Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Күмәнді дәйектердің соңынан еру





 

Бұл да мұсылман үмметінде бидғат пен адасушылықтың пайда болуының негізгі себептерінің бірі. Бидғатшырлар мен өз құмарлықтарын жақтаушылар өз ұстанымын растау үшін және білімі саяз кісілерді адастыру үшін, ойдан тоқылған хадистерді қолданады немесе дәлелдерді өздеріне ыңғайластырып бұрмалайды. Мұндайлар туралы имам әл-Әуза’и былай деген: “ Құлшылық ету үшін емес, басқа бір мақсатта оқу оқитындарға және күмәнді нәрсе арқылы харамды хәлал ететіндерге қасірет болсын!”. Әл-Әжурри “Әхлақул-‘уләма” 65.

Аллаһ Тағала былай дейді: «Ол Аллаһ саған Құран түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар Кітаптың негізгі іргетасы. Екінші ұқсас ұғымдағы аяттар бар. Ал жүректерінде қыңырлық болғандар, бұзақылық іздеп, ұқсас мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп, соңына түседі. Оның ұғымын Аллаһ қана біледі. Ал берік білімге ие болғандар: «Бұған (Құранға) иман келтірдік. Мұның барлығы Раббымыздан», - дейді. Бірақ бұны ақыл иелері ғана түсінеді» («Әли Имран» сүресі, 7-аят).

‘Айша анамыз бірде Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы аятты оқып: «Анық емес нәрсеге ергендерді көрсең, міне, солар Аллаһ Тағала оларды атап айтқан (адамдар) екенін біл, сондықтан олардан аулақ болыңдар!», - дегенін жеткізген. Әл-Бухари 4547.

Шейх Салих Али Шейх былай деген: “Құран мен Сүннетте анық (мухкам) және анық емес (муташабих) нәрселер бар екені мәлім. Сондай-ақ мұндай нәрсе сахабалар мен ғалымдардың сөздері мен істерінде де бар. Мығым білімге ие адамдар анық емес (муташабих) нәрседен анықты (мухкам) айыра білумен және анық емес нәрсені анық нәрсеге қайтарумен ерекшеленген. Егер де білім иелерінің осындай айрықша сипаты болмағанда, онда әрбір адам білімді қамти алатын еді. Алайда Аллаһ Тағала ғалымдар мен шынайы білім иелерінің орны айқын болуы үшін, адамдарды мухкам және муташабих нәрселердің болуы арқылы сынайды” Қараңыз: “әл-Мәр’а әд-да’ия”. Дәл осындай сөздерді шейхул-Ислам Ибн Тәймия да «Мәжму’ул-фәтауа» 13/272-280 кітабында айтқан болатын.

Астарлы және анық емес (муташабих) дәйектерді қолдану Құранды өз құмарлықтарына негізделіп тәпсірлейтін бидғатшылардың сипаты болып табылады. Дәл сондықтан да ‘Али ибн Әбу Талиб Ибн ‘Аббасты (Аллаһ оған разы болсын) хауариждермен сөйлесуге жіберіп тұрып: “Олармен Құран арқылы тартыспа, Сүннет арқылы тартыс!”, - деді. Ибн ‘Аббас: “Мен Аллаһтың Кітабын олардан жақсырақ білемін!”, - деп жауап берді. Сонда ‘Али оған: “Дұрыс! Алайда Құранды әртүрлі тәпсірлеуге болады ғой”, - деді. Қараңыз: “Фәтхул-Қадир” 1/42.

Дәлел ретінде келтірілген аяттар мен хадистердің барлығы белгілі бір жағдайға тура келе бермейтінін білу қажет, тіпті егер сырттай бұлай емес болып көрінсе де. Бұған мысал ретінде «Үкім Аллаһқа ғана тән» деген аятқа сүйеніп, ‘Алиді күпірлікте айыптаған хауариждерді келтірсек болады. Әбу Рафи’ былай деп баяндайды: “Хауариждер ‘Алиге қарсы шыққан кезде үнемі: «Үкім Аллаһқа ғана тән! Үкім Аллаһқа ғана тән!», - деп қайталай берді. Сонда ‘Али: «Өтірікті меңзеп, ақиқат сөздерін айтуда!», - деді ” (Муслим 1774).

Бір күні Ғайлән әд-Димашқи деген бір қадари кісі ‘Умар ибн ‘Абдул-‘Азиздің көзінше дәлел ретінде «Біз оны (адамды) шүкірлік ететін немесе шүкірлік етпейтін жолға саламыз» деген аятты келтірді («әл-Инсан» сүресі, 3-аят). Сонда ‘Умар әлгі кісіге: “Осы сүренің ең соңғы аятының алдындағы «Сендердің қалауларың болмайды. Аллаһ қаласа ғана болады» («әл-Инсан» сүресі, 30-аят), - деген аятты да оқы”, - деді. Әл-Әжурри “әш-Шәри’а” 223.

Яғни әлгі қадари кісі осы аятты «тағдыр жоқ әрі адам барлық нәрсені өзі істейді, және оның істеген амалдарына Аллаһтың тағдырының қатысы жоқ» дегенге дәлел ретінде қолданғысы келді.

Танымал табиғин Муслим ибн Ясар былай деген: “Егер сен (белгілі бір аятқа қарап) Аллаһ туралы айтатын болсаң, оған дейінгі және одан кейінгі аяттарға қарамайынша еш нәрсе айтпа”. Әбу ‘Убайд “Фәдаил әл-Қур’ан” 229.

Бұл қандай да бір мәселені талдап жатқанда немесе діннің бір үкімін дұрыс түсіну барысында, қарастырып жатқан тақырыпқа байланысты Құран мен Сүннеттің өзге мәтіндеріне назар аудармастан, тек бір ғана аятты немесе тек бір ғана хадисті алуға болмайтынына нұсқайды!

Сонымен қатар бидғаттың таралуына түстерді, дәстүрлерді т.с.с. нәрселерді дәлел ретінде пайдаланудың да қатысы бар. Хариса ибн Мударриб былай деп баяндайтын: “Бірде бір кісі бүгін түнде мешітте намаз оқыған адам Жәннатқа кіреді деген түс көрді. Бұны естіген Ибн Мәс’уд (Аллаһ оған разы болсын) мешітке келіп: «Шығыңдар, адасушылыққа түспеңдер! Расында, бұл – шайтанның ойыны!», - деп айта бастады”. Ибн Әбу Шәйба 7/233.

Имам әш-Шәтыби былай деп айтқан: “Ең әлсіз адамдар – бұл өз істерінде түстерге сүйенетіндер. Олардың кейбіреулері: «Мен түсімде Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көрдім, әрі ол маған былай деді және былай бұйырды», - деп, түсінде көрген нәрселеріне сәйкес амал ете бастауы және бір нәрселерді тастап, сонысымен шариғатта бекітілген шекараларды орындамауы мүмкін. Бұл қателік болып табылады, өйткені пайғамбар емес біреудің түстерін шариғат деп есептеуге болмайды, тек егер біз сол түсті шариғатта келген нәрселермен салыстырып қарап, әрі шариғат сол түс нұсқайтын нәрсені рұқсат еткеніне көз жеткізсек ғана әлгі түске сәйкес амал етуге болады. Ал егер олай болмаса, онда оны тастап, одан бас тарту міндетті болады. Түстен келетін пайда – бұл қуаныш немесе ескерту, басқа еш нәрсе емес. Ал сол түстерден қандай да бір шариғи үкім шығаруға келер болсақ, онда (бұл) жоқ!” Қараңыз: “әл-И’тисам” 2/93.

‘Уқба ибн ‘Амир (Аллаһ оған разы болсын) былай деген: “Мен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірде былай дегенін естідім: «Менің үмметімнің опат болуы Кітап пен сүтте!» Одан: “Уа, Аллаһтың елшісі, Кітап пен сүт деген нені білдіреді?”, – деп сұрады. Ол: «(Олар) Құранды оқып-үйренетін және оны Аллаһ Тағала түсіргеніне сәйкес емес тәпсірлейтін болады! Әрі сүтті жақсы көріп, соның себебінен отарларымен сахараға алыстап кетіп, жамағат намаздары мен жұма намазын тастайтын болады!», - деп жауап берді”. Ахмад 4/155. Сенімді хадис. Қараңыз: “әс-Силсила әс-сахиха” 2778.

Сөйтіп, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы ескертуінде оның үмметтін опатқа ұшырататын екі нәрседен сақтандыру бар:

Біріншісі – Құранды Сүннетке сәйкес емес түсіну.

Екіншісі – дүниелік шаруаларға шектен тыс беріліп кетіп, соның салдарынан діни бұйрықтардан алыстау.

Хафиз Ибн ‘Абдул-Барр өз кітабындағы осы хадисті келтірген тарауды «Сүннеттен бейхабар бола тұра, Құранды тәпсірлеп, ол туралы ой-пікір құрған кісі туралы» деп атап, кейін осы хадисті келтірген соң былай деген: “Бидғатшылар Сүннетті теріске шығарып, Құранды Сүннет түсіндіретінге сәйкес келмейтіндей етіп түсіндіре бастады. Соның салдарынан өздері де адасты, өзгелерді де адасушылыққа салды!” Қараңыз: “Жәми’ул-бәянил-‘илм” 1/472.

 

Date: 2015-07-22; view: 323; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию