Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Алың қабатты фотоэмульсия əдісі
Бұл əдіс шапшаң бөлшектердің реакциясын қарастыруда үлкен маңызы бар. Вильсон камерасы жəне көпіршікті камералармен қатар бөлшектерді тіркеп отыру үшін қалың қабатты фотоэмульсия қолданылады. Зарядталған шапшаң бөлшектерді фотоплас-тинканың эмульсиясын иондау əсерінің арқасында француз физигі А. Беккерель 1896 жылы радиоактивтілікті ашты. Фото-эмульсия əдісін совет физиктері Л. В. Мысовский, А. П. Жданов жəне т.б. одан əрі дамытты.
Фотоэмульсияда көптеген мөлшердегі бромды күмістің микроскопиялық кристалдары бар. Зарядталған шапшаң бөлшек кристалды тесіп өтіп, бромның жеке атомдарынан электрондарды бөліп шығарады. Осындай кристаллдардың тізбекшесі жасырын кескін туғызады. Өңдегеннен кейін бұл кристалдардағы металл күміс қайта қалпына келеді де, күміс дəннің тізбекшесі бөлшектердің тірегін түзеді. Тректің ұзындығы мен жуандығына қарап бөлшектің энергиясы мен массасын бағалауға болады.
Фотоэмульсияның тығыздығы өте үлкен болғандықтан, одан өткен бөлшектердің іздері өте қысқа (газбен салыстырғанда) бірақ фотосуретін түсіру кезінде оларды үлкейтуге болады. Осыған байланысты іздің ұзындығы эмульсия қоюлығына байланысты анықталады. Қалың қабатты эмульсия арқылы суретке қарапайым бөлшектердің іздерін түсіріп алады. Мысалы,
~ 257 ~ π – мезон μ – мезондардың іздерін түсіруге пайдаланылады жəне нуклондар, мезондар, электрондар, пазитрондар, гамма-фотондар тағы басқа арасындағы реакцияларды тіркейді. Сол сияқты бөлшек жылдамдығын жəне жолын анықтауға болады.
Фотоэмульсияның артықшылығы – оның əсерді үздіксіз қосындылап ажырататындығында. Бұл сирек құбылыстарды тіркеуге мүмкіндік береді.
Фотоэмульсияның тағы бір артықшылығы – тежегіштік қабілетінің жоғарылығы арқасында байқалатын бөлшектер мен ядролар арасындағы реакциялардың санының артатындығында.
Date: 2015-07-24; view: 1911; Нарушение авторских прав |