Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Микроскопиялық зерттеу





Ет талшықтары +++

Нейтральды май ++++

Май қышқылдары +

Крахмал --

Эритроциттер --

Шырыш жоқ

Глист табылмады

Интерпретация: креаторея және стеаторея,амилорея.

Аспаптық зерттеулердің нәтижелері.

УДЗ

Бауыр: контуры тегіс, паренхима бірқалыпты, қақпа венасы кеңеймеген

Ұйқы безі: 19x17x29

Эхогенділігі жоғары, бездің ұлғаюы,контурының бұдырлануы, ұлпасының әркелкілігі.

ЭРХПГ: басты түтіктің диффузды өзгерістері;тарылуы,кеңуі,қабырғаларының тегістігі жойылуы,түтік деформациясы.

КТ: ұйқы безінің паренхимасының өзгерістері.

Дифференциальды диагностика

Көрсеткіштер Созылмалы панкреатит Ұйқы безі ісігі Муковисцидоз Созылмалы энтерит және ащы ішектің басқа созылмалы аурулары
Басталуы Жиі жедел панкреатиттен кейін Білінбей Жастықшақ Тан Көбіне жедел энтерит, энтероколиттен кейін
Басым жас Орташа, кексе Кексе Балалық (көбіне өмірінің алғашқы 5-10 жасында өліммен аяқталады) Орта, кексе
Басым жыныс Әйелдерде жиірек   Ерлер Әйелдер Тән емес
Этиологиясы және негізгі бейімдеуші факторлар Алкоголизм, та-ғамды артық жеу, майлы және ащы тағам қабылдау, холецистит және өт тасты ауруының ұстамалары Этиологиясы белгісіз, көбіне СП аясында дамиды Ферментті жү-йенің, сөл бө-летін жасу-шалардың, эн-докринді без-дердің тектік (генетикалық) кемістіктері. Емдәмді (диета) жүйелі бұзу
Ауыру (ауырсыну) Сыздап, эпигастрии және сол жақтағы қабырға астында жиі-белдеулі, кешірек кезеңдерінде қатты, азапты Сипаты әртүрлі Тән емес Онша тән емес, егер байқалса көбіне мезогас-трии аймағында, жиі түйілу сипатында, орташа қарқынды жиі тамақтан кейін, үлкен дәреттің алдында және соңында
Тәбет Төмендеген Төменде ген, көбіне бұрмаланған (етке жиіркеніш) Жиі жоғарылаған Төмендеген
Жиі кездесетін басқа ағзалардың ілеспелі аурулары Созылмалы холе-цистит, өт тасты ауруы, холангит, көбіне алкогольды гепатоз, алкогольды кардиомиопатия Көбіне асқорыту жолының басқа бөліктерінің созылмалы қабынулық зақымданулары Созылмалы пневмония, бронхыэктаз ды ауру Созылмалы колит, созылмалы атрофиялық гастрит, асқорыту ағзаларының және басқа да аурулары.
Сарғаю Сирек кездеседі (бауырастылық) онша айқын емес ҰБ бас жағы зақ-ымданғанда Болмайды Холангитпен, гепатитпен қабаттасқанда
Ұлтабар іші-нде пан-кре-атогенді ферменттер мөлшері Төмендеген Қалыпты немесе төмендеген Төмендеген Қалыпты немесе төмендеген
ӘТЖ өзгеруі Қалыпты немесе шамалы жоғарылауы Үдемелі жылдамдауы Онаша тән емес Қалыпты немесе шамалы жоғарылауы
Салмақтың өзгеруі Жиі біртіндеп төмендеуі Азуға дейін жылдам арықтау Біртіндеп төмендеу Біртіндеп төмендеу
УДЗ, компютерлік томография, ЭРХПТ, изотопты сканирлеу нәтижесі Басымырақ дифуз-ды өзгерістер (кис-талар болса ошақ-тар анықталады, процестің бұрынғы өршулері сал-дарынан болған некроздар бөліктері). Қағида бойынша ошақ (ісік) көрінеді. Диффузды өзгерістер, жиі фиброздың белгілері, және көптеген ұсақ кисталар Өзгерістер тән емес, кейде екіншілік панкреатит түрінде
Көмірсу алмасуы Бұзылуы мүмкін Бұзылуы мүмкін Бұзылмаған Бұзылмаған
Тердегі нат-рин мен хлордың мөлшері Қалыпты Қалыпты Күрт жоғарылаған Қалыпты
Ағымы Емдемесе жиі баяу үдемелі, басылу және өршу кезең-дерімен Шапшаң үдемелі Үдемелі Емдемесе жиі баяу үдемелі, басылу және өршу кезеңдерімен

Клиникалық диагнозды негіздеу:

Науқас шағымдарына сүйене отырып: Эпигастрий аймағында ауру сезімі,сол жақ қабырға асты аймағында және кіндіктің сол жақ бөлігінде болатын ауру сезімінежүрек тұсындағы ауру сезіміне және іштің белді буындырғандай ауруына шағымданды.Тәбеттің төмендеуі, кекіру, метеоризм, іштің қатуы.Тамақ қабылдаған соң құсу, қыжыл байқалады. Құсқаннан кейін жеңілдеу сезімі болмайды. Диспепсиялық бұзылыстар, бас ауру, бас айналу, әлсіздік,қан қысымының жоғарылауы.

 

Anamnesis morbi-ге қарағанда: Науқастың айтуы бойынша 5 жыл бұрын майлы және ащы тағам қабылдаған соң эпигастрий аймағындағы ауру сезімімен шағымданып емханаға тексерілді.Тексеріс нәтижесінде созылмалы панкреатит диагнозы бойынша ем қабылдайды.Жағдайы біршама жақсарып, ауру сезімі басылады.Майлы ащы тағамдарды қолданғанда кіндік аймағы мен эпигастрий аймағында ауру сезімі қайта біліне бастайды.Бұл жағдай бірнеше жылдар бойы қайталанып отырған,бірнеше рет амбулаторлы және стационарлы ем қабылдаған.Жоғарыда айтылған шағымдардың қайта күшеюіне байланысты соңғы стационарлық ем 2014 жылы болған.Осыдан 2 ай бұрын майлы және ащы тағамды көп мөлшерде пайдаланғанына байланысты эпигастрий аймағы мен кіндіктің сол жағында ауру сезімі, кекіру мен қыжылдау, жүрек айну мазалады06.01.2015 жылдан бері сол жақ қабырғалықты ауру сезімі қосылады.Жолдама арқылы №1 Қалалық клиникалық аурухананың гастроэнтерология бөлімшесіне ем қабылдау үшін келді.

 

Anamnesis Vitae-ге қарағанда:Тамақтануы уақытымен,әртүрлі тағамдармен тамақтанады. Ащы және тұзды тағамдарды жиі қолданады.Зиянды әдеттері жоқ. Бала кезінде қызылша, шешек, ЖРВИ және ангинамен ауырған.

 

Арап тексергенде:Жалпы жағдайы – орташа ауырлықта,ақыл – есі – анық сұрақтарға дұрыс анық жауап береді.Төсектегі қалпы – белсенді, өзі тұрып қозғалып жүреді,дене бітімі– гиперстеникалық. Бойы 169см, салмағы 90кг.Тері жабындысы: түсі бозарған, терісі құрғақ, ылғалдылығы төмен, құрсақтың жоғары бетінде дөңгелек, ашық қызыл түсті дақтар байқалады.Бөртпелер мен жаралар жоқ, тырнағы сынғыш шаштары көп түседі. Тері асты май қабаты: жалпы семіздік

Лимфа түйіні – лимфа түйіндері, жақасты, мойын, шүйде, бұғана үсті, қолтықасты, шынтақ, пальпацияланады ауру сезімі жоқ;Бұлшық еттері: тонусы мен күші орташа, дұрыс жетілген, семуі байқалмайды.Сүйектері: сүйектері қалыпты, деформация білінбейді, пальпация, перкуссия кезінде ауырсыну сезімі жоқ; Буындары; қозғалымдары – белсенді, пальпациялағанда ауырсыну сезімі жоқ, сықыр мен флюктуация жоқ.Басты қарау: бас сүйектері мен бет сүйектері дұрыс дамыған.

Зерттеу нәтижелеріне,диференциальды диагностикаға, лабараторлы зерттеулер нәтижелеріне

( ЭТЖ 39мм/сағ, лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы, қан сарысуында ұйқы безі ферменттерінің жоғарылауы:амилаза, липаза, трипсин,Жалпы нәжіс анализі:Түсі қара-қоңыр,қою,ботқа тәрізді.Билирубинге реакция теріс. Нәжіс құрамында нейтральдық майлардың көбеюі. ) және аспаптық зерттеу нәтижелеріне

(УДЗ: Эхогенділігі жоғары, бездің ұлғаюы,контурының бұдырлануы, ұлпасының әркелкілігі, ЭРХПГ: басты түтіктің диффузды өзгерістері;тарылуы,кеңуі,қабырғаларының тегістігі жойылуы,түтік деформациясы.) негіздей отырып, нақты диагноз қоюға болады:

 

Мынадай клиникалық диагноз қойылды:

Негізгі клиникалық диагнозы: Созылмалы панкреатит

Қосымша диагноз: экзокриндік функциясының шамасыздығы,ауырсынулық түрі, өршу фазасы.

Емі

Диетотерапия.№5 стол. Мақсаты: Ұйқыбездің секрециясын дұрыс деңгейде ұстау (еттің майы, күйдірілген өсімдік майы, өткір тағамдар, газды сусындар қолдануға болмайды)

Этиологиялық ем: Панкретиттің белгілері (ЭТЖ жоғарылауы, дене қызуының көтерілуі, бездің қатты ауырсынуы) антибактериялық ем жүргізіледі:

Ампициллин 0,5 г 4 рет бұлшықетке

Доксициллин 0,2 г бірінші күні, кейін 0,1 г күніне 1рет

Патогенездік ем:

Антацидтер (алмагель, фосфалюгель)

Н2- рецепторлардың блокаторы (кваметол 20 мг вена іщіне 2 рет тамшылатып)

Протондық помпаның ингибиторы (омецид)

Холинолитиктер (гастроцепин, хлорозил)

Симптоматикалық ем:

Спазмолитиктер (баралгин, трамал, дротоверин 2%-2,0 в/м күніне 3 рет )

Нейролептиктер (фортрал)

Күнделік.

10.01.2015. сағат 9:00 1дн/1дб

t-38.2C

ТАЖ-18 мин

ЖСЖ-76 мин

Науқастың жалпы жағдайы отраша ауырлықта,есі анық. Қалпы белсенді. Тері жабындысы: түсі бозарған, терісі құрғақ, ылғалдылығы төмен, құрсақтың жоғары бетінде дөңгелек, ашық қызыл түсті дақтар байқалады.Бөртпелер мен жаралар жоқ, тырнағы сынғыш шаштары көп түседі. Тері асты май қабаты: жалпы семіздік.Лимфа түйіні – лимфа түйіндері, жақасты, мойын, шүйде, бұғана үсті, қолтықасты, шынтақ, пальпацияланады ауру сезімі жоқ;Бұлшық еттері: тонусы мен күші орташа, дұрыс жетілген, семуі байқалмайды.Сүйектері: сүйектері қалыпты, деформация білінбейді, пальпация, перкуссия кезінде ауырсыну сезімі жоқ; Буындары;қозғалымдары – белсенді, пальпациялағанда ауырсыну сезімі жоқ, сықыр мен флюктуация жоқ.Басты қарау: бас сүйектері мен бет сүйектері дұрыс дамыған. Тілі құрғақ, қоңыр тұтықпен жабылған .Тілдің ойылуы байқалмайды.Жұтқыншақтың артқы қабырғасының және таңдайының доғалшықтардың шырышты қабаты бозғылт.Тынысы везукулярлы.Дауысы сақталған.Өкпеде везикулярлы дыбыс естіледі.Жүрек тоны анық,ритмі дұрыс. Құрсақты қарағанда: іші тері асты шелмай қабатының есебінен ұлғайған, пальпация жасағанда жұмсақ. Палпация жасағанда ұйқы безі, эпигастрий аумагы мен Шоффар аумағында ауру сезімінің болуы, терең пальпация жасағанда көлденең жуан ішектегі ауру сезімі анықталды.Бауыр қалыпты ұлғаймаған,көкбауыр қалыпты,ауру сезімінсіз.Кіші дәреті еркін.Менингеалды белгілер жоқ.Нәжісін қарау кезінде Түсі қара-қоңыр,қою,ботқа тәрізді. Нәжіс құрамында нейтральдық майлардың көбеюі.

 

 

Date: 2015-07-23; view: 1755; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию