Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жиырма Алтыншы Сөз





Біздің қазақтың қосқан аты алдында келсе, күреске түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуанады.

Білмеймін, содан артық қуанышы бар ма екен? Əй, жоқ та шыгар! Осы қуаныш бəрі де қазақ қарындастың ортасында, бір хайуанның өнерінің артылғанына, я бір бөтен адамның жыққанына мақтанарлық не орны бар? Ол озған, алған, жыққан өзі емес, яки баласы емес. Мұның бəрі — қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ, биттей нəрсені бір үлкен іс қылған кісідей қуанған болып, ана өзгелерді ызыландырсам екен демек.

Біреуді ызаландырмақ — шариғатта харам, шаруаға залал, ақылга теріс.
Əншейін біреуді ыза қылмақтың несін дəулет біліп, қуанады екен? Жə, болмаса, ана ыза болушы соншалық неге жер болып қалады екен?

Жүйрік ат — кейде ол елде, кейде бұл елде болатұғын нəрсе, қыран құс та, жүйрік ит те — кейде оның қолына, кейде мұның қолына түсетұғын нəрсе.

Күшті жігіт те үнемі бір елден шыға ма. Кейде ана елден, кейде мына елден шығады. Мұның бəрін адам өз өнерімен жасаған жоқ. Бір озған, бір жыққан үнемі озып, үнемі жығып жүрмейді. Соның бəрін біле тұрып, жерге кіргендей я бір арамдығы шыққандай, жамандығы білінгендей болып несіне ұялып, қорланады екен?
Енді осылардан ойлап білсеңіз болады: надан ел қуанбас нəрсеге қуанады.
һəм қуанғанда не айтып, не қойғанын, не қылғанын өзі білмейді, есі шығып, бір түрлі мастыққа кез болып кетеді. Һəм ұялғандары ұялмас нəрседен ұялады, ұяларлық нəрседен ұялмайды.

Мұның бəрі — надандық, ақымақтықтың əсері. Бұларын айтсаң кейбіреуі «рас, рас» деп ұйыған болады. Оған нанба, ертең ол да əлгілердің бірі болып кетеді. Көңілі, көзі жетіп тұрса да, хайуан секілді əуелгі əдетінен бойын тоқтата алмайды, бір тиянақсыздыққа түсіп кетеді, ешкім тоқтатып, ұқтырып болмайды.
Не жаманшылық болса да бір əдет етсе, қазақ ол əдетінен еріксіз қорыққанда я өлгенде тоқтайды, болмаса ақылына жеңгізіп мұным теріс екен деп өздігінен тоқтаған адамды көрмессің.

Жиырма Сегізінші Сөз
Ей, мұсылмандар! Біреу бай болса, біреу кедей болса, біреу ауру, біреу сау болса, біреу есті, біреу есер болса; біреудің көңілі жақсылыққа мейілді, біреудің көңілі жаманшылыққа мейілді — бұлар неліктен,— десе біреу, сіздер айтасыздар: Құдай Тағаланың жаратуынан, бұйрығынша болған іс деп.
Жə, олай болса, біз Құдай Тағаланы ғайыбы жоқ, міні жоқ, өзі əділ деп иман келтіріп едік. Енді Құдай Тағала бір антұрғанға, еңбексізге мал береді екен. Бір Құдайдан тілеп, еңбек қылып, пайда іздеген кісінің еңбегін жандырмай, қатын-баласын жөндеп асырарлық та қылмай кедей қылады екен.
Ешкімге залалсыз бір момынды ауру қылып, қор қылады екен. Қайда бір ұры, залымның денін сау қылады екен. Əке-шешесі бір, екі баланың бірін есті, бірін есер қылады екен.

Тамам жұртқа бұзық болма, түзік бол деп жарлық шашып, жол салады екен.
Түзікті бейіске шығарамын, бұзықты тозаққа саламын деп айта тұра, пендесінің біреуін жақсылыққа мейілдендіріп, біреуін жаманшылыққа мейілдендіріп, өзі құдайлық қүдіретімен біреуін жақсылыққа бұрып, біреуін жамандыққа бұрып жіберіп тұрады екен. Осының бəрі Құдай Тағаланың ғайыпсыз, мінсіз ғафур23 рахимдығына, əділдігіне лайық келе ме? Жұрт та, мүлік те — өзінікі. Бүл қылганын не дей аламыз? Өз мүлкін өзі не қылса қыла береді.

Оны ғайыпты болды дей алмаймыз десең, ол сөзің Құдай Тағаланың ғайыбы, міні жоқ емес, толып жатыр, бірақ айтуға бата алмаймыз дегенің емес пе? Олай болғанда, пенде өз тырысқандыгыменен не табады? Бəрін қылдырушы өзі екен. Пенде пендеге өкпелейтұғын еш нəрсе жоқ. Кім жақсылық, кім жамандық қылсадағы Құдайдан келген жарлықты қылып жүр екен дейміз бе?

Əрбір ақылы бар кісіге иман парыз, əрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз екен. Жəне де əрбір рас іс ақылдан қорықпаса керек. Жə, енді біз ақылды еркіне жібермесек, Құдай Тағаланың ақылы бар кісіге иман парыз дегені қайда қалады, «Мені таныған ақылменен таныр» дегені қайда қалады? Дініміздің бір жасырын
тұрган жалғаны жоқ болса, ақылды, оны ойлама дегенімізге пенде бола ма?

Ақыл тоқтамаған соң, діннің өзі неден болады? Əуелі иманды түзетпей жатып, қылған ғибадат не болады? Жоқ, сен жақсылық, жамандықты жаратқан —
Құдай, лəкин қылдырған Құдай емес, ауруды жаратқан Құдай, ауыртқан Құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан Құдай, бай қылган, кедей қылган Құдай емес деп, нанып, ұқсаң болар, əйтпесе — жоқ.

Жиырма Тоғызыншы Сөз
Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар.
Əуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүргені құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, — ол ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек — ол арлы адамның ісі.
«Қалауын тапса қар жанады», «Сұрауын тапса адам баласының бермесі жоқ» деген ең барып тұрган Құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп қорлықпенен өмір өткізгенше малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой.

«Атың шықпаса, жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған аттың несі мұрат?
«Жүз күн атан болганша, бір күн бура бол» дейді. Тəңірге жазып мінбей-түспей, арып, шөмеңдеп диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды. «Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны.

«Ата-анадан мал тəтті, алтын үйден жан тəтті» дейді. Ата-анасынан мал тəтті көрінетұғын антұрғанның тəтті дерлік не жаны бар? Ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың қылығы емес пе? Ата-ана шамасы келсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді. Ол ата-анасын сатқан соң, Құдайга дұшпандық іс емес пе? Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек.

Отыз Үшінші Сөз
Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі — қазақтың əулиесі сол. Бірақ Құдай Тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтың кеселдері болады.

Əуел — бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп көріп, біраз істес болып, өнер арттырайын деп, түзден өнер іздемейді, Қолындағы аз-мұзына мақтанып, осы да болады деп, баяғы қазақтың талапсыздығына тартып, жатып алады.

Екінші — ерінбей істей беру керек қой. Бір-екі қара табылса, малға бөге қалған кісімсіп, «маған мал жоқ па?» дегендей қылып, еріншек, салқау, салғырт, кербездікке салынады.

Үшінші —»дарқансың ғой, өнерлісің ғой, шырағым», немесе «ағеке, нең кетеді осы ғанамды істеп бер!» дегенде маған да біреу жалынарлыққа жеткен екенмін деп мақтанып кетіп, пайдасыз алдауға, қу тілге алданып, өзінің уақытын өткізеді. Жəне анаған дүниенің қызығы алдауды білген дегізіп, көңілін де мақтандырып кетеді.

Төртінші — тамыршылдау келеді. Бағанағы алдамшы шайтан тамыр болалық деп, бір болымсызын берген болып, артынан үйтемін-бүйтемін, қарық қыламын, тамырым, досым десе, мен де керектінің бірі болып қалыппын ғой деп жəне жасынан іс істеп үйден шықпағандық қылып, жоқ-барға тырысып,
алдағанды білмей, дереу оның жетпегенін жеткіземін деп, тіпті жетпесе өзінен қосып, қылып бер дегенінің бəрін қылып беріп, күні өтіп еңбек қылар уақытынан айрылып, «жоғары шыққа» қарық болып, тамак, киім, борыш есінен шығып кетіп, енді олар қысқан күні біреудің малын бұлдап қарызға алады.
Оны қылып берейін, мұны қылып берейін деп сонымен табысы құралмай, борышы асып, дауға айналып, адамшылықтан айрылып, қор болып кетеді. Осы несі екен? Қазақтың баласының өзі алдағыш бола тұрып жəне өзі біреуге алдатқыш болатындығы қалай?

 

Отыз Төртінші Сөз
Жұрттың бəрі біледі өлетұғынын жəне өлім үнемі қартайтып келмейтұғынын, бір алғанды қайта жібермейтұгынын. Қазак осыған да, амал жоқ, нанады, анық өз ойына, акылына тексертіп нанбайды.
Жəне һəмманы жаратқан Құдай бар, ахиретте сұрау алады, жамандыққа жазғырады, жақсылыққа жарылғайды, жазғыруы да, жарылғауы да пенде ісіне ұқсамайды, бегірек есепсіз қинауы да бар, бегірек есепсіз жетістіруі де бар деп, бəріне — сендік дейді. Жоқ, онысына мен сенбеймін. Олар сендім десе де,
анық акиқат көзі жетіп, ден қойып, ұйып сенбейді. Ол екеуіне анық сенген кісі уайым ойлап не керек? Осы екеуіне лайықты жақсылықты өздері де іздеп таба береді. Егер де осы екеуіне бұлдыр сеніп отырса, енді неге сендіре аламыз.

 

Оны кайтіп түзете аламыз? Оларды мұсылман деп, қалайша иманы бар ғой дейміз.
Кімде кім ахиретте де, дүниеден де қор болмаймын десе, білмек керек: еш адамның көңілінде екі қуаныш бірдей болмайды, екі ынтық құмарлық бірдей болмайды, екі қорқыныш, екі қайгы — олар да бірдей болмайды. Мұндай екі нəрсені бірдей болады деп айтуға мүмкін емес. Олай болғанда қай адамның
көңілінде дүние қайғысы, дүние қуанышы ахирет қайғысынан, ахирет қуанышынан артық болса — мұсылман емес. Енді ойлап қарай бер, біздің қазақ та мұсылман екен.

Егер де екі нəрсе болса, бірі ахиретке керекті, бірі осы дүниеде керекті, бірін алса, бірі тимейтұғын болса, сонда біреу ахиретке керектіні алмай, екінші кез келгенде алармын деп, жоқ, егер кез болмайтұғын болса, кең Құдай өзі кеңшілікпен кешіреді-дағы, мына кезі келіп тұрғанда мұны жіберіп болмас деп,
дүниеге керектіні алса, енді ол кісі жанын берсе, ахиретті дүниеге сатқаным жоқ деп, нануга бола ма?
Адам баласына адам баласының бəрі — дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде — туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің — бəрі бірдей, ахиретке қарай — өлуің, көрге кіруің, шіруің, махшарда сұралуың — бəрі бірдей, екі дүниенің қайғысына, пəлесіне хаупің, екі дүниенің жақсылығына рахатың бəрі бірдей екен. Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па? Біріңе-бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге де қонақ екенсің, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық қылып
кез алартыспақ лайық па?

Тілеуді Құдайдан тілемей, пендеден тілеп, өз бетімен еңбегімді жандыр демей, пəленшенікін əпер демек ол Құдайға айтарлық сөз бе? Құдай біреу үшін біреуге жəбір қылуына лайығы бар ма? Екі сөздің басын осарлық не ақылы не ғылымы жок, тұра, өзімдікін жөн қыламын деп, құр «өй, Тəнір-ай!» деп таласа бергеннің несі сөз? Оның несі адам?

 

Date: 2015-09-19; view: 558; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию