Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Экономика құрылымы





 

1. Қазіргі заманда «экономика» сөзінің түсінігі көп мағынаны білдіреді.

Біріншіден, «экономика» сөзімен игіліктер мен қызметтер көрсететін өндірістік және өндірістік емес салалардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі, онсыз адамзат қоғамы өмір сүре алмайды. Сондай-ақ «экономика» сөзімен экономикалық қатынастар жиынтығы қарастырылады. Осы қатынастарды өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну жүйесінде қалыптасады. Бұл қатынастар қоғамның экономикалық базисін құрап, онда идеологиялық және саяси қондырма орналасады.

Екіншіден, «экономика» сөзін ғылымдар тоғысындағы экономикалық қатынастарын қызметтік немесе салалық астарын қарастыру деп білеміз. Экономикалық теорияның өкілдері өндіріс деңгейінің макро мен микроэкономикасын және интерэкономикасын бөліп қарағанда да «экономика» ұғымын түсіндіреді. Интерэкономика дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы мен даму заңдылығын сипаттайды. Сондай-ақ экономикалық теорияда бірнеше экономика түрлерін бөліп қарайды: дәстүрлі,нарықтық,еркін бәсекелік, әкімшілдік-әміршілдік, аралас және басқалары.

Үшіншіден, «экономика» сөзі экономикалық ғылым жалпы экономикалық теория ретінде қарастырылады.

Экономикалық ғылым – ең ертедегі ғылымдардың бірі. Алғашқы рет «экономия»(«ойкономия») термині біздің дәуірімізге дейін III-ші ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б.д.д.430-355жж.) және Аристотель(б.д.д.384-322 жж.) еңбектерінде пайда болды.

«Ойкономия» (экономия) сөзі ретінде – Аристотель құл иеленушілік шаруашылықты жүргізуді ұйымдастыру туралы ұсыныстар жиынтығын түсінген.

«Меркантилистер» (итальян сөзі «мерканте» - саудагер,көпес деген ұғымды білдіреді) бірінші экономикалық ілім болып табылады. Меркантилистер байлықтың қайнар көзі тауар мен ақша айналымы саласында болады деп есептеді. Меркантилизмнің нағыз өкілдері – Вильям Стаффорд және Томас Мен болып табылады.

1) Саяси экономика қоғамдық даму заңдылықтары жөніндегі ғылым. Саяси экономика пәні капитализмнің дүниеге келу қарсаңында ХV I Iғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында дами бастады;

2) Меркантилизм лат.тілінен аударғанда «саудагер» деген мағына береді. Меркантилизмнің негізгі мазмұны байлық,сырқы сауда нәтижесінде жинақталды,сол себепті сыртқы сауда сферасын зерттеу керек денген;

Меркантилизм 2 кезеңнен тұрады: алдыңғы және соңғы.

Алғашқы меркантилистер алтын мен күмісті байлықтың негізгі формасы ретінде қарастырады.Сонымен қатар ақшаны сыртқа шығаруға тыйым салды.Соңғы меркантилистер ақша емес тауар айырбастау сферасын зерттеуді;

3) Физиократтар – «физио», Стенли Джевонс және басқалары қалады. XIX-шы ғасырдың екінші жартысында «маржинализм» (ағылшынның «marginal» - шекті деген сөзі) теориясы қалыптасты. Бұл теорияның негізін австриялық мектептің экономистері Карл Менгер, Фридрих фон Визер, Эйген фон Бем-Баверк, сондай-ақ ағылшын экономисі Уильям Экономикалық теорияның құрамы:

Маржинализмнің басты категориялары: шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар.

Қазіргі Батыс елдеріндегі экономикалық теория негізінен төрт ірі ағыммен сипатталады:

- бірінші ағым «неоклассикалық» деп аталып, ол қазіргі «монетаризм» және «неолиберализм» теорияларымен жұптасады.

- екінші ағым «капитализмді реттеу» теориясымен айқындалады. Оның негізін қолдаушы ағылшын экономисі Дж.Кейнс болып табылады.

- үшінші ағым институционализм (латынның «institutum» - бекіту, құрылтайлау деген сөзі) теориясымен белгілі. Оның негізін қалаушы американ ғалым – экономисі Торстейн Веблен болып табылады.

- төртінші ағым әлеуметтік бағытталған нарықтық шаруашылық теориясымен танылады. Осы теорияның негізін қалаушылар – неміс ғалымы, мемлекеттік қайраткер Людвиг Эрхард және германияның ғалым – экономисі Вальтер Ойкен болып табылады.

2. Экономикалық теорияның зерттеу пәнін алғаш рет классикалық мектеп өкілдерінің бірі А.Смит жасаған болатын. Ол былай деген: бұл ғылым обьективті, адамның еркі мен санасына тәуелді өмір сүретін қоғамдағы материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну заңдарын қарастыру қажет.

Қазіргі уақытта шет елде кең тараған «Экономикс» оқулығының авторы Пол Самуэльсон экономикалық теорияның бірнеше анықтамасын келтіреді:

1. Экономикалық теория – деп жазды ол, - бұл қызмет түрлері туралы ғылым, айырбас және адамдар арасындағы ақшалай іс-әрекеттке байланысты.

2. Экономикалық теория адамдардың сирек немесе шектеулі өндіргіш ресурстарын қолдану арқылы және әртүрлі тауарды өндіру мен тұтыну мақсатында, оларды қоғам мүшелері арасында бөлу туралы ғылым.

3. Экономикалық теория адамдардың өмірлік қызметінің күнделікті іскерлігін және өздеріне өмір сүру мүмкіндігін таба отырып және осы жолды қолдану туралы ғылым.

4. Экономикалық теория адамзаттың тұтыну мен өндіру саласындағы өзінің міндеттерімен қалай айналасатыны туралы ғылым.

5. Экономикалық теория байлық туралы ғылым ретінде.Экономикалық теория әлеуметтік –экономикалық қатынастарды экономикалық заңдар мен экономикалық категорияларды бейнелеу жіне дамыту арқылы оқытады.

Экономикалық теория – бұл іргелі экономикалық ғылым, әлеуметтік-гуманитарлық және кәсіби экономикалық білімнің негізі. Осы тұрғыдан, экономикалық теорияны қоғамдық байлықты және экономикалық қатынастар мен экономикалық заңдарды зерттейтін ғылым ретінде анықтауға болады. Экономикалық үлгі пайда болуы экономикалық уақиғаны түсінуге жол ашатын айқын диаграммалар немесе формалары болып табылады.

Экономикалық ғылым дегеніміз – экономиканың жұмыс істеуіне жалпы методологиялық көзқарас туындыратын ғылым болып табылады.

Экономикалық теорияның пәні – ол адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін материалдық материалдық емес игіліктерді орындау үстінде шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі қатынастар.

Экономикалық теорияның пайдаланатын зерттеу әдістерінің ең маңыздысы – ғылыми абстракция әдісі болып табылады.

Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі. Абстракция іске –қатынасы жоқ эқономикалық және экономикадан тыс факторларды экономикалық талдаудан шығарып тастау.

 

Логикалық дедуктивті әдіс дегеніміз – мәселені теориялық деңгейінен шешіп, мұнан соң фактіге жүгіне отырып, әлгі теорияны тексеруге немесе жоққа шығаруы. Эмперикалық индуктивті әдіс дегеніміз фактілерді жинақтаудан прогматикалық зерттеулерге сүйенудіайтады. Экономиканың принциптері – ол терминнің өзінен шығатын өз ішінде дәйексіз сандық анықтамалар бар қарапайымдылар.

Экономикалық теория әрбір азаматтың сайлау және дауыс беру кезінде басқару тұжырымдарының қайсысын қолдану керек екендігін айыруға көмектеседі. Экономикалық ғылымның бизнес үшін практикалық маңызы зор.

Синтез – қаралатын біртектес бүтін құбылыстардың жеке бөлшектерден құралады. Индукция – факторлардан болып жинақтауға дейін жеткізетін қозғалысты тұжырымдау. Дедукция – жалпыдан нақты экономикалық факторға жеткізетін қозғалысты тұжырымдау.

 

1- дәрісті қайталау үшін сұрақтар:

 

1.Экономикалық теорияның қажеттілігіне негіз беріңіз?

2. Экономикалық теорияның объектісі оның пәнінен немен ерекшеленеді?

3. Экономикалық теорияның функцияларын атаңыз?

4. Экономикалық теорияның әдістеріне не жатады?

5. Экономика – математикалық моделдеу дегеніміз не?

 

 

Date: 2015-07-10; view: 3557; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию