Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сабақтың психологиялық педагогикалық толық талдауының нұсқасы





Сабақтың оқу тәрбиелік міндетін жоспарлаудың бағасы.

білімділік міндеттер

тәрбиелік міндеттер

оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, интелектісін, ерік-жігерін дамыту.

Сабақтың типі, оның құрылымы, оқытудың негізгі принциптерін және психологиялық негіздеуді жүзеге асыру.

Сабақтың мазмұнын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан бағалау.

Оқу материалының психологиялық сапасы қандай (баяндалуы немесе түсініктілігі, көрнекілік, нақтылық, абстрактілік және қорытындылаушы дәрежесі)?

оқушының берілген материалды қабылдауы үшін қандай танымдық әрекеттерін белсендіруге болады (бейнелі немесе сөздік, қисындылық, абстрактілі ойлау, елестету)? Қандай көңіл күй болуы мүмкін?

Берілген оқу материалы оқушылардың танымдық әрекетіне, жас ерекшелігіне, олардың өмірлік тәжірибесіне және білім деңгейіне сәйкес келе ме?

Мұғалім меңгерілетін білім мен іскерлік мазмұнындағы негізгісін, маңыздысын ажырата біле ме?

Мұғалім оқушыларға қиын материалды түсінікті және қызықты етіп жеткізе ала ма (баяндаудың қарапайымдылығы және анықтығы, салыстырулардың, талдаулардың, мысалдардың нақты болуы, көрнекі құралдарды пайдалануы, өмірмен байланыстырылуы және т.б.)?

Берілген оқу материалының тәрбиелік мәні қандай (моральдік, эстетикалық және т.б.)? Мұғалім оқу материалының тәрбиелік мүмкіндігін қаншалықты тиімді іске асырады?

Сабақта оқушылардың танымдық әрекетін басқарудың әдістері мен құралдары.

Назар аударуды ұйымдастыру:

а) сабақтың барлық кезеңінде назар аударуды ұйымдастыру жолдары (оқушыларды зеректілікке шақыру, іс-әрекеттің маңыздылығына назар аудару, нақты міндеттер қою, еріксіз көңіл аудартуда көрнекілік принципін пайдалану және т.б.)

б) сабақта назар аудартудың түрлері және оның кейбір оқушылардағы көріну түрлері.

в) оқушылардың бір іс-әрекеттен екіншісіне ауыса білуін ұйымдастыру.

г) мұғалімнің талабы бойынша қиын іс-әрекет түрлеріне оқушылардың назар аударуы, оны оқушылардың дұрыс орындауы.

Қабылдауды ұйымдастыру және оған сипаттама:

а) оқушылардың қабылдайтын объектісі (мұғалімнің сөзі, оқулық мәтіні, әртүрлі көрнекі құралдар).

б) көрнекі құралдарды сабақта пайдалану, олардың сабақтағы алатын орны.

в) қабылдаған материалдың тиянақтылығы.

Есте сақтауын белсендіру және оны дамыту:

а) Мұғалімнің оқушылардың есінде сақтауына көңіл аударуы. Сабақ әр түрлі кезеңдерінде бұл әрекеттің мақсаты.

б) сабақта оқушылардың есте сақтауын белсендіру түрлері (көрнекті-бейнелі, сөзді-логикалық, эмоционалды, логикалық).

в) сабақта мұғалімнің материалдарды жақсы сақтауы үшін пайдаланатын тәсілдері (есте сақтау мақсатының қойылуы, материалды логикалық тұрғыдан өңдеу, әр түрлі ассоциаларды қалыптастыру, іс-әрекетке ену, қайталау, эмоциялық жүктеме және т.б.)

Ұғымдарды меңгеруін ұйымдастыру әдістері:

а) мұғалімнің оқушыларға берілген ұғымдарды меңгеруге деген қажеттілгін қалыптастыру (теориялық мәнін ашу, практикалық мәнін ашу, өмірмен байланыстыру және т.б.)

б) сабақтағы ұжымдық танымдық әрекетін ұйымдастыру, ұжымшылдық, өзара көмек, ынтымақтастық;

в) қойылған проблеманы шешудегі оқушылардың өзіндік шығармашылығы, нақты ойлау әрекеттері (бір мысалды талдау)

г) сыныптың проблемалы оқытуға дайындық деңгейі (жалпы даму деңгейі, қажетті білік пен іскерліктің болуы, сұрақтарға жауап беру кезіндегі белсенділік, оқушылардың саны)

д) сабақта оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға пайдаланылатын әдістер: ұтымды ойлаудың дайын әдістері, алгоритмдік типтегі алдын-ала жазу, оларды ендіру жолдары.

 

Date: 2015-06-11; view: 1075; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию