Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Салыстыру мен лнллогия





Салыстыру деп оқып үйренетін объектілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ойша тағайындау әдісін айтады.

Салыстыру әдісін қолданғанда төмендегідей принциптерді басшылыққа алған жөн:

а) салыстырылатын объектілер біртекті болуы шарт

ә) оқып үйренетін объектілер айрықша белгілері бойынша салыстырылуы тиіс;

б) обьектілерді салыстыру толық жүргізіледі. Мәселен, екі санды немесе екі үшбұрышты, екі функцияны салыстыруға болады. Ал үшбұрыштың ауданы мен дененің массасын салыстыруға болмайды; Үшбұрыштар бұрыштары, периметрі және ауданы бойынша салыстырылады;

Әдетте, объектілерді салыстыру әдісі олардың қасиеттерін немесе айрықша белгілерін ажыратуға қолданылады.

Мәселен, параллелограм мен трапецияны салыстыру кобіне олардың ортақ қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді, олардың екеуі де төртбұрыш, екеуінің де параллель қабырғалары бар. Айырмашылықтары: біреуінде - қабырғалары қос-қостан параллель, ал екіншісінде табандары ғана параллель.

Сондай-ақ, оқушылар жай және алгебралық бөлшектерді салыстыру арқылы олардың ортақ белгілері: болшектердін алымы мен бөлімінің болуы; бөлімінің нөлден өзгешелігі, ал айырмашылығы: жай бөлшектің алымы мен бөлімі сан, алгебралық бөлшекте алгебралық өрнек екенін салыстыру арқылы түсінеді. Салыстыру аналогиямен тығыз байланысты.

Аналогия бойынша ой қорытудың схемасы мынадай:

Бірінші пікір: А объектісіне а, в, с, d қасиеттері

Екінші пікір: В объектісіне a,b,c, х қасиеттері тән.

Қорытынды: d = х.

Сондықтан аналогия бойынша алынған пікір сенімсіз болады. Ендеше, аналогия бойынша алынған пікірлерді тексеріп, зерттеп, дәлелдеу керек. Аналогия жай және таралған аналогия болып екіге бөлінеді. Жай аналогияда объектінің кейбір белгілерінің ұқсастығы бойынша оның басқа белгілерінің ұқсастығы жөнінде пікір қозғалады. Таралған аналогияда құбылыстардың ұқсастығынан себептердің ұқсастығы жөнінде қорытынды жасайды.

Сонымен бірге, жай аналогия мен таралған аналогия сәйкесінше қатаң және босаң аналогия болып жіктеледі. Қатаң аналогияда салыстырылатын объектілердің белгілері өзара тәуелділікте болады. Босаң аналогияда салыстырылатын объектілердің белгілері өзара тәуелділікте болуы шарт емес.

Аналогия математиканы оқыту үрдісінде жаңа ұғымдарды енгізгенде, фигуралардың қасиеттерін тұжырымдағанда, теоремаларды дәлелдегенде және есеп шығарғанда кең қолданыс табады.

Математиканы оқьпу процесінде аналогияны қолдану үшін:

а) берілген әр түрлі объектілер мен қатынастардың аналогтарын құру керек;

ә) аналогияда болатын сөйлемдердің сәйкес элементтерін табу кереқ;

б) берілген сөйлемге аналогында болатын сөйлем құру керек;

в) берілген есептің мәліметтеріне ұқсас шарты мен қорытындысы бар есеп құру керек

г) аналогия бойынша есеп шығарғанда оган ұқсас есептің шығарылуындағыдай талдау жасау керек.

Аналогияны жаңа ұғымдарды енгізгенде де қолдануға болады.

Мәселен, параллелепипедтің қасиеттерін оқытқанда оның параллелограммен аналогиясын пайдалануға болады:

Тік төртбұрыш диагоналының квадраты оның екі өлшемінің квадраттарының қосындысына тең.

1*Тік бұрышты параллелепипедтің диагоналының квадраты оның үш өлшемінің квадраттарының қосындысына тең.

Тік төртбұрыштың диагональдары тең.

2*. Тік бұрышты параллелепипедтің диагоналдары тең. 3. Параллелограмның қарама-қарсы қабырғалары өзара тең кесінділер.

3*. Параллелепипедтің қарама-қарсы жақтары өзара тең параллелограмдар.

Параллелограмның диагоналдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді.

4*. Параллелепипедтің диагоналдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді т.с.с.

Берілген математикалық сөйлемге ұқсас сөйлем құру іскерліктерін қалыптастыруда да аналогия елеулі рөл атқарады. Мәселен, санның 3-ке бөлінгіштік белгісінен санның 9-ға бөлінгіштік белгісін тұжырымдау сияқты санның 5-ке бөлінгіштік белгісінен аналогия бойынша санның 25-ке бөлінгіштік белгісін шығарып алуды тапсырма ретінде ұсынуга болады: 1) Егер санның цифрларының қосындысы 3-ке бөлінсе, онда ол сан 3-ке бөлінеді.2) Егер санның цифрларының қосындысы 9-ға бөлінсе, онда ол сан 9-ға бөлінеді.

Егер санның соңғы цифрлары 0 немесе 5 болса, онда ол сан 5-ке бөлінеді. 4) Егер санның соңғы екі цифры нөл немесе 25-ке бөлінетін сан болса, онда ол сан 25-ке бөлінеді.

Алайда, аналогия бойынша жасалған тұжырымдарды ұдайы тексеру керек. Себебі, кейбір жағдайларда аналогия бойынша жасалған тұжырымдар жалған болуы мүмкін.

Мысалы: 1) Егер санның соңғы екі цифры нөл немесе 4-ке бөлінетін сан болса, онда ол сан 4-ке бөлінеді.

Егер санның екі соңғы цифры нөл немесе 8-ге бөлінетін сан болса, онда ол сан 8-ге бөлінеді.

Осы мысалда екінші тұжырым бірінші тұжырымнан аналогия бойынша алынған. Алайда, ол қате тұжырым (маселен, 100 және 364 сандары 8-ге бөлінбейді).

Аналогия кейбір теоремаларды дәлелдегенде де қолдануға болады. Мысалы, «трапецияның орта сызығы туралы теореманы үшбұрыштың орта сызығы туралы теореманың дәлелдеуіне ұқсастырып дәлелдеңдер» - деп оқушыларға тапсырма беріледі

Date: 2015-06-11; view: 1129; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию