Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы





Ұлы Жібек жолы туралы алғашқы мәліметті будда діндары Сюань-Цзяннің қолжазбаларынан белгілі(629-630жылдар). Б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырлар жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған.Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін кеуен жолының жүйесі (ұз 7 мың км астам). Бұл жол Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды:1. Лазурит жолы: Бадахшан тауы – Иран- Месопотамия – Мысыр – Сирия – Қытай.2. Нефрит жолы: Жаркентдария – Шығыс Түркістан – Қытай. 3. Дала жолы (б.з.б. І мыңжылдықтың ортасы): Қара теңіз жағалауы – Дон – Оңтүстік Орал – Ертіс, Алтай – Зайсан көлі (Геродот дерегі). 4. Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтіп, төрт тармаққа бөлінді: 1. Батыстан шығысқа бакғытталатын жол. 2. Іле бағыты. 3. Еуропа бағыты. 4. Орталық және Шығыс Қазақстан бағыттары

Ұлы Жібек жолының VI-VII ғ.ғ. ең гүлденген бағыты - Қытайдан Жетісу және Оңтүстік Қазақстан арқылы батысқа баратын жол.

Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар: Құлан қаласы,Ілебалық қаласы.Үлкен қала – Екіоғыз. Вильгельм Рубрук бұл қалада ирандық көпестердің сауда орындары болғанын айтады (1253ж.).Сырдарияны бойлай жүретін керуен жолындағы ең ірі қалалар – Отырар мен Шауғар. Тауар тасымалы Саудадағы басты тауар жібек. Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Жалақы мен қарызды жібекпен төленген. Ұлы Жібек жолымен алғашқыда Қытайдың жібегі Батыс елдеріне жеткізілген. Кейін бұл жол арқылы Үндістан, Иран, Византия, Араб халифаты, Еуропа, Ресей тауарлары тасылды. Ұлы Жібек жолы арқылы тасылатын тауарлар: жасмин суы, мускат жаңғағы, пілдер, мүйіз тұмсықтар, арыстандар, арғымақтар, түйелер, тотықұстар, сұңқарлар, т.б. Мәдениет пен діннің таралуы. Ортағасырлық Азияда әлемнің төрт патшалығы туралы тұжырым болды: Пілдер патшалығы немесе Үнді философиясы мен ғылымның дамуы мен даналық патшалығы – Үндістан; Бағалы тастар патшалығы немесе аңдар мен ерлер патшалығы – Иран мен Византия; Сәйгүліктер патшалығы немесе жыртқыштар аңдар патшалығы – Түрік қағанаты; Адамдар патшалығы немесе мемлекеттік басқару және өнеркәсіп патшалығы - Қытай. Бұл тұжырым Самарқан төңірегіндегі Кушаниядағы сайрайдың қабырғасына салынған суреттерден байқалады. Ұлы Жібек жолы арқылы ән мен би өнері, әдебиет туындылары тараған. Қытайда көп тараған Шығыс Түркістан мен Қазақстанның әуендері болды. Византияда түрік акробаттарының өнері көрсетілген. Бағдатта наурыз мерекесінде халифтың алдында маскалы ойын сауық өткізілген. Ұлы Жібек жолының бойымен дін таралды. Буддизм – Үндістаннан Орта Азия мен Қазақстанға келіп, Оңтүстік Қазақстан және Жетісуда кең тарады. Испиджабқа жақын жерден жер асты храмы (VII-VIIIғ.ғ.), Ақбешімнен екі будда храмдары (VII-VIII ғ.ғ.) табылды. Христиан діні - Сирия, Иран, Аравиядан келіп, Қазақстанда бұл діннің несториандық бағыты тарады (VII-VIII ғ.ғ.). Тараздан манихейлердің көк тәңірісі болып есептелетін әйел бейнесі мен ай суреті салынған қола медальон табылды (ай – манихейлік жұлдыз сәулелі құдайдың символы). Зороастризм діннің белгісі – от мұнарасы (Қостөбе мен Қызылөзенде).Ортағысрлық Жібек жолының маңызы: Отырықшы және көшпелі мәдениеттің өзара қатынасы күшейіп, бірін бірі байытты.Қалалар көбейді.Сыртқы байланыс дамыды.Сауда өркендеді;Ұлы Жібек жолы екі мың жыл бойы жұмыс істеген. XV ғасырда су жолы пайда болғаннан кейін керуен жолы тоқтады.

Йсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілері. Ғұндардың саяси, қоғамдық құрылысы. Ғұндар жайлы тарихи деректерді көрнекті қытай тілінің мамандарыН.Бичурин мен Н.Кюнер еңбектерінен білеміз. Ал олардың тарихын жазуға еңбек еткен ғалымдар А.Бернштам, Л.Гумилев, Н.Конград. Қазақ ғалымдарының ішінде соңғы кезде К.Байпаков айналысып жүр. Мемлекеттің басында ұлы Сенгир (Шаньюй) тұрды. Оның билігі дара және мұрагерлік болды. Шаньюй ол территорияны сақтауға, қорғауға міндетті болды. Оның соғыс жариялауға, бітім жасауға, армияны басқаруға құқысы болды. Жоғарғы сот билігі де Шаньюйдің қолында шоғырланды. Шаньюйден кейінгі екінші орында оның балалары және жақын туыстары тұрды. Ғұндар 24 рудан құралды. Әр руды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар мемлекет ісін талқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырды. Атты әскердің қаруы садақ пен жебе еді. Олар садақтарының сыртын сүйекпен қаптаған. Жебелердің екі түрі болған. Әсіресе, ұшқыр, ауыр ұңғырлы сауыт бұзар жебені темірден жасаған. Сыма Цянь (б.з.б. 135-67 жж.) «Тарихи жазбаларда» ғұндардың Левират ғұрпы туралы былай дейді: «Әкесі мен ағалары өлсе тұқым құрымасын деп олардың әйелін өздеріне алады, сондықтан ғұндарда қан араласу болса да, тұқым құрымайды». Үйсіндердің саяси құрылымы. Б.з.б II ғасырда 177 жылда үйсіндердің мемлекеттік бірлестігі қалыптасты. Жазба деректер бойынша үйсіндерді алғаш рет тарих ғылымына таныс еткен Н.В.Кюнер мен Н.Я.Бичурин.Бұлардың аудармаларын және басқа да деректерді пайдалана отырып, академик В.Бартольд өзінің атақты «Жетісу тарихының очеркі» атты еңбегінде үйсіндердің қысқаша тарихын жазды. Қытай тілінің маманы Ю.А.Зуевбұл тайпалардың тарихы жайлы жаңа деректерді пайдалана отырып, Қазақстан тарихын жазуда үйсіндер туралы өз үлесін қосты. Үйсін тайпаларының тарихи өмір тіршілігін қалыптастыруда, археологиялық материалдарды жазба деректермен салыстыра отырып, зерттеуде еңбек еткен ғалымдар академик Ә.Марғұлан мен А.Бернштамдар болды. К.Акишев үйсіндер мемлекеттік дәрежеде – таптық құрылыста өмір сүрген деген қорытындыға келді. Олардың ордасы қызыл алқап (Чигучен) Ыстық көлдің жағасына орналысты. Үйсіндердің мемлекет басшысы Гуньмо (Ұлы бек) деп аталды. Өкімет билігі атадан балаға мұрагерлік жолмен ауысып отырды. Гуньмоға бағынышты ұсақ ру басшылары кіші гуньмолар (бек) деп аталды. Қытай тарихшысы Сюй-Сунаның қалдырған дерегіне қарағанда үйсіндер көшпелі мемлекет болған. Үйсіндердің Гуньмолары Қытай ханшаларына үйленіп отырған. Үйсіндерде жоғары деңгейде тұрған әскери үйым болды. Әскерлері жақсы қаруланған салт аттылардан тұрды. Мәселен, Қытай императоры Удидің 138 ж. батысқа жіберілген елшісі князь Чжыньцянь үйсіндер иелігінде 630 мың адам бар және айқасқа 188 мың жауынгер шығара алады деп жазады. Қаңлылар. Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, парсы және үнді діни кітаптары «Авеста» мен «Махабхарата» кангха болып кездеседі. Қаңлы тайпаларын қытай жазба деректері бойынша алғаш рет қазақ халқының тарихына таныс еткен ғалымдар көрнекті қытай тілінің мамандары Н.Бичурин мен Н.Кюнер.Жазба деректерді пайдалана отырып, қаңлылардың қысқаша болса да тарихына көңіл бөлген академик В.Бартольдболды. Түрік жазуындағы кангю-тарбанд сөзін көне Отырар қаласының аты деп болжау айтқан С.Кляшторный. Ал соңғы кезде қаңлылар туралы жазба деректерді толық қарастырып, бір жүйеге келтіргенБ.Литвинскийболып табылады. Қаңлылар туралы орта ғасыр кезіндегі хабарды 1246 жылы ПланоКарпиниден білеміз. Ол моңғол жеріне барып қайтқан сапарында қаңлылардың жерін басып өткендігін, олардың куманша сөйлейтіндерін хабарлайды. Бұл хабар қаңлы тайпаларының түркі тілде сөйлейтіндігін көрсетеді. Қаңлы мем-ң б. з. б I ғаcырында дәуірлeнген кезеңінде xалқының cаны 600 мың адамды құрап, әскерінің сaны 120 мыңғa жeткен. Қытай деректеріндегі Чжан-Цяннің хабары бойынша б.з.б 3 ғ Қаңлы тайпалар бірлестігінің орталығы Битән қаласы болған. Бaйланыс жасаған елдер - Қытай, Рим, Кaвкaз т. б. Қаңлы бейлeушісінің жеке иелік шекаpаcы Каспийдің солт жағалауына дейін барған. 1930 жылдан бастап Арал бойында және Сырдария-ң төменгі ағысындағы қаңлы тайпаларының археологиялық ескерткіштеріне ғылыми зерттеу жүргізген С.Толстов. Ал 1940 ж Орта Азия жерінде қаңлы ескерткіштерін зерттеген Г.Григорьев болып табылады. Қазақстан ғалымдары да қаңлы тайпа-ң проблемасымен арнайы айналыспағандарымен, өздерінің ғылыми жұмыстарында бұл мәселеге аз да болса назар аударған. Олар-ң ішінде А.Бернштам, Ә.Марғұлан, Е.Агеева, Г.Пацевичтер болды. 1960 ж бұл дәуірдің тұрақты қоныс қорымдарына археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізгендер А.Максимова, М.Мершиев, Б.Вайнберг, Л.Левина. 1970 жылдан бастап қаңлы мәселесіне аса назар аударып, олардың тарихына көңіл бөліп жүрген ғалым К.Байпаков. 7. Хұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.

Ғұндар - көшпелі халық. Ғұндар тәңіршілдік дінді ұстанып, түркі жазуын пайдаланған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Шығыста Мөде «шыгыс ху» тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сянби және ухуань тайпалары кіретін еді. Мөде батыста юеди (юечжи) тайпаларына қарсы жорықтар жасады. Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұн шаньюйлерінің қол астына түсті, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына біріккен тайпалар Байкалдан арғы оңтүстік аудандарға дейінгі аумақты алып жатты. Деректемелерде ғұндардың Саян-Алтай тайпаларына жасаған жорықтары туралы да айтылған. Шежіреші б. з. б. 201 жылы сюннулердің солтүстікке және солтүстік-батысқа қарай жорығын жалғастырып, Хуньюй, Цюйшэ, Динлин, Гэкунь және Синьли елдерін бағындырғанын хабарлайды. Мәтінде берілген түсініктемеде әлгі айтылған бес елдің сюннулердің солтүстік жағында жатқаны айтылады, ол батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле алқабына дейін созылып жатса керек. Б. з. б. 201 жылғы жорықта ғұндар Алтай тайпаларын түгелдей дерлік бағындырды, бірақ олар бұл аумақты толық қол астына каратқан жоқ. Қалай дегенмен де, сол кезде осылай болғанын жазбаша деректемелер де, архео-логиялык материалдар да көрсете алмады. Ғұндар, хұндар - ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарынын арғы тегі. Біздің заманымызға дейін 1-мыңжылдықта қалыптасқан. Бастапқы кезде солтүстік Қытайда, Моңғолияда, Байкал өңірінде қоныстанған. Ежелгі Қытай жылнамаларында Ғұндар гуй фан, гун руң, хун ю, шиан ю, шиұң ну секілді, т.б. атаулармен берілген. Біздің заманымызға дейін 3 ғасырдыңдың соңына қарай Ғұндар бірігіп әскер түзеп, өздерінің мемлекетін құрды. Ғұндар 24 руға бөлінген, оларды елағасы — бек биледі. Әрбір рудың көшіп жүретін өз жері болды. Жоғары билеушісі "Тәңірқұт "лауазымын иемденген. Қытай деректерінде Ғұндардың жоғары билеушісі "шаньюй" деп аталады. Ғұндардың өмірінде көшпелі мал шаруашылығы басты рөл атқарады. Жылқының асыл тұқымдарын өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген. Ғұндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да болған. Ғұндар дәнді дақылдың ішінде тарыны көп өсірген. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңтейде болған. Зергерлік өнердегі полихром стилін дүниеге әкелген. Ат үсті ойындарының негізін салған. Көктөңіріне табынын, ата-баба рухына сиынған. Өздерінің дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырған. Б.з.д. І мыңжылдықтың ортасында Алтай, Оңтүстік Сібір мен Шығыс Қазақстан территориясында «ғұн» деген атпен белгілі тайпа одағы қалыптаса бастады. Б.з.б. I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Байкалдан Оңтүстікке қарай және Ордосқа дейін созылып жа-тқан дала және шөлейт аудандарда қарабайыр мал шаруашылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы б.з.б. ІУ-ІІІ ғасырларда Солтүстік Қытайдың шекарасына дейінгі жерді мекендеген тайпалық екі одақ Сюнну және Дунху бірлестіктері еді. Қытай тілінде сюнну деген атау солтүстігіндегілер деген мағынаны білдіреді.
Сюннулар хунну немесе ғұндар деп аталады, әсіресе, б.з.б. III ғасырда мейлінше күшейді. Тайпалардың бүл тобының аты қайдан шыққаны белгісіз. "Ғұн" деген атаудың өзі кейінірек сюнну (хунну) деген аттан шыққан деп болжам жасалынды. Ғұндар туралы тарихи деректер көрнекті Қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. Кюнердің еңбектерінде берілген. Ал олардың тарихын жазуда үлкен еңбек сіңірген ғалымдар А. Н. Бернштам, Л. Н. Гумилев, Н. И. Конрад. Ал Қазақстан ғалымдарының арасында ғүндардың тарихымен К. М. Байпақов және т. б. айналысып жүр.
Ғұндардың этникалық тегі туралы мәселе әлі анықталып болған жоқ. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы аталары деп болжайды. Ғұндардың құдіреті тасып тұрған кезде, олардың бірлестігіне басқа бірнеше тайпалар қосылған, сондықтан "ғүн" атауы этникалық болудан гөрі саяси одақ атауына қарай айналыңқыраған. ¥лы Қытай қорғаны салынуының бір себебі осы ғүндардың шабуылынан қор-ғану амалы еді. Қытайдың "Жылнама" атты байырғы кітабында айтылатын "тұрағы жоқ, үйі жоқ ғұндар бәле болды ғой" деп келетін жолдар ғүндардың Қытай еліне қатты қауіп төндіргенін көрсетеді.

Ғұндардың саяси, қоғамдық құрылысы. Ғұндар жайлы тарихи деректерді көрнекті қытай тілінің мамандары Н.Бичурин мен Н.Кюнер еңбектерінен білеміз. Ал олардың тарихын жазуға еңбек еткен ғалымдар А.Бернштам, Л.Гумилев, Н.Конград. Қазақ ғалымдарының ішінде соңғы кезде К.Байпаков айналысып жүр. Мемлекеттің басында ұлы Сенгир (Шаньюй) тұрды. Оның билігі дара және мұрагерлік болды. Шаньюй ол территорияны сақтауға, қорғауға міндетті болды. Оның соғыс жариялауға, бітім жасауға, армияны басқаруға құқысы болды. Жоғарғы сот билігі де Шаньюйдің қолында шоғырланды. Шаньюйден кейінгі екінші орында оның балалары және жақын туыстары тұрды. Ғұндар 24 рудан құралды. Әр руды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар мемлекет ісін талқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырды. Атты әскердің қаруы садақ пен жебе еді. Олар садақтарының сыртын сүйекпен қаптаған. Жебелердің екі түрі болған. Әсіресе, ұшқыр, ауыр ұңғырлы сауыт бұзар жебені темірден жасаған. Сыма Цянь (б.з.б. 135-67 жж.) «Тарихи жазбаларда» ғұндардың Левират ғұрпы туралы былай дейді: «Әкесі мен ағалары өлсе тұқым құрымасын деп олардың әйелін өздеріне алады, сондықтан ғұндарда қан араласу болса да, тұқым құрымайды».

8. Бірінші Түрік қағанатының тарихы (552-603ж) Түрік қағанаты (552 – 590) – Орталық Азиядағы түркі тайпалары құрған ортағасырлық мемлекет. Алғаш қытай жылнамаларындағы “Тукюә” (түрік немесе қажыр қайраттылар) деген атпен белгілі болды. Атау алғашында саяси мағынада қолданылып, кейіннен этн. мағына иеленді. Аңыз бойынша оған тайпа көсемдерінің бірі Ашина басшылық жасаған. Олар әуелі Алтай мен Жетісудың бір бөлігін мекендеді.Түрік қағанаты Түрік Қағандығы-ның қоғамдық өмірінде әскери іс маңызды орын алды. Түріктер мал ш-мен, аңшылықпен айналысты. 460 ж. көктүріктер Жужан қағанатының қол астына қарады, сөйтіп, олар Шығыс Түркістаннан Алтайға көшірілді. Олар Жужан қағанатына темір және металл бұйымдардан алым-салық төлеп отырды. Түркінің дулу (дулат) тайпасының басшысы Ағын шадтың ұлы Бумын әуелі теле түріктерімен, сосын бұрын Шығыс ғұндар құрған Вэй мемлекетіне елші аттандырып, олармен құдандалық, сауда-саттық және әскери-саяси қарым-қатынастарға орнатты. Осындай дайындықтардан кейін Бумын көктүріктерді бастап 552 ж. жужандардың негізгі күшін (бұл оқиға тарихта “темір қарушылар көтерілісі” деп аталады) талқандады. Жужан қағаны Анахуан өзін-өзі өлтірді де оның ұлы Яньлочен бастаған туыстары Қытайдың Цинь мемлекетіне барып бас сауғалайды. Бұрын жужан билігінде болған түркі тайпалары енді Бумын төңірегіне шоғырланып, 552 ж. ол өзін “ел қағаны” деп жариялады. Қрі тайпа басшылары шад, қағанның ұлдары мен інілері “тегін” лауазымына ие болды. Қрі ұлықтар жабғу, құшлы, уор, елтебер, тудын, іркін, жағунда, тархан, т.б. 28 дәрежеге жіктелді. Билік мұрагерлік жолмен жалғасты. Мемлекеттің халқын қара бодын құрады. Сарбаздары бөрі деп аталды. Ел ордасы Орхон өз. бойындағы өтукси қойнауында болды. Алтын ұшты жебе мен балауыз мөр куәлік ретінде қолданылды.Бумыннан кейін билікке баласы Ыстық Қара хан (553 – 554) келді. Бумыннан інісі Истеми баїадүр лауазымын алып, 100 мың қолмен батыс майданға аттанды. Ол әуелі Жетісу, Сырдария бойын бағындырып, 563 – 567 ж. ақ ғұндар мемлекетін талқандап, Түрік Қағандығы-ның батыс шекарасын Шашқа (Ташкент) дейін жеткізді. Истеми түріктердің батыстағы он ірі тайпа бірлестігін біріктіргені үшін “Он оқ будун қағаны” деп аталды. Бірақ ол ресми қаған сайланған емес. Мұқан қаған (554 – 572) билеген кезең Түрік Қағандығы-ның дәуірлеу кезеңі болды. Қағандықтың шекарасы шығысында Ляодуннан Каспий т-не дейін, Оңт. Моңғол құмынан Байкал к-не дейінгі жерді алып жатты. Мұқан қаған Түрік Қағандығы-на Қытайдың Ци және Чжоу мемлекеттерін бағынышты етіп қойды. Нәтижесінде тек Чжоу мемлекеті ғана Түрік Қағандығы-на жыл сайын 100 мың топ тарғын торқа төлем төлеп тұрды. Осы кезде Түрік Қағандығы атты әскерлерінің саны 100 мыңға жетті. Көрші мемлекеттерге 370 рет елші аттандырып, Қытайға барған түркі елшілерінің саны кей жылдары мың адамға дейін жеткен. Мұқаннан кейін оның ұлы Табар қаған таққа отырды. Ол қытайлармен ынтымақтастық жағдайда тұрып, елдің саяси басқару жүйесіне өзгеріс енгізді. Ағасына нистадэрфу лауазымын беріп, елінің сол қанатын, інісі Бөле ханға оң қанатын басқартты. өзі орт. билікте қалды. Бұл көшпенді жұртты басқарудың дәстүрлі жолы болғанымен ақсүйектер арасындағы билік үшін күреске алып келді. Шаболио қа-ғанның тұсында қазіргі Орт. Моңғолияны мекендеген тайпалар Дату, Або хандардың басшылығымен бірнеше дүркін бас көтерді. Шаболио қаған қытайлардың көмегімен көтерілісті басып, Або ханды қолға түсірді. Бірақ бас көтеру мұнымен тоқтамады. Қытайдың Сун әулеті билеушілері мұндай тұрақсыздықты шебер пайдаланып, тайпа билеушілерін бір-біріне айдап салып отырды. 587 – 590 ж. Түрік Қағандығы-нда үш билеуші (Чулоху, Дулан, Дату) алмасты. Елде саяси тұрақсыздық пайда болды. Ақыры 603 ж. Түрік Қағандығы Батыс Түрік қағандығы (Орта Азия) және Шығыс Түрік қағандығы (Орт. Азия) болып екіге бөлініп, біртұтас мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты. Түрік Қағандығы дүйім түркілердің басын біріктірген ғұндардан кейінгі екінші мемлекет болды. Мемлекет ретінде не бары 38 жыл өмір сүрді. Бірақ дербес мемлекет ретінде тарихта өшпестей із қалдырды. Түрік Қағандығы-ның мемлекеттілік тәжірибесін кейін Батыс Түрік қағандығы, Шыңғыс хан бастаған түркі-моңғол мемлекеті қайталады. Түрік Қағандығы мемл. басқару жүйесі, өзіндік қолтаңбасы бар жазу мәдениетін қалдырды. Қағандықта өзіне тән қылмыс ережелері болды. Қазіргі Қазақстан территориясы Батыс Түрік қағанаты құрамына енді.

9. Көне түрік жазба ескерткіштері – 7–9 ғасырлардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады. Көне түркі жазба ескерткіштері табылған аймақтарға Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарлары, Моңғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабы, Орта Азия мен Қаз-дағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы жатады. Орыс этнограф-ғалымы Н.М.Ядринцев 1889 жылы Моңғолиядағы Орхон өзенінің құйылысынан қос тілдік жазуы бар ерекше үлкен екі тас тапты. Кейіннен біреуі Білге қағанға (735), екіншісі оның інісі Күлтегінге (732) қойылғаны белгілі болып, мазмұны толық анықталды.

Дания лингвисі В.Томсен 1893 жылы түркі руникалық (Орхон-Енисей) таңбаларының дыбыстық мағыналарын негізінен дұрыс анықтап, академик В.В.Радлов 1894 жылдың қаңтарында көне түркі тілінде жазылған Күлтегін ескерткішіндегі руникалық жазудың тұңғыш аудармасын берді. 1932 жылы Талас алқабынан ағаш таяқшаға ойылған руникалық жұмбақ жазу табылды. С.Е.Малов, Х.Н.Оркун, А.М.Щербак, т.б. таяқшалардағы жазудың түркі руникалық таңбаларымен ұқсастығын көрсетіп, оны көне түркі тілінде оқып көрді. Есік жазба ескерткіш — сақ дәуірінен қалған жазба ескерткіш (б. з. д. 5—4 г.). 1970 ж. Ӏле өңірінің тау бектеріндегі Есік қаласы іргесіндегі Сақ заманынан қалған үлкен қорымнан алтынға бөленген жауынгер мәйіті және оның түрлі заттары, сонын ішінде жұмбақ жазуы бар күміс тостағанша табылған. Оның сырт жағына руна тәріздес 26 таңба ойылып жазылған. Ескерткіштің құндылығы —ертедегі Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпаларының тілі көне түркі тілі екендігін дәлелдейді.

Әрбір дәуірдің елеулі, кезеңді оқиғаларын заманының белгілі ақын-жазушылары дастан-жырларға, ойшылдары тарих-шежіреге айналдырып,шеберлер сәулет өнерінде бейнелеп қалдырған.Тек түркі халықтары мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын ондай ескерткіштердің мәні өте зор. Сондай құнды рухани мұралардың қазақ жерінде де көптеп жасалғандығы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш.Ежелгі мәдениет ескерткіштерінің ең бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас – Орхон ескерткіштері (VІІІ ғ.). V-IX ғ-да түркілер қоныстанған Алтай, Сібір, Орта және Орталық Азия жерінде жазу, сызу, егін, әдебиет өнері, тарих ғылымдарының, діни сенімдердің, Орхон жылнамасы мен Талас аңғарынан табылған ескерткіштер айғақ.Орхон-Енисей жазу ескерткіштері табылған уақыт түркі тілдерінің даму тарихындағы «Көне түрік» дәуірінде сай келеді. Шығыс Түркі құрамында өмір сүрген тайпалар осы Орхон – Енисей жазуын қолданып, осы жазу тілінде сөйлеген. Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінің ең көп табылған жері – Орхон, Енисей, Селенгі және Талас бойы.Орхон-Енисей жазуы өзінің жазу ерекшеліктері мен қолдану өрісіне сай Орхон-Енисей және Талас жазуы делініп екі топқа бөлінеді.Енисей жазба мұралары. Олардың бұлайша аталуы тас бетіндегі сына жазуларының Енисей бойынан табылумен байланысты. Бұған қосымша кейіннен Тува мен Хакасия Краснояр өлкелерінен де осындай жазбалар табылған. Енисей жазбаларының жалпы саны - 85 шамалы. Олардың ішінде кіші – гірім жазбалармен қатар ірі тестер кездеседі. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан негізінен шағын болып келеді.Сол жазбалардың ішінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймаған шешендік сөз үлгілері мен өлең ұйқастары, мақал-мәтелдер, арнаулар мен жоқтаулар молынан кездеседі. Мысалы: «Көрур көзум көрмес тег бопты, білер білігім білмес тег бопты, «Түн қатып» деген сияқты қолданыстар аздаған дыбыстық ерекшеліктері болмаса, күні бүгінге дейін тілімізде сол күйінде қолданылып келеді.Көне түрік қағанаты дәуірінде, дәлірек айтсақ VІІІ – ғ-да әрбір әрпі құлпытасқа қашап жазылған, әрбір сөзі адамның жан жүйесін еріксіз тебірентетін, әрбір шумағы астарлап айтылған ой-толғаныстарына толы, қадым замандардан сақталып, бізге жеткен сөз патшасы бүгінгі оқырманына да әмірін жүргізеді – оған эстетикалық ләззат беріп, ой мен сезім әлеміне жетелейді. Қиыннан қиыстырып, айтар сөзін айшықтап, ажарлап, сан түрлі бояумен құбылтып жеткізген ежелгі заман ақынының шеберлігіне таңырқап, талантына тәнті боласыз.

Орхон ойма жазулары — Моңғолияның Орхон, Селенге өзендері бойынан табылған көлемді әдеби мұралар, хан әулетінің құлпытастары, 7—8 ғғ. жазылған көне түркі руникалық ескерткіштері болып табылады. Оған Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Күлі-чур, Мойун-чур т.б. ескерткіштер жатады. Ескерткіштер мен ондағы жазбаша деректерді ашып жариялаған — Н. М. Ядринцев, В. Томсен, В. В. Радлов. Соңғы отыз жыл ішінде Қазақстан жерінде де көне түркі жазба ескерткіштерінің бар екендігі анықталды. Ертіс өңірінен екі қола айнадағы руникалық ойма жазудың (Шығыс Қазақстан облысы) бірін А.Н.Бернштам 1948 жылы жариялады. Сондай-ақ 1985 жылы Шығыс Қазақстаннан жартасқа қашалған руникалық жазу, ал 1987 жылы бауға тағылған мөрдің табанына ойылған руникалық жазу табылды Жайық өңірінен (Ақтөбе облысы) анықталған қола айнадағы руникалық жазу 1986 жылы жарияланды. К. т. ж. е-нің тілін зерттеп, зор үлес қосқан ғалымдар – Томсен, Радлов, П.М.Мелиоранский, В.Банг, Г.И.Рамстед, А.Габэн, С.Е.Малов, В.М.Насилов, И.А.Батманов, А.Н.Кононов, Дж.Клоусон, Т.Текин.

10.Түркеш қағанатының тарихы. Түргештер туралы алғашқы деректер "Күлтегін" ескерткішінде және қытай жазба деректерінде кездеседі.

Арабтар жаулаушылығы басталған кезде Қазақстан және орта Азияның басым бөлігі Батыс түрік қағанаты өкіметінің билігінде болатын.Арабтарға қарсы күрес жүргізу ісінде Жетісуда өкімет басына келген түркештер бірінші орынға шықты.Түркештер Шу мен Іле өзені аралығын қоныстанған.Алғашқы қағаны-Үшелік.(704-706).Территориясы:Жетісу,Іле,Шу,Талас алқаптары.Астанасы-Суяб,жазғы ордасы-Күнгіт қаласы.(Іле өзені бойында).Бүкіл жер 20 үлесті аймаққа(түтік) бөлінді.Әр түтікте жеті мың әскер болған.Қағанат екі қарсылас топқа бөлінді:1)Сары түркештер(шулық),ордасы-Суяб қаласы.(Шу өзені бойында).2)Қара түркештер(ілелік),ордасы-Тараз қаласы(Талас өзені бойында).Араб тарихшысы Әл-Идриси дерегі:Түркеш нағыз түрік мағынасындағы сөз.VIIIғ.басы(705ж)-Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жорығы басталды.706ж.-түркештер соғдылармен одақтасып,Бұхар маңында арабтарды жеңді.709ж.-араб қолбасшысы Кутейбтің екі одақтастықтың арасында алауыздық туғызуының салдарынан соғды ханы Тархун көмектесуден бас тартты.Нәтижесінде арабтар Бұхарды жаулады. Үшеліктің ұлы Сақал қаған(сары түркеш)бүкіл Орта Азияны бағындырды.708ж. сары түркеш пен қара түркеш арасында шиеленіс күшейді.711ж. қара түркештер шақыруымен келген Шығыс түрік қағаны Қапаған Болучу(Жоңғария) түбінде сары түркеш әскерін жеңді.Сақал қаған тұтқынға түсіп,қағанат күйреді. «Жаңа Тань тарихында» былай делінген: «Ақсүйектердің шығындары күн сайын өсіп жатты, ал қор дегенің болған жоқ. Соңғы жылдары қаған тапшылықты сезіне бастады, сондықтан талап алынған олжаларды бірте-бірте бөліске салмай, өз қолында ұстады». Түркеш қағанаты 7 жыл өткеннен соң ғана қалпына келтіріліп,билікке Сұлу қаған(қара түркеш)келгесін қайта нығайды.Билік қара түркештерге көшіп,Орда Тараз қаласына ауыстырылды. Сұлу қаған екі майданда күрес жүргізді:Батыста-арабтармен,шығыста-Таң патшалығымен.Сұлу қаған Қытаймен одақтасып,бар күшті батысқа бағыттады.723ж.-түркештер Ферғана қарлұқтары және Шаш тұрғындарымен бірігіп,арабтарға соққы берді.Арабтар Сұлудың батылдығына байланысты оны Сүзеген деп атаған. 732ж.-арабтар түркештерді ығыстырып,Бұхарды қайтара жаулады.736ж Сұлу қаған арабтарға қарсы жорыққа шығып,Тоқарыстанға дейін барды да,жеңіліскеұшырады.Осы кезде сары түркештер мен қара түркештер арасында күрес қайта өршіді.738ж. қолбасшы Баға-Тархан Сұлуды өлтіріп,оның ұлына қарсы соғысты бастады. Шежіреде айтылғандай, Түргеш қағанатында «Сақалдың ұрпақтарын сары түргеш деп, ал Сұлу ұлысын қара түргеш деп атайды, олар бірімен-бірі жауласады, біріне-бірі сенбейді» деп айтады. Түркештер арасындағы алауыздық 738-748ж.арабтарға Оңт.Қазақстан мен Орта Азияны басып алуға жағдай жасады.Осының салдарынан түркештер 746ж. Жетісуға ұмтылған қарлұқтарға қарсылық көрсете алмайды.Түркілердің қиын жағдайын қытайлар да пайдаланып қалды.748ж.-қытайлар Суяб қаласын жаулап алып,қиратты.751ж.Атлах қаласының маңындағы қытайлар мен арабтар арасындағы ірі шайқас(Талас бойы).Бес күнге созылған шайқастың шешуші кезеңінде қарлұқтар арабтар жағына шығып,қытайлар жеңілді.Атлах шайқасының тарихи маңызы:Қытай әскері Жетісуды,Шығыс Түркістанды тастап шегінді.Арабтар Талас аңғарынан Шашқа қарай ығысты.Алайда,ішкі қақтығыстан және араб-қытай шапқыншылығынан Түркеш қағанаты әлсіреді.756ж. қағанат қарлұқтардың тегеурініне төтеп бере алмай біржолата құлады.

Date: 2015-07-27; view: 1979; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию