Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Емтихан билеті





Фенотип дегеніміз не? Анықтама беріңіз. Фенотип (грек. phaіno – көріну және тип) – ағзаның онтогенез барысында қалыптасқан барлық белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы. Фенотип ағзаның тұқым қуалау негізі болып табылатын генотип пен сол ағзаның дамуы жүріп жатқан қоршаған орта жағдайларының өзара әрекеттесуінен пайда болады. 1909 жылы Фенотип терминің алғаш рет дат ғалымы В.Иогансен (1857 – 1927) ұсынды. Фенотип ешқашан генотиптің жалпы көрінісі бола алмайды, ол тек белгілі бір қолайлы орта жағдайында ғана жүзеге асатын генотип бөлшегінің көрінісі болып табылады. Генотип пен Фенотип арасында нақты түрдегі байланыс болмайды, яғни генотиптің өзгеруі әрқашан Фенотип тің өзгеруімен қатар жүрмейді (немесе керісінше). Сондықтан генотиптері толық түрде бірдей болып келетін бір жұмыртқалы егіздердің өзі әр түрлі тіршілік жағдайларында дамып жетілген болса, олардың арасында айтарлықтай үлкен Фенотип тік айырмашылықтарды байқауға болады. Микроэволюция барысында сұрыпталу дарабастардың Фенотип тері бойынша жүріп отырады. Соның нәтижесінде популяцияда генотип арқылы бақыланатын қажетті деген Фенотип тері бар даралар сақталып отырады. Популяцияда генотипі әр түрлі дарабастар болған жағдайда Фенотип бойынша сұрыпталу генотип бойынша сұрыпталуға алып келеді. Генотиптік өзгергіштік болмаған жағдайда, Фенотип бойынша сұрыпталу ешқандай нәтиже бермейді. Мұны Иогансен таза линияларға жүргізген сұрыптау тәжірибелері арқылы көрсетіп берді.Фенотип — бір ағзаның барлық көрінісі мен қасиеттерінің жинағы. Генотиптің сыртқы ортамен қарым-катынасынан туады.

Мейозда аллельдi гендер қалай ажырайды? Интерфазада ДНҚ-ның синтезделуі, хромосомалардың екі еселенеуі болады. І-ші профаза Хромосомалардың тығыздалуы. Гомологты хромосомалардың коньюгациясы-биваленттердің түзілуі, хромосомалардың гомологты бөліктерінің алмасуы. І-ші метафаза Биваленттердің экватор жазықтығына орналасуы. І-ші анафаза Гомологты хромосомалардың полюстерге таралуы. Әр биваленттерге жататын хромосомалардың тәуелсіз таралуы. І-ші телофаза Гаплоидты ядролардың жасушада түзілуі (екі ядро). ІІ-ші профаза Хромосомалардың тығыздалуы. ІІ-ші метафаза Центромераның экватор жазықтығына орналасуы. ІІ-ші анафаза Жаңа түзілген хроматидтердің әр полюстерге таралуы. ІІ-ші телофаза Төрт гаплоидты ядроның пайда болуы.

Популяциядағы генетика динамикасының факторлары. Популяция динамикасындағы инбридинг және аутбридингтің маңызы. Популяциялық генетика — тұқым қуалаушылық құбылысын топ дарабастарында яғни популяцияда зертейтін генетиканың бөлімі. Генетик - популяционистер популяцияның генетикалық құрылымын және осы құрылымның ұрпақтан ұрпаққа өзгеруін зерттейді. Популяциялардың қалыптасуы эволюциялық негізі үш фактор - тұқым қуалаушылық, өзгергіштік және сұрыптау арқылы іске асады. Популяцияның қалыптасуы кезінде пайда болатын эволюциялық өзгерістер микроэволюция деп аталады. Популяциялардың екі түрін ажыратады: табиғи және жасанды. Табиғи популяцияның генетикалық құрамы негізінен табиғи сұрыпталудың нәтижесінде анықталса, ал жасанды популяцияның қалыптасуы адам арқылы жүретін қолдан сұрыптау арқылы іске асады. Осыған байланысты ауыл шаруашылығында өсірілетін малдар тұқымын алуан түрлі жасанды популяциялар ретінде қарауға болады. Генетикалық құрылымы жағынан популяцияға қарама-қарсы түсінік - таза линия. Өздігінен тозаңданатын жеке өсімдіктің ұрпақтары таза линия болып саналады. Мұндай будандастырудан алынған дарабастар бір-бірімен генетикалық құрамы жағынан айырмашылығы жоқ болады деп санауға болады, өйткені олар популяцияға қарағанда толық гомозиготалық генотиппен сипатталады. Мал өсіруде таза линия алу қиын, себебі ұрпақтың гомозиготалық дәрежесін жоғарылататын туыс малдарды шағылыстыру инбредті депрессияға соқтырады. Сондықтан мал шаруашылығы тәжірибесінде таза линия алуға тырыспайды, мал тұқымын асылдандыру әр уақытта популяцияда жүреді. Ал зертханалық жануарлардың (тышқан, егеуқүйрық т.б.) жоғары гомозиготалы линияларын алудың генетикалық тәжірибелер үшін маңызы зор.


Жануарлар мен өсімдіктердің ұрықтану процессінің жалпы және спецификалық ерекшеліктері. Жыныстық көбеюдің тұрақсыз типтері: партеногенез, апомиксис, гиногенез, андрогенез. Партеногенез, апомиксис (гр. parthenos - тың, genesis — шығу, пайда болу) — көптеген өсімдік және жануарлар организміндегі ұрықтанбаған жұмыртқа клеткасынан ұрықтың дамуы; жыныс жасушаларының қосылуынсыз дамыған жаңа ағза: ұрықтанбаған жұмыртқадан (партеногенез) спорофиттің вегетативтік жасушасынан(апоспория) және т.б. Көбінесе күрделігүлділер, раушангулділер, астық тұқымдастыларда кездеседі. Гиногенез (грек, gyne — әйел, genesis — шығу тегі) — ұрықтану процесі кезінде кейбіржағдайларға байланысты сперматозоид ядросының (пронуклеусінің) овоцит ядросымен (пронуклеусімен) қосылмай-ақ, ұрықтың тек жұмыртқа жасушасының ядросымен ғана даму процесі. Гиногенез — партеногенездің бір түрі. Андрогенез (көне грекше: ἀνδρός — еркек; көне грекше: γένεσις — шығу, шығу тегі) — ұрықтану кезінде жұмыртқа жасушасына (овоцит ке) сперматозоид енгеннен кейін, ұрықтанған овоцит тің тек сперматозоидтың ядросымен ғана даму процесі. Бүл процесті "еркек партеногенезі" деп те атайды. Андрогенез көбіне ұрықтануға дейін овоцит ядросының кейбір жағдайларға байланысты ыдырап кетуі нәтижесінде, тек сперматозоид ядросының қатысуымен жүретін процесс.

Аллелизм. Көп аллельділік. Аллельді гендердің өзара қатынасы. Бұрын қарастырылған фенотип бойынша ажыраулардың нәтижелері геннің екі аллельділік жағдайы мысалы, бұршақта ген А-а В-в болатындығы ескеріле отырып түсіндірілді. Бірақ, біраз гендердің бірнеше немесе одан да көп аллельдері болады. Мұны геннің көп аллельділігі деп атайды. Көп аллельділік жағдайында гаметада немесе спорада белгілі бір геннің тек жалғыз ғана аллелі, ал жоғары сатыдағы өсімдіктердің және жануарлар мен адамның дене клеткаларында ондай геннің екі аллелі болады. Адамда болатын көп аллельділкітің мысалы ретінде қан топтарын анықтайтын АВО аллельдерін алуға болады Адамда қанның төрт тобы болады: О,А,В және АВ. Олар бір геннің үш түрлі аллельдері арқылы анықталады: І А, І В және і. І Ажәне І В аллельдері і аллеліне қарағанда доминантты, бірақ олар бір-біріне кодоминантты болып келеді, яғни І Ажәне І В аллельдерінің екеуі де гетерозиготаларда бірдей мөлшерде байқалады.







Date: 2015-09-02; view: 1307; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию