Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тас ғасыры,оның кезеңдері мен ескерткіштері





Қазақстан аумағындағы ежелгі адамдар іздері ерте палеолит (б.з.д.800-140мың жыл) кезеңіне жатады. 1958жыл-археолог Х.Алпысбаев Қаратау жотасынан (Оңтүстік Қазақстан) көптеген тұрақтар тапты. Қазақстан бойынша көне дәуірлердің ескерткіштері туралы қамқорлық жасап, олардың аты-жөні, заты туралы хабар беріліп отырған, Түркістан әуесқой археологтар қоғамының атқарған ісі зор болған. Бұл қоғам академик В.В.Бартольдтың инициативасы б-ша 1895 жылы құрылған. Үйірменің көрнекті қайраткерлері Н.С.Лыкошин, И.А.Кастенье,Ф.И.Педашенко, И.С.Назаровтар Қазақстанның әр жерінен табылған тас құралдары туралы есепті хабар беріп, алғашқы қауымдық құрылыстың Қазақстанда болғандығы жайлы баяндайды.

Ал, тас дәуірі ескерткіштерін ғылыми түрде зерттеу 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін басталды. 30 жылдары Қарағанды, Батыс Қазақстан жерінен жаңа және мысты тас дәуірінің қоныстарын М.Грязнов пен И.Синицин тапқан.

А)Ерте палеолит дәуірі. Бұл дәуір-600мың жылдан астам уақытқа созылды. Ерекшеліктері:алғашқы адамдардың тас еңбек құралдарын жасай біліуі, аң аулау, терімшілікпен айналысуы, тобыр болып бірігуі, хайуаннан еңбек құралдарын жасауы нәтижесінде бөлектенуі. Солтүстік Балқаш өңірінің Семізбұғы мекенінен 1611тас құрал табылды.Ерте палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері:

Оңтүстік Қазақстан: Бөріқазған, Тәңірқазған, Қазанғап, Шабақты, Ш.Уәлиханов,атындағы тұрақ, Арыстанды, Қарасу; Б)Орта палеолит

Бұл дәуірде (б.з.д. 140-40мың ж.)ежелгі адамдар оңтүстікте Қаратау жотасынан солтүстікте Есіл өзенінің жоғарғы ағысына дейінгі аралықты қамтиды.1938ж. Өзбекстанның оңтүстігіндегі Тесіктас үңгірінен 8-9 жасар неандерьталдық баланың қаңқасы табылды. (антрополог Герасимов)

В )Кейінгі палеолит дәуірі Бұл кезең уақыты: бұдан бұрынғы 35-30 мың жыл – 12-10мың жылдар аралығы. Бұл – адамзаттың кең тарап қоныстанған және нәсілдік топтардың құрылған кезеңі. Тас құралдарын жасау тәсілі - ретушьтік. Осы кезеңде еңбек құралдарының 20- ға тарта түрі болған.Кейінгі палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері. Оңтүстік Қазақстан:Ащысай, Үсіктас;Орталық Қазақстан:Батпақ, Қарабас, Агренсор;Батыс Қазақстан:Аққыр, Шақпақта, Өніжек;Шығыс Қазақстан: Свинчатка, Шульбинка, Пещеры, Новоникольский, Қанай;

Date: 2015-07-27; view: 2647; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию