Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс мазмұны





1. Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметі.

2. Нарықтың мәні, қызметтері және түрлері

3. Нарықтық экономиканың субъектілері, құрылымы мен инфрақұрылымы

 

1. Экономикалық мектеп өкілдерінің бірі ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель ұсынған қағиғада сүйене отырып, ақшаны - белгілі шарт, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі ретінде қарады. Басқа бағыт-тағы мектептің өкілдері ақшаны – мемлекет бекіткен тауарды айыр-бастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтқан.

Т(1 кое) → Т1 (1 қап астыққа) экв.

→ Т2 (1 қап балтаға) экв.

→ Т3 (5 құмыраға) экв.

→ Т4 (2 гр. алтынға) экв.

Осы қатардағы тауарлар эквивалент болып табылады.

Кейініректе жалпылама эквиваленттіе ролді игілікті металдар (алтын, күміс) атқара, бастады, себебі оның өзіне тән бірқатар артықшылығы болды: жеңіл бөлінетіндігі, біртектілігі, жақсы сақталатындығы, ең маңызды артықшылығы, сол, осы металдардың аз ғана бөліктерінде көптеген еңбектің сіңірілгені болып табылады.

Ақшаны қалай түсінуге болалы? Құн түрінің дамуы мынаны куәландыруды: ақша бұл техникалық айырбастау құралы емес, ол - жалпылама эквиваленттік (балама) роль атқаратын тауар.

Ақшаның бірінші қызметі – құн өлшемі. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Сондықтан тауар өз құнына да және сұраным мен ұсынымнан да тәуелді.



Сөйтіп тауар бағалары негізінен тауардың өз құнына тура пропорционалды және алтын (ақша) құнына кері пропорционалды өзгереді.

Екінші қызметі - айналым құралы.

Үшінші қызметі – төлем құралы

Төртінші қызметі – қазына жинау қорлау құралы.

Бесінші қызметі – ақшаның әлемдік ақша түрінде болуы. Әлемдік ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады.

«Деньги» ұғымы түркілердің – күміс «теңге» деп атауынан шыққан. Ол XV – ші ғасырдың Әмір Темірдің (хан) басқару кезеңінде дайындалған. Ең алғашқы рет қағаз ақшалар ХІІ-ші ғасырда Қытайда пайда болған, ал ХІІІ-ші ғасырда Шыңғыстан үкіметі қағаз ақша белгілерін алтынға еркін айырбастаған.

Ақшаның металдық және номиналдық теориялары.

Ақшаның металдық теориясын «меркантилизм» мектебінің өкілі Томас Мэн (1571-1641 жж.) жасаған. Осы теорияға сай – алтын мен күміс бойынша – ақша болып табылады. Алтын мен күмістің ақша болуы олардың алтын және күміс болуында емес, бастығы – олардың қоғамдық еңбектің өнімі болйында. Тауар құны алтынмен өлшенеді, себебі тауарға да және алтынға да қоғамдық еңбек жұмсалған. Аздаған уыс алтынға да қоғамдық еңбек жұмсалған. Аздаған уыс алтында қоғамдық еңбектің көптеген мөлшері баршылық.

Ақшаның номиналистік теориясының негізні идеясы мынаған саяды: ақша тауар өнімі емес, олар шартты белгі ғана болып табылады, бағатылығын мемлекет бекітеді. Номиналистік теорияны жақтаушыларға ағылшын экономисі Дж. Кейнсті және американ экономисі Пол Самуэльмонды жатқызамыз.

Американ экономисі Пол Самуэльсон ойынша: «Ақша – бұл әлеуметтік шарттылық». Демек, ақша номиналистік теория өкілдерінің ойынша, бұл зомбылық, бағылықтағы жасанды төлем құралы, яғни алтынмен байланысты жоқ.

Номиналистік теорияның алғашқы идеясы Ертедегі Римде пайда болған.

- Ақша айналымының заңы. Ақшаның тұрақтылығы және оның конверсиялану проблемалары.



 

2. Нарықтың мәнi, қызметi мен құрылымы.

Нарық мәселелерінің, қоғамды қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғалым-экономистерінің арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты натықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.

Нарық-белгілі жүйе әрі айырбас нәтижесінмен жағдайын немесе өндіріс факторына қарай өндірістік қатынастарды қысқарту, шаруашылық субъектілерін байланыстырушы ұйым.

Нарық-тауар айырбасының аясы, сатушы мен сатып алушылар арасындағы белгілі экономикалық қатынастар жүйесінің сипаттамасы.

Нарық сатушы мен сатып алушы арасындағы тауар өткеру жайлы қатынастар жүесін көрсетеді. Осы анықтамалардағы ортақ пікір: нарықты өндірістің емес айырбас саласының катигориясы ретінде қарап, нарықтық қатынастардың субъектісіне сатушы, сатып алушы және тұтынушылар жатқызылады.

Нарық-сатушы мен сатып алушылар арасындағы белгiлi бiр экономикалық қатынастар мен байланыстар жүйесi.

Нарық-күрделi жүйе, оның құрылымын әртүрлi белгiлермен классификациялауға болады.

Елдегi барлық нарықты былай жiктеймiз: iшкi нарық,әлемдiк нарық,еларалық нарық, аймақтық нарық, жергiлiктi оқшауланған нарық.

Әлемдiк нарық - жеке елдiң iшкi нарығымен байланысты. Ол байланыстар өндiрiстiк кооперация мен интеграция, сыртқы сауда, тауар айырбастау операциясымен жүзеге асып отырады.

Iшкi нарық-бiр елдiң мемлекеттiк шекарасының аумағымен шектелген жалпы iшкi нарық. Өндiрiс құрал-жабдығы нарығы, тұтыну нарығы, капитал ,бағалы қағаздар нарығы, жұмысшы күшi нарығы енедi.

Еларалық нарық - экономикалық айырбастың ерекшк формалары мен шарттары, терең еңбек бөлiнiсi арқылы байланыстыратын бiрнеше мемлекттердiң қатысуымен құрылған нарықты айтады.

Аймақтық нарық - бөлек территориялық бөлiмше нарығы. Мысалы: республика, облыс,аудан.

Жергiлiктi оқшауланған нарық- кейбiр елдi пункттердiң жиынтығы болып табылатын нарық.Бұл негiзiнен халық тұтынатын тауарлар мен ақылы қызмет нарығына қатысты айтылады.

Нарықтық қатынастардың жетiлу деңгейi тұрғысынан нарықты былай жiктеймiз: дамыған нарық , қалыптасатын нарық, әртүрлi дәрежедегi бәсекенi шектеу нарықтары (монополиялық, олигополиялық,монополиялық бәсеке).

Бәсекелестiк сипат пен деңгейi тұрғысынан былай жiктеймiз:

- мемлекеттiк нарық - бiр субъектiсiнiң бағаны анықтауымен сипатталады, алайда сол тауарды шығаратын басқада субъектiлер болуы мүмкiн;

- олигополиялық нарықта-азғана сатушылар iс-әрекет жасап, олардың әрқайсысы тауар бағасына әсер етуi мүмкiн;

- монополиялық бәсеке нарығы- еркiн нарық тетiгi мен өндiрiс облысындағы монмполияны кең жiктелген өнiммен сабақтастығы;

Атқарылып жатқан заңдылықтарға сай көзқараспени нарықты былай жiктеймiз:

Ресми және ресми емес.

 

Нарық мынадай қызметтер атқарады:

• ұдайы өндiрiс процесiн үнемi қамтамасыз ететiн реттеушi;

 

• ұсынымның көлемi мен құрылымының жедел өзгеруi және оның сұраным төлем қабiлетiне икемделуi;

• экономикалық оқшауланған тауар өндiрушi мне тұтынушылар арасын байланыстыратын буын;

• экономиканың жағдайы туралы объективтi ақпарат көзi;

• тауар мен еңбектiң қоғамдық маңызын анықтау және мойындаушы құрал;

• бәсеке арқылы тиiмсiз шаруашылық түрiнен экономиканы сауықтыру,тазалау;

• құрылымдық тұтыну,тұтынысынан осы кездегi деңгейiне ыңғайлы рациональды таңдауға тұтынушыны экономикалық мәжбүр ету;

• өндiрiстiк шығындарды төмендетуге тауар өндiру-шiлердi экономикалық ынталандыру және оларды өте қажеттi қоғам аясына жұмсау;

• Тауар өндiрушiнi жоғары сапалы және жоғары еңбек өнiмдiлiгiне экономикалық тұрғыдан мәжбүр ету.

Нарық қызметінің көп түрлерінің ішіндегі ерекшесі реттеуші рөл атқару болып табылады. Ол ұдайы өндіріс процесін тиімді әрі үздіксіз қамтамасыз етеді. Нарықтық реттеуші әкімшілік басқарудың ауыстыруы экономикалық жүйенің өзгеруіне алып келіп, сәйкессіздікке, тапшылықтың тууына, адамның экономикалық өсуіне қозғаушы күшін жоюға алып барады.

Нарықтың келесі қызметі-ақпараттық. Тауар бағасы мен қызмет көрсету, банктегі депозит пен несиеге пайыздық өсімнің призма арқылы тұрақты өзгеруі нарықтық экономиканың борометріне әрі айнасына айналдырады.

Нарықтық қажеттілеу қызметтеріне тауардың қоғамдық маңызын мойындау, еңбектік материалдық ынталандыруды экономикалық тұрғыдан қамтамасыз ету және басқаларын жатқызамыз.

Нарықтық экономиканың субъектілері:

Нарықтық экономиканың негізгі шаруашылық субъектілеріне үй шаруашылығын, фирма мен үкіметті жатқызамыз.

Үй шаруашылығы: материалдық және адами ресурстарды өткере отырып оларды фирмаларға нарық ресурстары ұсынады. Үй шаруашылығы тапқан табыстың барлығын өнім сатып алуға жұмсамайды, белгілі бөлігін жинайды және ресурстар мен салықты төлеуге жұмсайды.

Фирмалар: өндіріс ресурстарын біріктіреді және қозғалысқа келтіріп, өнім шығарады, қызмет көрсетеді және осы тауарды ұсынады. Оларды нарықта сату фирманың ақшалай табысын қалыптастырады. Фирмалар үй шаруашылығындай қажетті салықты төлейді, инвестицияны жүзеге асырады және т.б.

Табыс пен шығындардың айналуы үкіметке кәдімгідей әсер етеді және ол елді мемлекеттің басқару қызметін жүзеге асырып, экономиканы әр деңгейде-жалпы мемлекеттен аймаққа дейін – реттеп отырады.

Үкімет:фирмалардан салық алып, жеке кәсіпорындарға дотация, субсидия береді және кәсіпкерлерден қажетті ресурстарын сатып алады. Үкімет жұмысымен қамтамасыз ету саясатын жүргізді және инфляция деңгейіне ұлттық өнімнің қозғалысы мен құрылымына әсер етіп, табыстарды үлестіреді. Демек табыс пен шығындардың шеңбер айналымы үнемі айналыста болып, теңгеріледі. Түпкі есепте өндірістің жалпы көлемін байқатып, тұрғындардың жұмыстылығы мен табысы көрсетіледі.

Бәсеке – нарықтық механизмнің басты элементі.

Нарықтық қатынастардың мән-мағынасын байқататын ұғымдардың бірі-бәсеке болып табылады. Жалпы алып қарағанда бәсекені -өндірушілердің бір-бірімен нарықтағы тауар ұсынысы мен бағаны белгілеу жайлы өзара қатынасы ретінде анықтауға болады. Бұл өндірушілер арасындағы бәсекені – нарықтағы бағаны, сұраным көлемін қалыптастыру жайлы өзара қатынастар ретінде анықтаймыз. Нарық жағдайындағы бәсеке шаруашылық пропорциясының негізгі механизмін қалыптастыру ретінде белгілі.

Бәсекенің классикалық түрін еркін ,жетілген , бағалық деп атауға болады. Қазір нарықтар бәсеке сипатымен бөлінеді: жетілген бәсеке нарығы, монополиялық бәсеке нарығы, олигополиялық бәсеке нарығы, таза монополия нарығы.

1. Жетілген бәсеке нарығы – кез келген ұқсас тауарларды сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамын тудырады.

2. Монополиялық бәсеке нарығы (грек сөзі «монос» бір, «полео»-сатамын)-көптеген сатушылардың ұқсас, бірақ әртекті сатуынан құралады.

3. Олигополия(грек сөзі «олигос»-аздау «полео»-сатамын)-бірнеше деген сатып алушылар нарығын көрсетеді,байқалатыны,тіпті,осылардың кейбіреулері нарықтың көп бөлігін бақылайды.

4. Таза монополия нарықтың сондай түрі, онда бір ғана өндіруші бір текті өнімді 100%-ға сатуды жүзеге асырады және ол өнімді соған жақын алмастырушылар жоқ.

 






Date: 2015-07-10; view: 844; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2019 year. (0.022 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию