десіп.

Кəнеки, енді осы екі мінез қайда? Бұлар да арлылық, намыстылық, табандылықтан келеді. Бұлардан айрылдық. Ендігілердің достығы — бейіл емес, алдау, дұшпандығы — кейіс емес, не күңдестік, не тыныш отыра алмағандық.

 

Date: 2015-09-19; view: 422; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию