Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының басталуы





Қазақ халқының елдігі жолындағы тарихи күрес барысында, әсіресе, XVII ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ хандары өзінін үлкен көршісі Ресей мемлекетімен байланыс жасауға көңіл бөлді. Орыс мемлекетінің қазақ хандығымен сауда және елшілік байланыстары Қазан (1552ж.) жөне Астрахань (1556 ж.) хандықтарының Ресейге қосылып, оның Жайық пен Еділ аралығындағы даланы алып жатқан Ноғай Ордасына саяси үстемдігін орнатқаннан кейінгі жерде ұлғая түсті. Еділ бойындағы халықтардың орыс мемлекетінің құрамына кіруі, оның шекарасын Қазақстан жеріне жақындата түсті. Маңғыстау мен Үстірт арқылы өтетін құрлықтағы керуен жолдары, Каспий, сондай-ақ, Еділ мен Кама арқылы өтетін су жолы Ресейдің Кавказ, Орта Азия және Қазақстанмен экономикалық байланысын күшейтуде зор рөл атқарды. Қазақстан өлкесі арқылы өтетін атақты Жібек жолы барған сайын халықаралық маңыз ала бастады. Орыс мемлекеті ең алдымен қазақ даласы арқылы өтетін қатынас, сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақ хандарымен байланысын нығайтуды көздеді. Сондай-ақ, Сібір хандығына, Орта Азия билеушілеріне қарсы күресте және жоңғар феодалдары тарапынан күшейе түскен қауіпке байланысты одақтас іздеген Қазақ хандығы Орыс мемлекетімен экономикалық, саяси-елшілік байланыс орнатуға мүдделі болды.Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығының арасындағы саяси байланыстардың дамуы Тәуекел хан елшілігінен басталды. 1594 жылдың аяғында Ресеймен достық келісім жасау үшін Мәскеуге қазақ елшісі Құлмұхамед жіберілді. Тәуекел орыс патшасымен "достық пен ынтымак" жасауға асықты. Өйткені Бұқар ханы Абдулламен уақытша бітім жасап, ноғайлармен арадағы қатынас өте шиеленісіп тұрған болатын. Елшіліктің алдына Мәскеуде аманат ретінде ұсталып отырған ханның жиені Оразмұхамедті босату және Борис Годуновтан "отты қару" алу еді. Орыс патшасы Тәуекел ханға жауабында оған "отты қаруы бар көп әскер" жіберетініне және қазақтарды олардың барлық жауларынан "сақтайтынына" уәде берді. Бірақ ол құрғақ уәде болып, аяқсыз қалды.Қазақ даласы Ресейді Шығыс мемлекеттермен жалғастыратын көпір іспетті еді. Ол арқылы Еуропа елдерінен Шығыстағы елдерге және одан кері қарай құрлық пен сумен ең төте ежелгі сауда жолдары өтетін. Осы жолдармен Ресейден Орта Азияға, Ауғанстанға, Персияға, Қытайға, Үндістанға және басқа шығыс елдеріне баруға болатын еді. Орыс патшасы Петр Бірінші бұл елдермен экономикалық және саяси байланыс орнату, оны дамыту үшін алдымен Қазақстан және Орта Азия елдерін Ресейге қосып алу керек деп есептеді. Осы мақсатта қазақ жеріне бірнеше экспедиция жіберілді. Солардың бірі - 1718 жылы Семей қамалының, ал 1720 жылы И. М. Лихарев экспедициясы Үлбі өзенінің Ертіске құятын жерінде Өскемен бекінісінің негізін салды.Ресеймен қарым-қатынасты нығайтудың қажеттілігіне бұл тұста қазақтың басқа да жүздері мен ру басшылары бой ұра бастаған еді. Өйткені оңдаған жылдар бойына созылған жоңғар қалмақтарының және көршілес жатқан елдердің шапқыншылық әрекеттері қазақ елін әбден тоздырып әлсіреткен болатын.

XVIII ғасырдың бас кезінде қазақ хандары орыс патшасынан жоңғар қалмақтарына қарсы көмек сұрап елші жіберді. 1730 жылы 8 қыркүйекте Уфаға Әбілқайырдың Сейіткүл Қойдағұлов пен Құлымбет Қоштаев бастаған елшілігі келді. Олар әйел патша Анна Ивановнаға Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қосу жөнінде өтініш жасады. "Біз Әбілқайыр хан, - деп көрсетілді жолдамада, - маған қарасты Орта жүз бен Кіші жүздің көптеген... халқымен сіздің алдыңызда күллі бас иеміз... Сіздің қамқорлығыңызда болсақ дейміз". 1731 жылы 19 ақпанда орыс патшасы Әбілқайыр ханға және "бүкіл қазақ халқына" олардың Ресей қол астына ерікті түрде қабылданғаны туралы грамота жіберді. Оны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың 30 сәуірінде Кіші жүзге А. И. Тевкелев бастаған елшілік келді. Олармен бірге Петроградқа жіберілген қазақ елшілері де оралды. Сонымен, 1731 жылы 10-шы қазанда қазақ сұлтандары мен ру басыларының жиналысында Кіші жүздің Ресей құрамына бодан болып қабылдануы жөнінде шешім қабылданды. Осыдан кейін 1731 жылы 15 желтоқсанда Тевкелевпен келіссөз жүргізген Орта жүздің ханы Сәмеке Ресей империясының құрамына кіретінін білдіріп ант беріп, "өзінің мөрін басты". Бірақ бұл шарт тек 1734 жылдан кейін ғана жүзеге асырыла бастады.Ресей патшасының Кіші жүзді қол астына алғанын естіп, Ұлы жүздің атынан Қодар би, Төле би, Сатан батыр, Бөлек батыр патша әйел Анна Ивановнаға хат жазып, ұлы жүзді де өз қол астына қабылдау жөнінде өтініш жасады. Бұл хатты Петроградқа Хангелді батыр жеткізді.1734 жылы 10 тамызда Ресей патшасы Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдау жөніндегі құжатқа қол қойып, ұлы жүз хандығына: "Сіздерді қол астымызға Әбілқайырды алған шарттар бойынша аламыз", - деген қағаз жіберді.

Қазақтар Казакстанның Ресеймен бірігуі елдің экономикалық өркендеуіне, саяси, мәдени жағдайының жақсаруына игі ықпал жасайды деп үміт етсе, патша өкіметі өзінің отаршылдық саясатын жүргізу үшін пайдасы бар деп санады.

1734 жылы 10 маусымда Анна Ивановна Әбілқайырға Ор өзенінің сағасынан бекініс салу қажеттігі жөнінде хат жолдап, қала салатын жерге И. К. Кириллов пен А. И. Тевкелевті жіберді.

Патшаның әмірімен қазақ даласындағы өзендердің бойына бекініс қамалдар салынып, олар біртіндеп ірі қалаларға айнала бастады. Сол тұста Жайық өзені бойынан 14 қамал салынды. Басқа өзендердің жағалауларынан да бірнеше қамал-бекіністер бой көтерді. XVIII ғасырдың 50-ші жылдарында Ертіс өзенінің жағасына Омбы, Железинск, Семей, Өскемен, Ямышев сияқты қамалдар салынды. Мұндай әскери бекіністер салу, Ресейге отарлау саясатын жүргізуге кең мүмкіндіктер ашты.

Жайық бойында түрғызылып жатқан қалалар мен бекіністердің маңында қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салынды. Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендерінің бойындағы құнарлы жерлерінен айрылып, оңтүстікке қарай ығысқан Орта жүздің қазақтары Бұқара мен Ташкент түбіне келіп қоныстануға мәжбүр болды.

1740 жылы Орынбор экспедициясының бастығы генерал-лейтенант князь В. А. Урусов Орынборға елшілік тапсырмамен келіп, 19 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Нұралы, Ералы сұлтандармен, Жәнібек, Бөкенбай және Есет батырлармен, кейінірек Орта жүздің ханы Әбілмәмбет және Абылай сұлтанмен келіссөздер жүргізді. Оның барысында Кіші жүз бен Орта жүздің 399 өкілі Ресейге қарайтындығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алайда, осы шарттан кейін де Ресейге Кіші жүздің біраз бөлігі, Орта жүздің тек аз бөлігі кірді. Ал, Солтүстік-шығыс және Орталық Қазақстанның негізгі аймақтары Ресей құрамына тек XIX ғасырдың 20-40 жылдарында ғана, патша өкіметінің әскери-саяси күш көрсету нәтижесінде қосылды.Тарихшы С. Асфендияровтың пікірі б/ша патшалық үкімет Қаз-ға достық ж/е бостандық туын желеу

етіп,жыртқыштық, тонаушылық саясат ұстанды.

42. Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат. Абылай хан туралы көптеген дастандар, аңыз-əңгімелер, өлең–жырлар, тарихи деректер мен зерттеулер бар. Абылай ханды еске алғанда біз оны батыр, Орта жүздің сұлтаны, сосын Орта жүз жəне де бүкіл қазақ халқын біріктіріп, қазақ хандығын біртұтас мемлекет ретінде сақтап қалып, оның Ұлы ханы болып, өзіне қазақтың барлық хандары мен билерін– сұлтандарын бағын-дыра алғанын жəне де саяси қайраткер, ақылды қолбасшы, күйші екенін айтқанымыз жөн. Абылай хан бүкіл өмірін қазақ халқы (қазақ елінің) бостандығы, егемендігі үшін арнады. Шоқан Уəлиханов «Қазақ жерінде Абылайдың даңқы аса зор. Абылай заманы оларда қазақтың ерлік заманы болып саналады» деп жазған еді. Абылай-дың шын аты -Əбілмансұр. Ауыр «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Абы-лай 12 жасында жауынгерлердің қатарына қосылады да, 22–де батыр, қолбасшы ретінде танылады. XVІІІ ғасырдың орта шенінде қазақ елін жаулардан қорғау үшін Абылай Ресей-мен жəне Қытай-мен татулық, достық қатынас сақтап, олардың қолдауы арқасында жоңғар басқыншылы-ғын талқандауды жөн көрді. Ең ірі қауіп жоңғарлардың басқыншылығы екендігін түсінді. 1740 жылғы шайқаста Абылай қазақ жауынгерлерінің тікелей қолбасшы-сы болды. Қазақ əскері жоңғарларға қатты соққы берді. Жоңғарлар көп шығынға ұшырап, кейін шегінуге мəжбүр болды. Абылай қазақ əскерлерін ұйымдастырып, жауға қарсы көтеріп, басын бірік-тіріп, негізгі əскери күшті жинап көрші мемлекеттерге қазақ хандығы біртұтас ел екенін көрсетті. Абылай сұлтан өзінің шебер саясаткерлігінің арқасында Ресей мен Қытай сияқты ірі империяларды өз саясатымен санасуға мəжбүр ете отырып, іс жүзінде елдің дербестігін, жерінің тұтастығын сақтап қалды. 1741 жылы Абылай сұлтан жоңғарлардың қоршауында қалып, тұтқынға түседі. Тұтқында болған екі жыл ішінде олар-дың тілі мен жазуын үйреніп, жоңғар хандығының ішкі саяси жағдайын жіті бақылап, бұл мемлекеттің күштілігі – мықты орталықтанған билікке бағынуында жəне де халықтың бірлігінде екенін түсінеді. Абылай сұлтан жəне де бірге болған серіктері, барлығы отыз бес адам қалмақ тұтқынынан 1743 жылдың 5-і қыркүйегінде елге қайтып оралады. Абылайдың тұтқындағы екі жылдай уақыт ішінде өзінің қадыр–қасиетін жоғалт-пай жоғары ұстауы, сөз жүйесіндегі тапқыр-лығы мен батылдығы жауларын таңқалдырған. ХҮІІІ ғ. 50-шы жылдары Жоңғар мемлеке-ті саяси дағдарысқа ұшырап, əлсіреп, ыдырай бастады. Бірақ, Абылай хан ол елді қырып шапқан жоқ. Себебі Қытай империясымен Қазақ елінің арасын-да буферлік рөл атқарған Жоңғар хандығының мүлдем жойылуы неге əкеліп соғатынын Абылай жақсы түсінген. Сондықтан да ол қалмақ халқының Қытай басқын-шыларына қарсы ұлт–азаттық күресін қолдады. Левшин Абылай туралы былай дейді: «Жауын сұсы-мен де, күшімен де сескен-діре отыра ол өз қалауымен біресе Ресейдің, Біресе Қытайдың бодандығын қаб-ға мәжбүр болғанымегн,шын мәнінде ешкімге де бой ұсынбаған тәуелсіз басшы болды». XVІІІ ғ. 70-шы жылдары Түркістан аймағында тұра-тын қазақтарды қырғ-ыздар шауып, мал-жандарын айдап əкетіп отырады. Қазақтар Абы-лайдан өздерін қорлықтан құтқарып, қорғауды талап етеді. 1779 жылы Абылай əскер-лері қырғыздарды талқан-дап, басшысы – Садырбаланы тұтқынға алады. Қырғыздар келі-сімге келіп, бітім жасауды өтінеді. Абылай хан мемлекеттің, қазақ халқы-ның жағдайын шұғыл түзеді. Жау қуылды, халық өз жерінде емін – еркін тұрмыс құрды, бірлікке, ұйымшылдық-қа негізделген хан-дық билігі құрылды. Солай бола тұрса да Абылай хан көзі тірісінде Қа-зақ елінің мем-нің тұрақты болуының тарихи жағдайын жасап үл-гермеді. 1781 жылы Абылай хан дүние салғаннан кейін еліміздің тұтастығы ыдырап, Қазақстан тəуелсіздігінен айырыла бастады. Абылай кезінде қазақ хандығының саяси жəне эконо-микалық жағдайы жақсарды. Қазақ халқы бірлікке, тəуелсіздікке, бейбіт өмірге ұмтылды. Абылай сұлтан болған кезінде ақыл– айласымен, сабырлы салмақтылығымен маңайына Төле би, Айтеке би, Қазыбек би, Байдалы би, Сасық билерді, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай сияқты батыр-билерді маңайына жинаған.

43.Сырым Датұлы бастаған кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері,барысы,ерекшеліктері. Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі (1783-1797ж.ж) Көтерілістің алғышарттары:

-Кіші жүзде хандық биліктің әлсіреуі

-Ақсүйектердің бір бөлігінің патша үкіметінің саясатын қолдамауы

-Ресей үкіметінің Кіші жүзді әкімшілік басқаруда өзгерістер енгізіп, Кіші және

Орта жүздің кейбір өңірлерінің Симбирск, Уфа басқармасына бағындырылуы

-Орыс помещиктері Жайық казак әскерінің қазақтарға зомбылығының күшеюі.

1782-1783 жылдарда жұт әсерінен малдың шығын болуын казак әскерлері жергілікті халыққа қысым көрсету үшін пайдаланды.

1782 ж-ғы 27желтоқсан- патша үкіметінің 1775 жылғы 7 қарашадағы жарлығы өзгертілді. Жаңа жарлық бойынша:

-Су көздері жанынан қыста мал айдауға ол жерлерді жалға алғанда ғана рұқсат етілді.

-Казактар жерлерінің қазақтарға жалға берілуіне тыйым салынды.

-Жалға алатын жер үшін қазақтар ақы төлеумен бірге, аманат қалдыруға тиіс болды. Көтерілістің басты қозғаушы күші – қарапайым көшпенділер. Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да көтеріліске қатысты. Көтеріліс аумағы: Еділ - Арал теңізі. Көтерілісшілердің басты мақсаты:

Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру.

Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату.

Нұралы хан мен оның сыбайластарының озбырлығына шек қою.

Көтеріліс басшысы - Байбақты руының старшыны, батыр және шешен Сырым Датұлы(1742-1802). Ол 1775 жылы Пугачевтің әскерінде қазақ жасағын басқарған. Қолбасшы А.Суворов граф Панинге жазған хатында «Сырым бастаған қарулы топтар тосыннан келіп шабуылдайды, тез арада жоқ болады. Оның артынан қуғанмен ешкім жете алмайды» деп батыр сарбаздарын жоғары бағалаған.

1778 жыл- орал казактарымен қақтығыста Сырымның балалары қайтыс болды.

1783 жылдың күз - батырдың Орал казак әскерімен ашық түрде кең арпалыс жолына түсуі басталды.

1783 жылғы желтоқсан Сырымды оралдық казактар тұтқынға алды. Сырымның қарындасына үйленген Нұралы хан 1784 жылы көктемде оны тұтқыннан босаттырды. 1784 жылғы маусым Сырымның Орал казак әскерімен кескілескен күресі басталды.

Қазақ жасақтары төменгі Жайық шебі мен Ор бекінісі төңірегінде шайқасты. 1784 жылғы қараша Сағыз өзені бойында Сырым тобы 1000 адамға жетті. Патша өкіметімен бірлескен Нұралы ханның көтерілісшілерге қарсылығы оның Сырыммен ара қатынасын суытты. Сырым тобы Сахарная бекінісін алуға ұмтылып, зеңбіректерге қарсы келе алмай кейін шегінді. Сұлтан Айшуақтың өзі Орал қаласында тұтқындалды. Жазалаушылардың Нұралы ханның туыстарына қол көтеруі көтеріліс сипатын өзгертті. Нұралы ханның ашық түрде патша өкіметін жақтауы феодалдық топтар арасында жік туғызды. Нұралыны хандықтан тайдыру-көтерілісшілердің ендігі басты мақсаттарының бірі. 1785 жыл Кіші жүз старшындарының съезі Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдады. 1785 ж күзде қазақ билерінің (20 ру өкілдері) мәжілісі болып патша үкіметіне Нұралы тұқымдарын хан тағына жолатпау талаптарын қойды. Жүзді үш ордаға бөлу ұсынылды:

-Байұлы; Жетіру; Әлімұлы

Сырым үш орданың кеңесшісі болып сайланды. Осымен Кіші жүздегі отаршылдыққа және феодалдыққа қарсы қозғалыстың бірінші кезеңі аяқталды. Нұралы 1786 ж көктемде Орал әскери шебіне қашып, паналады.

1790 ж- Уфаға жер аударылып, сонда қайтыс болды.

Кіші жүздегі қайшылықты бақылап отырған барон О.А Игельстром хандық билікті жойып, отарлауды тездетуді және әкімшілік билеуді іске асыруды ойластырған жоба ұсынды. Иг-м жоспары бойынша Кіші жүзде қазақтарды билеуді Шекаралық сотқа шоғырландыру ұсынылды. П.Екатерина бұл жобаны уақытша бекітті. Сырымның мақсаты- хандық билікті жойып, билердің билігін орнату. Билердің көпшілігі жалпы хандық билікті түбірінен жоюға қарсы болып, сұлтан Батырдың баласы Қайыпты Кіші жүз хандығына дайындады.

1786 жыл- Орынборда шекаралық комиссия құрылды.

1787 жыл- Кіші жүзде патшаның әкімшілік билігінің төменгі сатылары ұйымдастырылды.

Көтерілістің уақытша өрлеуіне түрткі болған оқиға- Орал казактарының қазақтарға қарсы шабуылдауы.

Сырым батырдың алдында екі жол тұрды:

-Патша үкіметімен күресті тоқтатып, отарлауға қарсылық көрсетпеу, Жайық бойындағы шұрайлы жерлерді казактардың қолында қалдыру.

-Қазақ руларының басын біріктіріп, патша үкіметіне қарсы күресті жалғастыру.

Батыр екінші жолды таңдады. Көтерілістің жаңа кезеңінің кеңеюіне 1791 ж Орск қаласының маңында Ералыны хан етіп сайлау әсер етті(1791- 1794).

1792ж-Сырым ресей империясына қарсы ашық күрес жариялады.

Қазақ феодалдарының бір бөлігі батыр топтарының шоғырланған ауылдарын және батырдың жоспарын Орынбор әкімдеріне хабарлап отырды. Патша үкіметінің Жем, Ойыл бойында бекіністер тұрғызуы да көтеріліске кері әсер етті. Сырымның көтеріліске Орта жүзге шекаралас аймақтағы қазақтарды тартуы іске аспады. 1791 ж маусымда Сырымның көтеріліс мәселелерін талқылау үшін старшындар съезін шақыру талабы орындалмады. Елек қонысы мен Красногорск бекінісіне шабуылы нәтижесіз болып, партизандық күрес әдісіне көшті. Күрес уақытша бәсеңдеді.

1794-Ералы хан қайтыс болды.

1795ж-Есім хан болып сайланды.(1795-1797).

1796-97 ж-рдағы қысқы жұт, ханның салықты көбейтуі көтерілістің қайтадан ұштасуына себеп болды.

1797 жылғы 17наурыз- Сырым тобының хан сарайына шабуылы кезінде Есім хан өлтірілді.

Хан өліміне Сырымның жеке басының қатысы болмады. Хан отбасының Орал казак әскерінен пана сұрауы, атаман Донсковтың көтерілісті басу үшін жазалау тобын ұйымдастыруына негіз болды. 1797 жылғы күз полковник Скворник тобы Сырымды қудалауды бастады. Жазалаушылар қатарында Байбақты, Алаш, Беріш, Адай т.б. руларының өкілдері, өлтірілген ханның балалары мен туыстары болды.

Сырым тобы Ойыл өзені бойына кетіп, жазалаушыларға ұстатпады. Есім ханның қазасынан кейін ақсүйектер тобы патша үкіметінен жаңа ханды тағайындауды өтінді:

-сұлтан, старшындардың бір бөлігі-Қаратайды(Нұралының ұлы) қалады.

-Сырым тобы-хан сайлауда халық пікірін еске алуды талап етті. Барон И-м хан сайлауын тоқтатып, хандық кеңесті құруды ұсынды. Айшуақ сұлтан төрағасы болып белгіленген хан кеңесі 4 адамнан тұрды және құрамына Нұралы ханның ұрпағы енгізілмеді. Осы арқылы патша үкіметі Сырымды өзіне жақындатуға тырысты. 1797ж-Төменгі Жайық бойындағы феодалдық топтар Қаратайды хан көтерді. Ол кіші жүзде патша саясатына қарсы топты басқарды. Сырым хан кеңесі арқылы старшындық топтық қызметті күшейтуді ойластырды. Орынбор әкімшлігі хандық кеңесте Сырымның ықпалының өсуінен сескеніп, 1797ж күзде Кіші жүзде хандық билікті қайтадан қалпына келтіруге бағыт алды: Айшуақ хан болып бекітілді. 1801 ж патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге, мал жаюға рұқсат берді.

Date: 2015-07-27; view: 2063; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию