Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сабаққа дайындық және өткізу





Сабаққа дайындық барысыныда оқу бағдарламасымен, оқулықпен, оқу-әдістемелік құралдармен, күнтізбелік жоспарлармен және сыныптағы оқушылардың ерекшелігімен танысу жүзеге асады.

Сабаққа дайындалу – мектеп оқулығын, дидактикалық және әдістемелік құралдарды және қосымша материалдарды пайдалану арқылы жүзеге асады.

Сабақтың негізгі мақсатын айқындап, білім беру, тәрбиелеу, дамыту міндеттерін анықтау.

Сабақты өткізу барысында қандай принципке сүйенетіндігін анықтап алу керек.

Материалдың ерекшелігі бойынша сабақ мазмұнын ойластыру, негізгісін бөліп алу.

Жаңа тақырыпты меңгеруде қандай әдістеме қолданатындығын анықтап алу.

Қандай көрнекі құралдарды, иллюстративті материалдарды пайдаланатындығын анықтау.

Сабақтың барлық кезеңінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытуды ойластыру.

Оқытуда қазіргі білім берудің жаңа технологиясын пайдалану.

Сабақ барысында оқушылардың жеке және топтық жұмыс істеу мүмкіншілігін анықтап алу.

Кейбір оқушыларға сабақ барысында аты-жөнін белгілеп, біліміне баға беріп отыру.

Үйге тапсырма бергенде оның көлеміне және мазмұнына көңіл аударыңыз. Үй тапсырмасын орындаудың әдістерін ойластыру.

Тәрбиелік және даму міндеттерін қалай іске асыруды ойластыру (тақырыптың мазмұнын, оқыту және тәрбиелеу әдісін пайдалану; оқушылардың танымдық әркетінің ұжымдық түрін ұйымдастыру; оқушылармен сіздің қарым-қатынасыңыз).

Сабақтың басынан аяғына дейін барлық талабы, әдістемесі, мазмұнын ойластырып болғасын, жоспарды құруға кірісіңіз. Жоспарда нақты негізгі мақсатты, міндетті көрсетіп, керекті құралдарды және сабақ барысын жазу (мазмұны және оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру).

Сабақ өтіп болғасын нәтижесін қорытындылаңыз. Сабақтың жетістіктерін және кемшіліктерін ойлаңыз, жіберілген кемшіліктерді жөндеуге тырысыңыз. Бұл келесі сабаққа дайындалғанда келесі сабақтың тиімді әдістерін табуға көмектеседі.

Сабаққа дайындалу және өткізу – шығармашылық іс. Шығармашылықсыз шеберлік жоқ.

 

Date: 2015-06-11; view: 1440; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию