Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Емтихан билеті. Анеуплоидияда жұп хромосомалардың біреуінің жетіспеуі қалай аталады. Анеуплоидия деп кариотиптегі кейбір хромосомалар санының





Анеуплоидияда жұп хромосомалардың біреуінің жетіспеуі қалай аталады? Анеуплоидия деп кариотиптегі кейбір хромосомалар санының өзгеруі аталады. Анеуплоидияға моносомиктер (жұп хромосомалардың біреуінің жетіспеуі -2п-1), трисомиктер (кариотипте қосымша бір хромосоманың пайда болуы -2п+1), нулесомиктер (кариотипте гомологты екі хромосоманың да жоқ болуы -2п-2), тетрасомиктер (2п+2), қосмоно- және қостетросомиктер (2п-1-1 жене 2п+1+1) жатады. Анеуплоидияның пайда болуының негізгі механизмі митоздық және мейоздық бөлінуде кейбір хромосомалардың клетка полюстеріне қалыпты ажырамауы және жоғалып кетуіне байланысты

Гендердің хромосомада орналасқан орны қалай аталады? Локуст гендердің хромосомада жүйелі орналасуы.

Мейозда аллельдi гендер қалай ажырайды? Мейозда аллельдi гендер Цитологиялық негізі бойынша гаметалар тазалығы бойынша,гомологты хромосомалар мен оларда орналасқан аллельді гендер мейозда әртүрлі гаметалар бойынша ажырайды. Кейін ұрықтану кезінде зиготада қосылады

Альтернативті немесе қарама-қарсы бір жұп белгілері бойынша ажыратуға болатын ата-аналық формалардың будандасуы қалай аталады? Альтернативті белгілері бар екі организмді будандастырудан алынған ұрпақты гибридтік (будандық) ұрпақ деп, ал оның жекелеген дарабастарын – гибрид (немесе будан) деп атайды. Ықшамдылық үшін гибрид ұрпақты Ғ әрпімен (латынның Filia – ұрпақ деген сөзінің бірінші әрпі) белгілейді, ол әріпке индекс қойылады және ондай индекс гибрид ұрпақтың реттік нөміріне сәйкес келеді. Хромосоманың белгілі бір бөлігінде орналасқан, тұқым қуалайтын белгі – қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін тұқым қуалау ақпаратының генетикалық өлшем бірлігі ген деп аталады. Альтернативті жұп белгілерді анықтаушы жұп гендерді аллеломорфты жұп деп, ал жұп болып келу құбылысын аллеломорфизм немесе аллелизм деп атайды. Әр ген екі түрлі жағдайда болады және олар бір жұп түзеді, ал ол жұптың әр мүшесі аллель деп аталады. Мендель тұқым қуалайтын альтернативті жұп белгілерді латын алфавитінің әріптерімен көрстеуді ұсынды. Мысалы, А және а, В және в т.с.с. Альтернативті немесе қарама-қарсы бір жұп белгілері бойынша ажыратуға болатын ата-аналық формалар будандастырылса, оны моногибридті будандастыру деп атайды.

Қандай будандастыру арқылы алынған ұрпақтар тұқым бермейді? Әріден будандастыру арқылы алынған ұрпақтар тұқым бермеген

 

 







Date: 2015-09-02; view: 1480; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию