Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






D) ТЖА (ВПС). Қарыншааралық перденің ақауы. 3 page





E) Аортокоронарлы шунттауды жүргізу

{Дұрыс жауабы}=D

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Браун И., Дорманн А.Дж. Внутренние болезни: пер. с нем. Под ред. В.С.Моисеева. - М., 2010. - 1152 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$031

26 жастағы ер адам тамақтан соң эпигастрии тұсындағы күйдіріп ауырсынуға, қыжылға, жүрек айнуға, сирек жағдайда құсуға, әлсіздікке және жүдеуге шағымданады. Анамнезінен: екі апта бойы ҚҚСЕП(НПВС) қабылдаған. Объективті: эпигастрии тұсындағы ауырсыну. ФГДС-те: асқазан түбі тұсында жара. Емнің бірінші сатысында науқасқа міндетті түрде не тағайындау керек:

A) Фамотидин 20мг ішке тәулігіне 2 рет

B) Сукральфат тәулігіне 1г х 4 рет

C) Солкосерил, б/е 2мл., 10 күн

D) Шұғыл хирургиялық араласу

E) Алмагель 1 үлкен қасықпен тәулігіне 3 рет

{Дұрыс жауабы}=A

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Клеменков С.В., Петрова М.М. Врач общей практики. Поли­клиническая терапия. - М., 2006.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$032

46 жастағы науқас қышқылмен құсуға, тамақ ішкен соң ауамен кекіруге, эпигастрий аймағындағы дискомфортқа, іші кебуіне шағымданады. Пальпацияда эпигастрий аймағында ауырсыну анықталады. Қандай тексеру жүргізу керек:

A) Жасырын қанға нәжісті тексеру

B) Баримен контрастты рентгеноскопия

C) Фиброгастродуоденоскопия

D) Ультрадыбысты зерттеу

E) Радионуклидті зерттеу

{Дұрыс жауабы}=C

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Внутренние болезни по Дэвидсону. Общие принципы медицины: учебное пособие / под ред. Н.А.Буна и др.; пер. с англ, под ред. Н.А.Мухина. - М., 2009. - 384 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$033

Жанұялық дәрiгерге 35 жастағы науқас таңертеңгi уақыттағы бетiнiң iсiнуiне, бел аймағында ауырлыққа, зәр шығаруының жиiлеуiне, жүрегi айнуына, шаршағыштыққа шағымданып келдi. Анамнезi бойынша: ауырғанына 1-жылдай уақыт болған. Объективтi: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Бетi iсiнген, бозарған. Өкпесiнде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тоны анық, ырғағы дұрыс. ЖСЖ-78 рет минутына, ҚҚ-130/85 мм.сын.бағ. Дәретi қалыпты. Зәр шығаруы жиi, ауырсынусыз. Аяқтарында iсiнулер жоқ. Пастернацкий симптомы оң. Зәрдің жалпы анализі: түсi-сарғыш, салыстырмалы тығыздығы-1005, белок 0,55 г/л, микроскопияда эритроциттер көру алаңында 0-1, лейкоциттер көп. Ең бірінші қандай қарапайым тексеру әдісін қолдану керек:

A) Бүйректі ультра дыбыстық тексеру

B) Тамыр ішілік урография

C) Шолу урографиясы

D) Цистография

E) Компьютерлік томография

{Дұрыс жауабы}=A

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Клеменков С.В., Петрова М.М. Врач общей практики. Поли­клиническая терапия. - М., 2006.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$034

Науқас 45 жаста, шағымдары: оң жақ аяғының басы қатты ауырады, әсіресе I-II плюснефалангалық буын. Алдындағы күні қонақта болған, көп мөлшерде ет және алкоголь қабылдаған. Ауырсыну аяқастынан басталған, осыдан 6 сағат бұрын. Объективті: оң жақ бақайы қатты ісінген, қызылкөк түстес, ыстық, пальпация кезінде қатты ауырсынады, қозғалыс және жүру мүмкін емес, дене температурасы – 37,6° С, басы ауырады. Жалпы тәжірибелік дәрігердің тактикасы қандай болу керек:

A) Ауырған буынның пункциясы

B) Қанның жалпы зерттеуі

C) Қанды зәр қышқылына тексеру

D) Оң жақ аяқ басының рентгенографиясы

E) Зақымдалған буынның УДЗ

{Дұрыс жауабы}=C

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Клеменков С.В., Петрова М.М. Врач общей практики. Поли­клиническая терапия. - М., 2006.)


{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$035

Жанұя дәрігеріне науқас қанның мына көрсеткіштерімен қаралды: Эритроциттеры – 3,6 х 109 г/л, гемоглобин – 100 г/л, түстік көрсеткіш – 0,83.Сары судағы темір деңгейі– 9 мкмоль/л. Сары судың темір байланыстыру қабылеті – 76 мкмоль/л. Қандай дәрілік ем науқасқа жүргізу қажет:

A) В12 витаминкүнаралта 200 мкг б/е

B) Преднизолон 20 мг/тәулігіне

C) Темір сульфаты 150 мг/тәул

D) Фолийқышқылы 5 мг/тәул

E) Е витамины

{Дұрыс жауабы}=C

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Браун И., Дорманн А.Дж. Внутренние болезни: пер. с нем. Под ред. В.С.Моисеева. - М., 2010. - 1152 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$036

33 жастағы Л әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Анамнезінен: қалқанша безінің субтоталды резекциясы, 50 мкг L-тироксинді қабылдаған. Объективті: беті ісінген, жүрек тондары тұйықталған. АҚҚ - 100/70 мм сын. бағ. ЭХОКГ-да перикард қуысында сұйықтық байқалады. Көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы ақпаратты болып келеді:

A) ЭКГ

B) Қанды бактериологиялық себу

C) Көкірек аралық мүшелердің КТ

D) Т3 және Т4 деңгейін анықтау

E) АҚҚ тәуліктік мониторлеу

{Дұрыс жауабы}=D

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Клеменков С.В., Петрова М.М. Врач общей практики. Поли­клиническая терапия. - М., 2006.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$037

Бала 6 жаста. Салмағы 25 кг. Дене қызуының бір апта бойы 37,2-37,5°С жоғарлауына, құрғақ жөтелге, аз мөлшерде қақырықтың бболуына, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Қараған кезде: аранында катаральды белгілер. Қабақтың коньюктивалары қызарған. Өкпесінде – перкуторлы өкпелік дыбыс, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. ЖҚА-L 10,8х109/л; ЭТЖ 17 мм/ч. Кеуде клеткасының R-граммасында өкпе алаңында тегіс емес ошақты инфильтрация. Қақырықты бактериальды тексерген кезде – микоплазма анықталды. Сіз азитромициннің тәуліктік мөлшерін тағайындайсыз:

A) Азитромицин 125 мг 1 капсуладан х 1 күніне рет, 3 күн бойы

B) Азитромицин125 мг х күніне 1рет, 5 күн бойы

C) Азитромицин 250 мг х күніне 1рет, 5 күн

D) Азитромицин біпінші күні 250 мг х 1рет күніне, 2-5 күн 125 мг

E) Азитромицин бірінші күні 500 мг х 1 рет күніне, 2-5 күн 250 мг

{Дұрыс жауабы}=D

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Поликлиническая педиатрия: учебник. - 2-е изд., персраб. идоп. / под ред. А.С.Калмыковой. - М., 2009. - 720 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$038

Жеті жасар қыз бала балалар ауруханасына түсті. Қыс мезгіліндегі суық тигеннен кейін ұзақ уақыттан бері, төрт ай аралығында қатты жөтеліп жүргенін айтты. Түні бойы жөтеледі, шешесі ысқырық тәрізді сырылды есітеді, дене қызуы қалыпты, қыз бала белсенді, жүгіргенде жөтел туындап ысқырықты сырыл естіліп тұрады. Науқас баланың мұрыны бітеліп мазасызданады. Шешесі поллинозбен ауырады. Дәрігердің дәлірек ақпараттық зерттеуі:


A) Cпирография

B) Өкпе рентгенографиясы

C) Бронхография

D) Бронхоскопия

E) Пикфлоуметрия

{Дұрыс жауабы}=A

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Руководство по амбулаторно-поликлинической педиатрии + СВ / под ред. А.А.Баранова. - 2-е изд. - М., 2009. - 592 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$039

Жалпы тәжірибелік дәрігерге анасы 3 айлық қызының соңғы 2 ай аралығында емшекті дұрыс ембей жүргенін, 50-70 г емеді де ұйықтап қалатынын айтады. Тамақтанғанда қатты терлейді, терісі бозғылттанып, тынысы жиілейді, көз бен ауыз айналасы көгереді. Бала бозғылт, жылаған кезде мұрын-ерін үшбұрышында цианоз пайда болады, ТАЖ минутына 60 рет, ЖЖЖ минутына 150 рет. Жүрек тондары тұйықталған. Жүрек ұшының соққысы сол жақ ортабұғана сызығынан 2,5см-ге сыртқа ығысқан, шу жоқ. Өкпеде қатаң тыныс. Бауыр қабырға доғасынан 2,0 см шығып тұрады. Анасы жүктіліктің 20-шы аптасында ЖРВИ-мен ауырған. Босану қалыпты жүрген. Клиникалық диагнозды қоюға ең мәліметті болып табылады:

A) Эхокардиография

B) Электрокардиография

C) Фонокардиография

D) Жүрек рентгенографиясы

E) Спирография

{Дұрыс жауабы}=A

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Руководство по амбулаторно-поликлинической педиатрии + СВ / под ред. А.А.Баранова. - 2-е изд. - М., 2009. - 592 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$040

ЖРВИ диагнозымен 3 жасар бала ауруханаға жатты. Аурудың 3 күнінде ентігу, әлсіздік, өте әлсіз, жіп-тәрізді тамыр соғуы, көпіршікті-қақырықты шығаратын жиі жөтел пайда болған. Аускультация жасағанда екі өкпенің төменгі бөліктерінде ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Өкпенің рентгенораммасында альвеолярлы ісіну көрінісі бар. ЭХОКГ – сол жақ қарыншаның сорапты қызметінің төмендеуі. Диагноз: Жіті сол жақ қарыншалық жетіспеушілік. Балаға тағайындауға болмайды:


A) Оксигенотерапия

B) Глюкокортикоидтар

C) Зәр айдаушы препараттар

D) Жүрек гликозидтері

E) В-адреноблокаторлар

{Дұрыс жауабы}=E

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Поликлиническая педиатрия: учебник. - 2-е изд., персраб. идоп. / под ред. А.С.Калмыковой. - М., 2009. - 720 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$041

Ауруханаға жанұялық дәрігер 13 жасар баланы мынандай шағымдарымен жолдады: эпигастрии аймағындағы ауырсыну, әсіресе түнгі уақытта және аш қарынға күшейеді, әлсіздік, ашуланшақ,іштің қатуы, басы айналу, терісінің құрғақтығы, шашының және тырнағының сынғыштығы, жүрек тұсында күштемеге байланыссыз пайда болатын ауырсыну. Диагнозды негіздеуге көмектеседі:

A) Элетрокардиография

B) Фиброгастродуоденоскапия

C) Сигмоидоскопия

D) Энцефалография

E) Клиникалық қан анализі

{Дұрыс жауабы}=B

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Поликлиническая педиатрия: учебник. - 2-е изд., персраб. идоп. / под ред. А.С.Калмыковой. - М., 2009. - 720 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$042

14 жастағы ұл бала. Қыжыл, тамақтанғаннан кейін 1,5-2 сағаттан кейін эпигастрийдегі ауырсыну. Анамнезінде әкесі асқазанның жара ауруымен ауырады. ФГДС: асқазанның антральді бөлімінде ойық жарасы. Қандай ем тағайыңдайсыз:

A) Омепразол 20 мг 2 рет әр 12 сағ. сайын, кларитромицин 15 мг/кг 2 ретке бөліп, метронидазол 20 мг/кг 2 ретке бөліп, 14 күн бойы

B) Субцитрат висмута 120 мг 4 рет, тетрациклин 25 мг/кг 4 ретке бөліп, фуразолидон 10 мг/кг 3 ретке бөліп

C) Сукральфат 500 мг 1 таблеткадан 3 рет, Де-нол 120 мг 1 таблеткадан күніне 3-4 рет

D) Пантопразол 20 мг 1 рет күніне, кларитромицин 30 мг/кг 3 ретке бөліп, амоксициллин 100 мг/кг 2 рет

E) Омепразол 50 мг 2 рет күніне 12 сағат сайын, метронидазол 50 мг/кг 3 ретке бөліп, тетрациклин 25 мг/кг 4 ретке бөліп

{Дұрыс жауабы}=A

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Руководство по амбулаторно-поликлинической педиатрии + СВ / под ред. А.А.Баранова. - 2-е изд. - М., 2009. - 592 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$043

Клиникаға 8 жасар бала оң жақ қабырға астындағы қысып ауыратынына, жиі зәр шығаратынына шағымданып түсті. Бала алты сағат бұрын биіктіктен арқасымен құлаған.Тері жабындысы боз. Пульсі минутына - 120. АҚ 60/40 мм. сын. бағ. Іші жұмсақ, іш пердені тітіркендіру симптомы теріс, оң жақ бел аймағында үлкен ісіну анықталады. Қан анализінде гемоглобин-110г/л, эритроциттер-3,2х10¹²/л, зәрде эритроциттер саны көру аймағында 50-60 құрайды. Жедел түрде қандай тексеру жүргізесіз:

A) Лапароскопия

B) Ретроградты пиелография

C) Экскреторлы урография

D) Бүйрек УДЗ

E) Бүйрек ангиографиясы

{Дұрыс жауабы}=C

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Поликлиническая педиатрия: учебник. - 2-е изд., персраб. идоп. / под ред. А.С.Калмыковой. - М., 2009. - 720 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$044

Ауруханаға 13 жастағы науқас сол жақ тізе буынындағы ауру сезіміне, 39°С дейінгі қызбаға, жалпы әлсіздік, тершеңдікке бейланысты түсті. Үш апта бұрын баспамен ауырған. Апта бұрын шынтақ буындарында ауру сезімі болған. Объективті: сол жақ тізе буынының көлемі ұлғайған, ұстап көрсең ыстық және қозғалғанда ауырады. Басқа буындар мен ішкі мүшелер өзгеріссіз. Қан анализі: Нв-140 г/л., лейкоциттер- 16,5х109/л, нейтрофилдер- 78%, ЭТЖ- 60 мм/сағ. Диагнозды нақтылайтын қандай зерттеу тағайыңдайсыз:

A) Тізе буынының рентгені

B) Қандағы ВР

C) АСЛ-О, АСГ титрі

D) Райт-Хеддельсон реакциясы

E) Тізе буынының пункциясы

{Дұрыс жауабы}=C

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Руководство по амбулаторно-поликлинической педиатрии + СВ / под ред. А.А.Баранова. - 2-е изд. - М., 2009. - 592 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$045

Етек кірі меноррагиямен жүретін 14 жасар қыз балада тырнақ сынғыштығы, шаштың түсуі, тері құрғақтығы байқалады. Қан анализі: гемоглобин – 90г/л, Эритроциттер – 3,5х1012/л, түсті көрсеткіш – 0,7, тромбоциттер – 180,0х109/л, ретикулоциттер – 0,5 %, билирубин – 12 мкмоль/л, сарысулық темір – 4,6 ммоль/л. Сіз тағайындайсыз:

A) Темірдің парентеральді дәрілерін

B) Темірдің пероральді дәрілерін

C) Аскорбин қышқылын

D) Эритроцитарлы салмақ құю

E) B12 дәруменін

{Дұрыс жауабы}=B

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Поликлиническая педиатрия: учебник. - 2-е изд., персраб. идоп. / под ред. А.С.Калмыковой. - М., 2009. - 720 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$046

Науқас 9 жаста, ауруханаға өте ауыр жағдайда түседі. Диабетпен 3 жыл бойы ауырады. Инсулинотерапияны 28 бірлік мөлшерінде алып жүр. Жалпы жағдайының төмендеуі диетаны бұзғаннан кейін пайда болған. Қандағы глюкозаны тексерген кезде – 24,2 ммоль/л., зәрдегі ацетон - ++++. Науқасқа инсулинотерапия бойынша сіздің әрекетіңіз:

A) Ұзақ әсердегі инсулин 0,5Ед/кг есебімен сағат сайын

B) Қысқа әсердегі инсулин 0,7Ед/кг есебімен сағат сайын

C) Қысқа және ұзақ әсердегі біріккен инсулин терапия 0,3 Ед/кг есебімен әр бір 6 сағат сайын

D) Қысқа әсердегі инсулин 0,1Ед/кг есебімен сағат сайын

E) Қысқа әсердегі инсулин 1,0Ед/кг есебімен сағат сайын

{Дұрыс жауабы}=D

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Руководство по амбулаторно-поликлинической педиатрии + СВ / под ред. А.А.Баранова. - 2-е изд. - М., 2009. - 592 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$047

Отбасылық амбулаторияда профилактикалық қарау кезінде 30 жастағы науқас А-да үлкен жыныс еріндерінің беттесетін беткейінің негізінде инфильтрат пен аздаған серозды бөлініспен ет-қызыл түсті 2 дөңгеленген эрозиясы, сонымен қатар шап лимфа түйіндерінің ұлғаюы мен тығыздалуы анықталды. Анамнезінен эрозияның 10 күн бұрын пайда болғанын, ал лимфа түйіндерінің 5 күн бұрын ұлғайғаны анықталды. Төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы диагнозды негіздейді:

A) Қанның биохимиялық анализі

B) Акантолитикалық торшаларға жұғын-таңба

C) Боз трепонемалардың иммобилизации реакциясы

D) Иммунофлюоресценция реакциясы

E) Қараңғы көру алаңында боз трепонемадан алынған бөліністі бактериоскопиялық тексеру

{Дұрыс жауабы}=E

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Скрипкин Ю. К., Кубанова А.А., Акимов В.Г. Кожные и венерические болезни: учебник - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2011. - 544 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$048

Мейірбике фурациллин ерітіндісін дайындағанннан кейін қол басының терісіне қышитын бөртпелердің пайда болуына шағымданады Қол басының терісінде жайылмалы гиперемия, ісінген көптеген майда көпіршіктер мен эрозиялар бар. Препараттың әсерін тоқтатқаннан кейін жағдайы қалпына келді. Төмендегі диагнозды дәлелдейтін жолды көрсетіңіз:

A) Қабынулық көріністері кеткен соң тері сынамаларын қою

B) Дермографизм сипатын анықтау

C) Көпіршіктердің сұйықтығында цитозды анықтау

D) Диаскопия

E) Эрозия бетінен жұғын-таңба алу

{Дұрыс жауабы}=A

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Скрипкин Ю. К., Кубанова А.А., Акимов В.Г. Кожные и венерические болезни: учебник - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2011. - 544 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$049

Жиырма жастағы науқас қышумен жүретін бөртпелердің шығуына, оның түнгі уақытқа қарай күшейетініне шағымданып келді. Ауырғанына бір апта болған. Объективті: кеудесінде, омыраудың астында, омырау ұшы маңында, іштің алдыңғы-бүйір беттерінде жұпталған көптеген паула-везикулалы бөртпелер, нүктелік серозды-геморрагиялық қабыршықтар бар. Сіздің емдік әрекетіңіз:

A) Анилинді бояғыштармен өңдеу

B) Антигистаминді заттарды тағайындау

C) 20% бензил-бензоат эмульсиясымен өңдеу

D) 3% бриллиант жасыл ерітіндісімен өңдеу

E) Глюкокортикоидты майлар мен кремдерді жағу

{Дұрыс жауабы}=C

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Скрипкин Ю. К., Кубанова А.А., Акимов В.Г. Кожные и венерические болезни: учебник - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2011. - 544 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$050

50 жастағы әйелде, тоңып қалғаннан кейін кеудесінің бүйір бетінде гиперемиялылық фонда қышумен,үйдіріп аурумен бірге жүретіе көпіршіктер пайда болған. Көпiршiктер қабырғаралық нервтердің өту жолы бойынша орналасқан. Бірнеше күннен кейін зақымдану ошағында қою қоңыр түсті қабыршақтар пайда болған және Қозғалыста да, тыныштықта да күшті ауырады.Дәрiнің қайсысын тағайындау өте орынды:

A) Витамины

B) Антибиотиктер

C) Вирусқа қарсы препараттарды

D) Гистаминге қарсы препараттарды

E) Стероид емес қабынуға қарсы препараттар

{Дұрыс жауабы}=C

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Скрипкин Ю. К., Кубанова А.А., Акимов В.Г. Кожные и венерические болезни: учебник - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2011. - 544 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

КАРАГАНДА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

«Бекітемін»

білім мекемесінің жетекшісі

_____________________________

м.ғ.д., профессор,ҚММУ ректоры Досмағамбетова Р.С.

«Жалпы медицина» мамандығы топтарына

арналған «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» пәні бойынша

тесттік тапсырмалар

Құрастырушы

м.ғ.к., доцент Мершенова Г.Ж.,

ассистент-стажері Косыбаева М.Е.

 

 

№2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе

кафедрасының меңгерушісі

м.ғ.к., доцент Мершенова Г.Ж.

 

 

05_01 каз

Жалпы дәрігерлік тәжірибе 05_

Тақырыбы «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» 01_

$$$001

Жара ауруының рентгенологиялық белгісі болып табылады:

А) Асқазанның тарылуы, барийдің қосымша көлеңкесі

В) Асқазанның кеңеюі және асқазанның босауының баяулауы

С) Мүшенің силуэтінің жанында барий көлеңкесінің қосымша көлеңкесі, біз тәрізді жара

D) Бауырдың үстінде бос газ болуы

Е) Ойықтың болуы, контрастың ішіне қарай ағуы

{Дұрыс жауабы}=Е

{Ауырлығы}=2

{Оқулық}=(Сторожаков Г.И. «Емханалық терапия» 2014ж)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

05_01 каз

Жалпы дәрігерлік тәжірибе 05_

Тақырыбы «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» 01_

$$$002

Ревматоидты артрит ауруымен диспансерлі бақылаудағы науқастарды динамикалық бақылау жиілігі жүргізіледі:

А) жылына 1 рет

В) жылына 2 рет

С) жылына 3 рет

D) жылына 4 рет

Е) жылына 5 рет

{Дұрыс жауабы}=D

{Ауырлығы}=1

 

{Оқулық}=(Скрининг өткізу, ауруларды ерте анықтау, динамикалық бақылау және Қазақстан Республикасы тұрғындарын сауықтыру бағдарламасының проблемалары, тәжірибесі және болашақта дамуы, 2004ж)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

05_01 каз

Жалпы дәрігерлік тәжірибе 05_

Тақырыбы «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» 01_

$$$003

ЭКГ-да QRS кешенінің біркелкі деформациясы тіркелді. ЖЖЖ минутына 180 рет. Науқаста жүрек ырғағының қандай бұзылысы болуы мүмкін:

А) қарыншалық экстрасистолия

В) пароксизмальды қарыншаүстілік тахикардия

С) синустық тахикардия

D) пароксизмальды қарыншалық тахикардия

Е) пароксизмальды қарыншалар фибрилляциясы

{Дұрыс жауабы}=D

{Ауырлығы}=3

{Оқулық}=(Сторожаков Г.И. «Емханалық терапия» 2014ж)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

05_01 каз

Жалпы дәрігерлік тәжірибе 05_

Тақырыбы «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» 01_

$$$004

Науқастың жағдайы нашарлап,есеңгіреу, сіреспе пайда болып, сарғаюы күшейген. Науқас бауыр циррозымен ауырады. Осы жағдайда қандай зерттеу тәсілін жүргізу маңызды:

А) бромсульфалиенді сынама

В) белок және оның туындылары

С) альфа-фетопротеин құрамы

D) қан сарысуындағы аммиак

Е) АЛАТ және АСАТ деңгейі

{Дұрыс жауабы}=D

{Ауырлығы}=3

{Оқулық}=(Сторожаков Г.И. «Емханалық терапия» 2014ж)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

05_01 каз

Жалпы дәрігерлік тәжірибе 05_

Тақырыбы «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» 01_

$$$005

Бронх қабырғаларының іріңді-қабынулы деструкциясы нәтижесінде бронхтардың қайтымсыз патологиялық кеңеюін атайды:

А) пневмония

В) бронхоэктаз ауруы

С) өкпе эмфиземасы

D) созылмалы бронхит

Е) муковисцидоз

{Дұрыс жауабы}=В

{Ауырлығы}=2

{Оқулық}=(Сторожаков Г.И. «Емханалық терапия» 2014ж)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

05_01 каз

Жалпы дәрігерлік тәжірибе 05_

Тақырыбы «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» 01_

$$$006

Миокард инфарктісінің диагностикасында ең спецификалық маркер болып табылады:

А) аспартатаминотрансфераза

В) аланинаминотрансфераза

С) тропонин Т,І

D) креатинфосфокиназа

Е) лактатдегидрогеназа

{Дұрыс жауабы}=С

{Ауырлығы}=2

{Оқулық}=(Сторожаков Г.И. «Емханалық терапия» 2014ж)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

05_01 каз

Жалпы дәрігерлік тәжірибе 05_

Тақырыбы «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» 01_

$$$007

Бета-адреноблокаторлардың негізгі әсеріне не жатады:

А) ЖЖЖ арттыру

В) қозғыштықты жоғарылату

С) оң инотропты әсер

D) өткізгіштікті тежеу

Е) жүрек электрофизиологиясына әсер

{Дұрыс жауабы}=D

{Ауырлығы}=3

{Оқулық}=(Сторожаков Г.И. «Емханалық терапия» 2014ж)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

05_01 каз

Жалпы дәрігерлік тәжірибе 05_

Тақырыбы «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» 01_

$$$008

Гастроэзофагеальды рефлюксті ауруын диагностикалауда «маңызды» тексеру әдісі болып табылады:

А) өңешті рентгендік зерттеу

В) рН-метрия

С) өңеш эндоскопиясы

D) гистологиялық зерттеу







Date: 2015-08-24; view: 600; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.101 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию