Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жиырма Үшінші Сөз





Біздің қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш, бір жұбаныш бар.
Оның қуанышы: елде бір жаманды тауып, я бір адамның бұл өзі қылмаған жаманшылығы шықса қуанады. Айтады: Құдай пəленшеден сақтасын, о да адаммын деп жүр гой, оның қасында біз сəулелі кісінің бірі емеспіз бе, оған қарағанда мен таза кісі емеспін бе?— деп. Оған Құдай Тағала айтып па пəленшеден тəуір болсаң болады деп? Я білгендер айтып па, əйтеуір өзіңнен наданшылығы асқап, я жаманшылығы артылған кісі табылса, сен жаманға қосылмайсың деп? Жаманға салысып жақсы бола ма? Жақсыға салысып жақсы болад-тагы. Жүз ат бəйгеге қосылса, мен бəйге алдым деген сөз болса жарар, алдында неше ат бар деп сұрар, артында қалган ат нешеу деп сұраганның несі сөз? Мен бес аттан, он аттан ілгері едім дегеннің несі қуаныш?
Енді жұбанышы: жалғыз біз бе, елдің бəрі де сүйтіп-ақ жүр гой, көппен көрген ұлы той, көппен бірге болсак, болады-дағы деген сөзді жұбаныш қылады. Оған Құдай Тағала айтып па, көптен қалмасаң болады деп, көпке қаһарым жүрмейді деп пе? Көпке тұзағым жетпейді деп пе? Ғалым көпке келіп пе? Біреуден тарап па? Хикмет17 көптен тарай ма? Бірден тарай ма? Көпке қорлық жүрмей ме? Бір үйдің іші түгел ауырса, жеңіл тие ме? Жоқ жарымы ауырып, жарымы сау болса, жеңіл тие ме? Жер білмеген көп адам адасып жүрсе, бір жер білетұғын кісінің керегі жоқ па екен? Көп кісі жолаушының бəрінің аты арығаны жақсы ма? Жоқ, жарымы арыса, жарымысының күйлісі жақсы ма? Жұт келсе, елдің бəрінің түгел жұтағаны жақсы ма?
Жарым-жартысы аман қалганы жақсы ма? Осы көп ақымақтың бір ақымаққа несі жұбаныш? Тұқымымызбен аузымыз сасық болушы еді деген жаман күйеу қалыңдығын жеңіп пе? Көңілін сол сөзі разы қылуға жетіп пе? Ендеше, көбіңнен қалма, сен де аузыңды сасыта бер деп пе?!

Жиырма Төртінші Сөз
Осы күңде жер жүзінде екі мың миллионнан көп артық адам бар, екі миллион(*) қазақ бар.
Біздің қазақтың достығы, дүшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, енер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді-біріміз аңдып, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз.
Үш миллионнан халқы артық дүниеде бір қала да бар, дүниенің бас-аяғын үш айналып көрген кісі толып жатыр.
Өстіп, жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді-біріміз аңдып өтеміз бе? Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қалып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен?
Əй, не болсын! Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?

 

Date: 2015-09-19; view: 371; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию