Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Кіріспе
Орта мектептерде оптикалық приборлардың қолданылуы мен жұмыс істеу принциптерін физикалық практикумдар арқылы оқытып үйретудің әдістемесі
Курстық жұмыс пәні: Физиканы оқыту әдістемесі пәні
Дайындаған: 04303 топ студенті Балтабаева Г.С
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Иманғалиева Б.С
Орал 2015
МАЗМҰНЫ
Кіріспе I тарау. Орта мектептерде оптикалық приборлардың қолданылуы 1.1 Оптика туралы жалпы түсінік II тарау. Оптикалық тарауын оқытуда жасалатын зертханалық жұмыстармен мен оны өткіздің әдістемесі 2.1 Микроскоптың үлкейту моделін құру және құрастыру 2.2. Дифракциялық тор көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау 2.3 Спектроскоптың бөлiктенуi және бөлiктеу қисығы бойымен жарық толқын ұзындығын анықтау 2.4 Фототоктiң Жарықтылық күшiнің тәуелдiлiгін зерттеу 2.5 Шамның коэфициенттерін салыстыру, шамының жарықты қайтарып беруi және люминесценттiк шам 2.6 Фотоаппараттың құрылғысын зерттеу және фотоға түсiру
Орытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың айтқанындай «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады. Біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту, оларды реформалау ісін қорытынды жолға қоюмыз керек». Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдірудің басты міндеті – білім берудің қазіргі заманғы сапасы қамтамасыз ету және білім беру жүйесінің барлық құраушыларын жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өзекті әрі болашақ сұраныстарына сәйкестікке келтіру болып табылады. Қазақстан Республикасы білім беру стандартының, базистік оқу жоспарының қабылдануы пәнді оқыту мазмұнына, құрылымына, әдістемесіне елеулі өзгерістердің енгізілуін талап етеді. Қазіргі кезде физиканы оқытуда оқушылардың болашақта қандай мамандықты таңдап алуына тәуелсіз, олардың пән бойынша міндетті дайындық деңгейін қамтамасыз ету физиканы оқытудың өзекті міндеттерінің бірінен саналады. Ал физикалық білім берудің ерекшелігіне әрбір оқушының, оның ішінде пәнге ерекше ықылас пен қабілеттілік байқатқан оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік туғызатын оқытудың деңгейлік және бағдарлы саралауға бағытталуын жатқызуға болады. Мен «Мектеп физика курсының оптикалық приворларды қолдану бойынша жасалынатын физикалық практикумдар және оны ұйымдастырып өткізудің әдістемесі» мәселелік тақырыбы аясында жұмыстанып курстық жұмысымның негізгі нысаны ретінде алдым. Зерттеудің мақсаты: Оқушылардың оптикалық приборлардың қолданылуын оқытып үйрету және алған білімдерін жүйелеу мақсатында физикалық практикумдар ұйымдастырып және оны өткізудің әдістемесін ұсыну.
Міндеттері: - Физикалық зертханалар өткізу - Оптика теориясы бойынша физикалық практикумдар жинақтау - Күрделі қондырғылармен жұмыс істеу арқылы оқушыларда экспериментальды іскерліктерді дамыту
Зерттеудің әдісі: Жаңа педагогикалық технологиялардың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, физиканы оқыту әдістемесінде эксперимент түрінде зерделеу.
Ғылыми жаңалығы: Мектеп физика курсын оқытуда мұғалімдерге және оқушыларға әдістемелік нұсқау жасау. Практикалық құндылығы: Осы ұсынып отырған физикалық практикумдарды орта мектептің физика пәнін оқытуда қолданса, оқушылардың білімдері берік қаланып, практикалық шеберлік пен дағды қалыптасады. Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттен тұрады.
Ақпараттық базы: физиканы оқыту әдістемесі туралы оқулықтар, мектеп өтілетін зертханалықтар туралы оқулықтар, интернет көздері.
Зерттелу нысаны: орта мектептің физика пәні Тірек сөздер: оптикалық құралдар, дифракциялық тор, линза, фотоэлемент, лупа, микраскоп, жарықтық, толқын ұзындығы.
Date: 2015-09-19; view: 911; Нарушение авторских прав |