Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Түскен күні: 09.01.2015 ж





Ішкі аурулар кафедрасы

Сырқатнама

 

Науқас: Кекенбаева Азиза Батырханқызы.

Туған жылы: 26.01.1970ж

Жынысы: әйел

Жасы:45

Ұлты: қазақ

Мекен-жайы: Алматы қ.Әуезов районы, Қалқаман 2,Молдабекова көш 32

Диагноз: Созылмалы панкреатит

Түскен уақыты: 09.01.2015ж.

Тобы:ЖМ11-41-1k

Курсы:4

Студент:Қалдарбек Д.Б

Абылдаған: Есназарова Г.С.

Алматы 2015

Төлқұжат бөлімі.

Аты-жөні:Кекенбаева Азиза Батырханқызы.

Туған жылы: 26.01.1970ж

Жынысы: әйел

Жасы:45

Ұлты: қазақ

Мекен-жайы: Алматы қ.Әуезов районы,

Алқаман 2,Молдабекова көш 32

Жұмыс істейтін жері: жұмыссыз

Түскен күні: 09.01.2015 ж

Негізгі клиникалық диагнозы: Созылмалы панкреатит

Қосымша диагноз: экзокриндік функциясының шамасыздығы,ауырсынулық түрі, өршу фазасы.

Науқастың шағымдары

Эпигастрий аймағында ауру сезімі,сол жақ қабырға асты аймағында және кіндіктің сол жақ бөлігінде болатын ауру сезіміне, жүрек тұсындағы ауру сезіміне және іштің белді буындырғандай ауруына шағымданды.Тәбеттің төмендеуі, майлы тағамға қарай алмауы,кекіру,метеоризм, іштің қатуы.Тамақ қабылдаған соң құсу, қыжыл байқалады. Құсқаннан кейін жеңілдеу сезімі болмайды.Диспепсиялық бұзылыстар, бас ауру, бас айналу, әлсіздік,қан қысымының жоғарылауы. Жұтынған кезде тамағы ауырады.Түнгі уақытта тершеңдікке шағымданды.

 

Anamnesis morbi

Науқастың айтуы бойынша 5 жыл бұрын майлы және ащы тағам қабылдаған соң эпигастрий аймағындағы ауру сезімімен шағымданып емханаға тексерілді.Тексеріс нәтижесінде созылмалы панкреатит диагнозы бойынша ем қабылдайды.Жағдайы біршама жақсарып, ауру сезімі басылады.Майлы ащы тағамдарды қолданғанда кіндік аймағы мен эпигастрий аймағында ауру сезімі қайта біліне бастайды.Бұл жағдай бірнеше жылдар бойы қайталанып отырған,бірнеше рет амбулаторлы және стационарлы ем қабылдаған.Жоғарыда айтылған шағымдардың қайта күшеюіне байланысты соңғы стационарлық ем 2014 жылы болған.Осыдан 2 ай бұрын майлы және ащы тағамды көп мөлшерде пайдаланғанына байланысты эпигастрий аймағы мен кіндіктің сол жағында ауру сезімі, кекіру мен қыжылдау, жүрек айну мазалады. 06.01.2015 жылдан бері сол жақ қабырғалықты ауру сезімі қосылады.Жолдама арқылы №1 Қалалық клиникалық аурухананың гастроэнтерология бөлімшесіне ем қабылдау үшін келді.

Anamnesis vitae

Науқас 1970 жылы 26 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Туылған кезінде ешқандай қабынулар болмаған.Екіқабат кезіндегі анасының дерттері болмаған, жүктілік қалыпты өткен. Туылған кезде туа біткен ақаулары болмаған.Емшек сүтімен қоректенген.Жанұяда екінші бала. Өсуі мен жетілуі жасына сай болды.Спортпен аз шұғылданады.Дене бітімі,санасы дұрыс жетілген.Алғашқы еттеккірі 16 жасында болған.Тұрмысқа шыққан,2 қызы бар,дендері сау.3 рет түсік тастаған. Тамақтануы уақытымен,әртүрлі тағамдармен тамақтанады. Ащы және тұзды тағамдарды жиі қолданады. Тұрмыстық жағдайы орташа.Зиянды әдеттері жоқ. Бала кезінде қызылша, шешек, ЖРВИ және ангинамен ауырған.Ата-анасының және басқа туыстарында патологиялық аурулары, тұқым қуалайтын аурулары жоқ. Туберкулез, тері аурулары, рак, қантамыр жетіспеушілігі, сифилис ауруларымен ауырған жоқ.

Date: 2015-07-23; view: 1170; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию