Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Атом ядросының моделі





 

~ 173 ~


Жоғарыда айтылғандай нейтрон ашылғаннан кейін, совет физигі Д. Д. Иваненконың ұсынған гипотезасы бойынша атом ядросы протон мен нейтроннан тұрады. Бірақ бұл гипотезада ядродағы бөлшектердің орналасуы жəне оның қозғалысы жөнінде еш сөз болған жоқ.

 

Атом ядросының құрылымында атом құрылымымен салыстырғанда принциптік айырмашылық бар. Яғни, атом центрінде заряды оң кішкене көлемде ауыр (электрон массасынан көп үлкен) бөлшектер орналасқан, ол протон мен нейтроннан тұрады. Атом ядросында центрге тартқыш күш жоқ. Олай болса ядролық күш (бұрын айтылғандай) өте жақын аралыққа ғана əсер етеді, ондағы нуклондар тек өзінің жақын орналасқан бөлшектерімен əсерлеседі. Атом ядросы, атом сияқты планетарлық құрылымдық сипатқа ие бола алмайды. Яғни, ол өзінің құрылымы жағынан молекула құрылымына ұқсас. Молекула құрайтын бөлшектер массасы жəне күштері жақын келетін бөлшектермен өзара əсерлеседі, олай болса атом ядросын құратын нуклондарда жақын орналасқан бөлшектермен ғана əсерлесе алады. Принцип бойынша атом ядросы үшін молекула моделін қолдануға болады. Онда атом ішіндегі пайда болған электрондық қабатты атом ядросы үшін қолдануға келмейді.

 

Атом ядросының даму сатысына байланысты атом ядросы планетаралық моделден, молекулалық модельге жақын болғанымен, оған атом ішіндегі электрондық қабаттардың кейбір жағдайларын қолдануға келеді. Ядролық қабаттардағы толтыру құбылыстарында белгілі мерзімділік байқалатындығы анықтал-ғанымен ядролық қабат идеясы, яғни нуклондардардың механикалық жəне магниттік моменттері болады, олар кванттық заңдылық бойынша қосылады. Атом ядросы қозған күйде бола алады, одан ауысқанда γ-сəулесін шығарады. Атом ядросындағы нуклондар күйін, бас кванттық сан арқылы анықтауға болады.

Олай болса нуклонның орбита бойындағы қозғалысын анықтайтын орбиталдық кванттық санды (l), бас кванттық сан (n) арқылы алмастырайық. Онда атом ядросының ішіндегі нуклондар, атомның қабатындағы электрондар сияқты күйде болады. Егер кванттық сан жиынтығын ne, le, je, me бас кванттық сан, орбиталдық, толық жəне магниттік кванттық сан түрінде сипаттасақ, онда нуклондарды nk, lk, jk, mk кванттық сандармен өрнектеуге болады.

 

~ 174 ~


Олай болса, атомның электрондық қабатын Nn= 2n2 бас кванттық сан арқылы анықтасақ, қабықшаны Nl=Σ2(2l+1) орбиталдық кванттық сан арқылы анықтаймыз, ал атом ядросындағы нуклондар бас кванттық жəне орбиталдық кванттық сандар арқылы топқа бөлінеді. Сонымен қатар, электрондық қабат ұқсастығы, атом ядросының ішіндегі (протондар мен нейтрондар) бөлшектер саны бойынша топ қабатын түзетіндігін күтуге болады:

N1=2,1s қабықшада

 

N 2,2s қабықшада

 

N 6,2р қабықшада

 

N 2,3s қабықшада

 

N 6,3р қабықшада т.б.

 

N 10,3d қабықшада

 

Олай болса əрбір атом ядросындағы толтырылған қабаттар мынадай: 2 (1s қабықшада); 8 (2s, 2р қабықшада); 18 (3s, 3р, 3d

қабықшада); 32 (4s, 4р, 4d, 4f қабықшада); 50 (5s, 5р, 5d, 5f, 5g қабықшада); 72 (6s, 6р, 6d, 5f, 6g, 6h қабықшада); 98 (7s, 7p, 7d, 7f, 7g, 7h, 7k- қабықшада) болу керек.


 

Шын мəнінде атом ядросындағы қабықшада орналасқан нуклондар саны: 2, 8, 14, 20, 28, 50, 82, 126, 152 болады. Бұл сандар аздап 2n2 заңдылығынан ауытқиды. Мұндай аздаған ауытқулар электрондық қабаттада кездеседі, оны Паули сұлбасы бойынша қосымша электрондардың өзара əсерлесуінен деп түсіндіреді. Бұл атом ядросында да орын алады. Ядролық қабат идеясын алғаш 1932ж. Совет физигі Д. Д. Иваненко ұсынады да, артынша протон мен нейтроннан тұратын атом ядросының моделін тұжырымдады. Д. Д. Иваненкодан басқа ядролық физиканың бұл саласында үлкен еңбек қосқан ғалымдар (КСРО-да): А. П. Знайко, М. А. Левитская, А. А. Соколов жəне т.б.

 

Қазіргі кезде атом ядросының моделі ядролық қабат жүйесінде толық түсіндірілмейді, оны ғалымдар мойындайды.

Протондар қабаты немесе нейтрондар қабаты жоғарыда айтылған киелі сандарға тең болса, ондай атом ядросы өте орнықты болады. Егер, нейтрондар санымен протондар саны киелі санға сəйкес келсе, ондай атом ядросы ерекше орнықты болып саналады. Бұл тек мынадай санға (2Не4-екі нейтрон жəне

 

~ 175 ~


екі протон); (8О16- сегіз протон жəне сегіз нейтрон); (20Са40 - жиырма протон жəне жиырма нейтрон). Ал елу (50) санына сəйкес келетін нейтрондармен протондар жоқ, онда нейтрон саны протон санынан басым болады. Сондықтан ядроның толтырылған нуклондары протоны Z=50; Z=82; N>50 жəне N>82, (нейтрондары) немесе N= 50; N= 82; N= 126 жəне Z<50; Z<82; Z<126 болуы мүмкін. Осындай изотоптарға қалайы жəне

қорғасын сонымен қатар, стронций (38Sr88), иттрий (39Y89), цинк

 

(40Zn90), молибден (42Мо92), барий (56Ва138), церий (58Се140), лантан (57La139), празеодим (59Pr141), неодим (60Nd142), қорғасын (82Pd208), висмут (83Вi209) сəйкес келеді.

 

Атом ядросының қабықша моделі, атом ядросының механикалық жəне магниттік моменттерін түсіндіруге мүмкіндік береді. Соның негізінде атом ядросындағы зарядтардың таралу заңдылығын түсіндіру мүмкіндігін, атом ядросының əртүрлі орнықтылығын, атом ядросының сфералық симметриядан ауытқуын жəне көптеген басқа да ядролық құбылыстарды түсіндіреді. Əсіресе, массалық санының өсуіне байланысты атом ядросының құбылыстарының өзгеру мерзімділігі электрондық қабаттың қасиеттерін табуы өте ерекше болып табылады. Егер атом ядросындағы нуклондардың таралуы бірқалыпты болса, яғни сфералық еркін сұйық тамшысы тəрізді деп қарастырсақ, онда ядроның беттік керілу күші сұйықтың беттік керілу күшінен миллион есе үлкен болады. Заттың атом ядросының тығыздығы (ρя), атом ядросының радиусы (r) болса, онда атом ядросының массасы:


mя πr ρя (5.4.1)

Егер бір нуклонға келетін орташа массаны - m1десек, онда m=Am1

 

онда атом ядросының радиусы:

 

· √   (5.4.2)  
   

я

 

Сонымен атом ядросының радиусы, атом ядросындағы бөлшектер санының куб түбіріне пропорционал. N=1.

(5.4.3)

я

сонда: /

 

1,3 1,4 ·10 см.

 

~ 176 ~


Осы модель арқылы анықталған зат ядросының тығыздығы

 

я 1,4·10 кг/м бұл үлкен шама.

 







Date: 2015-07-24; view: 1323; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию