Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Білмеген жағдайда білім иелеріне жүгінуден бас тарту





Үмметтің бидғат жасауының тағы бір себептерінің бірі ғалымдарға жүгінуден бас тарту болып табылады. Ал олар туралы Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Ақиқатында, ғалымдар - пайғамбарлардың мисрасқорлары». Әбу Дәуд 3641, әт-Тирмизи 2682. Хадистің сенімділігін Ибн Хиббан, әл-Қанани мен шейх әл-Әлбани растады.

Аллаһ Тағала Мұхаммедтің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үмметіне білім жоқ кезде, қате шешімдер мен өзіндік қорытындылар шығаруға ұрынбас үшін, ғалымдарға жүгінуді бұйырып, былай деді: «Егер білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар!» (Нәхл сүресі, 43-аят).

Ал Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Бұл білімді әрбір ұрпақтан әділеттілер (ғалымдар) алып жүреді. Олар оны асыра сілтеушілердің бұрмалауларынан, адасқандардың қоспаларынан және надандардың түсіндірмелерінен қориды». Әл-Бәйһақи 10/209, әл-Хатыб 1/29. Бұл хадис көптеген жолдар арқылы жеткізіледі, әрі олардың әрқайсысы бір-бірін күшейтеді. Бұл хадистің сенімділігін Ахмад, әл-Ләлакаи, хафиз Ибн ‘Абдул-Бәрр, әл-‘Уқайли, Ибн әл-Уәзир, әл-Қасталани, әл-Әлбани және ‘Абдул-Қадир әл-Әрнаут сияқты имамдар растады.

Ғалымдар – бұл Аллаһ Тағала солар арқылы Өз дінін сақтайтын адамдар, әрі олар Пайғамбар мен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның сахабалары ұстанған жол туралы баршадан жақсырақ біледі. Білім иелері дін мәселелерін дұрыс түсінуге әрі адасушылық пен қателікке ұрынбауға көмектескендеріне өте көп мысалдар бар.

‘Уруа ибн әз-Зубайр былай деп баяндайтын: “Бір күні мен ‘Айшадан «Расында, әс-Сафа мен әл-Мәруа - Аллаһтың рәсімдік белгілерінен. Сонда кім Қағбаға қажылық немесе умра жасаса, ол екеуінің арасын тауап жасауында күнә жоқ» («Бақара» сүресі, 158-аят) деген аят туралы: “Бұл туралы не айтасыз? Менің ойымша, осы екі қыраттың (әс-Сафа мен әл-Мәруа) арасын тауап етпеудің ешқандай оқасы жоқ сияқты”, - деп сұрадым. Ол былай деп жауап берді: “Жоқ! Егер бұл солай болғанда, онда аятта: «Олардың арасынан өтпеген адам күнә жасаған болмайды», - деп айтылар еді. Бұл аят Исламға дейін өз қажылықтарын Мәнат пұтының алдынан бастайтын ансарларға қатысты түскен еді. Ал Ислам келген кезде, олар Сафа мен Мәруа арасында тауап жасауға қауіптенді [5]. Олар не істерін білмей, осы туралы Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сұрады, сонда Аллаһ Тағала осы аятты түсірді”. Әл-Бухари 4495, Муслим 1277.

‘Уруа – ең білімді табиғиндердің бірі әрі Мәдина қаласының атақты жеті фәқиһтерінің бірі болғанына қарамастан, ол осы аятты қалай қате түсініп қалғанына назар аударыңыздар! Ал ‘Уруаға қарағанда көбірек білімге ие болған ‘Айша оған аяттың мағынасын түсіндіріп берді!

Язид әл-Фақир былай деген: “Бірде маған хауариждердің пайымдауларының бірі ұнап қалды. Біз көп адамдардан құралған топтың құрамында қажылық жасау ал содан соң адамдарға қарсы (ұрысқа) шығу ниетімен жолға аттандық. Біздің жолымыз Мәдинаның үстінен өтті, әрі сол жерде мен күтпеген жерден Жәбир ибн ‘Абдуллаһты кездестіріп қалдым. Ол (мешіттегі) бір бағананың жанында жайғасып, адамдарға Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туралы хабарларды жеткізіп отырған болатын. Сөз арасында ол жәһаннамиюн (Тозақта өз күнәлары үшін азапталып, бірақ кейін одан шығарылатын мұсылмандар) туралы айтып кетті. Мен оған: «Уа, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасы, сен не туралы айтып отырсың? Аллаһ: «Раббымыз, шынында, Сен кімді Тозаққа тастасаң, соны қорлайсың, әрі залымдардың жәрдемшілері болмайды!», - деп айтты ғой (Әли ‘Имран сүресі, 192-аят)», - дедім. Мен сондай-ақ: «...қашан олар (Тозақтағы) оттан шығуды қаласа, оған қайта итеріледі» (Хаж сүресі, 22-аят). Ендеше, сендер не сөйлеп отырсыңдар?!», - деп айттым. Ол менен: «Сен Құран оқитын ба едің?», - деп сұрады. Мен: «Иә», - деп жауап бердім. Сонда ол менен: «Ал сен Мұхаммедтің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) орны туралы, яғни Аллаһ оны орналастыратын орын туралы естідің бе?», - деп сұрады. Мен тағы да: «Иә», - деп жауап бердім. Сонда ол маған былай деді: «Міне, дәл сол Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ие болатын «мақтаулы орын» (мәқамун мәхмуд) болып табылады. Сол арқылы Аллаһ Оттан шығаратын адамдарын шығарады!» Сосын ол Сират (көпірі) қалай тұрғызылатыны және адамдар сол көпірден қалай өтетіндігі туралы айта бастады. Басқа адамдар оның сөздерін менен гөрі жақсырақ естерінде сақтап қалған шығар, алайда ол кейбір адамдардың Отқа түскендерінен кейін одан шығатындығы туралы айтты. Бұл дегеніңіз, олар күнжіттің сабақшалары жерден шыққан секілді (Тозақтан) шығады да, Жәннат өзендерінің біріне түседі, кейін соған жуынып шыққан кезде, бейне бір (әппақ) парақтар секілді болады».

Біз (тобымызға) қайта оралып: «Сендерге нендей өкініш? Сендер мына ақсақал (Жәбир) Аллаһ Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өтірік жапсырып жатыр деп ойлайсыңдар ма?», - дедік. Сөйтіп, біз қайтып оралғаннан кейін арамыздан бір-ақ адамнан басқа ешкім (хауариждердің жағында) ашық шықпады”. Муслим 191.

Шейх ‘Абдул-Мухсин әл-‘Аббад былай деп айтқан: «Бұл хабарда әлгі топ хауариждердің үлкен күнә жасаған мұсылмандарды күпірлікте айыптап, олар Отта мәңгі қалуға тиісті деген көзқарастарымен алданғанына нұсқау бар. Алайда олар Жәбирді (Аллаһ оған разы болсын) кездестіріп, ол олардың адасушылықтарын түсіндіріп берген кезде, олар өз көзқарастарын өзгертті де, Жәбир көрсеткен ақиқатты қабылдап, өздері түскен адасушылықтан бас тартты. Мұның үстіне, бұл адамдар қажылықтан кейін мұсылмандарға қарсы (қару алып) шығу жоспарынан бас тартты. Міне, мұсылман адам ғалымдарға жүгінгенде қол жеткізе алатын ұлы пайда – осы». Қараңыз: “Би әйи ‘ақли уә дин йәкуну тәфжир уә тадмир жиһадан” 17.

Ибн Уәһб былай деген: «Егер мен имам Мәлик пен имам әл-Ләйс ибн Са’дты көріп үлгермегенімде, адасушылыққа түсер едім!» Қараңыз: “Шәрх «әл-Мууатта»” 1/29.

Ал ғалымдарды елемей, оларсыз-ақ амалдағысы келетіндерге келер болсақ, олар адасушылыққа түсті де, опат болды! Имам Ибн әл-Мубарак былай деген: «Ғалымдарды елемеген – Ақыретін жоғалтты». Ибн ‘Асакир 32/344.

Ал бүгінгі күні, өкінішке орай, ғалымдарға жүгініп, оларға лайықтысын берудің орнына, кейбір кісілер оларды жамандап, күндіз-түні оларға жала жауып жүр. Шейхул-Ислам Ибн Тәймия былай дейтін: “Хадис білгірлерін жамандап, олардың мазһабын теріске шығаратындар надандар, бидғатшылар және және екіжүзділер екеніне еш күмән жоқ!” Қараңыз: “Мәжму’ул-фәтауа” 4/96.

 

Date: 2015-07-22; view: 346; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию