Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Емтихан билеті. Мендельдің екінші заңына анықтама беріңіз
Мендельдің екінші заңына анықтама беріңіз. Мендель зерттеген толық доминанттылықтан басқа, F1 будан белгілері аталық және аналық формалардың ешқайсысына толық ұқсамай, аралық сипатта болатын толық емес (толымсыз) доминанттылық және F1 ұрпақта аталық пен аналық белгілердің гетерозиготаларда бірдей мөлшерде көрінуі кодоминанттылық құбылыстары анықталған. Егер бұршақ өсімдіктердің 1-будан ұрпағы F1 өздігінен тозаңданса, онда олардың 2- F2 ұрпағында атасының да, анасының да белгілері байқалады.Мысалы, бұршақтың сары және жасыл түсті тұқым жарнақтары бар түрлерін будандастырудан алынған 1-ұрпақтың түсі сары болады. Ал осы F1 будандарын өздігінен тозаңданудан алынған F2 ұрпағында сары және жасыл түсті тұқымдары бар өсімдіктер пайда болады. Яғни 1-будан ұрпақта көрінбеген белгілер (жасыл түс) 2-ұрпақта көрінеді. Доминантты және рецессивті белгілері бар тұқымдардың F2-де сандық арақатынасы 3:1 болады. Бір жұп белгілердің осындай арақатынаста ажырауы Мендельдің екінші заңы немесе ажырау заңы деп аталады. Ажырау заңының негізінде доминантты және рецессивті гендердің гетерозиготалық организмде бірімен бірі араласып кетпей, гаметалар түзген кезде таза күйінде ажырайтындығында жатыр. Бұл құбылыс генетика ғылымына гаметалардың тазалық ережесі ретінде енді. Гендердің өзара әрекеттесуіндегі тұқым қуалаушылық. Полимерия мен плейотропия. Эпистаз-гендер әрекеттесүінін комплементарлыққа карсы кұбылысы мұнда аллельді емес гендердін біреуі екіншісінін әсерін басып тастап жарыққа шығармайды.Басымдык касиет көрсететін алғашкы генді эпистаздық ген немесе супрессор деп ал әсері көрінбей калған екінші генді гипостаздык ген деп атайды.М/сы тауыктарда кауырсындарынын түрли-түсти болуы С генінін доминантты аллелі мен анықталады,ал басқа J генінін доминантты аллелі суперссор болып табылады,сондықтан доминантты С генінін болғанына қарамастан супрессор бар жерде тауық ақ түсті болады.Полимерия-екі немесе бірнеше аллельді емес доминантты гендердің бірдей дәрежеде әсер ете отырып,бір белгіні өте айқын түрде күшейтіп жарыққа шығару кұбылысы.Ондай гендер тобын полимерлік гендер деп,анықталатын генді полигенді белгі деп атайды.Плейотропия-бір генге байланысты бірнеше белгілердін дамып,көрініс беруі табиғатта жиі кездеседі,мендель өз тажірибесінде кара қошқыл түсті гүлі бар өсімдіктердің, әдетте жапырақ сағағы қызыл,ал тұкымдарының қабығы қоңырқай келетінін байкаған.Адамда плейотропияга Марфан синдромы мысал болады. Бірнеше белгілермен сипатталатын бұл ауру генотиптегі бір ғана өзгеріске ұшырауына байланысты қалыптасады. Ол геннің өзгеруі себпті дәнекер ұлпасының қалыпты дамуы бұзылады, соның салдарынан көз бұршағының құрылысы өзгереді, жүрек қан тамырлар жүйесінде аномалиялар байқалып, қол саусақтары ұзарып өсіп, өрмекшінің аяқтарына ұқсас пішінге ие болады. Комплентарлык –екі немесе бірнеше аллельді емес гендердін өзара бірін-бірі толықтырып жарыққа шығаруы. Қандай қосылыстар ақуыз молекуласының мономерi болып табылады? Амин қышқылдары.Егер ақуыздың құрамына 14 аминқышқылдары кірсе, Ақуыздар – бұл таралмаған полимерлер, олардың мономерлері нуклеотидтер болып табылады Кроссинговерге ұшырамаған гендер қалай аталады? Кроссинговерге ұшырамаған гендер қалай аталады? Тиісті гендері бар гомологті хромосомалардағы сәйкес бөліктердің алмасу процесі? Кроссинговер деп аталады. Кроссинговерге ұшырамаған гендер Кроссоверлі деп аталады. Популяция және оның генетикалық құрылымы. Популяциялар мен таза линиялар туралы. В.Иогансен ілімі. Популяциялар мен таза линиялар туралы. В.Иогансен ілімі. Популяция деген терминді 1903 жылы генетикаға бірінші рет В. Иогансен енгізді. Ол мұны генетика жөнінен әртекті особьтар тобын белгілеу үшін пайдаланды. Қейінірек бұл терминнің бастапқы мағынасы өзгертіліп, экологияда кең пайдаланылды. Қазіргі кезде популяция — нақтылы территорияға байланысты, бір түрдің табиғи кеңістік о с о б ь т а р ы н ы ң тобы м а ғ ы н а с ы н д а ұғылады. Популяция әр түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Бұған дейін қандай да бір жанжағы шектелген ықшам территорияда, мысалы, белгілі бір орманда мекендеуші ж е р г і л і к т і немесе ықшам популяция туралы сөзқылдық.. Бұдан басқа, экологиялық және географиялық популяциялар болады. 2.Панмиксиялық популяцияларда келесі ұрпақтың тұқым қууалаушылық құрылымын ұрықтану кезінде әртүрлі гаметалардың сан алуан үйлесулері есебінен саны ата-аналардың берілген гаметалардың түрлі типтердің жилігіне байланысты. Расаларға жіктелетін осындай түрлер п о л и т и п т і к түр делінеді. Политиптік түрден бөлінетін расалар үш бейнеде болуы мумкін: 1) түр тармағы, 2) экотип және 3) биологиялық раса. Тіркесу тобы дегеніміз не? Тірі организмдегі тіркесу тобының саны нешеге тең болады? Бір хромосомада орналасқан гендердің айқаса алмай, бірігіп тұқым қуалауын гендердің тіркесуі деп атайды. Яғни, олар бір-бірінен тәуелсіз ажырап кетпей, бірге тұқым қуалайды. Алғаш рет бұл құбылысты 1905 жылы У. Бэтсон және Р. Пеннет хош иісті бұршақ өсімдігіне жасаған тәжірибелерінде ашқан болатын. Гендер тіркесу құбылысы ашылғаннан кейін Т.Морган мен оның қызметтестері бір жұп гомологты хромосомада орналасқан гендердің тұтасымен тұқым қуалап тіркесу топтарын құрайтындығын анықтады. Белгілі бір топқа жататын гендерді будандастыру кезінде бір-бірімен тіркесетіндегі байқалды, ал әртүрлі топтарға жататын гендер бір-біріне тәуелсіз тұқым қуалайды. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі гендердің тіркесу топтарының саны хромосомалар жұптарының санына сәйкес келетіндігін көрсетті. Мысалы, дрозофила шыбынында 4 жұп хромосома және 4 тіркесу тобы, арпа мен бұршақта 7 жұп хромосома және 7 жұп тіркесу тобы бар. Тіркесудің екі түрі болады. Толық тіркесу және толық емес тіркесу. Date: 2015-09-02; view: 1603; Нарушение авторских прав |