Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Айнымалы жұлдыз, жұлдыздық шама, жұлдыздың массасы, жұлдыздар спектрі туралы түсіндіріп жазыңыз
Айнымалы жұлдыздардың маңызды сипаттамаларының бірі болып жұлдыздық шама табылады. Бұрын жұлдызға дейінгі қашықтық бірдей және жұлдыздың жарқырауы күшті болса, көлемі де үлкен саналған. Жарқырауы көбіректерін бірінші шама жұлдыздарына, ал көз мөлшерімен анықталуы мүмкін болатындарын – алтыншыға (6m) жатқызған. Қазір бізге жұлдыздық шама оның көлемін емес, жарқырауын, яғни жерде тудыратын жарқырау шамасын сипаттайтыны белгілі. Бірақ жұлдыздық шамалар шкаласы сақталған және орнықталған. 1m жұлдызының жарқырауы 6m жұлдызының жарқырауынан 100 есе үлкен. Жарқыраулары 1m жұлдыздарының жарқырауынан асатын жарқырауықтар нольдік және теріс жұлдыздық шамаларға ие. Жұлдыздар бізден әр түрлі қашықтықта орналасатындықтан олардың бізге көрінетін жұлдыздық шамалары жарқырауы (сәуле шығару қуаты) жөнінде ештеңе айтпайды. Сондықтан «абсолют жұлдыздық шама» ұғымы қолданылады. Бірдей қашықтықта (10 пк) орналасқан болса ие болатын жұлдыздық шамалары абсолют жұлдыздық шамалар (M) деп аталады. Тағы бір маңызды сипаттамасы – жұлдыздың массасы. Жарқырауы мен өлшемдерімен салыстырғанда жұлдыздың массаларының кіші шекарада айырмашылығы болады. Жұлдыздың массасын анықтауының негізгі әдісін қос жұлдыздарды зерттеу береді. Жұлдыздар спектрі – олардың барлық физикалық құрылымы суреттелген куәлігі. Жұлдыздың спектрі арқылы оның жарқырау шамасын, температурасын, көлемін, атмосферасының сапалы және сандық химиялық құрамын, кеңістіктегі қозғалу жылдамдығын, осі бойынша айналу жылдамдығын және де жанында ортақ ауырлық центрлерінен айналатын басқа көрінбейтін жұлдыз бар-жоғын анықтауға болады. Жұлдыздар класстарының құрылған классификациясы бар. Класстары әріптермен, ал кіші класстары класын белгілейтін әріптен кейін 0-ден 9-ға дейінгі сандармен белгіленеді. О кіші класында кіші класстар О5-тен басталады. Спектрлік класстар тізбегі жұлдыздардың температурасының олардың кеш спектрлік класстарына өтуіне байланысты үздіксіз төмендеуін көрсетеді. Ол келесідей болады: О - B - A - F - G - K - M. Суық қызыл жұлдыздар арасында М класынан өзге басқа екі түрі бар. Кейбірінің спектрінде титан қышқылының молекулалық жұту жолақтарының орнына көміртегі мен циан қышқылдарының жолақтары тән (R, N әріптерімен белгіленетін спектрлерде). Басқаларына цирконий қышқылының жолақтары тән (S классы). Жұлдыздардың басым көпшілігі О-дан М-ге дейінгі тізбектелуге жатады. Бұл тізбектелу үзіліссіз. Әр түрлі класстар үшін түстері де әр түрлі: О мен В – көгілдір жұлдыздар, А – ақ, F пен G – сары, К – қызылсары, М – қызыл. Date: 2015-07-27; view: 1702; Нарушение авторских прав |