Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Психикалық статусты жазу





Ауру тарихында психикалық жағдайды белгілі бір ретпен жазу керек. Суреттеу схема бойынша сұраққа жауап ретінде болмауы тиіс, ол науқастың және орын алған психикалық бұзылыстардың курделі, жоспарлы сипаттамасы болуы тиіс. Психикалық статусқа дәрігердің жеке ойын көрсететін сөз тіркесін және терминдерді жазуға болмайды: мысалы, «науқаста жабысқақ ойлар бар», «науқастың галлюцинациялары бар» т.б. Психикалық статуста науқаспен контакт бар жоғы бекітіледі. Аурумен байланыс толық немесе формалды өтуі мүмкін: сұрады-айттым, сұрамады-айттпадым-деген тәрізді. Байланыс толық емес болуы мүмкін: науқас өзінің сандырақтық немесе өзге күйзелістеріне қатысты емес тақырыптарда ашық әңгімелесуі мүмкін. Ступор, негативизм, дисимуляция науқастың дәрігерге деген сандырақтық көз қарасында, императивті галлюцинациялар кезінде контакт қиынға түседі немес мүмкін болмайды.

Одан әрі статуста аурудың уақытқа, орынға, жеке басына байланысты бағдары белгіленеді. Ес пен интелект бұзылыстарында аурудың қоршаған ортаны, уақытты бағадарлауы бұзылады, мысалы, науқас ауруханада екенін біледі, бірақ қай ауруханада екенін білмейді, жылды біледі, қандай ай, күн екенін білмейді. Науқастың сандырақ әсерінен бағдары бұзылуы мүмкін: өзін ауруханада емес түрмеде жатырмын деп дәрігерді тергеуші деп, жазған ауру тарихын тергеу қағазы деп ойлайды. Кейбір аурулар екі жақты бағдарлау болады: бұл кезде ауру өзін бір уақытта ауруханада да түрмеде де жатырмын, кейбір науқастарды емдейді, кейбіреулері тергеуде жатыр деп есептейді. Бағдарлау бұзылуы сана бұзылыстарын анықтауды критерияларының бірі болып табылады. Делирий уақыт пен кеңістікті бағдарлау бұзылысымен жүреді, аменциядан айырмашылығы бұл кезде өзіндік жеке тұлғасын бағдарлау бұзылысы болмайды.

Сонан соң қабылдау бұзылыстарын суреттейді: иллюзия, галлюцинация, психосенсорлық бұзылыстар т.б.патологияның бұл түрі туралы мәліметтерді ауруды арнайы сұрау арқылы біледі: дауыстар естиді ме, олар қандай естиледі, олар көп пе, оларды кімдер айтады және т.б. Бақылау әдісі арқылы галлюциялардың объективті белгілері анықталады (олардың мазмұнына байланысты мимика, поза, жүріс-тұрыс және т.б.өзгереді). Осылайша нақты, түпкілікті түрде ойлау сипатталады: оның темпін, ассоцияциялық қызметін, логикалық үрдістің бұзылуы-жабысқақтықтар, аса бағалы идеялар, сандырақ. Ассоцияциялық үрдістердің бұзылуы кезінде науқас сөзінен үлгісін немесе оның жазбасының үзіндісін мысалға алуға болады. Одан әрі еспен интелекті зерттеу мәліметтері келтіріледі.Ес жөнінде мәлімет анамнез жинау кезінде аурудың сурақтарға жауабынан білуге болады. Аурудың есі бұзылғанда анамнездік мәлеметтерді науқас ретімен, толық жеткізе алмайды, соңғы уақыт кезінде болған, ағымдағы оқиғалар ұмытылады. Ауруға жеңіл еске сақталатын информацияны ұсынуға болады, оқыған кітабының көрген кино филімінің мазмұнын айтып беруге сұралады. Аурудың білім қоры оның қоғамда алатын орнына сәйкестігі анықталады. Науқастың ой түйіндеу пікірлеу қабілетін анықтау үшін оған арифметикалық қызметі қажет ететін қарапайым есептеу операцияларын, сурет бойынша әңгімелеу, мақалдарды түсіндіріп бері т.б.ұсынылады. Эмоциялар толық суреттеледі: көңілкүй, реакциялар,және т.б.эмоцияларлық көріністер. Науқас эмоциясының көлемі, тұрақтылығы, басым сипатты, ситуацияға және науқастың физикалық күйіне және жалпы психикалық мазмұнға сәйкестігі көрсетіледі. Осылайша, эйфория кезінде көңіл-күй әдеттегіде көтеріңкі емес, адекватсыз түрде көтеріледі, мұндай жағдайлар өлім алдындағы кахексиялық ауруларда, өкпе –жүрек жетіспеушілігі ауруларында, трансмуралды миокард инфарктында, алкоголизмнің 3-сатысында және т.б.жағдайларда кездеседі. Депрессивті немесе маниакальды жағдайларда дисфория, апатия, үрей, қорқыныш кезінде олардың белгілері көңіл аудару керек. Еріктік, қозғалыстық бұзылыстар науқастың активті және поссивті назарына, әуестіктеріне, тілектеріне, аурудың әрекетәмен жүріс-тұрысына әсерін тигізеді. Тексеру кезіндегі науқастың мимикасын, пантомимикасын, сыртқы көрінісін және бөлімшедегі жүріс-тұрысын суреттеу қажет. Психиалық статустың аяғында науқастың өз жағдайына сыни көз қарасын және болашағына болжамын атап өту керек.

 







Date: 2015-07-02; view: 1519; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию