Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






С) Обыр 2 page





{Дұрыс жауап}= A

{Ауырлық}= 2

{Оқулық}= (Неврология и нейрохирургия Е.И.Гусев, А.Н.Коновалов, Г.С.Бурд, 2000 г. Болезни нервной системы, Том 1, Н.Н.Яхно, А.Д. Штульман, 2001 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$005

Науқас, 50 жас,беттің оң жақ бөлігіндегі ұстама тәрізді ауырсыну шағымымен келіп түсті.Ауырсыну кенеттен пайда болады және өткір,кеселіген тәрізді сипатта,10-15 секундқа созылады.Ауырсыну ұстамасы сөйлеу,шайнау және жұтыну кезінде пайда болады.Ауырсыну ұстамасы кезінде бетін тері жабындыларының қызаруымен мимикалық бұлшықеттерінің спазмы байқалады.Ұстамадан тыс уақытта инфраорбитальды нүктенің ауырсынуы,оң жақ жоғарғы жақ аймағының гиперстезиясы.Науқасқа қандай топтағы препаратты тағайындау керек және неге?

A) Антибиотиктер, қабынуға байланысты

B) Антиоксиданттар,ишемия аймағы бар

C) Тырысуға қарсы препараттар,эпиприпадканың болуына жоғары мүмкіндік

D) Тырысуға қарсы препараттар,невропатиялық ауырсыну орыны бар

E) Спазмолитиктер,негізгі патогенезі спазмға байланысты болуы

{Дұрыс жауап}= D

{Ауырлық}= 3

{Оқулық}= (Неврология и нейрохирургия Е.И.Гусев, А.Н.Коновалов, Г.С.Бурд, 2000 г. Болезни нервной системы, Том 1, Н.Н.Яхно, А.Д. Штульман, 2001 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$006

Науқас 20 жаста, стационарға аяқтарының әлсіздігіне, көруідің нашарлауына - кітап оқығанда әріптер екі еселенеді, оң жақ бетінің ұйып қалуына шағымданып түсті. Анамнезінен: жиі ЖРВИ. Обьективті: есі анық, контактіге түседі. БМН: қарашық OD=OS, фотореакциялар сақталған,көзин сыртқа қарауды өтингенде екі жақтада мұрынға қарай бағытталу анықталмайды, аккомодация мен конвергенция бұзылмаған, оң жақта горизонтальды крупноразмашистый нистагм. Оң жақ бет бөлігінде сезімталдық төмендеген. Аяқтарындағы бұлшықет күші 3 балл, тонустары төмендеген, қолдарында- анықталады D=S, аяқтарында- жоғары. Екі жақтан да Бабинский, Россолимо, Шеффер симптомдары оң. Аяқтарында терең сезімталдық төмендеген. Абдоминальды рефлекстер-анықталмайды. Ромберг кейпінде аздап теңселу. Классификациясы бойынша диагнозын анықтаңыз.

A) Шашыранды склероз,ремиссия ағымы, алдыңғы екі жақты интернуклеарлы офтальмоплегия, диссоциациялы клиникалық синдромы, әлсіз спастикалық парапарез.

B) Шашыранды склероз, интермиттирленген ағымда, алдыңғы екі жақты интернуклеарлы офтальмоплегия, диссоциациялы клиникалық синдромы, әлсіз спастикалық парапарез.

C) Шашыранды склероз, біріншілік-прогредиентті ағым, алдыңғы екі жақты интернуклеарлы офтальмоплегия, диссоциациялы клиникалық синдромы, әлсіз спастикалық парапарез.

D) Шашыранды склероз, екіншілік-прогредиентті ағым, алдыңғы екі жақты интернуклеарлы офтальмоплегия, диссоциациялы клиникалық синдромы, терең спастикалық парапарез.

E) Шашыранды склероз, прогрессирленген ағым, артқы монокулярлы интернуклеарлы офтальмоплегия, диссоциациялы клиникалық синдромы, әлсіз спастикалық парапарез.

{Дұрыс жауап}= A

{Ауырлық}= 3

{Оқулық}= (Неврология и нейрохирургия Е.И.Гусев, А.Н.Коновалов, Г.С.Бурд, 2000 г. Болезни нервной системы, Том 1, Н.Н.Яхно, А.Д. Штульман, 2001 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$007

Шашыранды склерозбен ауыратын науқаста жұлын-ми сұйықтығының көріністері?

A) Жасушалы-ақуызды диссоциация

B) Гамма глобулиндер деңгейінің жоғарлауы

C) Нейтрофильді плеоцитоз

D) Лимфоцитарлы плеоцитоз

E) Лайлы

{Дұрыс жауап}= B

{Ауырлық}= 1

{Оқулық}= (Неврология и нейрохирургия Е.И.Гусев, А.Н.Коновалов, Г.С.Бурд, 2000 г. Болезни нервной системы, Том 1, Н.Н.Яхно, А.Д. Штульман, 2001 г.)


{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$008

25 жатағы ер адам бас ауыруына және дене температурасының 37,5° С соңғы екі күн ішінде көтерілуіне шағымданады. Ауырардан бұрын өзін толық саумын деп санаған. Тексергенде: есі анық, бағыт-бағдары сақталған, желке бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг симптомы екі жақтан оң, басқа неврологиялық бұзылыстар жоқ. Диагностикалық мақсатта люмбальды пункция жүргізілген. Цереброспинальды сұйықтықты зеррттеу барысында мкл да 150 клетка лимфоцит анықталған, белок — 0,65 г/л, глюкоза қалыпты. Болжам диагнозы:

A) Менингококкты менингит

B) Пневмококкты менингит

C) Іріңді менингит

D) Серозды менингит

E) Ревматикалық менингит

{Дұрыс жауап}= D

{Ауырлық}= 2

{Оқулық}= (Неврология и нейрохирургия Е.И.Гусев, А.Н.Коновалов, Г.С.Бурд, 2000 г. Болезни нервной системы, Том 1, Н.Н.Яхно, А.Д. Штульман, 2001 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$009

Науқаста келесі симптомдар байқалады: бұлшықет тонусының төмендеуі, еркінен тыс ретсіз қозғалыстар, бір бірімен алмасып отыратын. Науқас бірде көзін жұмады, бірде тілін шығарады, бірде қолын лақтырады, бірде жұлқынады, түрін бұзады, бұл тән:

A) Тик

B) Паркинсонизм

C) Атетоз

D) Хорея

E) Гемибаллизм

{Дұрыс жауап}= D

{Ауырлық}= 2

{Оқулық}= (Неврология и нейрохирургия Е.И.Гусев, А.Н.Коновалов, Г.С.Бурд, 2000 г. Болезни нервной системы, Том 1, Н.Н.Яхно, А.Д. Штульман, 2001 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$010

3 жастағы балада тексеру барысында аяқтары тізе буынында жазылған, бүгілуі қиындаған, жүру кезінде аяқтары айқасады, сіңір рефлекстрі жоғарылаған. Осы науқастың жүрісі қай патологиялық жүріске жатқызылады және неліктен?

A) Штамптелген, терең сезімталдықтың жоғалу салдарынан вследствие выпадения глубокой чувствительности

B) Гемипаретикалық, сол жақтан бұлшық ет күшінің әлсіреуінен

C) Қуыршақ жүрісі, дофамин жеткіліксіздігінен

D) Атактиялық, мишықтың зақымдану салдарынан

E) Спастико-паретикалық, аяқ бұлшықетінің тонусының жоғары болу салдарынан

{Дұрыс жауап}= E

{Ауырлық}= 2

{Оқулық}= (Неврология и нейрохирургия Е.И.Гусев, А.Н.Коновалов, Г.С.Бурд, 2000 г. Болезни нервной системы, Том 1, Н.Н.Яхно, А.Д. Штульман, 2001 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$011

Науқас 23 жаста, аяқ-қолдарының әлсіздігіне, қол білезіктері және табандары ұйуына, жүргенде теңселетініне шағымданады. Науқастың айтуы бойынша екі апта бұрын грипп тәрізді жағдай болған. Тексергенде аяқ қолдарының бұлшықет тонустары төмендеген, білезік және табан бұлшықет күштері 1 баллға дейін төмендеген, «шұлық және қолғап» тәрізді сезімталдықтың төмендеуі, карпорадиальды және ахилл рефлекстері анықталмайды, аяқ қолдарының терісі өзгерген. Ликвор түссіз, мөлдір, цитоз 10 лимфоцит, белок- 20 гр/л. Қандай ем тағайындаймыз және не себепті?


A) Церебролизин, себебі ишемия

B) Прозерин, себебі аутоиммунды процесс

C) Кавинтон, себебі ісіну және бейспецификалық қабыну

D) Преднизолон, себебі ісіну және бейспецификалық қабыну

E) Плазмаферез, себебі аутоиммунды процесс.

{Дұрыс жауап}= E

{Ауырлық}= 3

{Оқулық}= (Неврология и нейрохирургия Е.И.Гусев, А.Н.Коновалов, Г.С.Бурд, 2000 г. Болезни нервной системы, Том 1, Н.Н.Яхно, А.Д. Штульман, 2001 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$012

Науқас Т 18 жаста. Жедел ауырған. Тексергенде: жалпы жағдайы ауыр, есі күңгірттенген, бір жақ қырынан басы мен аяғы ішіне қарай бүгілген. Кеудесінде, ішінде, арқасында, аяқ қолдарында көптеген жұлдызша тәрізді геморрагиялық бөртпелері бар, балтыр және тізе аймағында бірігіп гемморрагия мөлшері 2 см ге дейін жетеді. Желке бұлшықеттерінің ригидтілігі мен Керниг симптомы бірден білінеді. Қан анализінде: Л - 1 мкл да 18000, ЭТЖ – 40 мм/сағ. Люмбальды пункцияда: лайлы сұйықтық, нейтрофильді плеоцитоз - 1 мм клеткада 442, белок - 1,32, қант- 0,99 г/л, хлоридтер – 122 ммоль/л. Науқасқа қандай топтағы антибиотиктер тобын тағайындаймыз және неге?

A) Пенициллиндер, себебі тез регрессия симптомына әкелетін айқын бактерицидті әсер көрсетеді.

B) Пенициллиндер, себебі эндотоксин босауын алдын алуына бактериостатикалық әсер көрсетеді

C) Левомецитиндер, себебі тез регрессия симптомына әкелетін айқын бактерицидті әсер көрсетеді.

D) Левомецитиндер, себебі эндотоксин босауын алдын алуына бактериостатикалық әсер көрсетеді

E) Цефалоспориндер, себебі тез регрессия симптомына әкелетін айқын бактерицидті әсер көрсетеді.

{Дұрыс жауап}= D

{Ауырлық}= 3

{Оқулық}= (Неврология и нейрохирургия Е.И.Гусев, А.Н.Коновалов, Г.С.Бурд, 2000 г. Болезни нервной системы, Том 1, Н.Н.Яхно, А.Д. Штульман, 2001 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

 

АСТАНА

05_06_қаз

«Жалпы дәрігерлік практика» 05_


«Неврология» 06_

$$$001

***

Мына жүйке зақымданғанда амавроз дамиды:

A)Көру трактысы

B)Иіс сезу трактысы

C)Көру төмпешігі

D)Көру нервісі

E)Ішкі капсула

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}= (Наглядная неврология: учебное пособие /пер. с англ. Баркер Р.И др. под ред.В.И.Скворцовой. – 2-е изд. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006.)

{Курс}=6

{Семестр}=13-14

***

05_06_қаз

«Жалпы дәрігерлік практика» 05_

«Неврология» 06_

$$$002

Қарашықтардың әр түрлі болуы аталады:

A)Миоз

B)Анизокория

C)Мидриаз

D)Амблиопия

E)Амавроз

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}= (Наглядная неврология: учебное пособие /пер. с англ. Баркер Р.И др. под ред.В.И.Скворцовой. – 2-е изд. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006.)

{Курс}=6

{Семестр}=13-14

***

05_06_қаз

«Жалпы дәрігерлік практика» 05_

«Неврология» 06_

$$$003

68 жастағы әйел адамда ми инсульты дамыды. Неврологиялық статуста: оң жақты гемиплегия, гемианестезия және гемианопсия. Патологиялық ошақ қайда орналасқан:

A)Маңдай бөлігі сол жақтан

B)Маңдай бөлігі оң жақтан

C)Ішкі капсула сол жақтан

D)Ішкі капсула оң жақтан

E)Ми бағаны

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Наглядная неврология: учебное пособие /пер. с англ. Баркер Р.И др. под ред.В.И.Скворцовой. – 2-е изд. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006.)

{Курс}=6

{Семестр}=13-14

***

05_06_қаз

«Жалпы дәрігерлік практика» 05_

«Неврология» 06_

$$$004

Науқаста дерттің нәтижесінде жүрген кезде атаксия, саусақ-мұрын және тізе-өкше сынамасын жасағанда интенционды тремор, оңға қарағанда нистагм пайда болды. Бұл клиника оң жақтан айқын көрінеді. Ромберг позасында науқас оңға құлайды. Патологиялық ошақ орнын көрсет:

A)Мишық құрты

B)Мишықтың сол жақ шар жартысы

C) Мишықтың оң жақ шар жартысы

D)Мищықтың жоғарғы аяқшалары

E) Мищықтың төменгі аяқшалары

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Наглядная неврология: учебное пособие /пер. с англ. Баркер Р.И др. под ред.В.И.Скворцовой. – 2-е изд. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006.)

{Курс}=6

{Семестр}=13-14

***

05_06_қаз

«Жалпы дәрігерлік практика» 05_

«Неврология» 06_

$$$005

Науқаста кенеттен басының ауру сезімі, құсу, жүрек айну симптомдары пайда болды. Объективті тексергенде: горизонтальді нистагм, солға қарағанда айқын, сол жақтан адиадохокинез, скандирленген сөйлеу, атаксия, Ромберг позасында солға құлайды. Зақымданған ошақ аймағын тап:

A)Мишықтың сол жақ жарты шары

B)Мишықтың жоғарғы аяқшалары

C) Мишықтың төменгі аяқшалары

D) Мишықтың оң жақ жарты шары

E)Мишық құрты

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Наглядная неврология: учебное пособие /пер. с англ. Баркер Р.И др. под ред.В.И.Скворцовой. – 2-е изд. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006.)

{Курс}=6

{Семестр}=13-14

***

05_06_қаз

«Жалпы дәрігерлік практика» 05_

«Неврология» 06_

$$$006

42 жасар ер адам, 3 жыл бұрын бас-ми жарақатын алды. Жүрісінің бұзылуына, оң жақ қол мен аяғының қозғалыстарының бұзылысына шағымданады. Қарағанда – орталық тип бойынша оң жақты пирамидалы жетіспеушілік, координаторлы сынамаларды сол жақтан интенциямен жүргізеді, адиадохокинез сол жақтан, сол жақтан бұлщықет гипотониясы. Зақымданған құрылымдарды көрсет:

A)Жұлын-церебелярлы жол сол жақтан, руброспинальды оң жақтан

B)Алдыңғы ортаңғы иірім сол жақтан, сол жақты маңдай-мишықты жол

C) Алдыңғы ортаңғы иірім оң жақтан, оң жақты маңдай-мишықты жол

D)Жұлын-церебелярлы жол оң жақтан, руброспинальды сол жақтан

E) Алдыңғы ортаңғы иірім сол жақтан, мишықтың сол жақ жарты шары

{Дұрыс жауап}= E

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Наглядная неврология: учебное пособие /пер. с англ. Баркер Р.И др. под ред.В.И.Скворцовой. – 2-е изд. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006.)

{Курс}=6

{Семестр}=13-14

***

05_06_қаз

«Жалпы дәрігерлік практика» 05_

«Неврология» 06_

$$$007

Науқаста атаксия, оң жақтан интенционный тремор, адиадохокинез, горизонтальды нистагм. Зақымдану ошақ қайда орналасқан:

A)Мишық құрты

B)Оң жақ ми аяқшасы

C)Мишықтың сол жақ жарты шары

D)Мишықтың оң жақ жарты шары

E)Сол жақ алдыңғы ортаңғы иірім

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Наглядная неврология: учебное пособие /пер. с англ. Баркер Р.И др. под ред.В.И.Скворцовой. – 2-е изд. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006.)

{Курс}=6

{Семестр}=13-14

***

05_06_қаз

«Жалпы дәрігерлік практика» 05_

«Неврология» 06_

$$$008

Гипертониялық аурумен ауыратын 54 жасар ер адамда кенеттен сөйлеу қабілетінің бұзылуы байқалды. Оған айтқан сөзді түсінеді, қарапайым инструкцияларды орындайды, экспрессивті сөйлеу қабілеті тежелген. Қандай аймақ зақымданған:

A)Брок аймағы

B)Вернике аймағы

C)Шетүстілік иірім

D)Аралшық

E)Супрамаргинальды иірім

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Наглядная неврология: учебное пособие /пер. с англ. Баркер Р.И др. под ред.В.И.Скворцовой. – 2-е изд. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006.)

{Курс}=6

{Семестр}=13-14

***

05_06_қаз

«Жалпы дәрігерлік практика» 05_

«Неврология» 06_

$$$009

48 жасар ер адам, оң жақ шайнау бұлшықеттерінің әлсіздігіне шағымданады. 1 жыл көлемінде ауырады. Объективті: ауызын ашқанда төменгі жақ оң жаққа ығысады. Оң жақ шайнау бұлшықеттерінің гипотрофиясы және гипотониясы. Төменгі жақ рефлекстері оң жақтан төмендеген. Сезімталдық бетте сақталған. Патологиялық процесстің орналасқан жері:

A)Тілжұтқыншақ нервтің оң жақ қозғалыс ядролары

B) Үшкіл нервтің оң жақ қозғалыс ядролары

C)Үшкіл нервтің III тармағы

D)Бет нервісі оң жақтан

E)Кезбе нерв оң жақтан

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Наглядная неврология: учебное пособие /пер. с англ. Баркер Р.И др. под ред.В.И.Скворцовой. – 2-е изд. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006.)

{Курс}=6

{Семестр}=13-14

***

05_06_қаз

«Жалпы дәрігерлік практика» 05_

«Неврология» 06_

$$$010

Әйел адам, 43 жасар, невропатологқа бетінің асимметриясына шағымданады. Жуынып жатқанда байқады: ауыз қуысында суды ұстай алмайды, ұртын үрлей алмайды. Өзінің ауруын суықпен байланыстырады. Объективті: көз саңылауы сол жақтан ұлғайған, көзі жабылмайды. Қасын түйгенде қыртыс пайда болмайды. Сол жақ мұрын-ерін бұрышы тегістелген. Белл симптомы сол жақтан оң. Көзінен жас ағады. Қасүсті рефлексі сол жақтан шақырылмайды. Мишықтық симптомдар және сезімталдық бұзылыстар анықталмайды. Науқаста қандай диагноз:

A)Үшкіл нервтің невропатиясы

B)Кезбе нервтің невропатиясы

C)Тілжұтқыншақ нервтің невропатиясы

D)Бет нервтің невропатиясы

E)Тіласты нервтің невропатиясы

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Наглядная неврология: учебное пособие /пер. с англ. Баркер Р.И др. под ред.В.И.Скворцовой. – 2-е изд. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006.)

{Курс}=6

{Семестр}=13-14

***

05_06_қаз

«Жалпы дәрігерлік практика» 05_

«Неврология» 06_

$$$011

8 жасар қыздың анасы дәрігерге мынадай шағымдармен келді: соңғы 3 ай көлемінде қызы нашар оқи бастады. Сабақ үстінде қызда периодты түрде қатып қалған көзқарас, сол уақытта сұраққа жауап бермейді, өзінің атына тіл қатпайды. Талмалар еш уақытта болмаған. Неврологиялық қарауда ешқандай бұзылыс байқалмады. Науқаста қандай диагноз болуы мүмкін:

A)Абсанстар

B)Синкопальды жағдайлар

C)Тәрбие дефектісі

D)Талу

E)Джексонды талмалар

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Наглядная неврология: учебное пособие /пер. с англ. Баркер Р.И др. под ред.В.И.Скворцовой. – 2-е изд. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006.)

{Курс}=6

{Семестр}=13-14

***

05_06_қаз

«Жалпы дәрігерлік практика» 05_

«Неврология» 06_

$$$012

26 жасар ер кісі емханаға айына 1-2 рет болатын талмаға шағымданып келді. Талмалар 6 ай көлемінде. Талмалар өздігінен пайда болады. Туыстары науқас талма болған кезде құлайтынын, денесі тырысып қалатынын айтады, кейін талма пайда болатынын, тілін тістейтінін, еріксіз зәр шығаратынын айтады. Клиникалық зерттеулерден кейін диагноз қойылып, ем тағайындалды. Қандай дәрілік заттар қолданған дұрыс:

A)Диакарб

B)Преднизолон

C)Депакин

D)Энцефабол

E)Прозерин

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Наглядная неврология: учебное пособие /пер. с англ. Баркер Р.И др. под ред.В.И.Скворцовой. – 2-е изд. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006.)

{Курс}=6

{Семестр}=13-14

***

КАРАГАНДА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

«Бекітемін»

білім мекемесінің жетекшісі

_____________________________

ғылыми дәрежесі, қызметі, Т.А.Ж.

«Жалпы медицина» мамандығы топтарына

арналған «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» пәні бойынша

тесттік тапсырмалар

Құрастырушы

м.ғ.д.,профессор Абдрахманова М. Г.

 

 

Неврология

кафедрасының меңгерушісі

м.ғ.д.,профессор Абдрахманова М. Г.

 

 

05_06_­каз

Жалпы дәрігерлік тәжірибе 05_

Тақырыбы «Неврология» 06_

$$$001

Науқас бала 3 жаста отыра алмайды, басын әрең ұстайды, омыртқасы доға тәрізді бүгілген. Бұлшықеттік тонус төмендеген. Осы көрсетілген симптомдар қандай ауруды сипаттайды?

А) Вердниг-Гоффман амиотрофиясы

В) Шарко-Мари амиотрофиясы

С) Томсен миотониясы

D) Ландузи-Дежерин ауруы

Е) Дюшенн ауруы

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}=1

{Оқулық}= (Бадалян Л.О. Детская неврология.- М.: ГЭОТАР - Медиа, 2006г.-840с.)

{Семестр}=14

 

05_06_­каз

Жалпы дәрігерлік тәжірибе 05_

Тақырыбы «Неврология» 06_

$$$002

8 жастағы науқас ұл балада жүргенде қиындық байқалады. Объективті: жалпы арықтау фонында балтыр-аяқ бұлшықеттерінің көлемінің ұлғайғаны айқындалады. Интеллект төмендеген. Жүрек ұшында систоликалық шу бар. Мына диагноз қойылады:

А) Ландузи-Дежерин ауруы

В) Ревматизм

С) Шарко-Мари ауруы

D) Дюшенн ауруы

Е) Вильсон-Коновалов ауруы

{Дұрыс жауап}= С

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Бадалян Л.О. Детская неврология.- М.: ГЭОТАР - Медиа, 2006г.-840с.)

{Семестр}=14

 

05_06_­каз

Жалпы дәрігерлік тәжірибе 05_

Тақырыбы «Неврология» 06_

$$$003

Науқас 13 жаста, ешбір себепсіз дене қызуы 39 ° көтерілді, жалпы әлсіздік, бас ауруы, құсу, психомоторлық қозумен ауысып отыратын естің өшуі, жарықтан қорқу пайда болды. Менингеальді симптомдар айқындалған. Бактериялық менингит диагностикаланған. Қандай іс-әрекет жасалады:

А) Үйге шақырылған невропотолог кеңесімен үйде қалдыру.

В) Шұғыл интенсивті терапия бөлімшесіне жатқызу.

С) Шұғыл инфекциялық бөлімшеге жатқызу.

D) Эндолюмбальді 5% глюкозы ерітіндісін 50 мл енгізу.

Е) Эндолюмбальді преднизолон енгізу (30мг).

{Дұрыс жауап}= В

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Бадалян Л.О. Детская неврология.- М.: ГЭОТАР - Медиа, 2006г.-840с.)

{Семестр}=14

 

05_06_­каз

Жалпы дәрігерлік тәжірибе 05_

Тақырыбы «Неврология» 06_

$$$004

10 жастағы балада аяқ жақтардың, бет және дененің бұлшықеттерінің еріксіз тартылуы пайда болды. Еріксіз қозғалыс тыныштық кезінде де, сол сияқты өзіндік қозғалыс кезінде де болады. Науқас біресе көзін қатты жұмады, біресе тілін шығарады, бет-аузын қозғалтады, біресе аяғын, біресе қолын лақтырады. Бұлшықеттік тонус төмендеген. Қандай синдром болады?

А) Гемибаллизм

В) Атетоз

С) Xореялық гиперкинез

D) Торсиондық дистония

Е) Миоклония

{Дұрыс жауап}= С

{Күрделілігі}=1

{Оқулық}=(Бадалян Л.О. Детская неврология.- М.: ГЭОТАР - Медиа, 2006г.-840с.)

{Семестр}=14

 

05_06_­каз

Жалпы дәрігерлік тәжірибе 05_

Тақырыбы «Неврология» 06_

$$$005

8 айлық балада омыртқаның белсегізкөздік бөлімі деңгейінде жұлынмилық жарық бар, неврологиялық симптоматика аяқ жақтардардың тарамыстық рефлекстерінің кішкене жандануымен сипатталады. Интраоперационды: жұлын ми қыртысының омыртқа ақауының ісінуі. Болжаулы диагноз.

А) Миеломенингоцеле

В) Менингорадикулоцеле

С) Миелоцистоцеле

D) Менингоцеле

Е) Миелоцеле

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Бадалян Л.О. Детская неврология.- М.: ГЭОТАР - Медиа, 2006г.-840с.)

{Семестр}=14

 

 

05_06_­каз

Жалпы дәрігерлік тәжірибе 05_

Тақырыбы «Неврология» 06_

$$$006

1 айлық науқас балада ыңырсып жылау, дисфония, дисфагия, кенеттен тоқтап қалатын демалудың бұзылуы, спастикалық тетрапарез бар. Анамнезінде щипцының көмегімен тууға көмектесілген. Зақымдану ошағы:

А) Омыртқаның мойын бөлімі

В) Омыртқаның бел бөлімі

С) Краниоспиналдық бөлім

D) Омыртқаның кеуде бөлімі

Е) Омыртқаның мойын-кеуде бөлімі

{Дұрыс жауап}= С

{Күрделілігі}=1

{Оқулық}=(Бадалян Л.О. Детская неврология.- М.: ГЭОТАР - Медиа, 2006г.-840с.)

{Семестр}=14

 

05_06_ қаз

Неврология

$$$001

Аталған симптомдардың қайсысы сезімталдық бұзылысына жатады?

А) Афазия

B) Анартрия

C) Дизестезия

D) Прозоплегия

E) Апраксия

{Дұрыс жауабы} = С

{Күрделілігі} = 1

{Оқулық} = (Кайшибаев С.К. Неврология. Учебник. I, II часть, Алматы, 2009)

{Курс} = 6

{Семестр} = 12

 

$$$002

Бұлшық ет тонусының спастикалық түрі бойынша жоғарылауына тән:







Date: 2015-08-24; view: 557; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.104 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию