Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Басындағы Қазақ хандығы.Тәуке ханның реформалары





Тәуке хан. 1680 жылы Қазақстан жеріндегі хандықтардың билігі Жәңгірдің баласы Тәуке ханға (1680-1717 жж.) көшті. Ол өзін жақтайтын феодалдардың, ел силаған билердің қолдауына сүйене отырып, халықтың, елдің бірлігінін туын жоғары ұстады. Ол билер съезінің өтетін жері мен уақытын белгіледі. Съезр Тәуке хан ордасында: Түркістан қа-да Битөбеді, Сайрам қал-дағы мартөбеде Сырдария обл.Ангрен қ.жақын жердегі Күлтөбеде өткізілген. Билер кеңесінің шешімін келесі мәжіліске ешкім өзгерте алмайтын еді. Тәуке хан би-батырлар тірегін кеңейтуге тырысты.

Тәуке хан 1687-1688 жж. Бұхара ханы Сұбхан- Кулимен Ташкент туралы келіссөз жүргізген, тіпті қаланы алуға әрекеттенген. Сырдария бойындағы Тәукенің хандық өкіметі нығайып, Түркістан қаласы оның астанасы болған. XVII ғ. 90-шы жылдарында, яғни Тәуке ханның тұсында жонғар феодалдарының қазақтардың жеріне қысымы босаңсыды. Өйткені бұл кезде қазақ, кырғыз, оған қарақалпақтардың бір бөлігі бірігіп қимыл жасады.

1686-93 ж.Сібірге 5 елшілік жіберді. Тәуке хан орыстармен қарым-қатынастарды тең дәрежеде ұстау үшін, бейбіт халықты өлтіру, тонау сияқты кемшіліктерге көз жұма қарады.

Тәуке хан кезінде жоңғар-қазақ кқарым-қатынасы шиеленісте болды.

1698 ждан бастап ойраттармен қарулы қақтығыстың жаңа кезеңі басталды.Жоңғарлардың көздегені ірі сауда орталығы болатын оңт.Қазақстан болатын. Қазақтың Сығанақ, Түркістан, Созақ, Отырар ,Сайрам қал-ы өзіндік стратегиялық тірек бекетіне айналды. Қазақ-қалмақ қырқыстары толассыз жүргізілді. Олар 1711,1712,1714,1717 ж.ерекше болды. Жоңғария қазақтарға аса қауіп төндірді.



Тәуке хан феодалдық өзара тартыстарды уақытша тыйып, үш жүздің үшеуінде де тыныштықты қалпына келтіруге тырысты. Осы арқылы ол қазақ руларының қоныстарын сыртқы жаулардан қауіпсіздендіруге күш салды. Тарихи деректерде айтылғандай, Тәуке ханның өз билігінде 80 мыңдай жауынгерлерінің болуы, оған сыртқы және ішкі жаулармен күресте жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді.

1718ж.қазақтың үш жүзіне билігі толық тараған соңғы хан Тәуке қайтыс болды. Тәуке хан тұсында қазақ хандығы бір орталыққа бағынған мемл.еді.

«Жеті жарғы»-жеті ереже дегенді білдіреді. Ғылыми әдебиетте бұл заң құжаты «Тәуке ханның ережесі» н\е «Тәуке ханның заңы» деп аталады. Деректемелерде «ереженің» авторы кім болғаны туралы мәліметтер жоқ. Тарихи аңыздарға қарағанда ереженің жасаушысы тәуке хан делінеді: ол Күлтөбеде 3 жүздің басты билерінің бастарын біріктіріп, сөйтіп олар «қасым мен есім хан-ң ескі әдет-ғұрпын» «жеті жарғы» деп аталатын нормаға біріктірген. Жарғыны кейбір ғалымдар Шыңғыс ханның Яссасының көшірмесі десе, кейбіреулері оны мүлдем тәуелсіз жазылған дейді. Тәуке ханның ережесінде сол кездегі қазақ қоғамының әлеум.-құқықтық нормалары заң жүзінде баянды етілді. Жеті жарғыға әкімшілік, қылмыстық істер, азаматтық күрес нормалары, салықтар, діни қозғалыстар, сот, отбасы жағдайы, яғни қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтары қамтылды. Әкімшілік құқық нормалары мен қылмыстық іс құқығы: жоғарғы билік хан қолына шоғырланды, жиналысқа қару-жарақсыз кіргізілмеді. өлім жазасына кесілді: 1. Әйелі күйеуін өлтірсе ж\е туыстары кешірмесе; 2.егер әйеле көлденеңінен тапқан баласын ұялғанынан өлтірсе; 3.егер өз әйелінің көзіне шөп салғанына күйеуінің көзі жетсе; 4. Егер құдайға тіл тигізсе . Өлім жазасының екі түрі болды: дарға асу, тас лақтырып өлтіру. Жазалаудың ең көп тараған түрі құн төлеу. Отбасы-неке құқығы, Мұра алу жағдайлары жарғыда дұрыс талданбады. Отбасы саласында әйел тең құқықты болмаған. «ата-анасы өз баласын өлтірсе жазаға тартылмайды» делінген. Баласы жоқ бөлек тұратын баласы қайтыс болса мал-мүлкі әкесіне берілген. Сот.Соттау құқығы тек ханның билер мен рубасылардың қолында болды. Талапкер мен жауапкер тұратын ауылдардан екі адам шақырылуы тиіс болатын. Істі шешкеені үшін билер өтелетін есенің оннан бір бөлігін алды. Нақты айғақтары болмаса 3-7-ге шейін куәлар шақырылатын. Куәлер болмаса ант беру талап етілген. Билерге күдік туса айыпкер ауыстырылуын сұрауға құқығы бар.



36-37. 17-18ғ. 1 ширегінде Қазақ-Жоңғар қатынастарының шиеленісуі. «Ақтабан шұбырынды» Аңырақай шайқасы. 1710жылы күзде қазақ жүздері өкілдерінің жиналысы Қарақұмда қаракесек руы көшіп жүретін жерде өтті. Қазақ жасақтарына БӨгенбай батыр жетекші болды. Я. Гавердовскийдің акйтуынша «риза болған халық Бөгенбай батырды жетекшісі ретінде жариялады» Мейердеректеріне қарағанда съезде «хандар әулетінде Әбілқайыр аға хан болып сайланған » дейді. Витевский былай деп тұжырымдады: «қазақтардың әйгілі батыры, ақсақалы Бөгенбай Қарақұмдағы жиында халықты қалмақтарға шабуыл жасауға көндірді. Бөгенбай қазақтардың жетекшісі болып сайланды. Ал хан билігі Әбілқайырға берілді». 1713-1717 жылдар ара-да жоңғарлардың қазақтарға соғыс қимылдары өршелене түсті. 1723ж Жоңғар шапқыншылығы XVIII ғасырдың басында Қазақ қоғамының өз ішінде дағдарысты құбылыстар етек алды. Ал бұл жағдайды көршілер дереу пайдаланды. Жан-жақтан: солтүстік пен батыстан – Ресей мемлекетінің, шығыстан – жоңғарлардың, оңтүстіктен – Орта Азия хандықтарының саяси қысым жасауы айқын аңғарылды. Қазақ халқы үшін ең басты қауіп – Жоңғар хандығы тарапынан төнді.1718 жылдың көктемінде Аягөз өзенінің бойында қазақ жасақтары мен жоңғар әскерлерінің арасында болған үш күндік қантөгіс ұрыста қазақтар жеңіліп қалды. Қазақ хандықтарының саяси бытыраңқылығын пайдаланып, 1723 жылы көктемде жоңғарлар 70 мың әскермен жеті бағыттан қазақ жеріне тұтқиылдан басып кірді. Цеван-Рабданның ұлы Қалдан Церен Балқашқа одан әрі қарай Қаратау өңіріне, Құлан батур Алтайға және Көктал өзенінің өңіріне, Амурсана әскері Нұра өзені бағытында, Қалдан Цереннің Цеван-Доржы атты ұлы Шелек өзенінің аңғарымен, екінші ұлы Лама-Доржы Ыстықкөл бағытында қозғалды. Жоңғарлар халықты жаппай қырып, мал-мүлкін тонады. Қапыда қалған қазақтар үйлерін, мал-мүліктерін тастап босып кетуге мәжбүр болды. Қаратау мен Арыс өңіріндегі қазақтардың көп бөлігі жаудың қолынан қаза тапты. Алтай өңірі толығымен жоңғарлардың қолына көшті. Жоңғарлар Қазақ хандығы территориясының басым бөлігін жаулап алды. Ендігі жерде қазақ жері мен жоңғарлар ұлысының шекарасы Ұлытау, Балқаш көлі мен Шу, Талас өзендерінің арасымен өтті. Қазақ тарихында бұл кезең «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама » деп аталады. Қашып, босқан қазақтардың паналаған жері Сырдарияның сыртындағы Алқакөл көлі болды. Бұл оқиға қазақтың кіші жүзі арасында «Сауран айналған» деген атпен әйгілі болған. Жоңғарлардан қашқан Кіші жүз қазақтары соңынан түскен жауды көз жаздыру үшін Сауран қаласын айнала көшкендіктен, бұл оқиға «Сауран айналған» деп аталған екен. Осы заманнан бізге дейін жеткен «Елім-ай» әні халық бұқарасының сол жылдардағы мұң-зарын бейнелейді.Күзде Сарыарқа даласындадағы Бұланты өзенінің маңында жауға үлкен соққы берілді. Шайқас болған жазық Қарасиыр деп аталады. Осы маңдағы соңғы шайқас Жақсы Қон өзенінің жоғарғы ағысындағы Қарамолда деген жерде болды. Бұл шайқаста да жоңғарлар жеңіліс тапты. Кейіннен шайқас болған аймақ «Қалмақ қырылған» деп аталды. Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысында қазақ тарихы үшін маңызы зор шайқастардың бірі – Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас 1730 жылы Балқаштың оңтүстік-батысындағы Алакөл маңында орын алды. Аңырақай шайқасы болған жер 200 шақырымға созылды. Жоңғар шапқыншылығы қазақ қоғамының әлеуметтік қатынастарына да теріс әсерін тигізді. Елдің құлдырауы мен күйзелуі салдарынан кедейлер, қоңсылар, жатақтар және т.б. көбейді. Өз бетімен шаруашылық жүргізу мүмкіндігінен айырылған олар малы көп байлардың бақташылары, үйдегі малайлары ретінде жұмыс істеуге мәжбүр болды. Қазақтардың 1730 жылғы Аңырақай жеңісіне қарамастан Жоңғар хандығының жаңа шабуылының тікелей қаупі сақталып қалды. Қазақ хандықтары жөнінде барынша агрессияшыл саясат жүргізген Қалдан Цереннің (1727-1745 жж.) билік басына келуі мұндай шабуылдың қаупін күшейтті. Қазақ хандықтарының Орта Азия хандықтарымен де қатынастары шиеленіскен күйінде қала берді. Еділ қалмақтары және башқұрттармен қарым-қатынастар да күрделі еді. Осындай жағдайда қазақ билеушілері алдында маңызды да күрделі міндет – қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіздендіру және елдің феодалдық бытыраңқылығының күшейе түскен үрдісін жою міндеті тұрды. Олардың бұған өз күштерімен жете алмайтындығына көздері жете түсті. Солтүстіктегі қуатты көрші – Орыс мемлекетімен одақтасу қажеттігі туралы пиғыл туындады. Осылайша қазақ билеушілерінде орыс-қазақ саяси және экономикалық байланыстарын нығайтып, Ресейдің қарауына кірудің жолдарын іздеуге деген ұйғарым қалыптасты.

«Ақтабан шұбырынды – Алакөл сұлама» кезеңінің ерекшеліктерін көрсетіңіз

Қаратау мен Арыс өңіріндегі қазақтардың көп бөлігі жоңғарлардың қолынан қаза тапты.Алтай өңірі толығымен жоңғарлардың қолына көшті.Қазақ рулары мекендерін тастап, Сырдарияның арғы бетіне қарай қашты.Сырдариядан өткен Ұлы және Орта жүз қазақтарының басым бөлігі Ходжентке,Орта жүз қазақтарының біраз бөлігі Самарқанға,ал Кіші жүз қазақтары Хиуа мен Бұхара аумағына өтті. Ал жоңғарлар қазақ ауылдарын,қалаларын басып алды,халқын қырып,тұтқынға айдады.Әсіресе,Шона-Дабаның бағытындағы халық ауыр азап шекті.Оның әскері 5000 қазақ жанұясын талқандап,1000 жанұяны тұтқынға айдады.Ұлытау,Балқаш көлі мен Шу,Талас өзендерінің арасымен өтті.Қазақ тарихында бұл кезең Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама деп аталады.Қашып,босқан қазақтардың паналаған жері Сырдарияның сыртындағы Алқакөл көлі болды..Бұл оқиға қазақтың кіші жүз арасында Сауран айналған деген атпен әйгілі болды.Осы заманнан бізге жеткен Елім-ай әні халық бұқарасының сол жылдардағы мұң зарын бейнелейді.Бұл жылдардың өзінде жау халықтың рухын сындыра алмады.Көп жерлерде халық жауға батыл қарсылық көрсетті.Ташкенттің 300 мың тұрғындары қаланы үш ай бойы ұстап тұрды.Халық жоңғарларға қарсы күресте ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Сайрам,Түркістан қалаларындағы тұрғындары да жуға табанды қарсы тұрды.Осындай қарсылықтарды ұйымдастырушы Бөгенбай,Қабанбай,Саңырық,Тайлақ,Жәнібек,Малайсары және т.б. халық батырлары болды.

.«Орбұлақ», «Аңырақай» шайқасының тарихи маңызын дәлелдеңіз.

Отан соғысында қазақ тарихы үшін маңызы зор шайқастардың бірі – Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас 1730 жылы Балқаштың оңтүстік-батысындағы Алакөл маңында орын алды.1997 жылы Қазақстан халық жазушысы Ә.Кекілбаев пен тарихшы М.Қозыбаев бастаған ғылыми экспедиция шайқас болған жерді жан-жақты зерттеді.Аңырақай шайқасына қатысқан қазақ сарбаздары асқан ерлік көрсетті. Қаракерей Қабанбай, Саңырық, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет, Шапырашты Наурызбай, Райымбек , Құдайменді Жібекбай, Сенгірбай, Шүйкебай тағы басқа батырлар қанды шайқастардың алдыңғы шептерінде болып, талай рет суырылып шығып, ерлік үлгісін танытты.Қазақтардың 1730 жылғы Аңырақай жеңісіне қарамастан Жоңғар хандығының жаңа шабуылының тікелей қаупі сақталып қалды. Жоңғар шапқыншылығы қазақ қоғамының әлеуметтік қатынастарына да теріс әсерін тигізді. Елдің құлдырауы мен күйзелуі салдарынан кедейлер, қоңсылар, жатақтар және т.б. көбейді

38-39. XVI-XVIIIғғ Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы шаруашылығы мен тұрмысы. XVI-XVIII ғасырларда қазақ хандығында халықтың әлеуметтік құрамы феодалдық қоғамның таптық құрылымын бейнеледі.Қазақ хандығы негізгі екі топқа бөлінді: ақсүйек және қрасүйек . Ақсүйектерге Шыңғыс ханның ұрпақтары-сұлтандар, төредер, Мұхаммед пайғамбар-ң үрім-бұтақтары қожалар жатты.Шыңғыс хан ұрпақтары туысымен сұлтан тағына иеленіп , бұл әлеуметтік топқа тиесілі барлық ерекше құқықтармен қамт етілді. Сонымен бірге бұл әлеуметтік топтар руға бөлінбеді. Қалған әлеуметтік топтардың бәрі қарасүйектерге жатты. Қарасүйек өз ішінде тайпалар мен руға бөлінді. Қарасүйектерден ерекше құқықтарға иеленгендер тек билер болды. Ру биінің қолында соттық әкімшілік билік шоғырланды. Небір беделді билер құрылтай жиналысқа қатымып хан жанындағы билер кеңесінің құрамында болды. Қазақ қоғамында ешқакндай құқығы жоқ мүшелер –құлдар болды. Олар нег соғыс тұтқындары болды. Бұларға патриархтық феодалдық топтың мұнан басқа өкілдері әмірлер немесе бектер, билер, байлар, батырлар да жатты. Халықтың қарапайым көпшілік бөлігі мал өсіруші шаруалар мен егінші шаруалар т.б еді. Бұлар жеке өз еңбегіне негізделген шаруашылығы бар ұсақ өндірушілер болды. Шаруалар жұмыс істеу және салық төлеумен қатар көптеген міндеткерлікті де өтеді, олар хандар мен сұлтандарға сойыс беруге, қонақ етіп күтуге, әскерлерді соғыс жабдығы мен қамтамасыз етуге тиісті болды. Кедейлер бай шонжарлардың малын бақты, үй қызметшісі жұмысын атқарды. Егіншілікпен айналысқан шаруалар өз шаруашылығын феодалдардың қыстауының маңында жүргізді. Кедей шаруалар феодалдың жерін жыртып егінін егіп, шөбін шауып жаздай күтіп, күзде жинап теріп қамбасына кіргізіп берді. Мұсылман дінбасыларының жоғарғы топтары ишандар, имамдар, қожалар да жоғарғы топқа жатты. Молдалар да артықшылық дәрежеде болды. Батырлар-қазақ жасақтарын бастаған қолбасшылар, ержүрек адамдар. Ақсақалдар-жасына байланысты құрметке бөленген адамдар. Құлдар-құқықсыз әлеуметтік топ.

XV-XVIII ғғ.қазақтардың шаруашылығы мен тұрмысы.Халықтың қарапайым көпшілік бөлігі мал өсіруші шаруалар мен егінші шаруалар т.б еді. Бұлар жеке өз еңбегіне негізделген шаруашылығы бар ұсақ өндірушілер болды. Шаруалар жұмыс істеу және салық төлеумен қатар көптеген міндеткерлікті де өтеді олар хандар мен сұлтандарға сойыс беруге, қонақ етіп күтуге әскерлерді соғыс жабдығы мен қамтамасыз етуге тиісті болды. Кедейлер бай шонжарлардың малын бақты, үй қызметшісі жұмысын атқарды. Егіншілікпен айналысқан шаруалар өз щаруашылығын феодалдардың қыстауының маңында жүргізді. Кедей шаруалар феодалдың жерін жыртып егінін егіп, шөбін шауып жаздай күтіп күзде жинап теріп қамбасына кіргізіп берді. Мұсылман дінбасыларының жоғарғы топтары ишандар, имамдар, қожалар да жоғарғы топқа жатты. Молдалар да артықшылық дәрежеде болды. Феодалдар мен тәуелді шаруалар арасында әлеуметтік қайшылықтар жиі жиі көрініс тапты. Шаруалар көшіп кету немесе қашып кету арқылы өзінің наразылығын білдірді.

Қазақ хандығының нығаюы, Қазақ хандығының экономикалық және мәдени өмірі Оңтүстік Қазақстан тарихымен тығыз байланыста болды. Соңғы орта ғасырларда қала мәдениеті мен отырықшы –егіншілік мәдениет қазақтың этникалық аумағының нақ осы, бірден бір ауданында сақталып қалды. Қазақ жерінің табиғи-географиялық ерекшеліктеріне қарай қазақтар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Көшіп-қону бағыттары жыл маусымына байланысты өзгеріп отырды. Маусымдық жайылымдарды (көктеу, жайлау, күздеу, қыстау) алмастырып көшіп-қонып отырудың бұрыннан қалыптасқан жолдары мен жылдық айналымы орнықты. Әрбір ру белгілі бір аймақ шеңберінде көшіп-қону дәстүрін ұстанды. Қазақтар негізінен қой, жылқы, түйе өсірген. Қазақ шаруашылығында мүйізді ірі қара аз болған, өйткені ол жыл бойы бағуға әсіресе қыс кезінде тебіндеп жайылуға нашар бейімделген. Қазақтар-ң мал шаруа-на байл Ш. Уалиханов былай дейді: «Дала көшпелісін ішіп жегізетін де киіндіретін де мал , ол үшін өз тыныштығынан малының аман болғаны қымбат .Жұртқа мәлім .Қырғыздар бір-бірімен амандасқанда «мал-жан аманба ?» деген сөзденмен ьастаған. Отбасының мал*жайын алдын-ала сұрастыруы көшпенділер өмірінде малдың қаншалықты маңызы барын айқын көрсетеді». Қазақтардың шаруашылығында әр түрлі қолөнер мен үй кәсіпшіліктері елеулі орын алды. Олардың көпшілігі мал шаруашылығы өнімдерін өңдеумен байланысты еді. Осыған байланысты тері өңдеп, киіз басуды , құрақ құрауды ,оюарды түрлі түске бояуды білген. Қазақ хандығы аумағының түрлі аудандарында егіншіліктің дамуы әр түрлі болды. Кейбір аудандарда егіншілік зор маңызға ие болды. Бұл ең алдымен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария өзеніне қатысты еді. Қазақтар аң аулаумен де айналысқан. Аң аулаудың бірнеше түрлері болған: құс салған, тазы ит қосып аулаған т.б. Соның ішінде қыран құстармен аң аулау басым болды.






Date: 2015-07-27; view: 902; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2019 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию