Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Деткіштер. Зарядталған бөлшектер
Физиканың кейбір бөлімдерінде, яғни ядролық физика, қарапайым бөлшектер физикасы жəне техникада зарядталған бөлшектерді үдету проблемасының өте үлкен мəні бар.
Атом ядросының құрылысын анықтауға, ядролық реакциялар алуға қарапайым бөлшектердің құрылысын зерттеуге жəне бөлшектер өзара əсерлесу үшін жоғары энергиялы бөлшектер қажет.
Зарядталған бөлшектерден жоғары энергия алу үшін арналған құралдар үдеткіштер деп аталады. Алғашқы үдеткіштер 1930 жылдары жасалды, одан бергі жылдарда оның ғылыммен техниканың өсуіне сай жаңа жетілдірілген көптеген қондырғылар жасалды. Зарядталған бөлшектерді үдету əдістемелерін қолдану
~ 272 ~ нəтижесінде кез келген энергиядағы бөлшектерді, яғни нөлден ондаған, жүздеген жəне мыңдаған гигаэлектронвольт энергияға дейін алуға болады.
Табиғатта қарапайым бөлшектер өзара терең əсерлесу нəтижесінде энергиясы жоғары болып келген бөлшектерді пайдаланып, энергиясы одан да жоғары бөлшектер алуға болады. Бұл энергиясы төмен бөлшектерді үдетуге болмайды деген мағынада емес, сол энергиясы аз бөлшектер арқылы үдеткіштегі энергиясы жоғары бөлшектерді инжекциялайды (қосу), яғни олар үдеткіштегі зарядталған бөлшектерді үдету үшін қолданылады. Сонымен қатар энергиясы жоғары емес үдеткіштер техникада ядролық физикаға байланысты емес салаларда қолданылады.
Үдеткіштегі зарядталған бөлшектердің энергиясының артуы электр өрісінің (Е), жұмысына байланысты болады. Ол тек бөлшектің қозғалысын өзгертеді. Релятивистик емес жағдайда бұл қорытынды қарапайым түрде алынады. Электромагниттік өрістегі зарядталған бөлшектің қозғалыс формуласы
Осы теңдеуде жылдамдық векторын () скалярлық түрде көбейтсек, онда
Олай болса бөлшектер энергиясының өзгеру теоремасы бойынша, бөлшек энергиясы электр өрісінің істеген жұмысының нəтижесінде өзгереді.
Релятивистік жағдайда:
~ 273 ~
Үдеткіштегі зарядталған бөлшекті үдететін электр өрісі немесе уақытқа байланысты орнықсыз өзгеретін магнит өрісі, сыртқы энергия көздері арқылы алынады.
Бөлшектерге əсер ететін үдетуші өріс тəуелділігі жəне үдеткіштегі үдетілген бөлшектер қозғалысының траектория формасы бойынша төрт топқа бөлінеді:
а) электростатикалық үдеткіштер; б) Ван де Грааф электростатикалық генераторы; в) импульсті генератор;
г) тұрақты кернеудегі коскадты генератор.
Date: 2015-07-24; view: 1441; Нарушение авторских прав |