Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






В) Мезолит дәуірі





Бұл кезең аз зерттелген, сондықтан Қазақстан жерінен табылған ескерткіштер де сирек(20 шақты тұрақтар).Ерекшеліктері: климат жылынып, мұз еруі басталды, ірі жануарлар азайып, кішігірім аң – құстар пайда болды, қайық шықты, дәнді дақылдарды өсіруге қадам жасалып, жануарларды қолға үйрете бастады. Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы – садақ. Ф.Энгельс «садақ және жебе-өте күрделі құрал, оны жасау үшін ұзақ мерзім мен қабілеттілік керек» деген. Ол он мың жылдан астам уақыт бойы ең тез атылатын қару болды.Мезолит кезеңінің археологиялық ескерткіштері:

Солтүстік Қазақстан: Мичурин, Боголюбово, Явленка, Тельман, Виноградовка, Дачная, Евгеньевка. Г) Неолит дәуірі Бұл кезеңде экономиялық және қоғамдық өрлеу бастады: Жабайы жануарларды қолға үйрету;Жер өңдеудің қарапайым түрімен айналысу; Шаруашылық еңбек қалыптасып, өнім өндіру;Ғылымда бұл құбылыс «неолит төңкерісі» дап аталды. Ерекшеліктері: жерді өңдеу, мал шаруашылығымен айналысу, қыш ыдыс (керамика) жасау, тігін тігу, кен өндіру. Неолит дәуірінің басты ерекшелігі – өнімді еңбектің пайда болуы.Бұл кезең – тас өңдеу техникасының әбден жетілген кезі. 1926ж Грязнов пен Комаров Қазақстанның солтүстік аудандарының алғашқы неолиттік қоныстарын зерттеген. Шығыс Қазақстанда неолиттік кезеңнің ескерткіштерін тауып, оларға ғылыми зерттеу жүргізуде археолог ғалым С.Черниковтың еңбегі зор. Сырдарияның төменгі ағысында Арал жағалауында Қызылорда облысының жерінде неолит кезеңінің қоныстарын зерттеуде «Хорезм» археологиялық экспедициясының меңгерушісі С.П.Толстовтың еңбегі айтарлықтай. Жасыбай көлінің жағасынан адамдар тұрағы болған апанды тауып, оның Жаңатас дәуіріне жататындығын дәлелдеп сипаттама берген П.Драверт болды. Солтүстік-Шығыс Балқаш маңынан табылған құралдаряшма мен кварциттен жасалған. Бетпақдалада В.А.Селвин, Жезқазғанда А.Валукинский, Арал теңізінің солтүстік жағасында жер қыртыстарын тексеретін ғалым Ғ.А.Яншин және археолог А.А.Формазовтардың жаңа тас дәуірін зерттеудегі еңбектері зор. Сондай – ақ жаңа тас дәуірінің соңғы кезеңіндегі қоныстарын тауып, Қазақстан археологиясына жаңалық қосып отырған археолог Л.А.Чалаяның еңбегін атап өткен жөн.Неолит тұрақтары орналасу сипатына қарай 4 түрге бөлінеді:

Бұлақ бойындағы тұрақтар;Өзен жағасындағы тұрақтар;Көл жиегіндегі тұрақтар;Үңгірдегі тұрақтар.Қазақстанның шөл даласындағы неолиттік ескерткіштердің – ашық үлгідегі тұрақтар. Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері:

Шығыс Қазақстан: Нарым, Қызылсу, Сатшықыз. Солтүстік Қазақстан: Қаратомар, Иман-Бүрлік, Дамсы, Ботай. Батыс Қазақстан: Тоқсанбай, Сам, Көктүбек, Жағалбұлақ, Темір, Шатпақкөл, Құлсары, Шаңдыауыл, Сарықамыс

Date: 2015-07-27; view: 3036; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию