Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Психиатрия пәні және мақсатыСтр 1 из 8Следующая ⇒
Психиатрия клиникалық медицинаның бір бөлігі, оның міндеттері аурулардың пайда болуын, клиникалық көріністерін зерттеу, емдеу мен алдын алу болып табылады. Психиатрия міндеттеріне сот-психикалық, әскери сараптама, психикалық бұзылыстармен науқастардың еңбекке қабілеттілігін анықтау және т.б.жөнінде сараптамалар жүргізу кіреді. Біз өізіміздің мамандығымызға байланысты психикалық сау және ауру адамды ажырата білуіміз қажет. Егер, ол психикалық ауру болса, оған қажетті көмек көрсетуді ұйымдастыруды білуі керек. Психиатрлар психикалық ауруларды бейнелеу қабілеттілігінің және қоршаған ортаны танудың бұзылуына, өз жеке басын саналы қабылдаудың өзгеруіне алып келетін бас миы қызметінің бұзылысы нәтижесінде қарастырады. Ми қызметінің бұзылуы сыртқы немесе ішкі себептердің, бейімділікпен, сонымен қатар өзге де факторлар кешеніне байланысты метаболизм ақаулары әсерінен пайда болуы мүмкін. Осының нәтижесінде науқастың өмір сүруге қабілеттілігі мен бейімделуі жекелей немесе толық бұзылады. МАҚСАТЫ: 1. психикалық ауруларды анықтау және тіркеу. 2. психикалық бұзылыстарды анықтау және диагностикалау 3. науқастарды белсенді динамикалық бақылау немесе консультация жүргізу, егер өз еркімен келетін болса 4. емдік және психикалық профилактикалық шараларды жүргізу 5. соттық-психиатриялық, әскери және еңбектік экспертизаны жүзеге асыру 6. әлеуметтік реабилитация және реадаптация 7. соттық, құқықтық көмек 8. қоршаған ортға қауіпті психикалық аытқулары бар науқастарды госпитализациялау 9. Использование средств массовой информации 10. психикалық бұзылыстарды этиопатогенетикалық механизмдерін өңдеу
Психиатрияның дамуының маңызды кезеңдері. Көптеген ғасырлар бойы психиатрияның даму тарихында психикалық аурулардың табиғатын ашуда материалистік және идеалистік бағыт арасында көптеген тартыстар болды. Материалистік бағыттағы өкілдер психикалық бұзылыстарды организмде болатын материалдық өзгерістермен, мида болатын өзгерістермен байланыстырса, ал, идеалистік бағыттағылар психикалық дерттің шығу табиғатын психикалық және материалдық үрдістердің тәуелсіздігі немесе параллелизмімен түсіндірді. Психиатриядаяның басты бағыты ол клиникалық бағыт. Психиатрияның клиникалық бағытта дамуын француз психиатры Пинель реформасымен байланыстырса, отандық психиатр Баженованың бейнелік сипаты арқылы «ақылынан адасқандар» науқас адамдар ретінде қабылданды. Клиникалық бақылаулар негізінде психикалық бұзылыстар табиғатының гипотезасы құрылды. Соның ішінде жалпы психоз концепциясы, туылыс концепциясы-дегенерацияға байланысты, бұл кезде психикалық аурулар тұқым қуалаушылық және сыртқы факторлардың әсер етуімен дамып, ерекше даму сатылары болады. Бірінші буында тұқым қуалаушылық бейімділік және қолайсыз факторлар, оның ойы бойынша жеңіл психикалық бұзылыстар мен жүріс-тұрыс бұзылыстарын шақырады, кейінгі ұрпақтарында психикалық бұзылыстар ауырлап, ақыл кемсітігімен, салданумен аяқталады. Психологиялық бағыт., биологиялық бағыт. Психикалық аурулар ағымының мынадай негізгі кезеңдерін бөледі. 1. продормальды –ерте симптомдар кезеңі 2. манифестті-психопатологиялық синдромдардың максимальды ашылған және күрделенген кезеңі 3. кері даму кезеңі-дертті үрдіс белсенділігінің басылуы және симптоматика редукциясы
Психикалық аурулардың этиологиясы (әлеуметттік, биологиялық, жастық, тұқым қуалау факторлары) Әлеуметтік - өндірсітік фактор психикалық бұзылыс себебі түрінде (профессионалдыаурулар кезінде) кейде аған бейімдейтін жағдай рөлін атқарады. Мысалы, өнеркәсіп жағдайындағы үнемі шу, вибрация, эмоциональды жүктеме қантамырлық аурлы ауырлатып, психопатологиялық симптоматиканың дамуына ықпал ете алады. Биологиялық – генеративті функциялардың ерекшеліктеріне байланысты (менструальды цикл, жүктілік, босану, лактация, климакс) жоғары эмоционалдық, айқын циклдылық және зат алмасудағы өзгерістер-осылардың барлығы әйелдерде ерлерге қарағанда истерия, маниакальды-депрессивті және пресенильді психоздардың жиі кездесуіне себеп бола алады. Ал алкогольді психоз, мерездік психоз, жарақаттар және церебральді атеросклероз елдер арасында көбірек кездесед. Жастық – жас кезеңдеріне байланыссыз аздаған психикалық аурулар тобы бар. Организмде адаптациялық қиындықтар туғызатын жас кезеңдерінде күрт өзгерістер (пубертатты криз,климакс) невроз, реактивті жағдайлар, психопатиялар декомпенсациясы, шизофрения, маниакальды-депрессивті психоз ауруарына бастама береді. Тұқым қуалау-ата-анасынан келетін фактор. Яғни генетикалық ерекшеліктеріне байланысты.
Date: 2015-07-02; view: 2907; Нарушение авторских прав |