Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кіріспе. Расында, барша мақтау-мадақтар Аллаһқа тән





 

Расында, барша мақтау-мадақтар Аллаһқа тән! Біз Оны ғана дәріптейміз, әрі Одан ғана жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынамыз. Нәпсіміздің жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздың кесірінен Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімді Аллаһ тура жолға бастаса, оны ешкім адастыра алмайды. Ал Ол адастырғанды тура жолға салар ешкім жоқ. Ешбір серігі болмаған Жалғыз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, сондай-ақ Мұхаммед – Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етемін.

Одан кейін:

Мұхаммед пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Саф Сүннетінен азғантай болса да хабары бар әрбір мұсылман адам үшін оның таухид пен Жалғыз Аллаһқа құлшылық етуге шақырудан кейін, адамдарға өзінің Сүннетіне тура ілесуді насихаттауға және бидғаттармен күресуге ерекше көңіл бөлгендігі өте жақсы белгілі. Жәбирден жеткен хадис осыған дәлел болады. Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әр жұма сайын өз құтпасында: «Шын мәнінде, ең жақсы сөз – бұл Аллаһтың Кітабы, ал ең жақсы жол – бұл Мұхаммедтің жолы. Ең жаман амалдар – бұл дінге енгізілген жаңалықтар, ал әрбір дінге енгізілген жаңалық – бұл бидғат, ал әрбір бидғат – бұл адасушылық, ал әрбір адасушылық Тозақта!», - деп, Құран және Сүннетпен жүруді бұйырып, бидғаттан аулақ болуды әрдайым қатал ескертіп отырған. Муслим 2/592, Нәсаи 3/188.

Сол себептен алғашқы және кейінгі буын имамдары Сүннетпен жүрудің маңыздылығына және діндегі бидғаттың қауіптілігіне үнемі аса мән беріп, бұл жайында жеке-жеке еңбектер жазып, хадис жинақтарында бұл тақырыпқа қатысты бүтіндей тараулар арнап отырған. Өйтпеске амал жоқ, себебі Ислам үмметіне діни жаңалықтар таралмас бұрын Аллаһ пен Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бидғаттан қатал түрде алдын-ала сақтандырып, бұл тақырыпқа зор мән берген!

Көптеген мұсылмандар діни жаңалық күпірлікке апаратын ең үлкен себептердің бірі екенін, оның аса қауіпті екенін жете түсіне бермейді. Кейде кейбір мұсылмандар сауатсыздықтың кесірінен тіпті дінде жақсы бидғат (бид’а хасана) бар деп те ойлайды.

Исламда «бидғат» тақырыбын оқып-білу маңызды. Өйткені осы біліммен адамның бұл дүниеде адасушылықтан, ал о дүниеде азаптан аман қалуы байланысты. Хузайфа (Аллаһ оған разы болсын) былай деп айтатын: «Әдетте адамдар Аллаһ Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жақсылық жайында сұрайтын, ал мен болсам одан жамандық жайында сұрайтынмын. Өйткені жамандықтың басыма төнуінен қорқушы едім». Бухари 3606, Муслим 5/20.

Яхья ибн Му’аз былай деген: «Адамдардың бүкіл талас-тартысы үш негізге келіп тіреледі, ал осы негіздердің әрқайсысының қарама-қарсысы бар. Сонда адам осы негіздердің қайсыбірінен шығатын болса, міндетті түрде сол негіздің қарама-қарсысына кіреді. Бұл үш негіз келесілер: Таухид (бірқұдайшылық), оның қарама-қарсысы – ширк (көпқұдайшылық); Сүннет, оның қарама-қарсысы – бидғат; және Аллаһқа бойұсыну, оның қарама-қарсысы – күнәлар!» Қараңыз: “әл-И’тисам” 1/91.

Бидғаттың мән-жайын оқып білу, әсіресе, қазіргі уақытта өте өзекті болып тұр. Өйткені бидғат, өкінішке орай, Ислам үмметінде тарап кетті. Оның тамыр жайғаны тіпті соншалық – кейбір бейхабар мұсылмандар кейбір бидғаттарды Сүннет деп санай бастады! Субхан-Аллаһ, даңқты сахаба Хузайфаның: «Аллаһпен ант етемін, бидғаттардың жайылатыны соншалық – егер біреу бидғаттардың қайсыбірін тастаса, оған: «Сүннетті тастап қойды!», - дейтін болады!», - деп айтып кеткендерін өз көзімізбен көріп тұрғандаймыз! Ибн Уәддах «әл-Бида’» 162.

Аллаһ Тағаланың қалауымен, осы еңбекте «Бидғат деген не?», «Ол қандай түрлерге бөлінеді?», «Діни бидғаттың кез келген түріне шариғат қаншалықты қатал түрде тыйым салады?» және «Исламда жақсы бидғат бар ма?» деген сауалдардың айналасында сөз өрбітеміз.

Ұлы Аллаһ Тағаладан осы бір шағын еңбекті берекелі әрі оны оқып шыққан әрбір мұсылман үшін пайдалы етуін сұраймыз!

 

Date: 2015-07-22; view: 401; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию